Тәуекелді отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:10, дипломная работа

Краткое описание

Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1
ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуі
5
1.2
Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
14
2
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері
23
2.2
Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан
көмек түрлерінің көрсеткіштері
29
2.3
Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі
40
3
«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру
47
3.2
Тәуекелді отбасының қазіргі проблемаларын шешу үлгілері
52

ҚОРЫТЫНДЫ
61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
МАЗМҰНЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айтолқын диплом.docx

— 398.61 Кб (Скачать документ)

         Ата-аналарының ажырасуының балаларына  тигізетін әсерін талдау ажырасудың  өзі емес, онымен сабақтасқан,  ажырасу алдында немесе одан  кейін ерлі-зайыптылар арасында  болатын келіспеушіліктер, сондай-ақ  оның түрі мен ұзақтығы маңызды  фактор болып табылатындығын  көрсетті. Одан басқа баланың  ата-анасымен қарым-қатынас жасау  сипаты, баланың ата-анасының ажырасуына  дайындығы, балалардың жасы, жынысы, ажырасудан кейін балалармен  бірге қалатын ата-ананың жынысы  тәрізді ерекшеліктер мен басқа  да факторлар маңызды болып  табылады. Қоғам үшін ажырасу  салдары отбасының екі маңызды  функциясының-репродуктивті және  тәрбиелеу функцияларының өзгеруімен  байланысты. Ажырасқан ерлі-зайыптылардың  көпшілігі қайта некеге отырмайды.  Ажырасудың отбасылық тәрбиеге  тигізетін әсері бірдей емес, себебі әлеуметтік нормалар мен  моральдық талаптар бұзылған. Ерлі-зайыптылардың  психологиялық келіспеушіліктері  салдарынан бұзылған отбасылардың  тәрбие беру нәтижесі төмен.  Мұндай жағдайда ажырасу тәрбиелеу  процесін тиімдірек етуге мүмкіндік  береді. Ажырасудың кең тарауы (әсіресе  жас отбасылары арасында) жалпы  санада ажырасуға деген жаңа  қатал емес көзқарасты қалыптастыра  отырып, қоғамдық теріс салдарға  әкеліп соғады, бұл отбасының  тұрақсыздануының қосымша шарты  болып табылады.[8]

Сонымен ажырасудың басты себептерi мыналар:

  • жастардың отбасы мәселесiне жеңiл қарауы. Адам жүре жаман болып,

көшедегi, телеарнадағы, шетелдегi терiс қылықтарға елiктеп отбасы ойрандалуы мүмкiн.

  • ерлi-зайыптылардың материалдық жағдайының төмендiгi, басыбайлы

баспаналарының  жоқтығы. Жұмыссыздықтың өрiс алуы.

   - арларында балаларының жоқтығы. Денсаулықтарының төмендiгi, бiр

бiрiне сәйкес келмеуi.

   - бiр-бiрiн танымай жатып ерте некелесу. Жас айырмашылығы.

Статистика  бойынша, он сегiзде үйленгендер жиi ажырасып жатыр.

    -  жастардың жаман қылықтарға әуестенуi. Олар түсiк тастау, iшiмдiкке,

нашақорлыққа салыну.

    -  өзге адамдардың екi жастың арасына түсуi.

    - мемлекет тарапынан жас отбасына қолдау көрсетiлмеуi. Қолдау

демекшi, шет елдерде үйленердiң алдында  жастарды әбден електен өткiзедi. Яғни, жастар психологиялық жағынан  бiр-бiрiне сәйкес келе ме? Олардың денсаулықтары  жақсы ма, жұқпалы ауруы жоқ  па? Осы тұрғыда арнайы ұйымдар  жұмыс жасайды. Ал бiзде ше, ондай  ұйымдар жоқтың қасы.[9]

Күні кеше ғана бірін-бірі сүйіп қосылған адамдар  ажырасып, жанжалдасып немесе дүние-мүлік, тұрғын үйге таласып жатады. Бұл  мүмкін заман ағымына байланысты жастар психологиясының өзгеруі  немесе шетелдіктерге көп еліктеушіліктен болуы мүмкін. Өйткені бұрындары қазақтарда некенің бұзылуы өте сирек кездесетін жағдай болатын. Қазірде ажырасуға бірден-бір себепкер әйелдердің бала тууға қабілетсіздігі, яғни, «бедеулік» республикада жылдан жылға өсуде. Осының салдары шаңырақ шырқының тез бұзылуына итермелейді. Отбасы шырқы бұзылуының тағы бір себеп-салдары – әлеуметтік тұрмыстың нашарлауы, ішімдік ішу мен нашақорлыққа әуестену және ерлі-зайыптылардың арасында түсінпеушіліктің туындауы. Ажырасу көбінесе отбасындағы ұзаққа созылған қақтығыстардан, отбасылық қатынастардың ушығуынан болып жатады.

Қорыта келгенде жоғарыда санамалап өткен «тәуекелді отбасылар» санын азайту үшін, бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешу қажеттігі  туындап отыр. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мемлекеттік  ресми мекемелермен, әр түрлі қоғамдық ұйымдармен  іс-шаралар атқаруы  тиіс. Жалпы отбасылық мәселелерді  тек экономикалық жолмен ғана емес, жастарды рухани-адамгершілікке, мәдени және тарихи дәстүрлерді, сондай-ақ  отбасының құндылық бағдарларын  жастар арасында білуге, үйренуге, сақтауға арналған іс-шараларды көбейту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

 

2.1 Қазіргі заманғы Қазақстандық  отбасы және олардың жаһандану  жағдайындағы өзгерістері

 

  Қазақстанның  ұлттық заңнамаларында халықаралық  талаптарға сай отбасылық саясат  айқын белгіленген. Отбасы институтытын  қорғау және сақтау мақсатында  бірнеше заңдар қабылданған. Олар: «Неке және отбасы», «Еңбек  туралы», «Бала құқықтары туралы»  тағы басқалар. Неке және отбасылық  заңнаманы жетілдіру, ондағы жетіспеушіліктердің  орнын толтыру және оларды  халықаралық талаптарға сай келтіру  мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Қазақстан  Республикасының Кодексі 2011 жылы  желтоқсан айында қабылданды. Онда  ел ішінде бала асырап алу  үрдісін ынталандыру және отбасы  институтын бекіту нормалары  қарастырылған[17].

 Жедел  жүріп жатқан әлемдегі жаһандану  үрдісі қоғамдағы зорлық-зомбылықты  алдын алу мәселелерін өткір  қойып отыр. Қазақстанда бұл мәселеге  ерекше назар аударылуда. Республиканың  барлық ішкі істер органдарының  құрамында, аудандық деңгейге  дейін әйелдерді зорлық-зомбылықтан  қорғау бойынша арнайы бөлімшелер  құрылды. 2009 жылдың соңында «Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың алдын алу  туралы» Заң қабылданды. Бұл заң  бойынша қылмыстық әкімшілік  және азаматтық заңнамаларда  тұрмыстық дау-жанжалдарды саралайды[18]. Қазір елімізде әйелдердің құқығын қорғайтын 21 дағдарыс орталықтары жұмыс істейді (5-кесте).

        Соған қарамастан     Қазақстандағы қазіргі  отбасыларының  әлеуметтік-экономикалық жағдайын  дағдарысқа ұшырады деуге болады. Нарықтық қатынасқа көшкелі көп  балалы отбасылардың, жалғыз басты  аналардың, мүгедек баласы бар  отбасылардың, студенттік, жұмыссыз  отбасылардың экономикалық жағдайы   елеулі түрде нашарлады. Осы  аталған отбасылардың тапқан  табыстары түгелдей тұтыну шығыстарына,  оның ішінде азық-түлікке жұмсалады.

  Адамның бойындағы тұрақтылық  пен психологиялық жайлылық жасай  алатын әлеуметтік институт, бұл  – отбасы. Отбасы өз мүшелерінің  экономикалық, әлеуметтік және табиғи  қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  Кәмілетке толмағандарға, қарттарға,  науқас адамдарға қамқорлық жасап,  балалар мен жастардың қалыптасуына  мүмкіндік ұсынады. 

  Мемлекетте отбасының  саны 2009 жылмен салыстырғанда 13,8%ұлғайды, соның ішінде 2009 жылғы Халық санағына қарағанда қалалық отбасылар 6,4%, ауылдық  отбасылар 7,3%көбейді.  Отбасының орташа көлемі 2011 жылдың Халық санағы бойынша 4.1 адамды құрады.

Қазақстанда толық емес отбасылар саны өсіп кеткен. Балалы әйелдерден тұратын отбасылар 445 мыңға жетсе, әке мен баладан тұратын отбасылар саны 42 мыңға жеткен. Елімізде еркектерге қарағанда әйелдердің саны  артып келеді. Еркектердің арасында өлім саны көбеюіне байланысты, гендерлік тұрғыдан тепе-теңдік бұзылып отыр. Мысалы, бүгінгі 30 жастағы 10 еркектің төртеуі 60 жасқа дейін өмір сүрмейді, соның нәтижесінде жесірлер мен әкесіз қалған балалар саны артып отыр. Бұл отбасында табыс кірісін жеткіліксіз етумен қатар, оның мүшелерінің білім алу мүмкіндігін шектейді. Толық емес отбасылар мен некесіз туған балалардың үлес салмағының артуының тағы бір себебі азаматтардың, әсіресе жастардың елеулі бөлігі шетелдің бізге жат әдеттерін үйренген ресми некесіз тұрып жатыр. Қазақстанда некесіз туған балалардың саны 2005-2009 жылдары 352 мың 400 адамды немесе осы кезеңдегі туылған балалардың 21,8% құрады. Бүгін Қазақстанда аз балалы отбасылар саны артуда. Үй шаруашылықтарының тек 6 пайызында ғана 4-тен көп бала тәрбиеленсе, тең жартысында жалғыз бала өсуде, үштен бірінде екі бала ғана бар. Ал әрбір бесінші бала ресми некеден тысқары өмірге келуде. Бұл Отбасы институтындағы дағдарыс - әлемдік құбылыс. Қазақстанда да отбасы институты күрделі өзгерістерге ұшырауда. Қазір елде аз балалы отбасылардың басым түсетіндігін, ал көп балалы отбасылардың, негізінен, оралмандар есебінен толығып отырғанын зерттеушілер көрсетуде. Отбасы институты әлсіреуінің бір тетігі - тұрғындардың денсаулығының нашарлауы. Мысалы, қазір республикада әйелдер денсаулығының индексі 30 пайыз болса, экологиялық апат аймақтарында бұл көрсеткіш - 10-20 пайыз ғана.

Статистика мәліметтері бойынша  елiмiзде 109 мыңнан астам көп балалы ана бар. Еліміздегі бұл көрсеткіш әлі де аз десе де болады. Мемлекет бұл көп балалы отбасылардың өзін толық қамтамасыз етіп отырған жоқ, осы себептен де, яғни отбасылар толық қамтамасыз етілмегендіктен, көп балалы отбасылар саны артпай жатыр.

 Төмендегі 1- кестеде Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша зейнетақы алатын көп бабалы аналар санының серпіні көрсетілген. Қазақстан Республикасы бойынша зейнетақы алатын көп балалы аналар саны 2006-2010 жылдар аралығында 47256-ға өскен, облыстар бойынша ең үлкен көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында болса, ең аз көрсеткіш Маңғыстау облысында.  Сонымен қатар, бұл кестеден байқағанымыз, көп балалы аналар саны қазақтар аз тұратын Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында азайғанын байқауға болады.Ал, мемлекетіміздің ұлттардың арасында қазақтар басым Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында бұл көрсеткіш әлдеқайда өскен. Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларына келетін болсақ, Астана қаласында зейнетақы алатын көп балалы аналар саны 2006-2010 жылдар аралығында 2528 анаға өссе, Алматы қаласында бұл көрсеткіш 1434-ке ғана өскенін байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте ҚР өңірлері бойынша зейнетақы алатын көп балалаы аналардың саны

жылдар

2006

2007

2008

2009

2010

2006-2010

Қазақстан Республикасы

251 921

265 452

273 672

285 579

299 197

47276

Ақмола

15 262

16 274

16 210

15 885

16 714

1452

Ақтөбе

15 104

17 581

17 835

17 897

18 036

2932

Алматы

31 486

32 558

35 226

37 395

39 616

8130

Атырау

8 632

9 248

9 726

10 316

10 634

2002

Батыс Қазақстан

15 805

16 228

16 875

16 750

16 519

714

Жамбыл

23 001

23 360

23 772

24 511

25 684

2683

Қарағанды

17 553

17 584

17 499

17 771

18 256

703

Қостанай

15 505

15 453

15 571

15 450

16 719

1214

Қызылорда

13 567

14 484

15 862

17 489

17 726

4189

Маңғыстау

6 474

6 603

6 804

7 484

7 988

1514

Оңтүстік Қазақстан

41 246

46 141

47 715

52 699

56 944

15698

Павлодар

14 475

14 240

14 134

13 991

13 890

-585

Солтүстік

Қазақстан

12 067

11 858

11 662

11 645

11 445

-622

Шығыс Қазақстан

14 121

15 670

16 259

16 854

17 441

3020

Астана қ

2 514

2 737

3 063

3 573

5 042

2528

Алматы қ

5 109

5 433

5 509

5 869

6 543

1434

Дерек көзі: www.stat.kz




2011ж

 

 

2006 жылдан бері Қазақстанда  көп балалары бар отбасыларды  қолдаудың жаңа кешенді жүйесі  енгізілді, онда баланың дүниеге  келуінде берілетін өтемақыны,  бір жасқа дейінгі балаға төленетін  өтемақыны және аз қамтылған  отбасылардан 18 жасқа дейінгі балаларға  өтемақы беруді қарастырылған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әлеуметтік  сақтандырудың Мемлекеттік қорынан   жұмыс жасайтын әйелдерге жүктілігі  және босанғанға дейінгі әлеуметтік  өтемақылар және де балаға  қарау үшін орташа жалақының  40 %  құрайтын әлеуметтік төлемдер  төленеді.

          Бала дүниеге келгенде төленетін  жәрдемақыны 2011 жылдың 1 шілдесінде  212,3 мың адам алды, ол 2010 жылдың баламалы кезеңіне  қарағанда 23,4 % артық . Оның өзінде өтемақыларға төленетін шығындар 10,4 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылға қарағанда 33,3 % артық28.

      Баланы4 күтіміне  жәрдемақыға орташа есеппен 142,2 мың адам қамтылған, ол өткен кезеңмен салыстырғанда 2,9 % артық. Оның өзінде өтемақына төлеуге жұмсалатын шығындар 12,9 млрд. теңгені құрады немесе  өткен жылдың  баламалы кезеңімен салыстырғанда 24,0 %  артты.

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте – 4 және одан да көп балалары бар,  арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын көп балалы аналар саны 2011ж

жылдар

2006

2007

2008

2009

2010

2006-2010

Қазақстан Республикасы

 

176 524

 

178 269

 

179 911

 

188 919

 

198 205

 

21681

Ақмола

4 555

4 458

4 280

4 196

4 275

-280

Ақтөбе

7 227

6 764

6 569

6 557

6 641

-586

Алматы 

15 624

15 927

16 043

16 979

18 283

2659

Атырау

8 078

7 882

7 524

7 652

7 783

-295

Батыс Қазақстан

4 710

4 454

4 285

4 230

4 254

-456

Жамбыл

15 487

16 119

16 582

17 747

18 854

3367

Қарағанды

7 411

7 246

6 787

6 758

6 926

-755

Қостанай

4 036

3 838

3 648

3 553

3 561

-475

Қызылорда

15 239

15 280

15 429

15 913

16 409

1170

Маңғыстау

7 750

8 147

8 196

8 941

9 478

1728

Оңтүстік Қазақстан

71 355

73 397

75 848

80 707

84 631

13276

Павлодар

2 673

2 485

2 427

2 499

2 636

-37

Солтүстік Қазақстан

2 943

2 771

2 541

2 488

2 448

-495

Шығыс Қазақстан

6 662

6 254

6 136

6 256

6 558

-104

Астана қ

1 047

1 252

1 397

1 783

2 221

1174

Алматы қ

1 727

1 995

2 219

2 660

3 249

1522

Дерек көзі: www.stat.kz

Информация о работе Тәуекелді отбасы