Тәуекелді отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:10, дипломная работа

Краткое описание

Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1
ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуі
5
1.2
Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
14
2
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері
23
2.2
Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан
көмек түрлерінің көрсеткіштері
29
2.3
Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі
40
3
«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру
47
3.2
Тәуекелді отбасының қазіргі проблемаларын шешу үлгілері
52

ҚОРЫТЫНДЫ
61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
МАЗМҰНЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айтолқын диплом.docx

— 398.61 Кб (Скачать документ)
 

КІРІСПЕ

3

 

1

 

ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН  ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ

 

 

1.1

 

Тәуекелді отбасылар мәселесінің  зерттелуі

 

5

 

1.2

 

Қазақстандық «тәуекелді отбасылар»,  олардың әлеуметтік мәселелері

 

 

14

 

2

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

 

 

2.1

 

Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері

 

 

23

 

2.2

 

Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан

көмек түрлерінің көрсеткіштері

 

 

29

 

2.3

 

Кеңес беру – тәуекелді  отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі

 

 

40

 

3

 

«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН  ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН  ЖЕТІЛДІРУ

 

 

3.1

 

«Тәуекелді отбасылардың»  әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру  жұмыстарын жетілдіру 

 

 

47

 

3.2

 

Тәуекелді отбасының қазіргі  проблемаларын шешу үлгілері

 

52

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

61

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

63




                                                                      МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысымның  өзектілігі.«Тәуекелді отбасы» қазіргі таңда  үлкен мәселеге айналып отыр сондықтанда, көптеген отбасы мәселелері бүгін ғана туындап отырған жоқ, толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі - зайыптылар жанжалы, сондай-ақ, жалғыз бастылар мәселесі бұрын да болған, бірақ, осы мәселелерді шешуде әлеуметтік зерттеулер жүргізуге жеке мән берілмеген. Оған қоса, адамның өзінің жеке өміріне, некеге, сүйіспеншілікті мүдделерінің қанағаттандырылуына, рухани жақындылыққа деген талабы арта түскен.

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев  өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «Жеті ата» дәстүрі, туыстық байланыстар институтының ұстанымы ешкімді мәжбүрлемейді және әрбір қазақ пен бүкіл халыққа рухани күш береді. «Жеті ұрпақ» ұстанымы қанша қарапайым болса да, отбасы-туыстық махабаттың негізіндегі ұлттық тұтастықтың анықтаушы күщінің қызметін атқарды» деп жазады [1]. Қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді.

Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың  жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.  Қазіргі кезде мемлекеттің көптеген саясаты отбасы мәселесіне алаңдаушылығымен байланысты және ол жұртшылық назарын қазіргі отбасының жағдайына аудару, қоғамның бір институты ретінде отбасы мәнін арттыруға бағытталған шара болып есептеледі. Отбасы барлық кезде адами құндылықтар, ұрпақтардың мәдени және тарихи мұрасы сақталатын асыл ұя, халық әл-ауқатының көрсеткіші ретіндегі мемлекеттің факторы болып қала бермек.

Отбасының әл-ауқаты – бұл  кез келген елдің дамуы мен  ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді. 

Дипломдық жұмыстың мақсаты  – тәуекелді отбасылардың әлеуметтік мәселелерін теориялық жағынан негіздей отырып, қазіргі проблемалы отбасыларға талдау жасау арқылы оларды шешудің әдістемесін ұсыну болып табылады.

 

 

 

Аталған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді жүзеге асыру керек:

  • тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуін негіздеу;
  • қазіргі заманғы Қазақстандық «тәуекелді отбасылар»,  олардың әлеуметтік мәселелерін көрсету;
  • қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістерін талдау;
  • тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқанкөмек түрлерінің көрсеткіштерін сипаттау;
  • кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі ретінде қарастыру
  • тәуекелді отбасылардың әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып келген немесе бұрын  күштеу нәтижесiнде айрылған аса  маңызды қасиеттердiң орнын толтыруда  адамның рухани мәдениетiнiң негiзiн  қалау тек отбасында ғана жүзеге асырылады. Жағдайы қолайсыз отбасылармен жұмыс – мемлекеттің басты мәселелерінің бірі. Отбасындағы сәтсіздік баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерге алып келеді. Мұның бәрі кейін бала мінезінің жеке тұлға болып қалытасуына зор әсерін тигізеді. Сондықтан сәтсіз отбасылар проблемелары – дұрыс шешілуі барлық азаматтардың жағдайына әсер ететін  әлеуметтік мәндегі проблемалар.

     Зерттеу жұмысымның нысанасы – қазақстан қоғамындағы қауіп-қатері көп отбасылар жиынтығы.

    Зерттеу пәні  – тәуекелді отбасылардың теориялық  және әдістемелік негіздері.

     Жұмыстың құрылымы  – бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі  бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және6-кесте,5-тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, нысанасы мен пәні анықталса, негізгі бөлімнің теориялық бөлігінде отбасы мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектері мен тәуекелді отбасылардың түрлері негізделді, ал талдау бөліміне проблемалы отбасылар, оларға көрсетілген мемлекеттің көмектері талданса, жетілдіру бөлімінде осы мәселені шешу үшін ұсыныстар беріледі. Қорытындыда негізгі бөлімдегі тұжырымдар бойынша ұсыныстар мен түйіндер беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕСІН  ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ

 

       1.1 «Тәуекелді отбасылар» мәселесінің зерттелуі

 

Отбасы-бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе.Отбасы әлеуметтік институт пен шагын әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың,ата-аналардың,балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктернің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып  жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерерхиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекеленген функцияларының маңыздылығы өзгеріп отырады.

Түрлі мамандық иелерінінің отбасы тақырыбына деген  қызығушылығы ғалымдардың зерттеулері  көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының  өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.

Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта  жүргізіледі:

  • Отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу;
  • Отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу;
  • Отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасы психологиясының

мәселелері;

  • Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс – тәсілін жасау;

Отбасы  теориясының дамуының қазіргі кезеңінде  бірнеше тұжырымдамалар қалыптасты, алайда олардың ішінен келесі екеуі  басымырақ болып отыр:

  • Шағын әлеуметтік топ түріндегі отбасы туралы тұжырымдама;
  • «әмбебап бастауыш топ» тұйық әлеуметтік жүйе түріндегі отбасы туралы тұжырымдама;

Екінші  тұжырымдаманы толық талдамай-ақ, отбасын ашық әлеуметтік жүйе ретінде қарастыратын ғалымдардың тұжырымдамасына тоқталайық, себебі, біздің ойымызша, осы тұжырыдаманың келешегі бар. Осы тұрғыдан алғанда отбасының қалыптасуы мен өмір сүруінде әлеуметтік қызмет үлкен роль атқаратын әлеуметтік ортаның факторы ретінде зерттеуге болады [2].

Ғылымда отбасы институтына деген басым  көзкарастардың негізінде диалектикалық  материализм классиктерінің, атап айтқанда отбасының туындауы мен дамуын ғылыми тұрғыда негіздеп берген Ф.Энгельстің ой-пікірлері мен қорытындылары  жатыр. Автор «Отбасы бізге қоғамдағы  қарама-қарсылық пен қайшылықтардың, өркениет кезеңі басталған уақыттан бастап қоғамның таптарға бөлінуінің кішірейтілген көрінісін береді» - деп атап өтуімен бірге, отбасын әлеуметтік институт ретінде әрі қарай зерттеудің әдістемелік негізін анықтап берді [3].

Отбасы мен  неке тарихы жөніндегі жұмыстардың  пайда болғанына көп уақыт  өткен жоқ. XIX ғасырдың ортасына дейін адамдардың санасында неке  мен отбасына деген діни- қасаң пікір басым болды. Отбасы небір өзгермейтін зат ретінде қарастырылды және бұл патриархалдық және буржуазиялық отбасының ұқсастығынан көрініс тапты. Моногамды отбасымен қатар шығыстағы көп әйел алу дәстүрі, үнді- тибеттік көп күйеу болу дәстүрі бар екенін отбасы тарихшылары елемеді.

Отбасы- әлеуметтік институттардың ішіндегі ең ежелгісі. Ол діннен, мемлекеттен, әскерден, білімнен, нарықтан әлдеқашан ертерек туындады. Отбасының табиғаты мен мәнін анықтауға ойшылдар түрлі тұрғыдан қарады. Отбасы мен неке қарым- қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі ежелгі грек философы Платон болатын. Патриархалдық отбасын ол өзгермейтін, бастауыш қоғамдық ұяшық деп қарады: мемлекет отбасылардың бірігуі нәтижесінде пайда болады. Алайда Платонның отбасына деген көзқарасында бірізділік болмады.  “Мұрат тұтатын мемлекет” жобаларында ол қоғамды нығайту мақсатында әйелдердің, балалар мен мүліктің қауымдарын енгізуді ұсынды. Бұл идеяның ешқандай жаңалығы болған жоқ. Ежелгі грек тарихшысы Геродот өзінің әйгілі  “Тарихында” әйелдер қауымының болуы бірқатар тайпалардың айрықша ерекшелігі ретінде болғанын атап өткен. Мұндай мәліметтер антика кезеңі бойына кездеседі. Аристотель “Мұрат тұтатын мемлекет”жобаларын сынға ала отырып, Платонның қоғамның бастауыш және негізгі ұяшығы ретіндегі патриархалдық отбасы туралы идеясын әрі қарай дамытады. Мұндағы отбасылар “мекендер” құрады, ал “мекендердің” бірігуі нәтижесінде мемлекет құрылады. Отбасына деген осындай көзқарас ұзақ уақыт бойына орын алып келді.      

Антика, орта ғасыр философтары, тіпті  жаңа заман философтары отбасылық  қарым- қатынастан қоғамдық қарым- қатынас шығады деп түсінді, отбасының ерекше әлеуметтік институт ретінде сипаттамасына емес, мемлекетке деген көзқарасына ерекше назар аударды.

 Отбасының мәнгілігі мен  бастапқы екенін мойындайтын  ғалымда шын мәнінде “неке” мен “отбасы” ұғымдарын бірдей деп алады, олардың арасындағы айрмашылық сөз жүзінде ғана деп есептеді. Әрине, “неке” мен “отбасы” ұғымдары арасында тығыз байланыс бар. Бұрнағы әдебиетте, кейде қазіргі әдебиетте де олар көп жағдайда синоним ретінде қолданылатыны да тегін емес. Алайда бұл ұғымдардың мәнінде жалпы мағына ғана емес, сондай-ақ айрықша да мағына бар. Ғалымдар неке мен отбасы әр түрлі тарихи кезеңде пайда болғанын күмәнсіз дәлелдеп берді.  Қазіргі кеңестік социологтар некені әйел мен еркектің арасындағы қарым- қатынастың тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік нысаны ретінде анықтайды, оның көмегімен қоғам әйел мен еркектің жыныстық өмірін реттеп, рұқсат береді, олардың жұбайлық және ата- аналық құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Отбасы некеге қарағанда қарым- қатынастардың күрделірек жүйесі болып табылады, себебі ол жұбайларды ғана емес, сонымен бірге олардың балаларын, басқа туыстарын немесе жұбайларға жақын және қажет адамдарды да біріктіреді. 

 Неке мен отбасына деген  тарихи көзқарасты бекітудің  басында “Ана құқығы” еңбегінің авторы, швейцар ғалымы И.Бахофен тұр. Эволюциялық идеяларды негіздеу жолындағы зор құбылыс американ ғалымы Л.Морганның “Ежелгі қоғам” атты еңбегі болып табылады. Кейінірек отбаның тууы және дамуының негіздемесін К.Маркс пен Ф.Энгельс берді. Олардың пайымдауынша, қоғамдық- экономикалық формациялардың негізін құратын экономикалық   қарым- қатынастар отбасының да негізі болып табылады. К.Маркс: “Отбасы қоғамның дамуына байланысты дамуы керек және қоғамың өзгеруіне қарай өзгеруі керек”,- деп атап өтті. Ф.Энгельс қоғамның дамуымен қатар қоғамның маңызды ұяшығы болып табылатын отбасы да әлеуметтік- экономикалық жағдайлардың әсерімен төменгі нысаннан жоғары нысанға ауысады деп көрсетті. В.И.Ленин отбасының дамуында анықтаушы фактор әлеуметтік- экономикалық қарым- қатынастар болғанын және болып қала беретінін атап өтті. Яғни, отбасы тарихи дамудың жемісі болып табылады және әрбір әлеуметтік- экономикалық формацияның өзіне ғана тән неке- отбасы қарым- қатынастары болады. Адамдардың отбасылық топтарға бірігуге, тұрақты байланыстар мен өзара әрекет жасауға итермелейтін себептерді түсінудің методологиялық негізі адамның қажеттері болып табылады.

Адамзат тарихында жыныстар арасындағы қарым- қатынастарды  қоғамдық реттеудің көптеген түрлері алмасып үлгереді. Олардың кейбіреулері жеке тайпалық одақтарға тән болса, басқалары кеңірек тарап кетті, алайда олардың барлығы қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуының белгілі бір деңгейіне сәйкес болды. Алғашқы адамдардың тайпасына жыныстық қатынастардың реттелмеген түрі тән болды, “себебі кейін дәстүрмен бектітілген шектеулер ол уақытта болмады”. Мұндай қарым- қатынастар бірте- бірте алғашқы адамдардың өмірінде шиелініс туғызады (аңға шығуға дайындық кезеңіндегі қақтығыстар мен төбелестер, аң аулау барысында бірлескен әрекеттің болмауы және т.б). Бұл өндірістік қатынастардың дамуын тежеді, тіпті алғашқы қауымның өміріне қауіп төндірді. Зоологиялық жекешелікті ауыздықтаудың, алғашқы қауымдық ұжым мүшелері арасындағы қақтығыстарды жеңілдетудің қажеттігі туындады. Жыныстық сезімді ауыздықтау алғашқы қауымда жыныстық қатынасқа қатысты тыйым белгілеуден басталды, тыйым салу белгілі бір шектеншығармауға көмектеседі. Ата- аналар мен балалары, бабалар мен ұрпақтары арасында жыныстық қатынасқа жол бермеу еркек пен әйелдің жыныстық   қарым- қатынастарын реттеудегі маңызды қадам болды. Бұл санкцияны адамдардың жыныстық өмірі тек олардың табиғатымен ғана анықталған қоғамның некеге дейінгі жағдайы мен жыныстар арасындағы әлеуметтік реттелетін қатынас ретіндегі неке аралығындағы тарихи шекара деп атауға болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ерте кезеңдеріне дуалды- рулық неке тән деп саналады. Топталған некенің бұл түрі экзогамия болып табылады- ру ішінде жыныстық қатынастарға үзілді- кесілді тыйым салу, басқа ру мүшелерімен ғана жыныстық қатынасқа бару талабы. Зерттеушілер арасында экзогамияның туындауына түрлі көзқарас бар:

Информация о работе Тәуекелді отбасы