Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.
Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65
Күріш егіншілігі Қазақстанда негізінен Сырдария және Іле мен Қаратал өзендерінің бойындағы алқаптарда орналасқан.
Бұл өңірлердің теңіз деңгейінен төмен жатуы, топырақ-мелиоративтік және агроклиматтық жағдайы арнайы күріш ирригациялық, инженерлік жүйенің салынуына және күріш ауыспалы егісі дақылдарынан мол өнім жинауға мүмкіндік береді
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы
Жарыққа қоятын талабы. Күріш – жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің интенсивті болғанын талап етеді. Дақылға қолайлы жарық деңгейі 40-60 мың люкс (лк). Күріштің өсу мерзімі (мамыр-тамыз айлары) кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен, яғни 29-37 пайыз, ал ең аз мөлшері 8-10 пайызға дейін болғаны тиімді.
Күріш өсімдігінің күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіруі оның жапырақ көлеміне байланысты. Тығыздығы оптималды күріш егісіне келіп түсетін радиацияның 60-90%-ын сіңіреді, 10-30%-ы ауаға қайтадан кетеді, ал қалған 5-10%-ы ғана егіс арасына өтіп, су мен топыраққа сіңеді. Егістікте күн сәулесі радияциясының 80-90%-ы жапырақ арқылы қабылданады, ал қалған 10-20%-ын сабақтар, масақтар және өсімдіктің басқа да мүшелері арқылы қабылдап бойына сіңіреді.
Жылуға қоятын талабы. Күріш – жылу сүйгіш дақыл. Ол көктеп шыққан және гүлдену кезінде температураға сезімтал. Егер осы кезде температура 0,5-1˚С-төмендесе дақыл зақымданады.
Топырақтың тұқым сіңіру қабатында температура +13-14˚С болғанда
себуді бастауға болады. Ал температура одан төмен болса, тұқым баяу өніп-өседі, олардың көпшілігі шіриді, немесе шықпай қалады, сондықтан егіс сирек болады. Күріш өсімдігіне қажетті температура мөлшері(кесте 13).
кесте 13
Күріштің өсіп дамуына керекті төменгі, қолайлы және жоғары температуралар, ˚С
Өсіп даму фазалары |
Температура | ||
төменгі (минимум) |
қолайлы (оптимум) |
жоғарғы (максимум) | |
Тұқымның өнуі |
13-14 |
22-26 |
34-36 |
Көктеп шыққанда |
15-16 |
24-26 |
34-36 |
Түптену |
15-17 |
24-28 |
34-36 |
Сабақтану |
16-18 |
19-24 |
34-36 |
Масақтану – гүлдену |
18-20 |
24-28 |
34-36 |
Дәннің сүттену және қамырлану кезі |
18-20 |
26-28 |
34-36 |
Пісу кезеңі |
15-17 |
22-26 |
32-34 |
Тұқымның өніп шығуына ең қолайлы температура +22-26˚С. Осы температура жағдайында күріш көгі атыз суға бастырылғаннан кейін 10-12 күнде жаппай тебендеп шығады және егістік шығымдылығы ең жоғары деңгейде болады.
Сабақтану кезінде болашақ масақтағы дән саны анықталады және бұл кезеңде күріш температураға өте сезімтал. Осы мезгілде түптену буынына керекті қолайлы температура +19-24˚С.
Күріштің масақтану-гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп, ұшық (семік) дәндер санын көбейтеді. Осы кезеңдегі ең қолайлы температура +24-28˚С.
Сүттеніп-қамырлану кезінде дән дұрыс толысып пісуі үшін оптимальды температура +26-28˚С шамасында болуы керек [5].
Күріш егісітігіндегі су қабаты оның жылу режимін жақсартып, микрокли-
матты оңалтады және де күріштің биологиялық талабына толығынан сәйкес келеді. Вегетация кезінде бастырылған су, күріш егісіне қосымша 300˚ шамасында жылу әкеледі.
Қазақстан күріш өсіруші өңірлердің ішіндегі ең солтүстік аймағы. Сондықтан, дақылдың өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі [5].
Республикадағы күріш өсіруші аймақтардың, өсіп-жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі төмендегідей (кесте 14)
кесте 14
Күріш сорттарын пісу мерзімдеріне байланысты топтастыру
Сорттар тобы |
Күріштің көктеп шығу-масақтану кезіне дейінгі күндер саны |
Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, күн |
Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу жиынтығы, ˚С |
Өте ерте пісетін |
>60 |
>100 |
>2500 |
Ерте пісетін |
61-70 |
101-110 |
2500-2750 |
Орташа мерзімде пісетін |
71-80 |
111-120 |
2750-2900 |
Кеш пісетін |
81-85 |
121-125 |
2900-3000 |
Өте кеш пісетін |
86-90 |
126-130 |
3000-3100 |
Топырақ өңдеу жүйесі. Күріш егілетін және ауыспалы егістегі басқа дақылдар орналасқан танаптар топырағын өңдеу негізгі және себу алдындағы өңдеу шаралары болып екі этаптан тұрады.
Күріш егілетін танаптар топырағын айдау (жырту) алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі, олар: суару және қашыртқылау жүйелерін жөндеу, арамшөп қалдықтарын жойып тазарту, уақытша атыз бен қарықтарды, ойлы-қырлы жерлерді тегістеу, атыздардағы сабандарды шығарып, шаруашылықта
пайдалану немесе майдалап турап, біртегіс шашу, т.б. шаралары жүргізіледі [5].
Топырақты негізгі өңдеу. Топырақты сүдігерге (зьябке) айдаудың негізгі мақсаты – себу кезінде, тұқымның өніп шығуына, күріш өсімдігінің жақсы өсіп дамуына қолайлы температуралық, қоректік және ауа режимін жасау, сонымен бірге арамшөптерді жою.
Күріш өсірілген танаптарда топырақтың физикалық-химиялық қасиеті, қоректік режимі өзгеріп нашарлайды, арамшөптер көбейеді. Атап айтқанда, 90-100 күн бойы суға бастырылған атыздар топырағында жүретін тотықсыздану процесінде пайда болған күкіртсутегі, шала тотық қосындылар, метан, этанол, органикалық қышқылдар т.б. заттар жинақталады.
Сүдігерге айдалғанда топырақта оттегі көбейіп, аталған зиянды қосындылар тотықтанады, топырақтың микробиологиялық белсенділігі күшейіп, қоректік заттар жиналады, капиллярлы түтіктер жүйесі бұзылып, зиянды тұздардың жоғары
көтерілуі бәсеңдейді. Сонымен бірге, зиянды арамшөптер – қамыстың борық тамырлары, доңыз қоғаның өсімтал түйнектері топырақ бетіне шығып, қысқы суық температура
әсерінен үсіп өледі.
Топырақты сүдігерге айдау күрішті жинап алысымен (қыркүйек, қазан айларында) жүргізіледі. Күріш өсіруші аймақтарда сүдігерге жырту кешеуілдемеуі керек. Қазан айының соңы мен қараша айында айдалған сүдігердің сапасы төмен болып, негізгі мақсат орындалмайды.
Шиін мен күрмек арамшөптерімен ластанған танаптарда сүдігерді 25-27 см соқамен тереңдікте айдаған жөн. Топырақтың беткі қабатында жатқан арамшөп тұқымдары жырту барысында терең қабаттарға түсіп, кейін өніп шыға алмайды.
Доңызқоға арамшөптерімен күресу мақсатында жырту тереңдігін түйнектері орналасқан қабаттардан сәл тереңдеу, яғни 14-16 см тереңдікте жүргізген тиімді. Жер бетіне шығып қалған түйнектер қысқы суықтан үсіп, өліп қалады, ал көктемде оларды тырмамен сүзіп, жинап алып, сыртқа шығарып
тастағаннан кейін 25-27 см тереңдікте қайта жыртады [5].
Топырағы тұзданған танаптарда төменгі қабаттарға өткен тұздарды жоғары шығармау үшін 20-25 см тереңдікте аудармай айдайды [10].
Тың және тыңайған жерлерді, борық тамырлы арамшөптермен ластанған танаптарды сүдігерге жырту ертерек, 25-27 см тереңдікте жүргізіледі.
Көп жылдық шөп аңызы көктемде өсімдік бойы 5-8 см-ге жеткенде, бірақ күріш себуден 10-20 күн бұрын жыртылады.
Топырақ құнарлылығын бірнеше жылдар бойы тиімді пайдалану үшін жерді терең жырту мен таяз айдауды алмастырып жүргізген жөн. Шөптер биомассасын топыраққа біртегіс сіңіру үшін айдау алдында ауыр дискімен (БДТ-7, БДТ-3А) 2-4 рет дискіленіп, балауса масса туралады. Сосын 27-30 см тереңдікте аудара жыртып сіңіреді, екінші жылы 22-24 см, үшінші жылы 27-30 см тереңдікте аудара жырту керек.
Мелиоративтік танапта егілген дақылдарды жиып алысымен гектарына 1000-1500 м2 нормасында суарылады. Су топыраққа толық сіңіп, арамшөптер
жаппай көктеп шыққаннан кейін 22-24 см тереңдікте жыртылады. Содан кейін жөндеу, тегістеу жұмыстарына кіріседі [10].
Күріш танаптарындағы топырақты жыртып өңдеу үшін көтермелі, жарты-
лай көтермелі және тіркемелі ПЛН – 4-35, ПЛН – 5-35, ПЛН – 6-35, ПЛН – 8-35 соқаларын ДТ – 75, Т – 150, К – 701, К – 701А тракторларымен бір агрегатта пайдаланылады.
Сүдігер жырту кезінде атыз көлеміне сәйкес, енін анықтау арқылы оны загондарға бөліп, агрегаттардың жүру бағытын, қозғалу және бұрылу тәсілдерін анықтау керек, барлық технологияны сақтап, жырту талабын мұқият орындау керек (кесте 15).
Топырақты егін себер алдында өңдеу. Топырақты негізгі өңдеумен қатар, егін себер алдында өңдеудің де маңызы зор. Егістікті егін себер алдында өңдеу арқылы ірілі-ұсақты тоң кесектер майдаланылады, топырақ қопсытылып, арамшөптер жойылады, тыңайтқыштар топыраққа мұқият енгізіледі, атыз беті тегістелінеді, тұқымның біркелкі орналасуына қолайлы жағдай туады. Осының нәтижесінде тұқым жаппай өніп шығып, күріш жақсы өсіп дамиды. Бұл жұмыстарды көктемде жер өңдеуге келісімен кіріскен дұрыс.
кесте 15
Сүдігер жыртудың негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Қойылатын талап пен шектеулер |
Сүдігер жырту мезгілдері |
Қыркүйек – қазан |
Жырту тереңдігінің біркелкілігі |
Белгіленген тереңдіктен айырмашы-лық 2 см-ден аспауы керек |
Жырту түзулігі |
500 м-де 1 м айырмашылық |
Шымды аудару |
Толық |
Соқаалымының 5 жүрістен кейін конструкциялық көрсеткіштен ауытқуы |
10 %-дан аспауы керек |
Өсімдік және арамшөптер қалдықтарын сіңіру дәрежесі |
Массасы бойынша 90%-дан кем емес (яғни түгелдей сіңіру) |
Майда жалдар мен борозда тереңдігі |
15 см-ден төмен (аз) |
Өңделмей (жыртылмай) қалған жерлер |
Қалмауы керек |
Өңделмеген атыз шеті, жолақтар |
Болмауы керек |
Өңделмеген сопақ жалдар |
Болмауы керек |
Көктемгі тырмалау, катоктау және майдалау жұмыстарын тоң кесектердің оңай ұнтақталатын кезінде жүргізген жөн. Ауыр саз топырақты егістегі тоң кесектерді арнайы майдалағышпен немесе сақиналы ауыр катоктармен ұстайды. Арамшөп басып кеткен жерлерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын 16-18 см тереңдікте қайта жыртып, пайда болған тоң кесектерді, соңынан тісті тырма тіркелген ауыр дискілі БДТ-2,2 немесе БФД-2,5 А, БДГ-3,0, БДНТ-3,5 құралдарымен ұнтақтайды [5].
Сонымен көп жылдық зерттеулер көрсеткендей Іле өзенінің алқабында орналасқан күріш өсіруші шаруашылықтар үшін топырақ өңдеудің төмендегідей жүйесі ұсынылған:
- жоңышқа егу үшін - тереңдігі 20 - 22 см зябь (қазанда) жыртылады+көктемде (сәуірде) тереңдігі 30 - 35 см етіліп топырақ аударылмай
қопсытылады;
- жоңышқадан кейін күріш егу үшін көктемде (сәуірдің аяғында) терең-
дігі 16-18 см етіліп, аударылып жыртылады.
- шөптерден кейін күрішті екінші дақыл ретінде егу үшін –тереңдігі 20-22 см сүдігер жыртылады-көктемде (сәуірде) 28-30 см тереңдікке аударылмай
қопсытылады;
- құрақпен ластанған
күріш танаптарын тұқым
Тыңайтқыш қолдану. Жоспарланып отырған күріш өнімін алу үшін, оның егісін тыңайту керек. Бір тонна астығы мен оған сәйкес сабан алу үшін күріш әр гектардан 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор және 30-35 кг калий пайдаланады. Топырақта бұл элементтер жетіспесе оның өнімі азаяды, әсіресе азоттың жетіспеуі күрішке кері әсер етеді.
Азот күрішке вегетациялық кезеңінің барлық сатысында қажет. Алайда, бір өлшем құрғақ зат түзу үшін күріштің бұл элементті ең көп кабылдайтын мерзімі көктеу - түтік шығару фазасы.
Фосфор топырақта жетіспеген жағдайда өсімдікте ақуыздың синтезделуі нашарлайды, жапырағы жарылады, тамырлары нашар өседі, түптену кешігеді, шашақ басының көлемі де кішірейеді. Сондықтан күрішті фосформен ең алғашқы кезеңнен бастап камтамасыз ету керек. Күріштің басқа дақылдардан өзгешелігі – ол суда жақсы еритін фосфор қосылыстарымен қатар калий және басқа тұздарды жақсы сіңіреді.
Қоректік элементтердің ішінен күріш топырақтан калийді, әсіресе оны түтік шығару кезеңі басталарда көп керек етеді. Сондықтан, күрішті осы мерзімде калиймен камтамасыз етсе, ол тез жетіліп, өнімділігі артады.
Органикалық, фосфор, калий тыңайтқыштарының жылдық мөлшерін түгелдей сүдігер жыртар немесе күрішті себер алдында, ал азот тыңайтқышын үш бөліп беру керек (30%-ын себер алдында, 30%-ын 3-4 жапырақ пайда болғанда, 40%-ын түптену кезінде).
Минералдық тыңайтқыштарды тұқым себер алдындағы культивациялау кезінде РТТ-4,2, 1-РМС-4 машиналарымен шашып, топырақтың 10-12 см тереңдігіне сіңіреді, ал күріштің вегетациясы кезінде оны БДТ-7 құралымен үс-
теп қоректендіреді (сурет 2)
Сурет 2. Күрішті үстеп қоректендіру БДТ-7 техникасы