Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:10, дипломная работа
Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді.
КІРІСПЕ 3
1
ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуі
5
1.2
Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
14
2
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері
23
2.2
Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан
көмек түрлерінің көрсеткіштері
29
2.3
Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі
40
3
«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру
47
3.2
Тәуекелді отбасының қазіргі проблемаларын шешу үлгілері
52
ҚОРЫТЫНДЫ
61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
МАЗМҰНЫ
Экзогамияның туындауының неғұрлым мүмкін болатын себебі осы жағдайлардың барлығының жиынтығынан тұрады. Топталған некеге полгамияны да (көп рет некелесу) жатқызады, оған полигиния (көп әйелдің болуы), полиандрия (көп күйеудің болуы) жатады. Полигиния- бір еркек бір мезгілде бірнеше әйелмен бірнеше некеде тұрады. Бұл негізінен патриархатқа тән. Гарем типті отбасы түріндегі көп әйел алу мұсылман елдерінде (Пакистан, Египет және т.б) осы уақытқа дейін орын алып келеді. Полиандрия- бір әйел бір мезгілде түрлі еркекпен бірнеше некеде болады.
Отбасына тарихи көзқарастардың бас швейцар ғалымы И.Бахофеннің “Ана құқығы”(1861ж.) еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде ол қоғамның дамуының бастапқы сатыларына жыныстық қатынастардың ретсіздігі немесе жыныстық еркіндіктің кең тарауы тән деген болжам айтты. Бұдан кейін қоғамның дамуында басты роль әйелге тиесілі боды (матриархат). Кейінірек еркектердің басымдығы бекіді (патриархат).
И. Бахофен өз еңбектерінде мистицизмді бағалады. Оның ойынша, тарихтағы негізгі қозғаушы күш- дін. Бұған қарамай И.Бахофеннің еңбегі- ежелгі гректерде, сондай- ақ Азия халықтарында моногамияға дейін топтасқан неке болғанын негіздеп беруде. Топтасқан отбасы басым болған және баланың әкесі кім екенін анықтау мүмкін болмаған сол алғашқы кезеңнің көріністерін И.Бахофен діни жезөкшеліктен көрді. Тайпа көсемі, шіркеу қызметшісі немесе басқа билік өкілі қалыңдықпен алғашқы неке түнін өткізуге құқылы болды.
Бүкіл әлемде, әсіресе Англияда, шотланд ғалымы Дж. Мак-Леннонның еңбектері зор резонанс тудырды. Ол некенің үш түрін анықтады:
Оның ойынша, ежелгі адамдар жаңа туған қыздарды өлтіріп отырған, соның салдарынан тайпада еркектер басым болып, әйелдердің бірнеше күйеулері болған, яғни көп күйеу болу осылайша туындаған. Осыған байланысты әкелікті анықтау мүмкін болмаған соң, ананың құқығы қалыптасты. Кейбір тайпаларда экзогамды неке тін болса (еркек өзіне әйелді басқа тайпадан іздейді), ал басқа тайпада- эндогамды неке тән болды (еркек өзіне әйелді тек өз тайпасынан алды).
Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан ағылшын заңгері, психолог, тарихшы Г.Мэн қоғамның дамуында матриархаттың болғанын жоққа шығарды.
Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л.Морган отбасының дамуына қатысты басқа көзқарасты ұстанды. Ол 200- ден астам қоғамдық топтың неке- отбасы қатынастарын зерттеді. Л.Морган адамзаттың даму тарихын 3 кезеңге бөлді: тағылық, варварлық, өркениет.
Олардың әрқайсысы өзіндік
қоғамдық институттары мен
-Моногамия.
Л.Морган топтасқан неке туралы айтса да, оның шын мәнінде болғаны туралы ол білмейді, тек некенің кейінгі түрлерін саралай отырып, тоерия жүзінде айқындайды.
Отбасы деген нақты ғылыми пікірді Ф.Энгельс негіздеп берді. Ол бірінші болып мәдениеттің, яғни тағылық пен варварлықтың алғы тарихын ғылыми тұрғыдан сипаттады. Әр кезеңді ол төменгі, орташа және жоғары сатыларға бөлді. Ол өзінің “Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің туындауы” атты еңбегінде отбасына оның тарихи даму барысында талдау жасайды. Алғашқыда неке топтары ұрпақтарға бөлінгенде, яғни, ата-аналар мен балалары арасында жыныстық қатынасқа жол берілмегенде, бұл қандас туыс отбасы болды. Онан кейін оны пуналуалды отбасы алмастырды, ол апа мен бауырлар арасындағы жыныстық қатынасқа жол бермеді.
Ал кейініректе жұптан тұратын отбасы пайда болды, онда еркек пен әйелден бір- біріне қатысты жұбайлық адалдықты талап етті, ал көзге шөп салу қатаң жазаланды. Өркениеттің табалдырығын аттарда туындаған отбасының соңғы түрі моногамия болып табылады.
Отбасын зерттеуге арналған түрлі аспектілі еңбектер баланың жеке тұлғасының отбасындағы қарым қатынас барысында, отбасылық қызметте, бос уақытын өткізу барысында қалыптасу мәселесіне деген қызығушылықты өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтендіру отбасы ролінің артуына байланысты отбасылық тәрбие теориясын жасауүшін белгілі бір дәрежеде ынталандыра түсті.
Жеке тұлғаның әлеуметтену
барысында отбасындағы
Ж.Қ.Қаракөзова мен М.Ш.Хасанов отбасы үшін бала туу, үйлену, өлім сияқты оқиғалардың маңыздылығын атайды. Авторлардың ойынша, некеге тұрғаннан кейін «өмірдің үйлесімдік» кезеңі басталады. Қазақтардың XIX ғасырдағы отбасындағы әдет ғұрыптардың діни аспектілерін зерттей келе, Р.М.Мұстафина отбасы патриархалдық және отбасы тұрмыстық дәстүрлерді сақтаушы болып табылады деген қорытынды жасады[5].
XIX ғасырдың
алдыңғы қатарлы ғалымдарының ( Абай,
Ы. Алтынсарин, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой)
еңбектері баланың дене бітімі
мен рухани дамуындағы ата
ананың басты ролін, ата
XX ғасырдың 20-шы жылдарынан
бастап, отбасылық тәрбие теориясының
негіздері белсенді түрде
Кеңестік дәуірдің
педагогикалық мұрасында Н.К.
А.С.Макаренко
отбасы тәрбиесінің теориясын,
отбасы тәрбиесінің
«Біздің қоғамымыздағы отбасы
адамның көп қырлы
Педагогикада «отбасы тәрбиесі» деген ұғым келесідей түсіндіріледі: Бұл ата аналардың өз балаларының рухани және дене қасиеттерін арнайы қалыптастыру процесі.
Біздің
пайымдауымызша, бұл мәселені қарастыруда
отбасы тәрбиесінің теориясы
мен әдістемесін әзірлеген
А.В.Мудриктің
пікірінше, әлеуметтік
Яғни отбасының
тәрбиелік күш қайраты
Г.К.Байдельдинова
отбасындағы педагогикалық
Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.
Жалпы алғанда,
отбасын мәселесін зерттеу
Отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу (Дж.Ф.Мак-Леннан, Л.Морган , И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И. Семенов және баскалары);
- Отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу (И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және баскалары);
- Отбасы мүшелерінің өзара қарым - қатынасы психологиясының мәселелері (С.В.Ковалев, Л.В.Ковалева, А.И.Кочетов, Л.В.Панкова, В.Сатир, Н.М.Ходаков және басқалары);
- Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жасау (Ю.П.Азаров, И.В.Гребенников, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко және басқалары).
Отбасы
теориясының дамуының қазіргі
кезеңінде бірнеше
- «Әмбебап бастауыш топ» тұйық әлеуметтік жүйе түріндегі отбасы туралы тұжырымдама.
Ғылымда отбасы
институтына деген басым
Қазіргі философтар отбасы институтын жеке тұлғаның қалыптасуына қатысатын факторлардың бірі деп зерттейді. (В.В.Москаленко, Ю.Б.Рюриков, Ю.В.Сычев және баскалары). «Отбасы адамның ойлауының, әрекеттерінің, бағалауының қалыптасуына өмір бойына елеулі әсерін тигізеді» - деп М.С.Шепелева атап өтті[10].
Ю.В.Сычев шағын ортаның (мектеп, достар және т.б.) түрлі факторларын қарастыра келе, ең маңызды рольді отбасына береді, себебі, оның ойынша, отбасы жеке тұлғаның әлеуметтік бағдар алуында басты роль атқарады: «...отбасы жағдайында мақсатты педагогикалық жұмыстың ғана орасан зор мәні болып қоймай, ішкі психологиялық климат, ата-аналар мен олардың әлеуметтік нұсқамалары арасындағы қатынастар сипаты, жалпы өмір сүру салты да үлкен мәнге ие болады».
Қазақтардың XIX ғасырдағы отбасындағы әдет- ғұрыптардың діни аспектілерін зерттей келе, Р.М.Мустафина отбасы патриархалдық және отбасы – тұрмыстық дәстүрлерді сақтаушы болып табылады деген қорытынды жасады.
Социологтар фактологиялық және логикалық сәттерді ескере отырып, отбасына мынадай анықтама береді: