Везикулалық тасымалдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 20:15, творческая работа

Краткое описание

Жасушаның қозуы, ондағы АТФ- тің синтезі, иондық құрамы мен судың мөлшері биологиялық мембрана арқылы зат тасымалдану процесімен тығыз байланысты. Зат тасымалдау жылдамдығының өзгеруі биоэнергетикалық процестердің су, тұз алмасуын, жасушаның қозуын өзгертеді. Оны қалпына келтіру үшін көптеген дәрі-дәрмектер қолданылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Везикулярлық тасымалдау.ppt

— 1.48 Мб (Скачать документ)

Қарағанды Мемлекеттік  Медицина Университеті 
Молекулярлық биология және генетика кафедрасы

 

 

          Тақырыбы: Везикулалық тасымалдау

                                                           

Орындаған: Зия  А.

109 топ,ЖМФ.

Тексерген:Турысбекова Ш.Е.

 

 

                                                    

    Қарағанды 2011ж

 

 

Жоспар

 

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Биологиялық  мембраналар арқылы зат тасымалдануы
  • Везикулалық, трансмембраналық тасымал түрі
  • Амфифилдік липид құрылымдары
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Биологиялық  мембраналар  арқылы зат тасымалдануы

 

  • Жасушаның қозуы, ондағы АТФ- тің синтезі, иондық құрамы мен судың мөлшері биологиялық мембрана арқылы зат тасымалдану процесімен тығыз байланысты. Зат тасымалдау жылдамдығының өзгеруі биоэнергетикалық процестердің су, тұз алмасуын, жасушаның қозуын өзгертеді. Оны қалпына келтіру үшін көптеген дәрі-дәрмектер қолданылады.
  •  Енжар тасымалдану -жасушадағы заттың таралымы көп орыннан таралымы аз орынға қарай, ал электролиттерде электр өрісінің потенциалының мәні жоғары орыннан потенциалы төмен орынға қарай бір бағытта жүруі.
  • Белсенді тасымалдану - заттың таралымы аз орыннан таралымы көп орынға қарай, электр потенциалдары төменгі мәндегі орнынан жоғарғы мәндегі орынға тасымалдануы.

 

Биологиялық 

мембраналар

 арқылы

зат 

тасымалдау 

түрлері

 

енжар 

(пассивті)

 

белсенді 

(активті)

Мембрана түріне сипаттама

 

  • Жасушалық мембрана кей заттарды жақсы өткізсе, кейбір заттарды нашар өткізеді. Мұндай мембрана жартылай өткізгіш мембрана деп аталады. Жартылай өткізгіш мембранадан су осмос арқылы өткізіледі.
  • Осмос жартылай өткізетін мембрана арқылы еріген заттың концентрациясы аз орыннан көп орынға қарай қозғалған су молекулалары, оны қозғалысқа келтіретін күш осмостық қысым деп аталады. Осмостың қысым ерітіндінің таралымына және температурасына тәуелді. Жасуша ішіне қарай су қозғалысы жасуша мен сыртқы ортаның арасындағы осмостық қысым айырмасы нөлге тең болғанға дейін өтеді.

Везикулалық, трансмембраналық  тасымал түрлері 

 

  • Заттардың цитоплазмалық  мембрана арқылы сыртқа шығарылуы, не жасуша ішіне өткізілуі  трансмембраналық
  • тасымалдану деп аталады. Ол өте күрделі құбылыс және әртүрлі жасушаларда түрліше жолдармен жүзеге асады, сол секілді әр түрлі заттар түрліше әдістермен өткізіледі.
  • Заттардың жасуша ішілік везикулалық тасымалдануының  әмбебап және тиімді құралы тасымалдау көпіршіктері арқылы секреторлық механизм негізінде тасымалдануы.
  • Везикулалық тасымалдануда        тасымалданатын ақуыздар мен липидтер көпіршік қабырғасын құрастырады
  • Жасуша ішілік везикулалық тасымалдау эндоплазмалық ретикулум мембранасынан басталады. Бұл жерде ақуыз молекуласының гликолизденуінің алғашқы кезеңдері өтеді. Ақуыз молекулалары тасымалдау көпіршіктеріне іріктеліп, Гольджи кешенінің цис полюсіне өтеді. Гольджи цистерналарында ақуыздардың гликолизденуі жалғасады, ал Гольджидің транс полюсі мен транс торларында ақуыз гликолизденуі аяқталады. Олар фосфаттанып сульфаттанады.

 

      Гольджи цистерналарынан ақуыздар жиекті көпіршіктер арқылы өтеді. Гольджидің транс торларында толық модификацияланған  ақуыздар нақтылы органеллаларға тасымалдану үшін тасымал көпіршіктеріне іріктелінеді.

      Ақуыздар Гольджи кешенінен шыққаннан кейін алғашқы лизосомаларға, конститутивтік көпіршіктерге және секреторлық гранулаларға үлестіріледі.

Клеткалық тасымал түрі

  • Ақуыздардың транслокациясы – биомембрана арқылы ақуыздардың тасымалдануы арнайы тасымалдаушы жүйе арқылы жүзеге асады.
  • Тасымалдаушы ақуыздар – органеллаға цитоплазмадан импортталуы жүреді. Ақуыздардың тарамдалу процесі шаперондар арқылы бақыланып отырады.
  • Шаперондарда – ақуыз молекуласының фолдингін жеңілдететін ақуыздар, оларды кейде температуралық шок ақуыздары деп атайды. Олардың синтезделінуі стресс жағдайларында айтарлықтай жоғарылайды.

 

Амфифилдік липид құрылымдары

 

  • Амфифильдік липидтердің жинақталу әдістері мембрана липидтерінің  табиғи жинақталу  нәтижесі. Тәжірибе жағдайында қосқабаттың қалыптасуы нәтижесінде липосома құрылымы пайда болады.
  • Липосомалар қабырғасы липидтік қосқабаттан тұратын дөңгелек көпіршіктер. Липосомалардың ішкі және сыртқы беттері  полярлы болып, ішкі ортасы сулы болады.

  

 

  •  Амфифильдік липидтер мицеллаларды да пайда етеді.
  • Мицеллалар дөңгелек түйіршіктер, бірақ липосомалардан ерекшелігі қабырғасы бір қабатты липидтерден тұрады. Липидтердің  гидрофильдік бастары сыртқа, ал гидрофобтық құйрықтары ішке, яғни  мицелланың ортасына қарай бағытталғандықтан мицеллалардың ішкі ортасы сулы емес, гидрофобты майлы болады. Амфифильдік липидтердің  қандай құрылым пайда ететіні көбіне оның құйрықтарының санына байланысты болады.
  • Липосома мен мицеллалар жасушада заттарды тасымалдауға ыңғайлы тасымалдау формалалары. Липосомалар суда еріген заттарды, мицеллалар майда еріген заттарды  тасымалдайды.
  • ЭПТ- дан, Гольджи аппаратынан үзіліп

    шығатын көпіршіктер және  секреторлық,

    пиноцитоздық көпіршіктер  липосома тәрізді 

     құрылымдар.

  • Мицеллалар  біріншіден ішектерде түзілетін май  алмасуының өнімдері сорылатын, екіншіден бейтарап майларды, майда еріген витаминдерді және липидтерді қанға жеткізетін формалар. 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  • Везикулалық тасымалдау - везикуланың көмегімен бір органелладан екіншісіне ақуыздардың ауысуы жүреді. Везикулдар бір органеллардың мембранасынан ерекшеленеді, кейінен басқа органеллардың мембраналарымен бірігіп, жойылады. Ақуыздар көпіршіктер қуысына ауысады немесе мембраналардың құрамы интегралды ақуыздар тектес болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  • Медициналық биофизика. Бират Көшенов.

 

  • Молекулалық биология және генетика. С.Әбилаев

 

  • C.Ж.Стамбеков “Генетика”, Алматы 1993ж
  • www. Google. Kz.

 

 

5


Информация о работе Везикулалық тасымалдау