Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 14:29, реферат
Краткое описание
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады.
Содержание
Кіріспе
І Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.
1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы
1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың элементтері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Халықаралық
әуе тасымалдау
Орындаған:Қабдешова Ақерке
Тексерген:Буканова
З.Ч
Өскемен
қаласы,2014 жыл
Жоспар
Кіріспе
І Халықаралық валюталық қатынастардың
қалыптасуы.
1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
ұғымы
1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың
элементтері
1.3. Валюталық нарық ұғымы және қалыптасуы.
КІРІСПЕ
Бүгінгі әлемде экономикалық
және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықарылық валюта қатынастарының
өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды
өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен
халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен
шаруашылық байланыстарының интернационалдану
және жанандануымен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар
халықаралық экономикалық қатынастардың
дамуына жалпылама түрде. Халықаралық
валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың
шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын
туындыратын әдістер құрал жабдықтар
және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан
тұрады. Оның пайда болу және одан әрі
даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі
адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық
капитал үрдісінің объективті дамуын
бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің
негізгі құраушы элементтері ретінде
әлемдік ақшалай тауар және халықаралық
өтімділік, валюталық курс, валюталық
рыноктар, халықаралық валюта қаржылық
ұйымдар және мемлекетаралық валюталық
келісім шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі
еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық
өсуімен қатар, халықаралық экономикалық
қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті
саласы халықаралық валюталық қатынастардың
дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің
экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа
шыққандықтан әлемдегі валюта өзгерістері
бізге де әсер етеді.
Сондықтан мен экономикалық
теория пәнінен курстық жұмысының тақырыбын
бүгіндегі өзекті мәселелердің бірі "Қазақстан
Республикасындағы ұлттық валютаны тұрақтандыру
мен нығайту проблемалары" деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым
біріншіден, жалпы халықаралық валюталық
жүйенің түсінігіне және құрлымына оның
пайда болу себептері мен негізін қараушы
элементтеріне валюталық бағам және оған
әсер етуші факторларға тоқталып екіншіден
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта
жүйесіндегі орнын, еліміздегі валюталық
операциялар мен валюта бағамының жағдайын
қарастырып өту және оларды ұлттық экономика
дамуына қосар үлесін қарастыру.
Валюталық жүйені талдамас
бұрын "валюта" терминінің мәнін
ашып алайық. Ол Қазақстан Республикасының
заңдылықтарына сәйкес, валюта деп мемлекеттердің
заңды төлем құралы ретінде қабылданған
ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық
билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат
жасалған тиындар (айналымнан алынған
немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген
ақша белгісімен айырбастауға жататынын
қоса алғанда) түріндегі қолма - қол және
аударым нысандарының құнның ресми стандарттары,
сондай-ақ шоттардағы соның ішінде халықаралық
ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі
қаражаттарды білдіреді.
Халықаралық валюталық
қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің
нәтижесінен өзара қызмет ететін және
әлемдік шаруашылықтағы валюталардың
қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген
элементгері ерте Грецияда және Ертедегі
Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі
даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропада
елдерінің басқа да сауда орталықтарында
орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады.
Мұнда аудармалы Вексель бойынша есеп
айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында
және өңдірістің капиталистік тәсілінің
құрылуымен байланысты банктер арқылы
халықаралық есеп айырысулар жүйелері
дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар
халықаралық экономикалық қатынастарды
жалғастырады. Валюталық қатынастардың
жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың
дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы
күштердің шекті қатынасына тәуелді болып
келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда,
оның ішнде валюталык байланыстарда саясат
пен экономикадипломатиялық мен коммерция
, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен
өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың
ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының
ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы
үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка
қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың
ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі
шетел валютасына айналады неме- се керісінше.
Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда,
валю- талық, несиелік және қаржылық операциялардың
барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы
жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс
динамикасы, шетелдік ғылым мен техника
деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына,
шетел капиталына ағымына арта түседі.
Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар
мен ұдайы өндірістің арасында тікелей
және кері байланыстың болатынын көрсетеді.
Халықаралық валюталық қатынастар
тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс
ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың
интернационализациялануы негізінде
халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп
бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен
немесе мемлекет аралық келісімшарттармен
бекітілетін валюталык, қатынастарды
ұйымдастыру және реттеу нысаны.
Валюталық жүйелер үш түрге
бөлінеді:
Ұлттық валюталық жүйе;
Дуниежүзілік валюталық жүйе;
Аймақтық немесе мемлекетаралық
валюталық жүйе.
Тарихта, ұлттық валюталық жүйе
ең бірінші қалыптаскан.
Ұлттық валюталық
жүйе—халықаралық төлем айналымын
жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне
қажетті валюталық ресурсты құрайтын
және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық
қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе - елдің
ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері
елдің құрамдас экономикасының-және сыртқы
экономикалық байланыстардың даму дәрежесі
мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік
валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік
валюталық жүйе 19 ғасырдың ортасына таман
құрылған.
Дүниежузілік валюталық жүйе
— бұл халықаралық несие-қаржы институттары
мен валюталық құралдардың қызмет етуін
қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар
мен мемлекетаралық құқықтық нормалар
кешенін қамтыды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің
қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік
шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының
сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы
қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты
болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталык
жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары
олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі
дамыған елдердегі әлемдік валюталық
жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық
валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа
мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу
— экономикалық нысанындағы қатынастарды
білдіреді.
Мұндағы,валюталық паритет
— валюталық бағамның негізі болып табылатын
заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта
арасындагы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық
паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу
құқығы) белгіленеді.
Егер де, ұлттық валюталық жүйе,
ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне
негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық
жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға
немесе халықаралық есептеу бірліктеріне
негізделеді.
Резервтік валюта — бұл басқа
елдер үшін валюталық паритет пен валюталық
багшды анықтауда негіз ретінде қызмет
ететін және валюталар бағамын реттеу
мақсатында валюталық интервенция жүргізуде
пайдаланылатын халықаралық төлем және
резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің
алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын
ұлттық валюталары.
Валюта— бұл біріншіден, сол
елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мешекеттерінің
ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық
есептесу бірліктері және төлем құралы
(СДР, еуро.).
Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің
екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты
бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
тауарлар мен қызметтермен
сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды
айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын
шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына
ауыстырады.
дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы
бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык
көрсеткіштерін салыстыруға;
фирмалардың және банктердің
шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз
қайта бағалап отыруға;
Валюталық бағамға әсер ететін
факторлар ықпал етеді:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты
жоғары болса ол елдің валютасының бағамы
төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы,
ол ел валютасының төлем қабілеттігін
және басқа елдің валютасына қатысты бағамын
төмендетеді.
Төлем балансының жағдайы. Егер
де төлем балансынының жағдайы активті
болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан
ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық
валютаның курсын жоғарылатуға
мүмкіндік береді, ал пассивтік
болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы
міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына
сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.
Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі
айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға
әсері екі жағдаймен болады:
Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі
өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына,
ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына
әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің
өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын
ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық
капиталдың шетелге шығуына
жол береді;
пайыз мөлшерлемесі валюталық
нарықтағы операцияларға және ссуданың
капиталдар нарығына әсер етеді, яғни,
шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка
орналастырады.
Валюталық нарықтар қызметі
мен алып-сатарлық валюталық операциялар.
Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін
болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға
сатуға тырысады.
Белгілі бір валютаның Еуронарықта
және халықаралық есеп айырысуда пайдалану
дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі
немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына
әсер етеді.
Валютага деген ұлттық және
халықаралық нарықтагы сенімділік дәрежесі.
Валюталық саясат. Нарықтың
және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы
оның динамикасына әсер етеді
Халықаралық валюталық
– қаржылық жүйе.
ХХ ғ. ортасынан бастап халықаралық –
экономикалық қаржы валюта қатынастары
дами бастады. Валюталық қатынастар дегеніміз
– дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік
ақша қызметіне ауысуымен байланысты
жүзеге асатын экономикалық қатынастың
жиынтығы. Валюталық қатынастар орта ғасырда
Андверпенде, Батыс Европаның сауда орталығында
вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге
асты. Бұл жерде барлық есеп айырысулар
аудармалы вексельдер бойынша жүргізілген.
Феодалдық және капиталистік өндірістің
дамуында халық есеп айырысулар банктер
арқылы жүзеге асырған. Халықаралық валюталық
қаржының даму процесінде валюталық жүйе
дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастыру
және реттеуші формасы. Ол ұлттық заңдылықтармен
немесе мемлекеттік келісімдермен бекітілген.
Валюталық қатынастарда ең алдымен ұлттық-
валюталық жүйе қалыптасты (ҰВЖ). ҰВЖ дегеніміз
– мемлекеттік заңдармен бекітілген елдің
валюталық қатынастырын ұйымдастыру формасы.
ҰВЖ- сі валюта курсымен паритетінен тұрады.
Влюта курсы дегеніміз – жекелеген елдердің
валюталық арақатынасы немесе басқа елдің
валютасы арақатынасы көрсетілетін жеке
бір елдің валюталық бағасы. Паритет –
валютаның алтын мөлшеріне сәйкес арақатынасы.
Халықтық валюта жүйесі дегеніміз – дүниежүзілік
шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды
ұйымдастыру формасы. Бұл дүниежүзілік
капиталистік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде
ХІХ ғасырдың ортасына қарай пайда болып
немесе ғаламдық деңгейде валюталық қаржылық
қатнастарды реттеуші механизм. Сонымен
бірге ҰВЖ-мен тығыз байланысты.
Халықаралық валюталық жүйе даму эволюциясында
4 кезеңнен өтеді.
1 кезең – Алтын стандарт жүйесі – бұл
жүйе ХІХ ғасырда қалыптасып немесе заңды
түрде 1867 жылы Париж конференциясында
бекітілді. Мұндағы шешім бойынша алтын
әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып
есептеледі. Алтын монополиялық стандарт
бірінші дүниежүзілік соғысқа деген салыстырмалы
түрде тиімді болады. Уақыт өте келе алтын
монеталық стандарт ескере бастады.
2 кезең – валюталық жүйе заңды түрде 1922
жылы Генуядағы халықаралық экономикалық
конференцияда бекітілді. Ол алтын девиздік
стандандарт принципі былайша банкноттар
алтынға емес, вексель, чек, яғни дивиздерге
айырбасталды. Дивиздік валюта ретінде
доллар мен фунт, стирлинг қабылданда.
3 кезең – валюталық жүйе 1944 ж Бреттон
– Вудстандағы халықаралық конференцияда
бекітілді. Бреттон-Вудстан мынандай принциптерден
тұрады:
1. Алтын елдер арасындағы соңғы ақшалай
есеп айналымының функциясын орындайды.
2. Американдық доллар біртұтас резервтік
валюта болды, яғни алтынмен қатар әртүрлі
елдердің валюталық құнын анықталғаннан
өлшем ретінде әртүрлі етті.
3. Басқа елдердің орталық банктермен үкімет
мекемелері долларды АҚШ қазына мекемелерінде
айырбасталған.
4. Валютаның өзара айырбасы және олардың
бір-біріне теңесуі алтынмен және доллармен
өрнектелген ресми валюталық паритеттер
негізінде жүргізіледі.
5. Елдер кез келген басқа валютаға қатысты
өз валютасының өзгеріссіз курсын сақтауға
тиіс болды.
6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар
халықаралық валюталық қаржы арқылы реттелді.
Бұл қор Бреттон-Вудс конферециясында
құрылды.
4 кезең – Валюталық жүйе 1976 жылы халықаралық
валюталық қаржының Ямайкада өткен мәжілісінде
қалыптасты.
Еуропалық одақ шеңберінде өткен келіссөздер
нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюталық
жүйесі құрылды. Еуропалық валюталық жүйе
– ұлттық валютаның экономикалық интеграция
шеңберінде қызмет етуі мен байланысты
экономикалық қатнастар жиынтығын көрсететін
халықаралық валюта жүйесі, Еуропалық
валюта жүйесі 3 әлемнен тұрады.
1. Экю-еуропалық валюта халықтың негізі.
2. Валюта курстарымен интервенциясының
механизмі.
3. Валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын
миханизмі.
Европалық валюта жүйесінің дамуы мен
қызмет етуі «делор» дегенмен тығыз байланысты.
Еуропалық одақтың көрнекті қайраткері
Ж Делор Еуропаның валютасын біріктіру
жөнінде 3 сатылы жоспар ұсынды:
1. Еуропалық одақтың жекелеген елдері
арасында үйлестірілген экономикалық
және валюталық саясатты жүзеге асыру.
2. Еуропалық одақтың орталық банкін құру.
3. Ұлттық валюталарды Еуропалық одақтың
ортақ валюталарына аудару.
1990 жылы Еуропалық валюталық жүйесіне
қатысушы елдер қатарына Англия, Испания,
Португалия қосылды. 1991 жылы біртұтас
европалық экономикалық кеңістік құру
жөніндегі Мастарихт келісіміне қол қойылды.
Осы келісімге сәйкес Еуропалық Одаққа
мүше елдердің басшылары валюталық Одақ
құруды құптады.