Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.
Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Құрманбеков Н.Қ.
Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 050608 - экология
Алматы 2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Өсімдік шаруашылығы технологиясы» факультеті
«Топырақтану, агрохимия және экология»
кафедрасы
Тақырыбы: ______________________________
Орындаған: ______________________
(аты-жөні)
2012 ж. «_____»_____________ қорғауға жіберілді
Экология кафедрасының
меңгерушісі а-ш,ғ.к.,доцент _______________ Рамазанова Р.Х.
Ғылыми жетекшісі,аға оқытушы ______________ Асқанбаев С.С.
Арнайы тараулар кеңесшілері:
Еңбек қорғау ____________ ________________
(тарау)
Норма бақылау __________ ________________
(тарау)
Сарапшы ___________ ________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Алматы, 2012
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Дипломдық жұмысты орындау
Т А П С Ы Р М А С Ы
(Студенттің аты-жөні)
Жұмыстың тақырыбы: «Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы»
Университет бойынша 2012 ж. «____ » ______________№ ____ бұйрығымен бекітілген.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2012 ж. «____ » ______________
Жұмыстың бастапқы деректері
______________________________
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
______________________________
Графикалық материалдар тізімі (қажетті жағдайда):
______________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:
______________________________
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау |
Кеңесші |
Мерзімі |
Қолы |
Кафедра меңгерушісі, доцент __________ Рамазанова Р.Х.
Ғылыми жетекшісі,аға оқытушы ____________ Асқанбаев С.С.
«_______» __________2012 ж. тапсырма қабылданды
Қабылдаған
Дипломдық жұмысты орындау графигі
№ р/с |
Тараулар мен қажетті сұрақтар тізімі |
Жетекшіге ұсыну мерзімі |
Ескертулер |
Кафедра меңгерушісі, доцент __________ Рамазанова Р.Х.
Ғылыми жетекшісі,аға оқытушы ____________ Асқанбаев С.С.
«_______» __________2012 ж. тапсырманы орындауға қабылдандым
Студент
(қолы) (аты-жөні)
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1. Әдебиеттерге шолу ..............................
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері ..............................
4. Зерттеу нәтижелері ..............................
4.1 Балқаш ауданы
«Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі
4.2 Күріштің таралуы және
адам өміріндегі маңызы ..............................
4.3 Күріштің сыртқы орта
факторларына қоятын негізгі
талаптары және агротехникасы ..............................
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне
әсері ..............................
4.5 Шаруашылықтағы
өндірістен туындайтын
проблемалар ..............................
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы...................
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік
шаралары ..............................
Қорытынды ..............................
Өндіріске ұсыныстар ..............................
Әдебиеттер
тізімі ..............................
КІРІСПЕ
Қазақстанда суармалы жерлерде өсірілетін негізгі ауылшаруашылық дақылдардың бірі күріш. Ол өнімділігі және халық шаруашылығында пайдалылығы жағынан дәнді және техникалық дақылдардан кем түспейді. Республикада күріш егіншілігі негізінен Сырдария, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы алқаптарда өсірілуде. Ғылыми мәліметтер бойынша бұл өлкелердің топырақ-мелиоративтік және агроэкологиялық мүмкіншіліктері күріш егісінен мол өнім алуға болатынын көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде күріш өсіретін іргелі шаруашылықтарда жыл сайынғы алынатын өнім әртүрлі деңгейде болып отыр. Мұның басты себебі әр шаруашылықтарда күріш танаптарының топырақ түрлерінің, физикалық-химиялық құрамдарының және құнарлылығының әртүрлі болып келуінде. Сонымен қатар шаруашылықтарда ғылыми зерттеулердің нәтижесінде анықталып өндіріске ұсынылған агротехникалық шаралардың күріш өсіруге толықтай қолданбауында. Бұл тұрғыда ғылыми-зерттеу орталықтарының алдында тұрған міндеттері әр аймақтар және шаруашылықтар үшін, күріш өсіруге сол жерге тиімді технологияларды анықтап өндіріске енгізу.
Әдетте, күріш өнімі топырақ құнарлылығына, алғы дақылына байланысты өзгеріп отырады.
Күріштен мол және тұрақты, сапалы өнім алып, сонымен бірге топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін органикалық заттармен күнделікті байытып отыруға және топырақта оттегінің жеткілікті болуына жағдай туғызу керек. Тәжірибеде мұны күріш егісін басқа дақылдармен кезектестіріп егу арқылы іске асырады және аралық дақылдарды сидератқа егіп, күріш ауыспалы егісін енгізу, сапалы органикалық тыңайтқыштар беру топырақтағы органикалық зат теңгерімін жақсартады, топырақты қоректік заттармен байыта түседі. Ауыспалы егісті енгізу және игеру күріш егісіндегі дақылдардың мәдениетін көтерудің негізі болып саналады.
Күріштен мол және тұрақты өнім алудың негізгі мәселелерінің бірі – оның ауыспалы егісі жүйесін қолдану. Сонымен бірге бұл шара топырақ құнарлылығын арттырудың, арамшөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресудің де негізі болып саналады.
Күріш жер жүзінде негізінде екі түрлі тәсілмен өсіріледі. Ол дара дақыл ретінде немесе ауыспалы егіс жүйесінде егіледі. Бұл тәсіл шаруашылықтың, топырақтың ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі. Бізде және кейбір шет мемлекеттерде көбірек тарағаны – көпжылдық шөптер егілетін күріш ауыспалы егіс жүйесі. Осының бәрі іс жүзінде күрішті оқтын-оқтын басқа дақылдармен алмастырып, аралық дақылдарды егу және күріш ауыспалы егісін енгізуге байланысты шешіледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты Алматы облысының суармалы егіншілігінде егін егудің тәсілін пайдаланып, күріш және ілеспе дақылдарды өсірудің ресурс үнемдейтін технологияларын жасау, күріш ауыспалы егістігінің аудандастырылған және келешекте өсірілетін дақылдардың өсірудің агротехникасын жасау арқылы ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.