Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:10, дипломная работа
Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді.
КІРІСПЕ 3
1
ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуі
5
1.2
Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
14
2
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері
23
2.2
Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан
көмек түрлерінің көрсеткіштері
29
2.3
Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі
40
3
«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру
47
3.2
Тәуекелді отбасының қазіргі проблемаларын шешу үлгілері
52
ҚОРЫТЫНДЫ
61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
МАЗМҰНЫ
Көп балалы отбасының негізгі проблемалары:
Тұтыну қоржыны адамның
Қиын баласы бар отбасы.Қазірг
Көптеген ата-аналар
Құрамында мүгедегі бар отбасылар.Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема. Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Отбасында ақыл есінің зақымдалуымен байланысты, балалық церебралдық салынан жүйке жүйесі дамуының бұзылуымен тәрбиеленіп жатқан және туған бала — бұл сөзсіз қайғы-қасірет. Кез-келген ата-ана мұндай сынаққа шыдай алмайды және психологиялық ауырлықты көтере алмайды. Өйткені өзін толық оған көздеп, бір ғана мақсат қойып-барлық өмірін бір қанмен байланысқан мүгедекке барлық уақытын арнауға тура келеді. Ойын, өмір сүру жағдайын, араласып жүрген ортамен түп-тамырымен ауыстыру қажет.[15]
Ішімдікке салынған, оморалдық өмір сүретін отбасылар. Маскүнемдіктің кең таралауы республиканың ұлттық қауіпсіздік үшін қауіп-қатер болып табылады. Олар саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, Қазақстан азаматтарының аман-есендік пен денсаулығының, өмірлерінің әлеуметтік қорғалуы сияқты, сонымен қатар қазақстандық қоғамның құндылықтарына залал келтіретін қауіп-қатер мен қауіптіліктен қорғалуымен анықталатын қоғамдық қауіпсіздікке нұсқан келтіреді. Бүкіл қоғам болып күресуді қажет ететін маңызды бір мәселенің бірі маскүнемдік болып табылады. Сонымен бірге, ерекше назарды алкогольді тұтынуды азайтуға және ішкіліктің төмендеуіне бағытталған шараларды қолдануға бөліну қажет. Маскүнемдік – бұл тек ерік күшін көрсетіп, одан құтылуға болатын жаман әдет деген кең тараған пікір бар. Шын мәнінде, бұл науқасты қалай психологиялық, солай тәнін де зақымдандыратын қорқынышты, ілгері дамушы ауру. Отбасының беріктігі - намыстан. Тексіздің ұлы мен қызы да опасыз келеді. Жаман жүрісті әйел-бүгінде талай жігітті зарлатуда. Соның себебінен ішкіштікке салынып жатқандар қаншама? Ертедегі қазақтар ондай әйелді бірден талақ еткен. Атқа теріс мінгізіп төркініне қайтарған. Қазіргі еркектерде ондай батылдық жоқ. Өзін-өзі іштей жеп, арақтан өшін алады. Өз үйінде жастайынан бұзылған ашық етектілерге бүгінгі ортада жол ашық. Қайдағы бір момын жігітке алдап тиіп, басын қатырады да, өмірден ерте кетуіне себеп болады. Ондай жесірдің тапқан ұлы өскенде ынжық болады. Қызы өзіне тартып, ізін жалғастырады. Бұзық әйелдердің саны өсіп көбеюде. Оның артында тексіздік жатыр. Отбасының беріктігі үшін басты қажеті-даналық. Тұтас елдің бүтіндігі де даналықпен ұсталады. Даналық дегенің-жеті жасардан бастап жетпістегілерге дейін ортақ қажеттілік. Онсыз өмір мәнді емес. Жаңа заманның жастары қалай қарайды? «Кеше сүйіп қосылған едік. Бүгін ұнатпай қалдым» сөзі балалықтан емес, барып тұрған қадірсіздікті көрсетеді. Ажырасу - надандық іс.
Бедеулік мәселесі барлық елдерге тән құбылыс. Қазір елімізде от басылардың 15-20 пайызы осындай жағдайға душар болған. Бедеуліктің басты екі себебі бар. Бірінші - ол экология. Адам қиындықты қолдан жасайды. Қазір ғылыми-техникалық үрдістердің дамып жатқан кезі. Ал одан бөлініп жатқан химиялық заттарды ауамен адамдар жұтады. Күнделікті тағамда да химиялық заттар толы. Осының салдарынан адам ағзасында гендер өзгеріске ұшырайды. Ал екінші себеп ол - қазіргі сексуалды революция. Ерте жыныстық қатынастар, кездейсоқ жыныстық қатынастар. Солардың себебінен болатын қабыну процестері әйелде де, еркекте де кездесіп жатыр. Соның себебінен екеуінде де ұрық азаяды. Оның сапасы төмендейді. Мысалы әйелдер бала көтермес үшін, соны тежеу үшін неше түрлі дәрілер қабылдайды. Соның барлығы да өзінің кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде бедеулік еркектер мен әйелдер арасында бірдей тараған десе де болады. 50-60 пайызында әйелдер, 50-60 пайызында еркектер кінәлі. Байқамай жүкті болып қалған жас қыздар кейде аборт жасатуға мәжбүр болады, ал алғашқы жасалған аборттар көбінесе бедеулікке әкеп соғатынын ұмытпаған жөн. Медицинаның өркениетті жетістіктерін көздерімен көре тұра, жас келіншектер мен әйелдердің заңсыз абортқа баруларының себебін түсіну қиын. Бәрі оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу. Дегенмен, осылай өздеріне-өздері жауапсыз қараудың салдарынан отбасында жанжал туындап, некенің бұзылуына тірелетін кездер де кездеседі.
Қақтығысты отбасылар, ата-ана, бала
қатынасының бұзылуы.
Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Былтырғы жылдың өзінде республикамыз бойынша осы суицидке қатысты балалар арасында санын атап көрсетуге қорқынышты жағдайлар тіркелген. Жылдың басынан бері облысымызда орын алған бірнеше жағдай жасөспірімдер арасындағы суицидтің шын мәнінде өршіп тұрған мәселе екендігіне көз жеткізіп отыр. Өз-өзіне қол жұмсаудың көбейуін көпшілік қауым, әлемдегі әлеуметтік- экономикалық дағдарыспен байланыстырады. Сонымен қоса өз-өзіне қол жұмсауға әкелетін және жол бермейтін, сонымен қоса олардың санының өсуін немесе төмендеудің себептері мен факторларын ажырата білу керек. Өз-өзіне қол жұмсаудың себептері көп түрлі, бірақ әрқайсысы жеке және кешенді. Бұл ең басты психикалық жарақат, ол объективті түрде ауыр болады (мысалы, жақынның өлімі, ауыр наукас және т.б.) немесе субъекті түрде жан күйзелісі: бақытсыз махаббат, қорлау, дене бітіміндегі дефект, зорлау, өмір ұстанымның ауысуы, жұмыстан босатылуы, зейнеткерлікке шығуы, карьераның бұзылуы және тағы да басқасы адамның жеке басына байланысты, оның құндылықты ұстанымдар мен басымдық жүйесінің бұзылуы. Халықтың келешегі саналатын жап-жас өрендердің осындай бір дертке шалдыққаны бүгінгі қоғамның ең басты проблемасы десек, артық айтқандық емес. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүние жүзінде өзін-өзі мерт ету оқиғалары соңғы жарты ғасырда көптеп орын алып отырғандығы рас. Статистика бойынша, әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адам өз-өзіне қол жұмсап, 20 миллиондай адам өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайтын көрінеді. Тіпті, әр 40 секунд сайын бір кісі өз жанын өзі қиюда деген дерек те бар. Ал Қазақстан өкінішке орай, өзін-өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан әлемде үшінші орынға, тіпті қыз балалар жағынан бірінші орынға шыққан.[16]
Жұмыссыз азаматтардың отбасылары. Жұмыссыз деп еңбекке жарамды, істейтін бірақ жұмысы мен табатын табысы жоқ, өзіне лайықты жұмыс іздеп тиісті орында тіркелген; жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге әзір; өзіне лайықты жұмыс іздеу барысында тіркелген 10 күн ішінде жұмысқа орналаса алмаған азаматтар танылады. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өткір проблемалары болып табылатын кедейшілікті болдырмау жолында күрес жүргізу үшін бүгінгі таңда біздің елімізде халықтың кедейшіліктен құтқару мақсатында әлеуметтік-экономикалық шаралар жаппай жүзеге асырылуда. Жұмыссыздар қатарында кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының көбісі, сонымен бірге бірнеше мүшелері жұмыс істемейтін отбасылары да бар. Жұмыссыздар отбасына әлеуметтік көмек көрсету үшін мыналар теңестіріледі:
Жұмыссыз отбасылардың негізгі проблемалары:
Ажырасу.Ажырасу дегеніміз - некені ресми түрде бұзу. Қазіргі кезде бүкіл әлемде ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылауына байланысты болып отыр. Өзгеріп отыратын қоғам жағдайында біздің елімізде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер мынадай: әйелдердің кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасуға қатысты заң нормаларының әлсіздігі, жыныстық моральдың бұрмалануы. Ірі өнеркәсіп өндірісінің дамуы және осыған байланысты тұрғындардың едәуір бөлігінің ауылдан қалаға қоныс аудару процесі, сондай-ақ отбасын нуклеаризациялау туыстық жүйе мен қоныстанушы қауымның ерлі-зайыптылардың іс-әрекеттерін әлеуметтік бақылауын әлсіретті. Бұл тұрғыдан ерлі-зайыптылардың, әсіресе, мектеп жасына дейінгі жастағы балалары бар отбасылардың достарымен араласу мүмкіндігі өте шектелген. Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп отыр. Мысалы, біздің еліміздің тарихи-мәдени ерекшелігі-туыстық-достық, көршілік байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының басы ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:
- Ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасу туралы шешеім қабылдауы;
- Ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату;
- Қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау (ажырасу жөнінде өтініш беру).
Ажырасу себептері: сотта
талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының
сәйкессіздігі, 2-орында-жұбайының