Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ нурбол 535.doc

— 7.30 Мб (Скачать документ)

 

         кесте 7

         Маусымдар бойынша өте жиі соғатын желдердің бағыттары

         (Балқаш метеорологиялық бекетінің деректері бойынша)

Маусымдар

Бағыт, румб

Жылдамдық, м/сек

Қыс

Солтүстік-шығыс

2,5

Көктем

Солтүстік-шығыс

3,4

Жаз

Оңтүстік

3,1

Күз

Солтүстік-шығыс

2,7


 

Осы 7 кестеде келтірілген деректерді тұжырымдай келіп, мынаны аңғаруға  болады.  Біздің  шаруашылық жағдайында желдің ең төменгі жылдам-

дығы 2,2 м/сек болса, ал ең жоғарғысы – 5,2 м/сек жетеді. Дұрыс  агротехникалық шаралар қолданылмаса жел эрозиясының туу қауіпі бар.

         Өсімдік жамылғылары: Шаруашылықтың топырақ жамылғысы алуан түрлі. Оның  біраз бөлігі тұзды-сортаңды топырақтар. Ақдала алқабының топырағы гранулометриялық құрамы жағынан жеңіл және ауыр болып екі топқа біріктірілген. Оларға сортаңданбаған және аз сортаңданған, орташа, күшті сортаңданған және сортаң топырақтар енеді.

       Осы белгілері бойынша шаруашылықтың күріш егуге жарамды жерлері алты түрлі топырақтық-мелиоративтік топшаға жіктеледі. Олар мелиорациялаудың әртүрлі деңгейі мен сипатын талап етеді. Сондықтан олар күрішті және тағы басқа ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп өнім алу үшін бірқатар технологиялық жұмыстарды жүзеге асыру керек.

Алқаптың топырағы қоректік заттарға онша бай емес. Оның қарашіріндісі 1,0-1,5 пайыз маңында, ал азоттың жалпы  қоры 0,1, фосфор қышқылынікі – 0,6 пайыз мөлшерінде (кесте 8)

        кесте 8

         Топырақтың қоректік элементтерінің негізгі көрсеткіштері

Қарашірінді, %

Азот, мг/кг

Фосфор, мг/кг

Калий, мг/кг

рН

1,4

83,9

36

256

7,7


 

        Шаруашылықтың негізгі топырағы жөніндегі мәліметтер (кесте 9) берілген.

Қарашіріндісі аз, топырақ  құнарлылығы жеткіліксіз болғандықтан бұл өңірде, күріштен тұрақты және жоғары өнім алудың басты шарты –  күріш өсіру технологиясын жақсарту.

        Бұл аймақтың табиғи өсімдіктер жамылғысы туралы айтатын болсақ шабыңдықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер  өзара үйлесімдік тауып, далаға ерекше нәр беріп тұрады. Өсімдік жамылғысы негізінен жусанды, бұта лы өсімдіктерден және сексеуіл тоғайларынан тұрады.

         кесте 9

 Шаруашылықтың топырағындағы қоректік заттардың мөлшері, мг/кг

Құрамы

Азот

Фосфор

Калий

Өте төмен

100

<10

<100

Төмен

101-151

11-15

101-200

Орташа

151-200

16-30

201-300

Орташадан жоғары

<200

31-45

301-400

Жоғары

-

46-60

401-600

Өте жоғары

-

>60

>600


 

          Көктемнің жаңбырлы кезеңдерінде, әсіресе мамыр айының ортасында солып қалатын эфемерлі өсімдіктер өседі. Сулы жерлердің бәрінде қамыс, жөке, құрақтар өседі.

Егістіктерде, әсіресе  суармалы жерлерде, азжылдық жаздық және көпжылдық көгентамырлы арамшөптер өседі.

Олардың ішінде басым  өсетіндері: күрмек (Echinochloa oruzikola), тауық тары (Echinochloa grus galli), алабота (Chenopodium album), қурай (Salsola ruthenica), қамыс (Phragmуtes communis), қоға (Bolboschoenus maritimus) және басқалары.

Қорыта келіп айтқанда шаруашылықтың топырақ-климат жағдайлары агротехникалық шараларды дер кезінде дұрыс пайдаланып, ғылым мен озық тәжірибені қолдана отырып, шаруашылықтың негізгі дақылы күріштен тұрақты және мол өнім алуға толық мүмкіндік береді.

 

 

 3 Зерттеу әдістері

        

          Ғылыми зерттеулер  далалық эксперименттер жүргізуге, күріш ауыспалы егістігінде ауылшаруашылық дақылдарын жалға егу технологиясымен өсіру үрдісіндегі құрылымдық байланыстарды анықтауға негізделген және ол тәжірибелік зерттеулерге қойылатын талаптарды қатаң түрде орындаудың нәтижесінде жүзеге асырылған.

          Зерттеулерді жүргізу барысында тәжірибелік-өндірістік, физикалық және математикалық моделдеу әдістері қолданылды.

          Ғылыми жұмыстың әдістемелік негізі тәжірибелік-өндірістік учаскелердегі су және қоректік тепе-теңдіктердің қалыптасуын зерттеу болып табылады.

Егіншілікте ауыспалы егістің маңызы жоғары. Яғни бір дақылды белгілі бір танапта жылма-жыл еге берсе, оның өнімі жыл арта төмендеп, аурулары, зиянкестері және арамшөптері көбейетіні белгілі. Сол себепті ауыспалы егіс жүйесін игеріп, оның кейінгі дақылға тигізетін әсері мен зияндылығын ескерген жөн. Әдетте суармалы егіншілікте таза пар болмайды, себебі оның басты маңыздарының бірі танапта ылғал жинау. Күріш вегетация бойы суда өсетін дақыл болғандықтан, оған танапта таза пар арқылы ылғал жинау ретсіз агротехникалық шара болар еді. Дегенмен, суармалы жерлерде таза пар тек күріш ауыспалы егісінде қолданылады. Оған негізгі себеп мынау. Жоғарыда айтылып кеткендей күріш егілген танапқа қалыңдығы 15 см су жіберіледі. Ол бүкіл вегетация бойына тұрып, тек күріш жинауға 1,5-2 апта қалғанда ағызып жіберіледі. Осылай жаз бойы танапта су болғандықтан ол топыраққа кері әсер етеді.

Біріншіден, топырақ өзінің және судың салмағымен тығыздалады, сондықтан ауа ығыстырылып шығарылады. Мұның өзі топырақтың аэрациясын нашарлатады.

Екіншіден, топырақтан ауа  атмосфераға ығыстырылып шығарылғаннан  соң, онда анаэробты процесс жүріп, танапта тұздардың шала тотығы пайда болады, топырағы сорланады, ұшқан тұздардың әсерінен қоршаған ортада экологиялық проблемалар туындайды. Олар мәдени өсімдіктерге, соның ішінде күріш өсімдігіне кері әсер етеді.

Үшіншіден, күріш егісін күрмек арамшөбі басып, өнім төмендейді.

Міне, осындай жағымсыз жағдайлар тумау үшін күрішті бір алқапта екі жылдан артық егуге болмайды.

Сондықтан екі жыл  өткен соң күріштен кейін танапты  таза парға қалдыру

керек, немесе отамалы  дақыл (жүгері және т.б.) егу керек, яғни күріш ауыспалы егін ендіру және игеру керек. Ол үшін күріштің алғы егістерін дұрыс таңдау қажет. Пар және отамалы дақылдар вегетация бойы қарқынды өңделеді, соның нәтижесінде топырақ пен атмосфера арасындағы ауа алмасуы жақсарады, яғни аэрация күшейеді. Күріш ауыспалы егісінің ерекшелігі – құрғақта өсетін басқа дақылдармен алмастырып отыру қажет. Күріш ауыспалы егісінде міндетті түрде бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптер болуы керек.

         Тұқым себу мөлшері, мерзімі және әдістері.Жоңышқаны таза күйінде, сондай-ақ дәнді дақылдар – арпа, бидай, сұлымен аралас өсіргенде оны астық немесе шөп себетін сеялкалармен тұтас қатарлы тәсілмен себеді. Жоңышқа күзде жақсы тегістелген сүдігерге ерте көктемде – ақпан-наурыз айларында себіледі. Жерді күзде тиянақты тегістеу топырақ ылғалдылығын сақтауды, дәннің біркелкі тереңдікке сіңірілуін және жаппай көктеуін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, техникалардың  қосымша жүктемелерін азайтып, көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетеді және оны  өз мерзімінде жүргізуге қолайлы  жағдай туғызады. Мұндай агротехникалық тәсілдер жоңышқа дақылын таза еккенде қолданылады. Тұқым себер алдында өңдеуге ауыр дискілі БДН-2,2 және Зиг-Заг тырмалары қолданылады. Қажет жағдайда қиғашынан тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Өңдеу жұмыстарын бітірген бойда жоңышқа тұқымы себіледі және топырақ катоктармен тапталады. Тұқымды сіңіру тереңдігі 1-2 см. Топырақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер де жақсартады. Яғни, жердің тұздануын болдырмайды. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда, ауыспалы егістегі күріш үшін жақсы алғы дақыл – көп жылдық мал азықтық жоңышқа.

Күріш егістігінде тұқымды себер алдында ауада қыздыру керек. Бұл жұмысты егін себуге 7-10 күн қалғанда жүргізген дұрыс. Күрішті суға шашып сепкенде тұқымды себер алдында 1,5-2 тәулік бойына таза суға немесе қоректік заттар (5-10 % аммоний сульфаты) ерітіндісіне салып жібітеді. Әртүрлі ауруларға  қарсы  (фузариоз, бактериоз және басқа) шара ретінде

тұқымды бояғыш қосылған 1,8-2,3 пайыздық гранозанмен дәрілейді. Оның мөлшері 1 тонна тұқымға 2 кг. Күріштің ең қолайлы себу мерзімі мамыр айының 1-20 жұлдыздары аралығында. Көп жылдық шөптердің қыртысынан кейін бір гектарға себу мөлшері 7-8 млн өнгіш дән, көп жылдық шөптің қыртысының аудармасына 6,5-7 млн, ал мелиоративтік танаптан кейін – 7-7,5 млн өнгіш дән. Шаруашылықта күріштің Пак Ли (Үштөбе) сорты егіледі.

Күріш СЗ-3,6, СРН-3,6 дәнсепкіштерімен тарқатарлы немесе тоғыспалы әдіспен 1,0-1,5 см тереңдікке себеледі [10].

 

3.2 Өндірістік жағдайда  алғы егістерде төмендегідей  есептеулер мен бақылаулар жүргізілді

  1. Күріштің өсіп-дамуына фенологиялық бақылаулар жүргізілді, яғни алғы егістерге байланысты оның көктеп шығу, түптену, шашақтану, гүлдеу және пісу фазалары белгіленді.

          2. Алғы егістерге байланысты күріштің арамшөптену дәрежесі анықталды.

         3. Көктеп шығу, түптену және шашақтану фазаларында өсімдіктің массасы өлшенді.

         4. Күріштің толық пісу фазасында оның егісінен бау алынып, өнімнің құрылыс элементтері анықталды. Алғы дақылдар бойынша күріштің өнімділігі анықталды.Органикалық заттар мөлшері және топырақтың физикалық қасиеттері ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметтерінен алынды.

 

 

4 Зерттеу нәтижелері

4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы

 

 

Балқаш ауданы Алматы облысы аумағының солтүстік батысында  орналасқан. Ол облыстың солтүстігіңде  – Балқаш көлі арқылы Қарағанды облысы жерімен, батысында - Жамбыл облысы, оңтүстігіңде - Іле ауданымен, шығысыңда Алматы облысының орталығы Талдықорған жерімен шектеседі. Ауданның жалпы жер көлемі 37,4 мың шақырым. Аудан орталығы Бақанас ауылы. Қазіргі уақытта ауданда 15 ауылдық округтер және 28 елді мекендер бар. Солардың бірі – біздің «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

«Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексі  мен «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестер туралы» заңына сәйкес құрылған. Оның жылдық активы 60000 айлық есеп көрсеткіштен және жұмысшы саны 50 адамнан аспайтын, шағын кәсіп орын болып табылады.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнамаға сәйкес таза пайда алу, осы мақсаттарға жету үшін, серіктестік қызметтің мына негізгі түрлерін жүзеге асырады:

- ауылшаруашылық өнімдер  мен мал, құс және балық шаруашылықтарын,  диқаншылық, ара шаруашылық өнімдерін  шығару, сатып алу, сақтау, қайта  өңдеу және сату;

- қоғамдық тамақтану  орындарын, азық-түлік дүкендерін ашу және пайдалану;

- шетел фирмаларын  елге тартып экспорт-импорт операцияларын,  өкілдік, комерциялық-делдалдық  қызмет көрсетулерді жүзеге асыру;

- сауда-саттық қызметін  жүзеге асыру;

- жарнама-ақпараттық  қызмет көрсету. 

«Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер көлемі 4890 гектарды құрайды (кесте 10). Оның ішінде 2011 жылы 4280 гектар жер суарылды.

           кесте 10

           Шаруашылықтың жер көлемі және оны пайдалану түрлері

Пайдаланатын жер түрлері

Егіс көлемі, га

Жалпы жер көлемінен  алатын орны, %

Жыртылған жерлер

4280

87,5

Табиғи шалғындықтар

330

6,7

Табиғи жайылымдар

-

-

Барлық жер көлемі

4610

94,2

Басқа жерлер

280

5,8

Жалпы жер көлемі

4890

100


          Шаруашылықтағы күріш егісінің көлемі 1901 гектар, арпанікі 428, бидай 532 гектар жерге егіледі. Картоп, көкөніс, бақша дақылдары 15 гектар жерді алса, жоңышқаның егіс көлемі 1404 гектар. Шаруашылықтың басты бағыты – күріш өсіру, сондықтан егіс көлемінің құрылымында оның меншікті үлесі 45,0 пайызды құрайды(кесте 11).

          кесте 11

         Шаруашылықтың егіс көлемінің құрамы

 

 

Дақылдар

2009 жылдың қорытындысы  (өткен жылы)

2010 жылдың қорытындысы  (осы жылы)

2011 жылдың жоспары  (алдағы жыл)

егіс көлемі, га

дақыл үлесі, %

егіс көлемі, га

дақыл үлесі, %

егіс көлемі, га

дақыл үлесі, %

Күріш

1600

37,6

1901

44,4

1905

46,5

Бидай

-

-

532

12,4

620

15,1

Арпа

1170

27,5

428

10

-

-

Көкөніс, бақша, картоп

15

0,4

15

0,4

15

0,4

Жоңышқа

1475

34,5

1404

32,8

1560

38

Барлығы

4260

100

4280

100

4100

100

Информация о работе Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы