Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

1.5. Арқандар, шығыршықтар, полиспастар, атанақтар

 

1.5.1. Арқандар көтеру, тарту, жүкті ұстап түру, керу арқылы күш берілісі жұмыстарын атқарады. Құрылыс, жол машиналарында болат сымнан жасалған беріктігі жоғары және сенімділігі мол сымарқандар кең тараған. Жүктелген міндетіне қарай жүк-адам (ГЛ) және тек жүктер (Г) үшін деп бөлінеді. Оларды беріктігі жоғары, ашық түсті болаттан немесе мырыш-талған (С, Ж, ОЖ топтағы), диаметрі 0,2...3 мм жоғары (В), бірінші (I), екінші (II) таңбалы, беріктік шегі 1200...2600 МПа сымнан жасайды.

Сымарқандар дара, қос, үш өрімді болады. Дара өрімді (1,28, а-сурет) арқанды жеке сымдардан шиыршықтап өреді. Мұндай арқандар заттарды, машиналарды тарту, керу үшін қолданылады. Қос өрімді арқандарда жеке сымдарды алдымен бұрымға, одан кейін оны органикалық (О.С.) немесе металды (М.С.) өзекшеге өреді. Органикалық өзекшелі арқандар иілгіш және жағармайды жақсы ұстайды. Металды өзекшелі арқандар жүктеме күрт езгеретін, жоғары температурада және арқан ата-көпқабатты оралатын жағдайда қолданылады.

Сымның бұрымда және бұрымның арқанда өрілуі солжақ (л) немесе оң жақ бағытта (белгіленбейді) болуы мүмкін.

1.28 - сурет. Сымарқандар

 

Егер сымдар бұрымда, ал бұрымдардың арқанда орамдалулары бір бағытта болса, ондай құрылманы сыңар өрімді (О) аркандар дейді (1.28, б-сурет). Мұндай арқандар тым иілгіш, баяу тозады, бірақ, жүктеменің әсерінен тарқатылғыш келеді. Сымдар бұрымда өзара және көрші бұрымның сымдарымеп сызық бойымен жанасса, онда сызықты жанасу (ЛК) арканы дейді. Сымдардың диаметрі өрім қабаттарында біркелкі (ЛК-0), өрімнің сыртқы қабатында әртүрлі (ЛК-Р), өрімнің кейбір қабаттарында біркелкі, әртүрлі (ЛК-РО) және кіші диаметрлі екі сым қабаттарының арасын толтырушы (ЛК-3) болуы мүмкін.

Егер сымдар бұрымда, ал бұрымдар арқанда өзара қарсы бағытта өрілсе, ондай құрылманы айқыш ерімді белгіленбейдіи арқандар дейді (1.28, в-сурет). Мұндай арқандардағы бұрымдар" диаметрі бірдей, өзара нүктелі жанасқан (ТК) сымдардан өріледі. Олардың беріктігі жоғары және жүктеме әсерінен тарқатылмайды.

Егер арқандағы сымдардың бір бөлігі сызықты, басқа бір бөлігі нүктелі жанасса (ТЖ), оларды құрама өрімді арқандар дейді.

Арқандардың құрылмасы индекспен белгіленеді. Мысалы, индексі                    6х19(1+6+6/6)+1 О.С. болса, арқан 6 бұрымнан, оның әрқайсысы 19 сымнан және аркан 1 органикалық өзектен тұрады. Жақшадағы цифрлар 1 - әр бұрымның центрінде 1 сым, оның сыртында (екінші қабатта) 6 сым орналасқандығын, ал сыртқы қабатта бірдей диаметрлі 6 сым, қалған 6-ның диаметрі I басқадай (6/6) екендігін көрсетеді.

Арқандардың таңбасында жоғарыда келтірілген әріп белгілерінен басқа арқанның диаметрі, сымның белгісі және есептеме  беріктігінің  шегі,  стандарттың  нөмірі  беріледі. Құрылыс, жол машиналары арқандарының шартты белгілері олардың құжатында көрсетіледі. Мысалы, төртінші өлшем тобындағы мұнаралы кранның жүк арқанының белгісі 24-Г-І-Л-О-Н-180 (ГОСТ 2688-69). Оның мәні мынадай: арқанның сыртқы диаметрі 24 мм, жүк көтеруге арналған, сымы бірінші таңбалы солжақты сыңар өрімді, тарқатылмайтын, уақытша үзіліс кедергісі 18 МПа.

Арқанның типі мен диаметрін (мм) МССТ кестелерінен арқанның үзіліс күші Рp бойынша алады, ол арқанның максималды керілуіне Рmах және беріктік еселік қорына (К) тәуелді:           Рpmax×К

Беріктік еселік қоры арқанның атқаратын міндетіне, машинаның жетегіне және механизмнің жұмыс жағдайына байланысты алынады.

Жүк және жебе арқандарында қолдан жетек алатын механизмдер үшін К=4, машина жетегіндегі жеңіл, орта және ауыр жұмыс жағдайларына сәйкес К = 5; 5,5 және 6, ал адамды көтеруге арналған аркандар үшін К = 9.

Пайдалану барысында аркандардың күйі үнемі бақылауда болу керек. Оларды күрт омырылу, жаншылу, ілмектену, түйілу жағдайына жеткізбеу қажет, машина құрылмаларының, әсіресе өткір ұштарына үйкелмеуге және электрпісірме сымдарына жанаспауы тиіс. Арқандарды мүжілу әсерінен сақтау және тозуын азайту үшін тұрақты майлау қажет. Оларды арнаулы «Ереженің» талабы бойынша бір өрім қадамына келетін сымдардың үзілу саны бойынша жарамсыздыққа жатқызады. Өрім қадамына бір бұрымдағы қатарлас өрімдер аралығын алады (1,28, г-сурет).

Егер арқан сымдарының үзілуімен қатар, олар мүжілген және тозған болса, онда жарамсыздыққа жататын үзілу санын кемітеді. Адам көтеруде қолданатын арқандарда жарамсыздыққа жатқызатын үзілу саны екі есе кем тағайындалады.

Өзектері органикалық материалдардан жасалған арқандардың беріктігі төмен, сондықтан оларды жеңіл жүктерді көтеретін жүкқармауыш мәрімдері, қол полиспастарының тарту мәрімдері ретінде және жинақтау жұмыстарында кере тартуға қолданылады. Өзектері капрон, поролон сияқты синтетикалық материалдардан жасалған арқандар кендір өзекті арқандарға қарағанда берік, судан бүлінбейді, алайда жанар-жағармайдың, еріткіштердің және ұзақ уақыт күн көзінің тікелей түсу әсерлеріне шыдамайды.

Сымарқандарды машина түйіндерімен және көтеретін жүкпен әртүрлі әдістермен қосады. Негізінен арқандарды оның ұшында жасалған түзақтар (ілмектер) арқылы жүкқармауыш айлабұйымдарының элементтерімен қосады.

Сымарқандарды көтеретін жүкпен әртүрлі әдіспен байланыстырады. Оның негізгісі: арқанның үшына түзақ тәрізді ілмек жасайды немесе жүкті арқанмен әртүрлі жүкқармауыш айлабұйымдары арқылы байланыстырады.

Арқандардың атқаратын міндетіне қарай ілмектердің сан мөлшері мен құрылымы әртүрлі. Ілмек тұсындағы арқанды асыра бүгуден, қажалудан сақтау үшін ілмектің ішін қаңылтырмен қаптайды (коуш орналастырады, 1.29, а-сурет).

Бекітілу түріне қарай ілмектер құрылғысы әртүрлі қысқыштармен (1.29, д-сурет), ажырамалы (1.29, а, б-сурет) және қыспақтауыш қауызбен 3 (1.29, в -сурет) бекітілген, арқанның өрілген немесе тарқатылып конусты қауызға 4 орналастырылған ұшын оңай балқитын металмен ерітіп қүю арқылы жасалып, ажыратылмайтын болады.

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            1,29-сурет, Сымарқандардың ұшын  бекіту сұлбалары

 

Дара жүктерді және жүкқармауыш айлабұйымдарды арқанға асып қою үшін бір, екімүйізді ілмектер мен ілгектерді (1.30-сурет) қолданады. Ілгектер мен ілмектерді жасаушы заводтың толық техникалық сипаттамасы керсетілген белгісі мен қүжаты болуы керек.


Жүктерді ілгектер мен ілмектерге асу үшін арқандардан жүкілгіштерді пайдаланады. Оларды әмбебап, жеңілдетілген бір тарамды, екі басында ілмектері бар немесе бір басы ілмекпен, екіншісі ілгекпен немесе сақинамен біткен (1.31, а, г -сурет) және ажырамалы тақтайшасы бар сырғаларға орнатылған 2...8 дара жүкілгіштерден

түратын көптарамды (1.31-сурет) деп бөледі. Соңғылары ауыр жүктерді бірнеше жерден ілуге арналған.

Жүкілгіштерге түсетін жүктеме олардың аралығындағы вертикаль бұрышқа a байланысты:    Pc = G / n×cos a

мүндағы G - көтеретін жүктің салмағы; n- жүкілгіштердің тарам саны; a - аралық бүрыш ≤60°.

1.5.2. Шыгыршыцтарды жылжымайтын және жылжымалы деп айырады. Жылжымайтын шығыршықтар арқанды бағыттайды, олардың осьтері жылжымайтындай болып бекітіледі (1.32, а-сурет).


Жылжымалы шығыршықтардың (1.32, б-сурет) осьтері жүкпен бірге жылжиды, оларды күштен немесе жүк көтеру жылдамдығынан ұтыс алу үшін пайдаланады. 1.32, б - суретте көрсетілген шығыршық сұлбасында, оны күштен ұтыс алу үшін пайдаланады, онда жүкті көтеруші күш (Р) жүктің салмағынан

(Q) 2 есе кем немесе Р = Q/2.

 

 

1.5.3. Полиспастар. Бірнеше жылжымалы және жылжымайтын шығыршықтар жүйесін (жиынтығын) полиспастар дейді. Жылжымалы полиспастың жүк ілуге арналған ілгегі немесе ілмегі болады, ал жылжымайтын полиспаст құрылғының 
элементіне бекітіледі. Олар бәсендеткіш және үлғайберілісті полиспастар болып бөлінеді. Құрылыс, жол машиналарында арқандардың керілуін, жүктің моментін және жетек механизмінің беріліс санын кемітіп, соншалыкты жүк көтеру жылдамдығынан ұтылатын    бәсеңцеткіш    полиспастар    кең қолданылалы (1.32, в-сурет). Арқанның бір басы атанаққа 1 бекітіледі, ал екіншісі полиспаст арқылы жүкке ілінеді. Мүндай полиспастар өз алдына жүк көтергіш кұрылғы ретінде жинақтау жұмыстарында пайдаланылады, ал негізінде олар жүккөтергіштердің экскаваторлардың т.с.с. жүк және жебекөтергіш механизмдерінде қолданылады.

Ұлғайберілісті полиспастар әлдеқайда сирек, негізінен гидравликалық және пневматикалық көтергіштерде, крандардың, экскаваторлардың суырмалы жебесін шығару механизмдерінде және басқа жағдайларда баяужылдамдықты жетек механизмдерімен жүкті машина элементтерін шапшаң жылжыту үшін колданылады (1.32, д-сурет).

Атанаққа оралатын арқандар санына қарай полиспастарды дара (1.32, в-сурет) және қосарланған полиспастар (1.32,г-сурет) дейді. Дара полиспастар жүмыс мәрімдерін керекті бағытта козғалту үшін бағыттаушы шығыршықтармен қоса тіпті барлык ҚЖМ-да қолданылады деуге болады. Арқан атанаққа орылу барысында көтеретін жүк арқанның осі бойы жылжып, атанақ мойынтіректеріне өзгермелі жүктеме түсіреді.

Қосарланған полиспастар екі дара полиспастардан тұрады да, жүкті көтеріп-түсіргенде дәлме-дәл тік жылжуын, онымен қоса атанақ пен оның тіректерінің біркалыпты жүктелуін қамтамасыз етеді. Мүндай полиспастарды негізінен көпірлі және төрт тағанды крандарда қолданады. Ауыр мұнаралы крандарда қосарланған полиспастарды аумағы, қуаты үлкен бір жүкшығырды стандартталған екі жүкшығырмен алмастыру үшін және көтеру жылдамдықтары екі немесе үш сатылы болу үшін қолданады. Полиспастың негізгі сипаттамасы - оның еселігі (Кп). Оны жүк асылған арқанның тарам санының атанаққа оралатын арқанның тарам санына қатынасы арқылы анықтайды. Мысалы, 1.30, в -суретте Кпі = 2, Кп2= 3, ал 1.30, г-суретте Кп=3.

Арқанның оралым жылдамдығы vK мен жүктің көтерілу жылдамдығының ара қатынасы төмендегідей:

 

VK=VrP-K n , ал Vrp=πD0n б,

мүндағы Do - оралатын арқанның центрінен алынған атанақ диаметрі; n б - атанақтың айналым жиілігі, с1.

1.5.3. Атанақтар арқандарды бір және көпқабатты етіп орамдауға арналған. Арқанды бірқабатты орамдағанда бұрамаойымды атанақтарды қолданады, ойымдар арқандардың атанақта дұрыс орамдалуын, орамдар өзара бір-бірін қажамауын қамтамасыз етеді (1.33, а-сурет).

Арқандарды көпқабатты орамдайтын атанақтардың беті тегіс, екі басында ернеулері болады (1.33, б-сурет). Мемлекетгік бақылау мекемелерінің "Ережелері" бойынша ернеу биіктігі арканный соңғы орамынан оның екі диаметрінен асып тұратындай болуы керек.

Атанақтарды болаттан және шойыннан құйып немесе қаңылтыр болаттан пісіріп жасайды. Олар теңселмелі немесе сырғанаушы мойынтіректерге отырғызылып, қозғалмайтын осьте немесе білікпен бірге айналады. Атанаққа арқанның ұшын бүрандамамен қысқыш тақтайшалар (1.33, в-сурет) немесе сыналы қысқыштар (1.33, г-сурет) арқылы бекітеді. Арқанның шыдаммерзімі оның орап өтетін шығыршықтар мен жүкшығырдың диаметріне тәуелді. Шығыршық пен атанақтың бунақ түбімен өлшенген ең кіші рауалы диаметрі, мм:

D б ≥ dк (e -1),

мұндағы dк - арқанның диаметрі; e - жүккөтергіш машинаның типі мен жұмыс тәртібін ескеруші еселік (e = 20...30).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1,33-сурет. Атанақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚҮРЫЛЫС, ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

2.1. Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу

Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналары туралы жалпы немесе нақты түсінік алу (беру) үшін оларды алдымен жіктеп, құрылымы, мүмкіншілігі, артықшылығы немесе кемшілігі т.с.с. туралы деректерді белгілі бір ретпен баяндаған жөн. Әдетге, құрылыс жол машиналарын атқаратын міндетіне, әсер принципіне, қозғалтқышының түріне, қимылдағыштық дәрежесіне және әмбебаптығына қарай жіктейді.

Атңаратын міндетіне қарай құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарды мына кластарға бөледі: келіктік; тасымалдағыш және тиегіш-түсіргіш; жүккөтергіш; жер жүмыстарына арналған; қадалау жұмыстарына арналған; тас материалдарын уату, сұрыптау және жуу; бетондар мен ерітінділерді дайындау, тасымалдау және орнықтыру, сақтау; әрлеу жүмыстарына арналған; механикаландырылған құрал; жеңілдетілген типті жетілдірілген төсемелі жол салуға арналған; жер қыртысын, цементбетон және асфальтбетон қоспаларын және т.б. құрылыс материалдарын нығыздайтын; асфальтбетонды жабындарды, цементбетон төсемелерді салатын; автомобиль жолдарын жөндеуге және күтуге арналған.

Келтірілген машиналар класы олардың орындайтын технологиялық міндетіне, атқаратын жұмыс процесінің сипатына, жалпы құрылымына қарай және техникалық параметрлеріне байланысты жеке топтарға, типтерге, типтік өлшемдерге бөлінеді. Мысалы, жұмыс процесінің сипатына қарай жер жұмыстарының машиналары жерді қазып жақын аралыққа тасымалдаушы (экскаваторлар); жылжып жүру барысында топырақты өндіріп, белгілі бір қашықтыққа тасымалдаушы (бульдозерлер, скреперлер, грейдер мен грейдер-элеваторлар); су әсерімен топырацөндіруші (топырақсорушылар, гидромониторлар); тьғыздалып және қатып қалған жерді цопсытцыш; жер қабатын тыгыздагыш, жерді бұргылаушы; жер беткейін құрылыс жұмыстарына дайындайтын және цосалцы жұүмыстарды атқарушы (буга, тоғай түбірлерін жұлушы, бұта қиюшы, тастар жинаушы т.б.) болып бірнеше топқа бөлінеді.

Көптеген машина топтары типтерге, мысалы, біршөмішті экскаваторлар оны басқару жүйесіне қарай сымарқанды, гидравликалық болып бөлінеді. Одан ары машиналардың көпшілігі басты (негізгі) параметрлеріне карай типтік өлшемдерге тарайды. Басты параметр ретінде, мысалы, экскаваторларда оның шөмішінің сыйымдылығы, крандарда максималды жүк көтерімділігі немесе енді бір жолы машинаньщ массасы, күш қондырмаларының қуаты т.б. қолданылады. Мысалы, біршөмішті қүры-лыс экскаваторлары шөміштерінін сыйымдылығына қарай q = 0,25; 0,4; 0,63; 1,0; 1,6; 2,5 м3 болып алты тштік өлшемдерге бөлінеді.

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары