Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

Тұрғылықты крандардың тірек бөлігі - қаңқалы кұрылым, олар дара құйылған немесе темірбетоннан жинақталған іргетастың анкер болттарына бекітіледі де, қосымша балластпен жүктеледі. Өздігінен көтерілетін крандар жұмыс күйінде қабатаралық жабынға қойылған жазық қаңқаға тіреледі және қосымша салынып жатқан ғимараттың қабаттар аралығындағы бір немесе екі ярусқа бекітіледі.

 

4.3.6. Бұрылу платформасы мұнаралы кранның төменгі жағына орналасып, тіректі-бұрылыстық құрылғы арқылы кранның жүрістік бөлігімен қосылысады. Бұрылу платформасына мұнара және оны ұстатып тұратын тіректер бекітіледі, кран механизмдері, электрлі аспаптар мен теңсалмақ орналастырылады.

Теңсалмақ, әдетте, массасы таңбаланған темірбетонды тақталардан тұрады, оларды бұрылу платформасына жатқызып, оған бекітеді. Қазіргі кездегі мұнарасы бұрылмайтын крандардың бұрылу платформасы оның жоғарғы жағына орналасқан жазық қаңқа, ол тіректі бұрылыстық құрылғы арқылы мұнарамен қосылысқан. Платформада тартқыштар арқылы жебені және теңсалмақ консольді ұстап тұратын мұнараның басы орналасқан.

Теңсалмақтың консольдері мен кернегіштері мұнараға түсетін ию жүктемесін кемітуге арналады да, жазық қаңқа немесе арқалықты жебелі және мұнарасы бұрылмайтын крандарда ферма тәрізді болып жасалады. Теңсалмақ консольдерінің кұрылымы жебеге ұқсайды. Консольдің аяқ жағына жүктік және құрылымы бойынша керек болса жебе жүкшығырлары, сонымен қатар консольдің үстіне орналасып, бетіне бекітілген немесе астыңғы жағына асылған теңсалмақтың бетонды блоктары орналасқан. Жебенің ұзындығы өзгерген жағдайда (стандартты бөліктер арқылы) кранды теңгеру мақсатында консольдің де ұзындығы өзгертіледі. Теңсалмақ жебедегі жүктік арбашық тәрізді жылжымалы болып жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда консольде теңсалмақтың жылжу механизмі де орналасады. Мұнарасы бұрылмалы және тіректі-бұрылыстық құрылғысы төмен орналасқан крандарда теңсалмақ консолі орнасқан жерге жүктік және жебе арқандарын, жебені кергіш қайтарым блоктары бекілетін кернегіш қойылады. Қазіргі кездегі крандардың кернегіштері мен теңсалмақ консольдері кішкене диаметрлі құбырлардан жасалады.

Жебелері арқалықты крандарда жүкті горизонталь бағытта жылжыту үшін төменгі жағында жүктік арқанға арналған екі блок, ал үстіңгі жағында - тіректі аунақшалар орналасқан пісірмелі қаңқадан тұратын жүктік арбашықтарды қолданады. Арбашықтар жебені бойлап, жүкшығырлар арқылы жылжиды.

Жүкті іліп алу үшін құрылымы әртүрлі ілгек аспалардан тұратын жүкқармағыш мәрімді қолданады. Ілгекті аспа құрамының аралықтарына бір немесе бірнеше блоктар 3 орналастырылган осьтер бекітілген екі шеке 2 және сақтандырғыш құлпы 4 бар ілгек 1 бекітілген траверса кіреді (4.17, а-сурет). Жүктік ілгек траверсада тіреуіш мойынтірекке орналасқандықтан, жүктік арканды бұралудан сақтап, жеңіл бүрылу мүмкіншілігібар. Ілгек аспасының құрылымы блоктар ойығынан арқан ізықпайтындай болып жасалады. Мүнаралы крандардың жүктік лолиспастарының еселігі түрақты және айнымалы болады (4.17, 5-сурет). Өзгерілмейтін екі еселікті полиспастарды негізінен мо-оильді крандарда қолданады. Ауыр крандарда еселігі 4-тен 8-ге лейінгі полиспастар пайдаланылады. Мүндай крандарда аспа бүралмас үшін арнаулы айлабүйымдар қолданылады. Соңғы • езде крандарда көп блокты еселігі ауысымды (2-ден 6-ға дейін) ілгек аспаларын пайдаланады. Ол кранның жүктік жүкшы-ғырының жетек қуатын өсірмей жүккетергіштігін арттыруға мүмкіндік береді

4.17 - сурет. Мұнаралы крандардың жүктік полиспастары

.





4.3.7. Аркандарды қорландыру сұлбалары, Қазіргі кездегі крандарда жүк арқанының 2 бір тарамы қайтарым блоктарынан 5 өтіп, жүктік жүкшығырдың 1 атанағында бекітіледі ал басқа тарамы - жебелі жүкшығырдың 4 атанағына оралады (4.18, а-сурет). Жебені көтергенде жебе арқаны 3 атанақка -оралады, ал жүктік арқан биіктікте жүктің тұрақты күйін қамтамасыз етіп, атанақтан 1 тарқалады. Жүктік полиспастардын еселігі өзгермелі, кравдардың арқандарын қорландыру сұлбасы жоғарғыдан күрделі (4.18-сурет).

4.18-сурет. Жүктік арқандарды қорландыру сұлбалары

 

Арқалықты жебелі крандарда арқанның 2 бір басы атанақтан 1 шығып, мұнара басындағы және жебе соңындағы блоктарды орап, арбашық пен ілгек аспасының блоктарынан 9, 10 өтеді, ал екінші басы мұнараға немесе жебе тамырына бекітіледі. Мұндай жағдайда арбашық горизонталь жебемен жылжығанда арқан өз блоктарымен сырғанайды да, жүк қатаң горизонталь бағытта жылжиды. Жүктік арқанды арнаулы қорландыру арқылы топсалы жалгастырылган жебелі крандарда да жүк жебемен горизонталь да, еңіс те жылжиды.

Жебелік арқандарды жебенің шығымын өзгертуге және оны талапты күйде ұстап түруға, сонымен қатар платформасы бұрылмалы крандардың мұнарасын, ол жұмыс істегенде пайда болатын ию моментінен босату үшін қолданады. Жебелік арқанды анкерлік тартқыш 2, жебелік полиспаст 4, жебелік кергіш 6 деп бөлшектейді. Жебесі маневрлі крандарда жебелік арқандарлы қорландырудың әртүрлі сұлбасын пайдаланады. 4.19-суретте (а, б, в) жебе кергіші 6 жебелік полиспастың 4 жылжымалы бірікпесімен 5 байланысқан. Кернегішке астынан әсер ететін жалпы жүктемені көбейту үшін жебелік арқанды кернегіштегі 7 жылжымайтын блоктардан өткізіп, қосымша босатқыш полиспаст 8 пайда болады.

4.19-сурет. Жебелік арқандарды қорландыру сүлбалары

Мұнаралы крандардың жұмысшы қозғалыстары жүктік кәне жебелік жүкшығырлардың шығымды өзгерту, бұру лоне жылжу механизмдерінің көмегімен орындалады. Мұнаралы крандардың жүкшығырлары көпшілігінде электрлі жетекті болып орындалады, ал гидравликалық жетек сирек кездеседі. Жұмысшы жылдамдықтарының санына қарай жүкшығырлар бір және көп сатылы болып бөлінеді. Олардың жылдамдықтары сатылы, үздіксіз және құрастырмалы реттеледі.

Жылдамдықты бірнеше қозғалтқыш колданып, бәсеңдеткіштің беріліс санын және қозғалтқыштың айналым жиілігін өзгерту арқылы жасайды. Айналым жылдамдығы әртүрлі айнымалы токты бірнеше қозғалткыштарды колданып, бірнеше жүк көтеру жылдамдығьш алуға болады. Көпшілік мұнаралы кракдар айнымалы токты қозғалтқыштармен, бір жылдамдықты жүкшығырлармен қамтамасыздандырылады. Айнымалы токпен жұмыс істейтін көп жылдамдықты жүкшығырларда негізгі екі және бір отырғызу жылдамдығы болады. Жинақтау жұмыстарында жүкті ептеп түсіріп, байыппен жерден алу үшін «отырғызу» жылдамдығының маңызы үлкен. Өте баяу «отырғызу» жылдамдығы 2,5 • 102 м/с мөлшерінде жүктік жүкшығырларда тежегіш генераторды қолдану арқылы шешіледі.

Қазіргі кездегі жебесі көтерілетін мұнаралы крандардың жебелі жүкшығырлары бір жылдамдықты жүкшығырларына ұқсас жасалады. Айырмашылығы- атанақтың құрылымында. Арқанның қорлануы полиспастары қосылған сұлба бойынша жасалған крандардың атанағы диаметрі әртүрлі екі бөліктен тұрады: жебелік арқанды орауға цилиндрлі, ал жүктік арқанға - цилиндрлі немесе конусты. Жүктік арбашықты арқалықты жебемен немесе қосалқы жүкті қарсы салмақ консолімен жылжьпуғі арналған арбашық жүкшығырларды цилиндрлі немесе иірмекті бәсендеткішті қолданатын дағдылы жебелі жүкшығырға үқсас сұлбамен жасайды.

Мұнаралы кранның жылжу механизмінің, жүру жабдығының құрылымына байланысты орындалуы әртүрлі. Крандардың параметрлеріне қарай жүру доңғалақтары 4-тен 32-ге дейін. Қазіргі кездегі, әсіресе ауыр крандарда жүктеме барлық донғалақтарға бірдей түсу үшін оларды екіден, үштен, төрт доңғалақтан теңгерілме арбашықтарына біріктіреді. Жетек доңғалақтары бір немесе екі рельсті болуы мүмкін. Егер кранда теңгерілме арбашьпы болса, оның екеуі жетекші, қалған екеуі -жетектегі болады. Кранның қалыпты қозғалуы мақсатында жетекші арбашықтарды әр рельске орналастырады (біріне-бірі қарсы немесе диагональ бойынша). КБ сериялы крандарда жетек иірмекті бәсендеткіштен және ашық цилиндрлі берілістен тұрады (4.20-сурет)

 

4.20-сурет. Кранның жылжу механизмі: а-кинематикалық сұлба; б-жүру доңғалағы; 2-тежегіш;

3-иірмекті қосақ; 4-тісті беріліс; 5-электрлі қозғалтқыш; 6-ашык тісті беріліс; 7-айдап кетуге қарсы рельсқармағыш

Кабиналарды, әдетте, шығыңқы етіп мұнараның сыртына, порталға немесе кранның жоғарғы жағына орналастырады. КБ сериялы крандардың кабиналары унификацияланған, машинистке барынша ыңғайлы, аспалы етіп жасалынады. Жұмысты пульттан күшті немесе шамалы токты кабельмен не радио арқылы атқарады.

Мұнаралы кран жүретін кран асты жолы балластық қабаттан, кран асты жолының элементтерінен (рельстер, рельстік бекітпелер және тірек элементтері - шпалдар, қаңқалар немесе арқалықтар), сонымен қатар кранның жылжуын шектегіш ажыратқыш сызғыштан, екі тізбекті жолдың екі жағына қойылатын тұйықтағыш таяныштан және жерлендіргіш элементтерінен тұрады. Ең кеп тарағандары - ағаш жарты шпалдан және ағаш-металдан ұзындығы 6,25 м секциялардан құралған, 280 кН дейін жүктемеде пайдаланылатын вентарлы кран асты жодары. Жүктеме 300 кН дейін болғанда, кран асты жолын темірбетонды шабақтар мен арқалықтан жасалған секциялардан құрайды. Инвентарлы кран асты жолдары бір осьті жартылай тіркешемені пайдаланып автокелікпен тасымалдауға және жедел төсеуге қолайлы. Крандарды күтімдеуді қауіпсіздендіру мақсатында кран асты жолдарын жерлендіреді.

Қазіргі заманның жүрдек және ауыр, биік крандарын оның өз механизмдерімен, бір кейде екі жебелі өзі жүретін крандардың көмектесуімен жинақтайды.

Мұнаралы крандарды олардың құрылымдарына және параметрлеріне қарай жиналған күйінде автотартқыштармен, автокөлікпен (мұнараларын жеке түйіндерге бөлшектеп) тасымалдайды.

Барлық мұнаралы крандар қауіпсіздік аспаптарымен жабдықталады. Оған таяныштардың алдына қойылған барлык түрлі қозғалыстардың (кранның жүктік арбашығының жылжуын; жебенің еңкею, бұрылу бұрышын көтеру биіктігін; мұнараның суырылуын т.с.с.) шеткі күйлерін шектегіштер жатады. Жебенің белгілі бір шығымында жүкті көтергенде кранды ассын жүктемеден корғау үшін жүккөтергіштікті шектегіштер пайдаланылады. Сонымен қатар крандардың барлық жұмысшы жылжу механизмдері тежегіштермен, нольдік және шеттік иектркорғаныстармен, апат бастырмалармен және шаппа қоскыштармен, кауіпті жел екпінін автоматты түрде аныктап, дыбыс және жарық белгілерімен машинисті қауіп туралы ескертетін анемометрмен, жүру арбашықтарындағы рельс қармағыштармен, жүкті көтеру биіктігіндегі ілгек шығымын сол шығымдағы жүк көтергіштігін көрсететін нүсқағыштармен т.с.с. жабдықталады. Машинист кабинаға, техникалық күтім жасауға, жөндеуге, шеттегі механизмдерге өту үшін крандарда басқыш, алаңша мен төсемелер, тиісті қоршаулар қойылады.

Мұнаралы крандарды мемлекеттік техникалық қадағалау органдарында тіркелгеннен кейін және техникалық тексеруден өткен соң ғана пайдалануға болады.

Крандар жұмыс барысында өзінің тірек бөлігінен шығыңқы жүкті көтереді, сондықтан олардың жүктік, жел, динамикалық жүктемелерінің теңкеру моментіне және жол еңісіне карсы әсерлік қасиеті болуы керек. Кранның орнықтылығын оның өз массасы қамтамасыз етеді. Мұндайда кранньщ массасына байланысты Мк ұстап тұрушы моменттің, төңкеруші моменттердің қосындысынан артығырақ біраз қоры болуы керек. Барлык моменттер төңкерілу қырына анықталады (рельсті крандар үшін - рельс бастиегі және жүру арбашығының шүберін осі; пневмодоңғалақты крандар үшін - шығыңқы тіректің осі және шынжыр табанды крандар үшін - шынжыр табанның аунақша шеті). Есептің негізі - жүктік орнықтылықты анықтау. Мұндай жағдайда кран еңісте орналасқан (4.20, а-сурет) және жүктелген жебе (жүктің жел жақ ауданы максимальді), жел бағыты және динамикалық жүктеме - барлығы еңіске қарай бағытталған деп кабылданады. Орнықтылықты жебенің максималды да, минималды да шығымына анықтайды:

к1×МгВД ≤0,95×Мк,

мұндағы Мг, Мв және Мд - жүктің массасынан кранға және жүкке әсер ететін жел жүктемесінен және динамикалық жүктемеден болатын моменттер; к1 - жүккөтергіштікті, жұмыс кестесін және кранды пайдалану ауқымын ескеретін асқын жүк еселігі; 0,95 - кранның нактылы массасының құжаттағыдан айырмашылығын ескеруші еселік.

Кранның өзінің орнықтылығын оның жұмыс және жұмыс атқармайтын жағдайларына сәйкес есептейді. Бірінші жағдайда (4.21, б-сурет) кран еңісте жүксіз түр, жебесі максимал көтерілген және кранның төңкерілу жағына қарсы деп қабылданады.

Мұндай жағдайда

Мв1д≤0,95×Мк

 

Екінші жағдайда кран еңісте жүксіз орналасқан, жебе шығымы максималды және төңкерілу жағында орналасқан, онда

Мв2Д <0,95-Мк,

мұндағы Мв1, Мв2 - кранның жұмыс және жұмыстан бос жағдайларында жел жүктемесінен төңкеруші моменттер.

4.21-сурет. Орнықтылықты есептеу сұлбасы: а - жүктік. б - кранның еркін айналымы жоқ жұмыстан бос күйі; в - сол күйінде, еркін айналу жағдайында

 

Жүккөтергіштің    сменалық    пайдалану    өнімділігі. т/смена :

Пэ=tсм×Q×n×Kr×KB

мұндағы tсм - смена ұзақтығы, сағат; кранның жүк-көтергіштігі, т; Кг - кранның жүккөтергіштігін пайдалану

еселігі; Кв - смена уақытын пайдалану еселігі; п =3600/ tц  - бір сағат жұмыс істегендегі кранның жасайтын цикл саны.

Циклдің жалпы уақыты tц (мин) машинамен tM  (мин) және қолмен tp (мин) жұмыс атқару уақыттарының қосындысы: tц=tм+tp+tB×z,

tм=[H1/v1+H2/v2+L1/v3+K2/v4+2a/360n]×K

tp=t3+ty+t0

мұндағы H1, H2 - ілгекті көтеру және түсіру аралығы, м; L1, L2 -жүктік арбашықтың және кранның жылжу жолы (немесе шығым өзгерісі), м; v1 v2, v3, v4 - жүкті көтеру, түсіру, жүк арбашығының және кранның жылжу жылдамдығы, м/мин; a - жебенің бұрылу бұрышы (оңға және кері), град.; n - жебенің минутына айналым саны; К - кранның техникалық мүмкіншілігіне және машинистің шеберлігіне байланысты операцияларды қосарландыру еселігі; t3 - жүкті ілу уақыты, мин; ty - жүкті орналастыру уақыты, мин; to - жүкті ілгектен босату уақыты, мин; tB -қосалқы операцияларының уақыты, мин; z - машинаның қосалқы операцияларының саны (көтеру, жылжу, жүкпен бұрылу, кері бұрылу, түсіру т.с.с).

 

4.4. Өздігінен жүретін жебелі крандар

 

Өздігінен жүретін жебелі крандарды құрылыс-жинақтау және тиеутүсіру жұмыстарында кең қолданады. Олардың негізгі құндылығы - жетегі автономды, бір объектіден екіншіге жедел ауысады, алмасу жабдықтары сан түрлі.

Өздігінен жүретін жебелі крандарды жүру жабдықтарының типіне қарай автомобильді, пневмодоңғалақты, арнаулы шассилі автомобиль типті, шынжыр табанды, тракторда және тіркемеде орналасқан деп айырады. Жұмысшы механизмдердін жетек типіне байланысты бір моторлы және көп моторлы болады. Бірінші жағдайда кранның барлық механизмдері іштен жанатын бір қозғалтқыштан механикалық трансмиссия аркылы жетек алады. Көп моторлы жетекші крандарда әр механизм жеке электрлі немесе гидравликалық қозғалтқыштан қимыл алады. Жебе жабдықтарының орындалуына қарай жебелерінің ұзындығы тұрақты және жебелерінің ұзындығы өзгерілмелі жылжымалы, суырмалы болып жасалады, Жыллшмалы жебелердің ұзындығы жүктемесіз жағдайда, ал суырмалы жебелер - жүктемелі жағдайда өзгереді.

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары