Әлеуметтік жұмыстың
негізгі міндеттерінің – отбасының
жақсы, бақытты өмір сүруіне
көмектесу, соған талаптандыру. Әлеуметтік
жұмыскер оған бар күшін салады,
сол үшін кәсіби және рухани
адамгершілік қасиеттерін аямай
жұмсайды.[28]
Отбасында әр түрлі
әлеуметтік проблемалар кездесуі
мүмкін. Осы кезде әлеуметтік
қызметкер отбасы мен қоғам,
ата-ана мен бала арасындағы
байланысты орнатушы адам ролін
атқарады. Отбасы мүшелерінің татулығына
жағдайлар жасайды, оларға кеңес
беріп психологиялық көмек
көрсетеді. Клиенттің проблемаларды
өз бетімен шешуіне, алдынан
шыққан қиындықтарды жеңуіне,
оларға төтеп бере алуына, дағдарысты
күйден шығуына, өзіне-өзі сенімді
болуына ынталандырады.
Әлеуметтік қызметкер
клиенттермен жұмыс жүргізген
кезде мынандай кәсіби қабілеттері
болуы тиіс.
- іскерлік, қызметтік өзара қарым-қатынас құру мен оны сақтай білу;
- сезімталдықпен жұмыс істеп, оның өзіне басқа адамдарға ықпалын санасына тоқи білу;
- басымдылық, өшпенділік және ашу-ыза көрсету арқылы жұмыс жүргізу өзі үшін және басқа адамдар үшін аса зияндығын түсіну;
- мінез-құлық пен мақсатты анықтап, түсінісіп және өзінше түсіндіре білу.
Әлеуметтік қызметкердің
кәсіби және рухани адамгершілік
қасиеттері клиентпен жұмыс жүргізуде
маңызды рөл атқарады. Ол көмек
сұрап келген клиент қанша
ашу-ызаға беріліп тұрса да, оған
дөрекілік көрсетпей, сабыр сақтауы
керек. Оның ашуын басатындай
жағдайлар жасап, келген себебін
анықтап алу керек. Бірақ клиентке
ашулануға болмайды. Оның проблемасын
тыңдап, одан шығудың жолын іздеу
қажет. Бірақ шешімді клиентпен
келісіп, екеуі беріліп шығарғаны
жөн. Клиенттің ой-пікірін жоққа
шығаруға болмайды. Әлеуметтік қызметкер
өзін онымен тең ұстап, кемсітпей, ар-намысына
тимей, кінәлі болса, кешірім сұрап, сеніміне
кіруі керек. Клиенттің айтқан құпия-сырларын
ешкімге айтпайтынына кепілдік беру керек.
Яғни клиенттің проблемасын шешуге бар
күшін салады.
Отбасылық кеңес
берудің негізгі мақсаты –
адамның ішкі психикалық өмірі
мен оның тіршілік әрекетіне
әсер ететін қатынастар арасындағы
тепе-теңдікті сақтау. Осыған байланысты
әлеуметтік қызметкер өзінің
кәсіби қызметіне қатысты отбасымен
жұмыс жүргізгенде кеңесшінің, көмекшінің
рөлін атқарады. Ол ата-ана мен
бала, ерлі-зайыптылар мен олардың
ата-аналары, жұбайлар арасындағы
қарым-қатынастарды қарастырады,
олардың әрқайсысымен жеке кездесіп,
кейіннен барлығымен бірге жұмыс
жүргізеді. Отбасындағы кикілжің,
дау-жанжалдарды шешеді. Қазіргі
кезде көптеген отбасылар толық
бақытты бола бермейді. Отбасында
ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ерлі-зайыптылар
арасындағы келіспеушіліктер, дау-жанжалдарға
әкеліп соқтырады. Ал тұрақты
шиеленістің арты агрессиялық
көңіл-күй қалыптастырып, ақыры
отбасын ыдыратуға дейін баруы
мүмкін. Осының салдарының ата-ана
мен бала арасында түсініспеушілік,
қайшылықтар кездесіп жатады. Сондықтан
осындай жағдайларды туғызбас
үшін дер кезінде әлеуметтік
қызметкердің кеңесін, көмегін
алу керек.
Әлеуметтік қызметкер
клиенттерді әлеуметтік жағдайына,
ұлтына, материалдық, дініне, көзқарасына
байланысты бөлуге жол берілмейді.
Алынған мәліметтерді клиентке
қарсы қолдануға тыйым салынады.
Әлеуметтік қызметкер
өзінің компетенттілігінің шектеуін
білу керек. Кәсіби жағынан
дұрыс бағытталған, жоғары білікті,
өз жұмысының әдістемесінің, білімінің
жоғарылауына талпынуы керек.
Бұл талпыныс жүзеге асуы үшін
әр түрлі әдістер қоданылады:
өзін-өзі жетілдіру процесі, әр
түрлі конференцияларға қатысу,
монографиялар, мақалалар жазу, білімін
жоғарылату т.б. Әлеуметтік қызметкерде
клиенттің толық қанағаттанушылық
сезімін туғызатын барлық білімдер
болуы тиіс. Бірақ жауапкершілікке,
билікке құштар болып кетпеуі
керек.
Әлеуметтік қызметкердің
басты басты қасиеттерінің бірі
– адамға деген сүйіспеншілік.
Мұндай қасиетсіз әлеуметтік
қызметкер кәсіби маман ретінде
де, тұлға ретінде де клиенттермен
қарым-қатынас жасай алмайды.
Жағымды қарым-қатынас клиенттің
сенімділігінің қалыптасуына алып
келеді.
Отбасылық әлеуметтік
қызметкер отбасына жан-жақты
көмек көрсетуге машықтанады.
Ол жоғары білімді, өмірлік
тәжірибесі мол, сонымен бірге
кәсіби білімі ғана емес, жеке
тұлғалық қасиеттері де ол
адамның бойынан табылуы тиіс.
Яғни мәдениетті, дарынды, келбетті,
қарым-қатынасқа жақсы түсе білетін,
мейірімді, мінезі жағымды болуы
керек.
Әлеуметтік қызметкердің жеке
қасиеттерін үш топқа бөлуге
болады:
- психикалық процестерге (қабылдануы, есте сақтау қабілеті, ойлауы), психикалық жағдайларға (шаршауы, депрессия, стресс, мазасыздану) төзуі, шыдамдылық;
- өз қылықтарын өзі бақылау, өзін-өзі сынау, өзін-өзі бағалау, өз сезімдерін басқару;
- коммуникативтілік, яғни басқа адамдармен тез қарым-қатынас орната білу, адамдардың көңілін тауып, қайғысына ортақтасу, сырт келбетінің көз тартатындай болуы, сөзбен сендіру қабілеті. Сонымен бірге ол ақкөңіл, кішіпейіл, әділ шешім қабылдайтын, өзін, басқа адамдарды сыйлайтын, түсінетін, басқаларға көмек көрсетуге әрқашан әзір болуы керек.
Әлеуметтік қызметкердің
клиентке көмек көрсетуінің негізгі
элементі мұқият тыңдау болып
саналады. Яғни үндемей тек қана
естіп отыру емес, оны тыңдап
отырғанын, оның проблемасын шешуге
шын мәнінде ниетімен берілгендігін,
бостан-босқа сөйлеп отырмағандығын
сезіндіретіндей арасында қарым-қатынас
жасап отыруы керек. Ол үшін
«Мен сізді дұрыс түсіндім
бе? Сіз осыны айтқыңыз келді
ме?» - деп жиі сұрап отырған
жөн. Сонымен бірге мимика, жест,
дауы ырғағын да қолдану керек.
Әлеуметтік қызметкер клиентпен
қарым-қатынас кезінде мыналарды
ескеру керек:
- қарым-қатынас жоспарын алдын-ала дайындап, маңызды мәселелерді қарастыру, талдау;
- қарым-қатынас орнатудың басында және соңында жағымды жайттарды айтып, ұнамды және ұнамсыз сәттерді және жағдайларды кезектестіріп отыру;
- қызығушылықтары жоқ бөтен, бөтен адамдарды процеске қарастырмауға тырысу;
- қандай жағдай <span
class="List_0020Paragraph__Cha