Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ нурбол 535.doc

— 7.30 Мб (Скачать документ)

 

Алғы егіске байланысты топыраққа минералдық тыңайтқыштарды енгізудің тиімді мөлшері мынандай: көп жылдық шөптер қыртысынан кейін 3 ц аммоний сульфаты, 5 ц суперфосфат, көп жылдық шөп қыртысының аудармасынан кейін – гектарына 5-6 ц аммоний сульфаты, 4 ц суперфосфат, ал үшінші жылы күріш егілген жерге гектарына 7-8 ц аммоний сульфаты, 4-5 ц суперфосфат беріледі (кесте 16)

    кесте 16

    Күрішті үстеп қоректендіру

 

Тыңайтқыштар  түрлері

Берілу

Қолданылатын машиналар маркалары

мөлшері, ц/га

мерзімі

Азотты (амони  сульфаты)

30%-ы

мамырдың  бірінші жартсында

РТТ-4,2, 1-РМС-4 ЛПЛ-10-25, БДТ-7

 

30%-ы

3-4 жапырақ  пайда болғанда

РТТ-4,2, 1-РМС-4 ЛПЛ-10-25, БДТ-7

 

40%-ы

Түптену кезінде

РТТ-4,2, 1-РМС-4 ЛПЛ-10-25, БДТ-7

Фосфорлы (суперфосфат)

80

Егін себер  алдында

РТТ-4,2, 1-РМС-4 ЛПЛ-10-25, БДТ-7


 

Суару жүйесі. Күріш өсіруді механизациялау үшін инженерлік суару жүйесін жасау керек. Оның басты элементі – атыз, көлемі 2-3 гектар. Суды танапта ұстап тұру үшін оны айнала топырақ үйіндісімен қоршайды. Танаптың негізгі бөгеттері биіктеу болып бірнеше жылға жасалады, ал көлденең бөгеттері аласалау (биіктігі 30—40 см) жасалып, бұлар әр күз сайын жаңартылып отырылады. Жал аралығындағы жерді «атыз» деп атайды. Оның ені 20 м, ұзындығы 700-1500 м болғаны дұрыс. Су бас арықтың екі жағынан бірдей жіберіледі (сурет 3).

Әр атыздың  ұзына бойы, бас арыққа қарама қарсы тереңдігі ең кем дегенде 0,7 м қашыртқы арық қазылады. Ол егістен артық суды ағызып жіберуге арналады. Су бас арықтан атызға және одан қашыртқы арыққа ашып-жабатын қақпағы бар құбырлы тоспалар арқылы ағып барады.

 

Сурет 3. Күріш егілетін алқап

 

          Күрішті жинау – ең жауапты кезең. Оны ору қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі. Шабу кезінде жер толық құрғақ болуы үшін күріштің дәні қамырланғанда атыздарға су жіберу тоқтатылады. Күріш негізінен бөлектеп орылады. Ең алдымен ЖНУ-4, ЖРК-5 жаткаларымен шашақ басындағы дәннің 85-90 пайызы толық піскенде күріш дестеге салынады, содан 3-5 күннен кейін РСМ-101 «Вектор-410» «4сурет» СКД-5Р, СКПР-6, СКГД-6 комбайындарымен жинап, бастырылады [10].

 

Сурет 4. Комбайн РСМ-101 «Вектор-410»

 

                                

                                        Сурет 5. Күріш алқабы

                       Сурет 6.Кейбір шет мемлекеттердегі күріш алқабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері

 

 

Дүние  жүзінде  соңғы 10-15 жыл аралығында экологиялық проблемалардың күрделене түскені баршаға белгілі. Ол негізінен егіншілік мәдениетінің төмендегенін көрсетеді. Атап айтқанда, топырақ эрозиясы, оның техникалармен шамадан тыс тапталып нығыздалуы, ауыл шаруашылығы өнімдері мен қоршаған ортаның пестицидтер, минералды тыңайтқыштар тұздарымен ластануы сияқты құбылыстардың кең етек алғанының әсері [13].                                          Осы келеңсіз жағдайларды болдырмай, мүмкіншілігінше жою үшін жасалған зерттеулердің қорытындысы бұл жұмыста алғы  дақылдардың маңызы орасан зор екенін дәлелдеді.

        Топыраққа органикалық заттарыдың жиналуы: Жүргізілген көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен озық тәжірибе ауыспалы егісте өсірілген дақылдарды биологиялық ерекшеліктеріне қарай дұрыстап орналастыру арқылы топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және күріш түсімін молайтуға толық болатындығын көрсетті. Мәселен, күріш егісінен кейін көпжылдық шөптер өсіру топырақтың 20 см қабатындағы қарашірінді мөлшерін 0,73 %-дан 1,35%-ға молайтады, суға берік 3-0,25 мм фракциялы агрегаттарды 3,2-17,5% көбейтеді, бір гектар егісте 170-230 кг таза азот жинайды екен.

Республикамыздың күріш егетін аймақтарында көпжылдық шөптер топырақты органикалық затпен байытып, оның физикалық-химиялык сапасын жақсартатын және құнарлылығын арттыратын дақыл — жоңышқа. Әсіресе, ауыспалы күріш егісінде жоңышқа теңдесі жоқ дақыл екенін ғылми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері де, озық тәжірибе де дәлелдеді.

Бітік шыққан жоңышқа топырақ қабатына көп мөлшерде органикалық заттар (тамыр, аңыздық қалдықтар) қалдырады. Оны 17 кестеде келтірілген

деректерден көруге болады.

  кесте 17

  Күріштің алғы егісінің топырақтың 0-40 см қабатында  қалдыратын органикалық заттардың мөлшеріне әсері

Алғы егістер

Органикалық заттар қалдығы, т/га

Жоңышқа қыртысы

17,3

Түйежоңышқа қыртысы

16,0

Жоңышқа қыртысының аудармасы

6,8

Таза пар (мелиоративтік танап)

0

Күріштің монодақылы (бақылау)

4,9


 

Осы келтірілген материалдар  күріш дақылының ең жақсы алғы егісі жоңышқа және түйежоңышқа  екенін көрсетеді. Бұл бұршақ тұқымдасына  жататын көпжылдық шөптер өздерінен  кейін танаптың әр гектарына 16,0-17,3 тоннаға дейін органикалық заттар (жапырақ, сабақ, тамыр) жинайтынын көрсетіп отыр.

Пар танабы жақсы алғы егіс болғанымен, онда органикалық  заттар мүлдем аз, себебі бұл танапта  бір жыл бойы ешқандай өсімдік  болған жоқ. Пардың алдында өсірілген  күріш өсімдігінің қалдықтары минерализацияға түсіп кетті. Дегенмен, пар топырақтың ауалық қасиетін жақсартады, аэрация процесін күшейтеді. Оның себебі екі жыл бойы күріш өскен танапта қардың, топырақтың, ауылшаруашылық техникаларының салмақтарымен топырақ қатты тығыздалады. Осының нәтижесінде топырақтан ауа атмосфераға ығыстырылып шығарылып, онда анаэробтық үрдіс басталады, бұл күріштің келер жылдары жақсы өсіп-дамуына кері әсер көрсетеді.

Пар өңдеу жүйесіне топырақ  бірнеше рет қопсытылып, оның газ алмасуы жақсарады, бұрынғы бүлінген капиллярлық қуыстылықтар қалпына келеді, аэробты үрдіс  күшейеді. Осының бәрі күріштің келер жылы жақсы өсіп дамуына, оның өнімділігінің жоғарылауына оң әсер етеді.

Күрішті бір орынға екі  жылдан артық  егу жоғарыда көрсетілген  келеңсіз жағдайлардың  болуына, сөйтіп топырақтың ылғалдық-физикалық жағдайының

нашарлауына, күріш өнімінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Танаптарда егілген  дақылдарға байланысты топырақтың агрофизикалық  қасиеттері, оның көлемдік және сыбағалы салмақтары, қуыстылығы, тығыздығы өзгереді. Күріш ұзақ жылдар бойы монодақыл ретінде бір танапта егілетін болса, ол басқа танаптарға қарағанда біршама тығыздалады. Мұндай топырақтың 0-20 см қабатының көлемдік массасы 1,34 жетіп, тығыздалса, ал оның жалпы қуыстылығы 50 пайызға дейін кемиді (кесте 18).

         кесте18

        Алғы дақылға байланысты топырақтың физикалық қасиеттері

 

 

Алғы егістер

Қабаттың тереңдігі, см

Көлемдік масса, г/см3

Сыбаға лы масса, г/см3

Жалпы қуысты-

лығы, %

1

Жоңышқа қыртысы 

0-20

1,34

2,62

50,0

20-40

1,38

2,60

48,8

2

Түйежоңышқа қыртысы

0-20

1,27

2,60

56,0

20-40

1,28

2,60

55,0

3

Жоңышқа қыртысының аудармасы

0-20

1,09

2,62

55,0

20-40

1,17

2,59

54,0

4

Таза пар (мелиоративтік  танап)

0-20

1,20

2,55

55,0

20-40

1,27

2,59

54,0

5

Күріштің монодақылы (бақылау)

0-20

1,08

2,50

56,0

20-40

1,27

2,55

57,0


        

          Жоңышқа танабының 0-40 см қабатындағы бұл көрсеткіш 1,34-1,38 г/см3 болды. Топырақтың тиімді құнарлылығының қалыптасуына тікелей ықпалын тигізетін оның агрофизикалық қасиеттері екені белгілі. Олар жайсыз болғанда өсімдіктің тамыр жүйесінің өсуіне қолайлы жағдай тумайды.

Демек, ауыспалы егісте бір  танапқа күрішті жиі қайталап егудің экономикалық тиімділігі төмен, экологиялық зияны көп болады. Егер күрішті бір танапқа екі жылдан артық себетін болса, онда минералдық тыңайтқышты мол бергеннің өзінде де бұл әдісті өндіріске ұсынуға болмайды, өйткені топырақта анаэробты процестер жүріп,  тұздардың шала  тотығы  пайда болады,  сөйтіп топырақ құнарлылығы төмендейді.Жоңышқа егілгенде топырақтың агрофизикалық қасиеттерінің көрсеткіштерін жақсартып, оның тиімді құнарлылығын жоғарылатуға мүмкіндік болады.

Мелиоративтік танап  топырақтың ауа және ылғалдық режимдерін жақсартып өсімдікке қолайлы жағдай тудырады. Мелиоративтік танап ретінде таза пар немесе отамалы дақылдар қолданылады, сондықтан топырақ жаз бойы бірнеше рет қопсытылып, аэрация процесі күшейеді, сөйтіп топыраққа оттегі оңай сіңіп, атмосфера мен топырақтың арасында газ айналымы күшейеді.

         Жүргізілген фенологиялық бақылаулар мен есептеулер: Күріш өзінің өсіп-даму барысында бірнеше фенологиялық фазалардан (кезеңдерден), яғни көктеп шығу, түптену, шашақтану, гүлдену, масақтану және пісу сатыларынан өтеді. Өндірістік практика кезінде жүргізген бақылауларымызға сүйене отырып күріштің фенологиялық фазаларының өту мезгілдерін белгілеген едік. Сол бақылаулардың мәліметтерін келтіріп отырмыз (кесте 19).

  кесте 19

  Алғы егістерге байланысты күріштің фенологиялық фазаларының және вегетация кезеңінің күн ұзақтығы

 

Алғы егістер

Топырақтың физикалық  «пісуі»

Фенологиялық фазалар  аралығының ұзақтығы

Вегетация кезеңінің  ұзақтығы

себу-көктеу

көктеу-түптену

Түптену

гүлдеу

гүлдеутолық пісу

Жоңышқа қыртысы

4-6.11

14

43

33

37

127

Түйежоңышқа қыртысы

6-8.11

14

43

33

36

126

Жоңышқа қырты-сының аудармасы

 

6-8.11

 

14

 

43

 

32

 

36

 

124

Таза пар (мелиоративті)

 

5-6.11

 

14

 

43

 

33

 

37

 

126

Күріштің монодақылы (бақылау)

 

7-8.11

 

14

 

40

 

30

 

35

 

117


         Күріш дақылын әртүрлі алғы егістен кейін орналастырғанда оның вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 117 күннен 127 күнге дейін созылды.

    Оның ең қысқа вегетациялық кезеңі танапта күрішті монодақыл ретінде сепкенде байқалып, орташа есеппен 117, ал ең жақсы егістерге сепкенде 127 күнді құрады, яғни олардың вегетациялық кезеңдері бақылауға қарағанда 7-10 күн ұзақ болды. Бұл дәннің әбден толығуына, өнімнің жоғарылауына себеп тигізді (сурет 5).

    Егісті азот тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру АН-2 ұшағымен немесе КА-26 машинасымен, соңғы кезде делтоплан арқылы күріштің 3-4 жапырағы пайда болған кезде жүзеге асырылып жүр, ал қажет болған жағдайда, екінші үстеп қоректендіру өсімдік 6-7 жапырақ жайған кезде жүргізіледі.

 

       

Сурет 7. Егісті азот тыңайтқыштарымен АН-2 ұшағымен үстеп қоректендіреді

 

         Алғы егістердің күріштің арамшөптену дәрежесіне ықпалы: Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарына орасан зиян келтіреді. Олар, біріншіден, мәдени өсімдіктердің қоректік заттарға бәсекелесі, яғни ортақтасы.

 Екіншіден, арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының ауру қоздырғыштарын тарататын орта.

 Үшіншіден, арамшөптер топырақ құнарлылығының төмендеуінің себептерінің бірі. Төртіншіден, арамшөптер өнімді, оның сапасын төмендетіп, егіншілікке экономикалық зиян келтіретін жағымсыз фактор болып табылады.

 Бесіншіден, танапты арамшөптерден тазалау үшін көп еңбек пен қаржы керек.

 Тәлімі жерлерге қарағанда суармалы егіншілікте, оның ішінде әсіресе күріш егісінде, арамшөптер басым өседі.

 Азжылдықтардан күрмек, тауықтары, итқонақ, ал көпжылдықтардан қамыс, қоға басым өсіп, дақылдың түсімін төмендетеді, сапасын нашарлатады. Соныдықтан, арамшөптермен күрес – ол өнім үшін, сапа үшін күрес.

 Арамшөптермен күресте агротехникалық шаралардың, соның ішінде алғы

егістің рөлі ерекше.

 Агротехникалық шаралардың ішіндегі қосымша шығын жұмсалмайтын ең тиімдісі ауыспалы егіс, яғни күрішті өте жақсы және жақсы алғы егістерден кейін сепкен жөн.

 Суармалы аймақтардағы күріштің өте жақсы және жақсы алғы егісі – көпжылдық шөптер, олардың қыртысының аудармасы, мелиоративтік танаптар екенін төмендегі көруге болады (кесте 20).

  кесте 20

       Алғы егіске байланысты танаптың арамшөптену дәрежесі

 

Алғы егістер

Барлық арамшөптер саны, түп/м2

Оның ішінде

күрмек

қоға

қамыс

Жоңышқа қыртысы

3

3

-

-

Түйежоңышқа қыртысы

5

2

3

-

Жоңышқа қыртысының аудармасы

6

3

3

-

Таза пар (мелиоративтік  танап)

2

2

-

-

Күріштің монодақылы (бақылау)

19

14

3

2

Информация о работе Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы