Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:10, дипломная работа
Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді.
КІРІСПЕ 3
1
ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуі
5
1.2
Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
14
2
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері
23
2.2
Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан
көмек түрлерінің көрсеткіштері
29
2.3
Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі
40
3
«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру
47
3.2
Тәуекелді отбасының қазіргі проблемаларын шешу үлгілері
52
ҚОРЫТЫНДЫ
61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
МАЗМҰНЫ
«Институт»
ұғымының негізіне американдық социологтар
Ф.Бейте мен Р.Харлидің анықтамалары
алынды: институт дегеніміз – белгілі
бір функцияларды атқаратын әрекеттер
мен қатынастардың күрделі
Жаңа қоғамдық – саяси қарым-қатынастар бекіп жатқан кезеңде қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның тұрақтылығын сақтаудың жолын белгілеген қазақстандық социологтардың зерттеулерін атап өту керек (Н.А.Аитов, У.Ауталипова, У.Бекжанов, К.Г.Габдулина және т.б.).
Қазақстанның жаңа экономикалық қатынастарға көшуіне байланысты мыңдаған адамдар қиын әлеуметтік жағдайларға түсіп қалды: кейбіреулері кедейліктің шегін аттады, ал екінші біреулері жұмыссыз қалды, сонымен қатар қашқындар мен мигранттар пайда болды.[12]
Өлім деңгейі туу деңгейінен жоғарылады. Некесіз туылған балалардың саны күннен күнге өсуде. Отбасы құрған әрбір екінші-үшінші жасжұбайлар ажырасуда. Жыл сайын балалардың ата-аналарының біреуінен айырылып қалу саны бір миллионға жетті. Толық емес отбасылардың дәрежесі 15%-ды көрсетті. Қазақстан түсік жасау бойынша жоғары дамыған елдерден озуда (200 мың түсік жылына).
Практикада көрсеткендей, адамдар өздері шеше алмайтын ортаның мәселелерімен көп кезігеді. Осы үшінде оларға майталман мамандар өте қажет. 90 жылдардың басында жарық көрген әлеуметтік жұмыс - өте орынды жағдай болды.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаты – адамдардың өмірлік қажеті бар мәселелерін дұрыс шешуге көмектесу.
Жалпы әлеуметтануда отбасы және отбасы қатынастары терең зерттелген тақырып.Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады, достасады, т.б. Жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады
Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оның әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оның әлеуметтік институт және кішігірім топ ретінде талдап, зерттейді.
XX ғасырдың 90 жылдарынан
бастап Қазақстан
«Тәуекелді отбасылар» – бұл адамдар категориялары, әлеуметтік жағдайы белгілі бір критерий бойынша тұрақтылығы жоқ, өмірде пайда болған қиындықтарды бір өзі жеңуі мүмкін болмағандықтан, нәтижесінде оның әлеуметтік маңыздылығын жоғалтуына, рухтық, моральдық бейнесіне, биологиялық жойылуына әкеп соғатын отбасылар. «Қауіп-қатері бар» тобындағы отбасыларға келесідей адамдар категориялары жатады: мүгедектер, жартылай жетім балалар, мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар, бір өзі қалған аналар, толық емес отбасылар, босқындар, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар, маскүнемдер, нашақорлар, баспанасыз қалғандар, экологиялық апаттардың құрбандары, қылмыскерлер, ЖҚТҚ-мен ауыратындар, жезөкшелікпен айналысатын адамдар[13].
Отбасындағы қолайсыздықтың
өсуі мен балалар мен
Сонымен
қатар, мұндай категориядағы
Біріншісі – өмір сүру деңгейінің барынша құлдырауы, екіншісі – әлеуметтік тонустың және отбасы ішілік қатынастардың нашарлауы.
Өмір тәжірибесі көрсетіп
отырғандай көптеген отбасы
1.2Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
Отбасы - некеге
немесе қандық туыстыққа негізделген
эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік
қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.
Ол қоғамның дамуында және жеке адамның
өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды
элементі болып табылады. Қазіргі
жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар
және оның проблемалары, қиыншылықтары
отбасында көрініс алады. Отбасы
- бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол
бір жағынан әлеуметтік институтқа,
ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.
Әлеуметтік институт ретінде отбасы
қоғамды өзіндік қорғау және жаңа
ұрпақ шығару қызметін атқарады. Отбасы
кіші топ ретінде адамдар
Отбасы - қоғамның пайда болуында
ең негізгі элемент болып
Қазіргі отбасымен байланысты проблемаларды келесідей топтарға бөлуге болады:
Бірінші топта отбасының өмір сүру деңгейіне, оның бюджетіне, аз қамтамасыз етілген отбасының үлес салмағына және кедейлік көрсеткішінен төмен тұратын отбасыларына, көп балалы және жас отбасыларының арнайы мұқтаждығы мен қажеттілігіне, материалдық көмектің мемлекеттік жүйесіне байланысты проблемаларды жатқызуға болады.
Әлеуметтік-тұрмыстық
Ал, әлеуметтік-психологиялық проблемаларына кең көлемдегі проблемалары жатады. Олар:
Бұдан басқа,
оларға жұбайлық үйлесімділік, отбасылық
дау-дамай, отбасының кіші топ
ретінде ұйымдасу проблемалары
жатады. Әлеуметтік-психологиялық
Бұл отбасылар
обьективті немесе субъективті себептерге
байланысты өмір сүру қиыншылығы жағдайындағы
отбасылар. Олар мемлекеттік әлеуметтік
қорғау мен әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесінің тарапынан көмек
Енді осы айтылған проблемалардың әрқайсысына тоқталып өтсек.
Толық емес отбасы. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында аса көп таралған ерлі-зайыптылардың біреуі ғана баламен немесе баласы жоқтан тұратын нуклеарлық отбасы түрлері өте көп. Мұндай отбасы республикада халық құрамы 70%-ын құрайды. Нуклеарлық отбасы – толық немесе толық емес болуы мүмкін. Толық емес отбасының саны ажырасудың, жесір қалудың, әйелдердің некесіз бала босануының нәтижесінде 8%-ды құрайды. Толық емес отбасына баланы анасының жалғыз өзі тәрбиелеу де жатады. Мысалы үшін, осындай 14 отбасы бала әкесінің жалғыз тәрбиелеуі толық емес отбасына шаққанда келеді. Бірнеше отбасылық ұяшығы бар ата-анасының ата-анасы, олардың балалары мен немерелері немесе аға-іні және апа-қарындастарының бірі отбасында бірге тұруы мүмкін. Мұндай патриархалдық кеңейтілген отбасының түрі бұрынғы кезде кең таралған. Алайда қазіргі кезде қазақстандық отбасылардың жалпы санынан 20%-ды ғана құрайды. Бұл процесс бір үйде тұруға мәжбүр болған бірнеше отбасының пәтер алуына қиындығы болмаған кезде белсендірек болған.
Бүгінгі күні нәзік жандар арасында материалдық жағдай тұрғысынан ер-азаматтарға бағыныштылық байқалмайды, анығында, әйелдер бағынышты күй кешкісі келмейді. Осыдан келіп оларда «баламды асырауға өзімнің шамам жетеді, жағдайым көтереді» деген берік сенім қалыптасқан». Бұл сенімді әкесіз бала тәрбиелеудің бірінші себебі деп көрсетуге болады. Екінші себеп – бүгінде жаңа туылған баланың аяғынан жүріп, жүгіріп кеткенін байқалмай қалады. Өйткені, нәрестенің жанына қажетті барлық жағдай жасалған. Тамағы да дайын, бұтын жиі ауыстырып, киімін жуып жатпайды. Бала бағушы да жанында. Жалғызбасты ананың тек ақшасы болса жетіп жатыр. Үшінші бір себеп – мәселе ретінде көтеріп отырған тақырыптың әйелдер арасында сәнге айналуы. Яғни, нәзік жандардың пайымынша, әкесіз өсірілген бала – әйелдің рухының мықтылығын, оның төзімділігін білдіреді дегенге саяды. Жалпы, бұл күнде «мансаптың соңына түсемін» деп, ер-азамат пен әйел-аналар отбасылық құндылықтарды кейінге ысырып қойып келеді. Оның елдің демографиялық жағдайына, сол секілді өздерінің денсаулығына қаншалықты кері әсері туралы ғылымда дәлелденген.
Сонымен қатар отбасылар саны, баласыз болуы және оның саны бойынша да бөлінеді.Көп балалы отбасылар «төрт және одан да көп балалары бар» отбасылар елімізде жалпы отбасының 16%-н құрайды. Көп балалы отбасын мынандай түрлерге бөлуге болады:
- Ата-аналары өздерінің балаларын жақсы көретін және саналы түрде олардың болуын қалайтын отбасы. Мұндай отбасында бала ең негізгі құндылық болып саналады, сондықтан ата-ана бала үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады.
- Ата-ана саналы түрде баланың көп болғанын қаламайды. Мұндай отбасында үшінші және одан кейінгі балалар жоспарлау мен межелеудің жоқтығынан пайда болады. Сонымен бірге, мұндай отбасы мысалы, егіз немесе үш бала босанудың, екіқабаттықты үзуден, жасанды түсік тастауына тыйым салудың салдарынан және діни сеніміне қарай түсік жасаудан бас тартуға байланысты қалыптасады.
- Әрқайсысында балалары бар, екі толық емес отбасын біріктіру нәтижесінде құрылған отбасы.
- Көп баланың өмірге келуін сәтсіздіктің пайда болуы деп санайтын отбасының негізгі қаражаттары бала үшін алатын түрлі жәрдемақылар мен жеңілдіктер болып табылады. Көптеген жағдайда ішімдікке салыну немесе нашақорлықпен емденген отбасында бала ретсіз жыныстық қатынас салдарынан пайда болады. Мұндай ата-аналар өздерінің парыздарын түсінбейді, мемлекет баланы қамтамасыз етуге міндетті деп санайды. Отбасы типтері өзара қарым-қатынас стилін қажетті әлеуметтік және өзге де көмектің көлемі мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.