Тәуекелді отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:10, дипломная работа

Краткое описание

Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1
ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуі
5
1.2
Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
14
2
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері
23
2.2
Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан
көмек түрлерінің көрсеткіштері
29
2.3
Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі
40
3
«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру
47
3.2
Тәуекелді отбасының қазіргі проблемаларын шешу үлгілері
52

ҚОРЫТЫНДЫ
61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
МАЗМҰНЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айтолқын диплом.docx

— 398.61 Кб (Скачать документ)

Кеңес берудің мақсатын анықтау  көмек сұрауға өтініш берушінің  сұранысына, кеңес берушінің теориялық  бағдарына байланысты болады.

 

Әлеуметтік қызмет тәжірибесінде  түрлі деңгейдегі теоретиктердің азды-көпті  дәрежесіне сүйенген әмбебап мақсаттар  көрінеді:

- Өтініш иесінің салиқалы өмір сүруге және өмірге деген ләззаттын қанағаттандыратындай мінез-құлқын өзгертуге жағдай жасау.

- Өмірдің жаңа жағдайымен және талабымен беттесіп қалғанда қиындықты жеңетіндей дағдыға баулу.

- Өмір үшін маңызды деген шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз ету. Кеңес алу мен беру кезінде  өз бетімен шешім қабылдай білу, уақыт пен күш-қуатты ұтымды пайдалану, тиісті бір шешім қабылдауда тәуекелдің орнын бағалай білу, құндылық дәрежесін айыра білу, ашу-ызаға ерік бермеу, қабылдаған шешіміне ықпал ету сияқты көптеген нәрселерге үйренуге болады.

- Тұлғааралық қатынастарды бастау мен қолдауды дамыта  білу. Адам өмірде біреулермен араласа білудің де өзі де елеулі маңызға ие болады және мұндай мәселе өзін-өзі тиісті дәрежеде қадірлей алмаудың немесе әлеуметтік дағдыларының жоқтығынан кейбіреулер үшін қиынға түседі. Отбасындағы ересектердің жанжалы немесе балалардың арасындағы дүрдараздық сияқты мәселелер–бәрі де тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды жақсатуға үйренуі арқылы адамның өмірге деген көзқарасын өзгертумен шешіледі.

Тұлғаның  артықшылығын пайдалану және оны көтере түсу. Кеңес беру кезінде өтініш иесі мейлінше еркіндікке ұмтылу (табиғи әлеуметтік шектеулерді ескере отырып), сондай-ақ айналасындағылардың көзқарасы мен арандатушылығына өзінің әсерін байқай білу қабілетін арттыруға тырысуы қажет[23]. Кеңес беру бұл төмендегідей бірнеше кезеңдерге бөлінетін бір мезгілдік қана әрекет:

  • Өтініш иесін кеңес алуға итермелеген себептерді анықтау;
  • Талдау, бағалау, анықтау мәселелері;
  • Мәселенің құрылуын және кеңестің мақсатын анықтау;
  • Әрекет ету жоспарын белгілеу;
  • Тиісті әрекеттерді жүзеге асыру;
  • Кеңес берудің нәтижесін бақылау және қорытындылау.

Әлеуметтік  кеңес беру түрлері, оны жүргізудің технологиясы

Кеңес беру - әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды әдісі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде көптеген проблемаларды шешу көптеген мамандармен ақпарат алмасуды талап етеді. Олар: дәрігерлер, заңгерлер, психологтар. Әлеуметтік жұмысты қоғамдық мойындау көп жағдайда әлеуметтік қызметкердің консультант ретіндегі рөлін күшейтумен анықталады. Кеңес беру жұмысы клиент маманға қандай да бір проблемасымен келген кезде, яғни оның алдын алуы кеш болып, проблема анықталған жағдайда жүргізіледі.

Кеңес берудің әдіснамалық негіздері  З.Фрейд, А.Адлер, Р.Перл, К.Роджерс, В.Франкл және т.б. психологтардың фундаментальды зерттеулерінде жатыр. Олар жеке тұлғаның қалыптасуы мен құрылымы, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу механизмдері туралы өздерінің болжамдарына сүйене отырып, консультация теорияларын жасаған болатын. Нәтижесінде, кеңес берудің базалық концепциясы қалыптасты. Оның мәні мынада, маман өзінің кәсіби біліміне сүйене отырып, басқаларға қалыптасқан проблеманы шешу үшін жаңа мүмкіншіліктерді ашуға көмектесетін жағдайлар жасайды.

Әлеуметтік  кеңес беру – бұл әлеуметтік жұмыстың бір түрі, яғни мұнда маман клиентке орын алған проблеманың мәнін түсінуге және оны шешуге байланысты бірқатар нұсқаларды ұсынуға көмектеседі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдісі ретінде консультация – бұл азаматтарды, жеке тұлғаларды, отбасыларды, топтарды, қоғамды бағдарлау мақсатында әлеуметтік жұмыста жиі қолданылатын процедура.

«Консультация»  терминінің мағынасын көп жағдайда кеңес беру терминімен шатастырып алады. Дегенмен, кеңес – бұл ой-пікір  айту, ұсыныстар жасау шеңберіндегі біржақты үрдіс. Осы ықпал етулердің  бәрі көндіру механизміне сүйенеді. Консультация – қарым-қатынасты  қолдау шеңберінде өзара байланыс жасаудың екіжақты үрдісі. Консультацияны белгілеудің  мәні клиентке қанағаттанарлық және толық өмір сүрудің әдістерін  айқындауға, талдауға мүмкіндік беруде болып табылады. Консультативтік көмек көрсетудіңмақсаты – клиенттің проблемалы жағдайларды шешуге қабілеттілігін дамыту; клиенттің өз өмірін басқаруындағы эффективтілігін көтеру. Консультация беру клиентті оқытуды қамтиды, яғни оның өміріне жаңа құндылықтарды енгізу, өз проблемасын шешу қабілеттілігін арттырып, оны тәжірибеде қолдануға көмек көрсету[24].

Әлеуметтік  қызмет көрсету мақсатында кеңес  берудің әртүрлі тәжірибесі қолданылады.

Кеңес беру беру мамандандырылған консультациялық  көмектің басқа да түрлерінен өзіндік  ерекшелігімен өзгешеленеді.

Қандай да болмасын кеңес беру жұмысын жүргізу  бірқатар принциптерге негізделеді. Олар:

  • Мақсатқа бағытталушылық (консультациялық жұмыс нақты бір мақсатқа бағытталып, нақты міндеттерді шешуі қажет)
  • Еріктілік (консультация алушы консультанттың көмегінен бас тартуға құқылы)
  • Әдіснамалық сауаттылық және компетенттілік (сенімділік қарым-қатынасты орнату, әлеуметтік қызметкердің консультацияны сауатты жүргізуі, жұмыс жүргізу барысында компетенттілік таныту)

Кеңес беру беру – бұл бір моменттік акция емес, бірнеше этаптарды қамтитын процесс:

  • клиентті консультацияға итермелеген себептерді анықтау;
  • проблеманы талдау, бағалау, диагностикалау;
  • Кеңес берудің мақсаттарын анықтау;
  • іс-әрекет жоспарын жасау;
  • сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
  • кеңес берудің нәтижесін бағалау және қорытынды.

Әлеуметтік  кеңес беру түрлі әдістер мен  тәсілдер қолдануды қамтиды. Олардың  қатарына бақылау, тестілеу, көндіру, ақпараттандыру, мини-тренинг және т.б. атауға болады.

Кеңес беру жұмысы технологиясының ерекшелігі проблеманы шешу үшін клиенттің ішкі күш-қаутын белсендендіруге жағдай жасау болып табылады. Кеңес беру кезінде қарым-қатынасты «Мен ойлаймын...», «Меніңше...» деген сөздерден бастамау керек. Клиентті соңына дейін тыңдап, тек ол көмек керек екендігін сездірген уақытта ғана кеңес беру қажет. Кеңес берудің  нәтижесіне клиенттің ортасы үлкен ықпал ететіндігін білу қажет. Сондықтан да консультанттың міндеті-қоршаған орта мен жағдайлардың әсер ету сипатын көре білу.

И.Г.Зайнышев кеңес берудің келесі типтерін ажыратады:

    - әлеуметтік жұмыс мамандарының клиентке жалпы кеңес берулері;

    - әлеуметтік қызмет мамандарының әлеуметтік қызметкерлердің бағыты бойынша арнайы кеңес берулері;

     - жоғарыда аталған ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік қызмет мамандарына оқытушылық кеңес берулері;

     - түрлі ұйымдастырушылық, кәсіптік және басқа да мәселелер бойынша әлеуметтік ұйым мамандарының келісімдік кеңес берулері.

 

6-Кесте – Тәуекелді отбасылармен жүргізетін жұмыстың негізгі бағыттары

Бағыты

Субъект

Объект

Мақсаты

Психотерапия

Дәрігер

(психиатр,

Психотерапевт)

Науқас,

пациент

Алғашқы бегілерін анықтау

Психокоррек-ция 

Дәрігер, психолог

Науқас,

пациент

Ауытқушылықтарды түзету, психикалық қызметін қалпына келтіру

Дәрігерлік емес психотерапия

Психолог 

Клиент 

Қарым-қатынасты жақсарту (мысалы, проблемалы отбасыларында)

Кеңес  беру

Әлеуметтік қызметкер, консультация беруші психолог

Клиент, отбасы, топ

Жеке тұлғалық ресурстарды белсендендіру  жолымен өмірге бейімдеу

Дереккөз: Жаназарова З.Ж. Қазақстандағы  қазіргі заманғы отбасы және оның проблемалары.




 

 

Әлеуметтік кеңес берудің  түрлері; оны жүзеге асыру технологиялары.

Кеңес беру түрлі формада іске асуы мүмкін. Кеңес беру тәжірибесінің көптеген формалары мен олардың классификациясы  бар. Олар Р.Кочюнас, В.Ю.Меновщиков, М.В.Фирсов, В.И.Курбатов, И.Г.Зайнышевтің жұмыстарында көрініс тапқан. Әсіресе В.И.Курбатов әлеуметтік консультация шеңберінде келесі бағыттарды бөледі: медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-басқарушылық.

Формасына қарай топтық және жеке кеңес беру деп ажыратады. Мазмұнына қарай – нақты және программалы. Нақты кеңес беру кезінде консультация алушы адамға проблеманы басқа жағынан көруге көмектесетін ақпарат алмасу процесі жүріп қана қоймайды, сонымен бірге клиентке қолдау көрсетуге мүмкіндік ашылады. Программалы кеңес беру проблеманы шешудің екіжақты процесін қамтиды. Мұнда консультант мекеме немесе ұйымға олардың қызметін объективті талдауға және субъективті бағалаудан алшақтауға көмек көрсете отырып, осының негізінде көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасын жақсартады. Мұндай кеңес беру кезінде басымдылық клиенттің жеке проблемасына емес, жоспардағы іс-шаралардың нақтылығын қамтамасыз ету әдістеріне жасалады. [25]

Ұзақтық критерийлеріне байланысты кеңес беру – жедел, қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді болуы  мүмкін.

Кеңістікке  байланысты – контактты және дистантты  деп бөлінеді.Контактты кеңес  беру кезінде клиент пен консультант кездесіп, әңгімелеседі. Ал дистантты кеңес беруде клиентпен тікелей қарым-қатынас болмайды, ол  телефон арқылы болуы ықтимал.

Кеңес беру процесінде ықпал ету жағдайды бағалау  мен диагностикалаудан басталады.  Бұл клиенттің тұлғалық ерекшелігін, бағытталуын, отбасылық және одан тыс  ортасын, көмек сұрау мазмұнын түсініп  алу үшін қажет. Психоәлеуметтік  көмек стресс деңгейін төмендетуге  және проблемалы жағдай шеңберінде ішкі және сыртқы конфликтті жеңуге бағытталған. Құрал ретінде 2 негізгі процедура  – қолдау және модификация қолданылады.

Қолдау  процедурасы мыналарды қамтиды:

  • айқындалу, анықталу (клиентке проблеманы шешуге бағытталуға көмектесетін сезім мен ойдың жеңілденуі)
  • шыншыл тыныштық (адамның шындықпен контакт ұстауы; орындалмайтын нәрсеге уәде бермеу)
  • ақпараттарды ұсыну (клиенттің проблеманы шешуге ынтасын жоғарылату мақсатында)
  • кеңес беру (түсініктің кеңеюіне көмектеседі, клиентке үміт береді)
  • орта әсері (құқық қорғауға, ақшалай, тұрғын-үймен көмектесу)

Модификация процедуралары:

  • клиенттің өзін-өзі тануын күшейту мақсатындағы рефлективті қарым-қатынас,
  • Конфронтация техникалары. Клиенттің ойлау, эмоциялық, қылықтық ерекшеліктеріне баса көңіл аударуды қарастырады,
  • Қорғау механизмдерін белсендендіруге бағытталған айқындау техникалары.

Психоәлеуметтік кеңес беру психологиялық кеңес беруге қарағанда кеңірек екендігін атап өту қажет. Себебі, ол клиентке көмек көрсету мақсатында жеке тұлғалық және әлеуметтік ресурстарды қолдана отырып, мезо және микроәлеуметтік ортаға әсер етеді. Басқаша айтқанда, психоәлеуметтік кеңеc беру кезінде жеке тұлғалық та, әлеуметтік те ресурстар параллель түрде қолданылады.

Консультациялық көмекті қажет ететін адамдар  категориясы арасында айырықша орынды қарттар мен мүгедектер алады. Бұл  салада әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары  арқылы жұмыс істейтін арнайы әлеуметтік-консультациялық  қызметті қалыптастыру маңызды орын алады.

Отбасылық кеңес беру - консультациялық көмектің бір бағыты ретінде кең көлемді проблемаларды қамтиды: ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас, жұбайлар мен олардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынастар. Көп жағдайда онымен психологиялық-педагогикалық кеңес берушілер айналысады.

Кеңес берудің  ерекше бір түрі – бұл халықты жұмыспен қамту бойынша кеңес беру. Ол жұмыспен қамту орталықтарында жүргізіледі. Бұл қызмет саласы, жұмысқа орналасу, кәсіби оқыту мүмкіндіктері бойынша кеңес беруді қамтиды[26].

Талдау бөлімін  қорытындылай келе, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың күшеюі әрбір отбасына әсерін тигізеді. өмір сүру деңгейі төмендейді, өзі мен балаларының болашағы үшін алаңдау күшейеді, соның салдарынан отбасы қарым-қатынастарында қысым пайда болады. Отбасы саласындағы арақ ішу мен қылмыс арасындағы тікелей баланс байқалады. Оның негізгі дәлелдері қызғаныш, көре алмаушылық және басқа тұрмыстық себептер болуы мүмкін. Жиі ұрыс, жанжал, тұрмыстық жайғаспағандықтың нәтижесінде түрлі жағымсыз қарым-қатынастар қызмет етеді. Мұндай отбасындағы балалар үнемі ашушаң болады. Ата-ананың өмірінің қауымдастық бейнесі балалардың одан арғы тағдырына әсер етеді. Балалар ата-аналарының ұстанымдарын қайталайды. Отбасында болған бірінші әлеуметтік тәжірибе тұлғаның бойында сақталып қалады. Бұл осы проблеманың тұйық шеңбері.

Қазақстандық  зерттеушілердің деректері бойынша республикада кедейлер саны елдегі тұрғындардың ортақ санынан 25 пайыз немесе 4 млн. адамды құрайды. Қазақстандағы кедей отбасының көлемінің үлкендігімен және бағуында көп бала болумен салыстырылады. Бұл топқа жалғызбасты ана отбасы, ата-анасының біреуінің алимент төлеуден жалтаратын отбасылар, кедейліктің шегінде өмір сүретін жалғызбасты зейнеткерлер отбасы, көп балалы аналар және әкесі жоқ немесе жұмыссыз отбасылар жатады. Кедей отбасылардың дәрежесін анықтағанда және бұл құбылыс қай жерде көпшілік сипаттама алады – бұл бюджетті ұйымдарда жұмыс істейтіндерде бар және олардың кәмелетке толмаған балалары бар. Мұндай әлеуметтік дәрежеге отбасының аймағында және ұзартылған уақытта болу дерегінің өзі емес, маңызды қажеттіліктердегі отбасын шектеу ұзақтығы ғана емес, оған отбасына төнер қауіп факторының кері әсерінің уақыты мен нәтижесінде жиылған тиімділік жатады.

Информация о работе Тәуекелді отбасы