Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

Жүмыс процесінің тәртібіне қарай циклді және үздіксіз жұмыс атқаратын болып үлкен екі класка таратылады. Мысалы, біршөмішті циклді экскаватордын жер копару процесі оның барлық жүмыс циклінің 25...30 %-ын құрайды, қалған уақыттары экскаватордың платфор.масын бұруға, топырақты төгуге жұмсалады. Ал үздіксіз жұмыс аткаратын экскаватор топырақты өндіру мен оны тасымалдауды катар орындайды. Циклді машинаның артықшылығы - оның әмбебаптығында және әртүрлі жүмыс жағдайьша бейімділігінде. Ал үздіксіз жүмыс аткаратын машинаньщ артықшылығы - арнаулы жүмыс жағдайында, оның өнімділігі мол болады.

Құрылыс, жол машиналарының жұмыс жабдықтарын жедел ауыстырып, әртүрлі жұмыс аткара алатын әмбебапты және біртүрлі ғана жұмыс атқара алатын арнаулы болып та белінеді. Соңғылары белгілі бір жұмыс жағдайында жоғары техника-экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ете алады.

Құрылыс, жол машиналары қуат көзі колданатын энергия тегіне қарай электр тогынан және іштен жанатын қозғалтқыштардан болып бөлінеді. Бұлардың біріншісі жұмыс атқаруға әрдайым дайын болса, екіншісінің энергия көзі автономды.

Құрылыс, жол машиналары қозғалғыштығына қарай орньшда тұрып жұмыс атқаратын, тасымалдаушы және жылжымалы деп бөлінеді. Соңғылары тасымалдау кезінде және жұмыс атқарғанда өздігінен жылжиды. Олардың көпшілігі өздігінен жүретіндер, тіркемелі және жүк автомобильдері, тракторлар, тартқыштар сияқты базалы машиналарға жартылай тіркелген немесе асылған болады.

Әмбебап дәрежесі жөнінен әртүрлі ауыстырмалы жұмыс жабдықтарымен, тез алынғыш жұмыс мәрімдерімен және әртүрлі технологиялық операцияларды орындауға арналған айлабұйымдармен қамтылған (жебелі экскаваторлар, бульдозерлер, өздігінен жүретін жебелі крандар, жүккөтергіштер т.с.с.) көпмацсатты және арнайыландырылгак деп айырады. Соңғылары тек біртүрлі технологиялық процестерді орындауға арналған жалғыз жұмыс мәрімімен жабдықталады.

2.1.1. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар. Құрылыс, жол машиналары нақтылы өндіріс жағдайында, жүктелген міндетіне сай және барынша жоғары өнімді, мейлінше төмен шығынмен жұмыс істейтін, пайдалану жағдайының өзгеруіне бейім болуы керек. Машинаның массасы минималды, құрылымы қарапайым, берік, сенімді және технологиялық ұтымды, барынша стандартталған тетіктерді, унификацияланған қүрастыру бірлігін қолданған, жинақтап, боршалап және тасымалдауға ыңғайлы, сыртқы әсер етуші күштерден төңкерілмейтін, тиісті дәрежеде орнықты болуы керек. Машинаның сенімділігі, шыдаммерзімділігі жоғары, техникалық күтімі мен жөндеулері қарапайым, пайдалануда үнемді, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысшыға жайлы, қажытпайтын болуға тиісті. Машинаның сырт көрінісі заманның техникалық әстетикасына сай, қоршаған ортаны ластамауы керек.

Өздігінен жүретін машиналар маневрлі және өткіштігі жоғары болуға тиісті. Маневрлік - машинаның тар жерде жылжитын және кері бұрыла алатын қабілеті. Өткіштік деп машинаның әртүрлі кедергілерден, судан, бос топырақты, қарлы жерлермен өте алу қасиетін айтады. Өткіштік машинаның тар-тым күшімен, жер бетіне немесе жолға түсетін меншікті салмағымен, жол саңылауымен (жол мен машина аралығының ең төменгі нүктесі) және доңғалақты машиналардың бойлау, қиғаш радиустарымен сипатталады.

2.1.2 Құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарды индекстеу. Республикада қолданылатын әр ҚЖМ мен жабдықтары ол машиналарды жобалаушы мекемелердің берген цифр мен әріптерден құралған көрсеткіштерімен таңбаланған. Цифр алдындағы негізгі әріптер машинаның түрін көрсетеді, олар КСРО-ның мемлекеттік тіліндегі сөздердің әріптерінен құралған. Мысалы, біршөмішті экскаватордың әріп таңбалары - ЭО (экскаватор одноковшовый), роторлы op экскаваторларынікі -ЭТР, шынжырлы - ЭТР, ор қазутасымалдау машиналарынікі -ДЗ, дайындық жүмыстарының машиналарынікі - ДП, жер қыртысы мен жол жабындарын тығыздау машиналарінікі - ДУ, өзі жүретін жебелі крандардікі - КС, құрылыс мұнаралы крандары-нікі - КБ, сыналау (қадалау) құралжабдыктарынікі - СП, бұрғылау машиналарынікі - БМ, әрлеу жұмыстарьгаікі - СО, жүк-шығырлардікі - ТЛ, көпшөмішті тиегіштердікі - ТМ, біршөміштілердікі - ТО, жүккөтергіштердікі - ТП, конвейерлер мен қоректендіргіштердікі - ТК, қол электр машиналарынікі - ИЭ, пневматикалықтардыкі - ЭП, дірілдеткіштердікі - ИВ т.с.с. Индекстің (көрсеткіштің) цифрлы бөлігі машинаның техникалық сипаттамасын белгілейді. Ол цифрлардан кейін индексте қосымша әріптер болады, олар машинаның кезекті жаңғыртуын, жасалу ерекшеліктерін т.с.с көрсетеді.

 

2.2. Қүрылыс, жол машиналарының өнімділігі

 

Машинаның өнімділігі оның сағатына, ауысымда, айына немесе жылына белгілі бір өлшемде (т, м3, м2,,м) өндірілген өнім мөлшерімен анықталады.

Машина өнімділігін қүрылымдық, техникалық және пайдаланудағы деп үш түрге бөледі.

Қурылымдьщ өнімділік Пк - ол 1 сағатта үздіксіз, есепті жүмыс жағдайында, есепті жүмыс жылдамдығы мен жүмыс мәріміне есепті жүктеме түскендегі машинаның қүрылым қасиетін сипаттайтын максималды мүмкіндік өнімділігі.

Оқтын-оқтын әсерлі машиналардың құрылымдық өнімділігі, т/сағ:

Пк = q • п немесе Пк = q • n • p,

мұндағы q - машина бір циклде өндіретін материалдың есепті мөлшері, м3; п - машинаның бір сағаттағы есепті цикл саны, п =3600/Тц; Тц - циклдің есепті ұзақтығы, с; р - материалдың тығыздығы, т/м3.

Үздіксіз әсерлі машинаның үйілген материалды түтас, үздіксіз ағынмен жылжыту қүрылымдық өнімділігі:

 

Пк =3600 S-v немесе Пк = 3600-S-v-p,

мүндағы S - материал ағымының есепті көлденең қиылымы, м2; v - материал ағымының есепті жылжыту жылдамдығы, м/с.

Дара жүктерді және материалды өлшемдеп жылжытқан-

да:

 

Пк = 3600 mv/ℓ  немесе Пк = 3600 •qn •v • р,

мүндағы m - жүк массасы, т ; qn - бір өлшемдегі материал саны, м3; ℓ - жүк центрлерінің орташа аралығы, м.

Құрылымдық өнімділікті есептегенде өндірістің жұмыс жағдайы, машинаның тоқтап түруы, өндіріс технологиясына байланысты (жүмысты ұйымдастыруға кететін) ұйымдастырушылық жағдайлар мен кездейсоқ үзілістер есептелмейді. Құрылымдық өнімділікті, негізінен алдын-ала, бір технологиялық процесті орындауға арналған жобаланушы машиналардың варианттарын салыстыру үшін қолданады.

Техникалың өнімділік дегеніміз - нақтылы өндіріс жағдайы ескерілген құрылымдық өнімділік, т/сағ:

 

Пт = Пку,

Мұндағы: Ку - машинаның нақтылы жұмыс жағдайын ескеруші еселік.

Әртүрлі құрылыс, жол машиналарының нақтылы жұмыс жағдайы әртүрлі. Мысалы, біршөмішті экскаватор үшін нақтылы жұмыс жағдайына жататындар өңделінуші жер қыртысының категориясы, ордың биіктігі (тереңдігі), пландағы жұмыс жабдығының тиісті бұрылу бұрышы, шөмішті босату шарты (үйіндіге немесе көлікке) сағаттық техникалық өнімділік машинаның техникалық құжатывда, техникалық пайдалану нұсқауында көрсетіледі.

Пайдаланудагы өнімділік дегеніміз - мапшнаны пайдаланудың нақтылы жағдайындагы оның барлық еріксіз үзілістерін, жүргізушінің мамандық дәрежесін ескеретін өнімділік. Ол бір сағаттық, ауысымдық, айлық және жылдық деп есептелінеді.

Бір сағаттық пайдаланудағы өнімділік, т/сағ:

 

Пэч = Пт •Кв • Км>

мұндағы Кв - машинаның техникалық күтім мен жөндеуге, жұмыс жабдығын ауыстыруға, жұмыс орнында жылжуға, жүргізушінің дем алуына және т.б. үзілістеріне кеткен уақытын ескеретін, машинаны смена мерзімінде пайдалану еселігі; Км - жүргізушінің мамандық дәрежесін ескеруші еселік (К„ =0,85...0,95). Ауысымдық пайдаланудагы өнімділік, т/смен:

 

Пэсм    =Пэч×   Тсм

мұндағы Тсм - смена үзақтығы, сағ.

Айлық және жылдық өнімділікті есептегенде сол аралықтағы машинаның тұрған уақытын ескереді. Жылдық пайдаланудағы өнімділік, т/сағ:

 

ПэгТ× Кв× ТГ,

мұндағы Кв - жьш бойы машинаны пайдалану еселігі; Тг - машинаның жыл бойы жұмыс істеген уақыты.

Пайдаланудағы өнімділік құрылыс жұмыстарын кешенді механикаландыруда қолданатын негізгі жұмыс параметрі, ол бойынша кешенді машиналарды бір-біріне сай етіп іріктейді. Кешеннің өнімділігімен, негізгі құрылым параметрлерімен және берілген жұмыс қарқынын қамтамасыз ететін біріне қиыстырылған негізгі (жетекші) және қосалқы машиналардан тұрады. Негізгі машинаның пайдаланудағы өнімділігі қосалқы машиналардыкінен 10... 15 %-ға кем болады.

 

2.3. Құрылыс, жол машиналарының негізгі элементтері

Әр машина белгілі бір функция орындайтын құрастыру бірліктерінен (элементтерден) тұрады. Олар: механикалық энергия жасайтын күш жабдығы (бір немесе бірнеше қозғалтқыштар); өңделетін материалға тікелей ықпал жасайтын және берілген технологиялық процесті орындайтын жұмыс атқару жабдығы; машина жылжуға арналған және оның салмағы мен жұмыс жүктемесін тірек беткейіне беретін (тасымалды және тұрақты машиналарда болмайды) жүру жабдығы; жұмыс атқаратын және жүру жабдықтарын байланыстыратын беріліс механизмлері (трансмиссия); машинаны жүргізуге, тоқтатуға және күш жабдығының жұмыс режимін өзгертуге, тежеу механизмдері мен жұмыс мәрімін және жылдамдықты қосып, алуға, кері қимыл жасайтын басқару жүйесі; машинаның барлық түйіндері мен механизмдерін орналастырып, бекітетін - қаңқа. Көптеген ҚЖМ-ның құрастыру бірліктері унификацияланған.

2.3.1. Куш жабдыгы. Құрылыс, жол машиналарының негізгі күш жабдығы ретінде тысқы электр желісінен қоректенетін тұрақты және айнымалы токты электрқозғалтқыштары және сыртқы энергия көзіне тәуелсіз іштен жанатын қозғалтқыштар пайдаланылады. Электрцозгалткріштар тасымалды (қол) машиналарын, ұзақ уақыт бір орнында жұмыс істейтін (мұнаралы, төрттағанды және көпірлі крандар, араластырғыш, сорғыш қондырғылар т.с.с.) жылжымалы және тұрақты машиналарды жүргізеді.

Электрқозғалтқыштар электрэнергиясын механикалық энергияға алмастырады. Олар үнемі жұмысқа әзірлігімен, іске косуы, басқаруы және кері айналдыруы оңайлығымен сипатталады және олардың габариті мен массасы зор емес, үнемді, пайдалануы қарапайым, жұмыста сенімді, кысқа мерзімді аскын жүктеуді үстау кабілеті бар, машиналардың жеке (дербес) механизмдерін жүргізе алады. Олардың негізгі кемшілігі - сыртқы электр көзіне тәуелді.

Іштен жанатын қозгалтцыштарды негізінен өздігінен

жүретін ҚЖМ-да қолданады. Олардың артықшылығы - автономды (тыс энергия көзінен), жоғары үнемді және қуат бірлігіне келетін салмағы аз. Іштен жанатын қозғалтқыштарда ауа мен жанармай қоспасы жангандағы жылу энергиясы иінді біліктің айналу механикалық энергиясына айналады. Қозгалтқыштың цилиндріндегі піспекпен қысылған ауаның (жанармай қоспасының жану өнімі - газдың) қысымы піспекке түседі де, ол піспекпен қосылған бүлғак аркылы иінді білікті айналдырады. Иінді білік машинаның трансмиссиясымен гидравликалық немесе үйкелісті жалғастырғыш арқылы косылған.

Тұтынатын жанармай түріне және түтану тәсіліне қарай қозғалтқыштарды карбюраторлы және дизельді деп ажыратады. Карбюраторлы қозғалтқыштарда жанармай ретінде бензин қолданады, ауа-жанармай қоспасы карбюраторда жасалады да, электр ұшқыны арқылы тұтанады. Дизель козғалтқышында дизель жанармайын қолданады, ауа-жанармай коспасы тікелей цилиндрде жасалып, қысым әсерінен қызып, өздігінен тұтанады. Дизель қозғалтқыштары 1,3...1,5 есе үнемді, пайдалы эсер еселігі 30...40 %-ға артық, сондықтан көп тараған.

Іштен жанатын қозғалткыштардын кемшіліктері: кері айналуы жоқ, жылдамдығы мен бұрау моментінің тікелей реттелу аралыгы қысыңқы, аса жүктелуге сезімтал, суықта оталдыруы күрделі, қызмет мерзімі аз (3000...4000 car.) және пайдалану шығыны жоғары. Жетекті бір лоне көпмоторлы деп айырады. Бірмоторлы жетекте машина механизмдері мен жүмыс мә-ріміне қозғалыс негізгі қозғалтқыштан механикалық трансмиссия арқылы беріледі. Көпмоторлы жетекте эр механизм және жұмыс мәрімі дербес (жеке) қозғалтқыштармен іске қосылады. Оларды электрлі және алмастырылган деп айырады.

Көпмоторлы жетек механизмдері көп машиналарда қол-данылады, оларды электрқозғалтқыштары сыртқы желіден қо-ректенген электрлік және алмастырылган деп бөлінеді. Авто-номды алмастырылган көпмоторлы жетекте негізгі қозғалтқыш (дизель):

  1. генераторды іске қосады, соңғы электрқозгалтқыштарды токпен қоректендіреді (дизель-электрлі жетек);
  2. гидравликалык сорапты іске қосады, ол гидравликадық қозғалтқыштарды коректендіреді (дизель-гидравликалык жетек) т.с.с.

Көпмоторлы жетек (күрделі, қолайсыз механикалык грансмиссиясы жоқ) машинаның кинематикасын ықшамдап, мечанизмдер мен жүмыс мәрімінің жылдамдығын сатысыз, жатық, үлкен аралықта реттеуді камтамасыз етеді, машинаны басқаруды автоматтандыруға мүмкіндік жасайды.

Гидравликалъщ жетек қазіргі ҚЖМ-ның көпшілігінде экскаваторларда, крандарда, жүккөтергіштерде, жүктиегіштерде, бульдозерлерде, скреперлерде және т.б.) қуатты -негізгі қозғалтқыштан жұмыс мәріміне, орындаушы механизмдерге беруге және машинаны басқару жүйесінде қолданылады. Көлемді немесе статикалық гидрожетекте гидравлиқалық сораппен сықалған сүйықтың (минералды май) энергиясын пайдаланады. Гидравликалық жетектің негізгі құндылығы: ПӘЕ жоғары, үнемді, басқаруға қолайлы және кері қимылдау мүмкіншілігі, үлкен беріліс санын камтамасыз ету қабілеті бар, айналым қозғалысын ілгерілемеліге өзгерту мүмкіншілігі оңай, қозғалтқыш пен механизмдерді асқын жүктеуден сақтайды, құрылымы ықшамды және жұмыста сенімді. Гидрожетектің қүрамына мына негізгі элементтер жатады: сораптар, жұмысшы сүйық қүйылған шандар, ілгерілемелі және (гидравликалық цилиндрлер) айналмалы жүрісті гидравликалық қозғалтқыштар (гидромоторлар), сораптан шыққан жүмыс сүйықтар ағымын гидроцилиндрлерге немесе гидромоторларға тарататын гидравликалық таратқыштар, сүзгілер мен құбырлар және реттеуші құрылғылар. Гидросораптан түскен жұмыс сүйығының кысымы гидроқозғалтқышта піспек пен жұмыс мәрімімен байланысқан соташықтың ілгерілемелі немесе ротордың айналмалы козғалысына айналады.

Бульдозер күрегінің көлемдік гидрожетегінің принципті сүлбасы 2.1-суретте көрсетілген. Гидросорап 3 жұмысшы сүйықты сүзгі 1 арқылы шаннан 2 сорып алады да, үлестіруші құрылғы 5 арқылы гидроқозғалтқыш - гидроцилиндрдің 8 бір қуысына сыкайды. Сүйық қысымымен гидроцилиндрдің піспегі мен соташығы және онымен топсалы байланысқан бульдозер күрегі 9 жылжиды. Сол сәтте піспек жұмысшы сұйықты гидроцилиндрдің қарама-қарсы қуысынан үлестіргіш арқылы шанға қосылған ағызу гидравли-калық желісіне ығыстырады. Арынды желіде 4 белгілі бір қысым мөлшеріне реттелген және реттелгеннен асқын қысымды артық сүйықгы ағызу желісіне жіберетін сақтық клапаны 11 ор-наластырылған. Сорап жетекті машинаның негізгі қозғалтқышынан алады.

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары