Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.
Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65
Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66% - ы түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды.
Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу проблемасы шаң – тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттардың алыс қашықтыққа жеткізу нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін.
Табиғи және антропогендік факторлар
Қазақстандағы шөлейттенудің
2 Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері
Балқаш ауданы – Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1932 жылы құрылған. Жер аумағы 37,4 мың км².Тұрғыны 30,2 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 0,9 адамнан келеді (2006). Аудандағы 38 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округ құрамына енеді. Аудан орталығы – Бақанас аулы. Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесік атырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық.
Аудан жеріндегі ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды. Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы (–13 – 15°С), шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан Балқаш ауданының негізгі топырақ жамылғысы – құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан.
Құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сораң, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақ бөкен, елік, қабан, ондатр тіршілік етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, тырна, қоқиқаз, бірқазан, т.б. құстар мекендейді. Өзендерде сазан, алабұға, мөңке, шармай бар. Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасында көмір, марганец, уран кендері барланған. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр, гранит өндіріледі. Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы.
Өсімдік шаруашылығында тәлімі және суғармалы егін шаруашылығы қалыптасқан. Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 1,8 млн. га. Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1 мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411 га) егіледі. Топырақ ерекшеліктері: Шаруашылық қоңыржай климаттық белдеуде жатыр, сондықтан оның климаты құрғақ континентті. Климаттың континенттілігі температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ, жауын-шашынның аз болуынан байқалады. Жер бедері теңіз деңгейінен 350 м-ден 600-700 метр биіктікте жатыр.Қыс желтоқсаннан наурыз айына дейін созылады. Арктикалық ауа массалары Солтүстік Мұзды мұхиттан құрғақ, суық ауа әкеледі. Бірақ, арктикалық ауа массаларын оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын Орта Азия мен Ирандық тропиктік ауа массалары ауыстырып, күн қайтадан жылынады. Қардың тұрақты жамылғысы желтоқсанның бірінші жартысында түсіп, ақпанның аяғында ериді және шамамен алғанда 80-95 күн бойы сақталады. Қар жамылғысының биіктігі кейде 15-20 см жетеді, қар суының қоры 25-35 мм. Қыс онша қатаң емес. Ең суық ай қаңтар орташа температурасы - 9,4-12,5˚С. Оған келтірілген деректер дәлел бола алады(кесте 1).Дихандар үшін тек атмосфераның емес, сонымен топырақ температурасының да маңызы үлкен, себебі оған егін себу мерзімі, тұқымның
кесте 1
Атмосфера ауасының орташа температурасы, ˚С
(Балқаш метеорологиялық бекетінің деректері бойынша)
Көрсеткіш тер |
Айлар атаулары |
Жыл дық орташа мөлшері | |||||||||||
қаңтар |
ақпан |
Наурыз |
сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан | ||
Көп жылдық деректер |
12,5 |
-6,2 |
5,7 |
12,8 |
21,2 |
24,5 |
25,2 |
24,9 |
19,1 |
11,7 |
-1,7 |
-3,2 |
10,1 |
2010 жыл |
-9,5 |
-5 |
-3,4 |
11 |
22 |
27 |
33 |
35 |
20 |
13 |
-2,8 |
-4,6 |
11,3 |
жер бетіне көктеп шығуы тікелей байланысты. Топырақ температурасы жөніндегі мәліметтер (кесте 2) берілген.
кесте 2
Топырақтың беткі қабатының орташа температуралары, ˚С
(Балқаш метеорологиялық бекетінің деректері бойынша)
Көрсеткіш-тер
|
Айлар атаулары |
Орташа жылдық | |||||||||||
Қаңтар |
ақпан |
наурыз |
Сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан | ||
Орташа көп жылдық деректер |
-14 |
-11 |
1 |
12 |
21 |
28 |
30 |
27 |
18 |
8 |
-2 |
-10 |
9 |
Орташа максимум |
-4 |
0 |
14 |
32 |
43 |
51 |
54 |
50 |
41 |
26 |
10 |
-2 |
26 |
Абсолютті максимум |
14 |
22 |
41 |
56 |
63 |
69 |
70 |
66 |
60 |
47 |
31 |
22 |
70 |
Орташа минимум |
-21 |
-18 |
-8 |
1 |
7 |
12 |
14 |
11 |
5 |
-2 |
-9 |
-16 |
-2 |
Абсолютті минимум |
-43 |
-46 |
-38 |
-16 |
-12 |
-2 |
3 |
0 |
-10 |
-22 |
-46 |
-42 |
-46 |
Көктем ерте басталады. Қар наурыздың басында ери бастайды. Көктемгі соңғы аяздар сәуірдің аяғына дейін созылады (кесте 3).
Биылғы жылдың агроклиматтық жағдайлары ерте түскен құрғақ көктемімен, бірқалыпты ыстық жазымен және айтарлытай жылы күзімен сипатталды. Ауа температурасының +15°С-тан жоғары тұрақты өтуі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалды. Вегетациялық кезеңнің басында қатқақ суықтар
байқалмады
кесте 3
Аязсыз мерзімнің ұзақтығы, күн
Көктемгі үсіктің аяқталуы |
Күзгі үсіктің басталуы |
Үсіксіз мерзімнің ұзақтығы (күн) | ||||||
Орташа |
ең ерте |
ең кеш |
Орташа |
ең ерте |
ең кеш |
орташа |
ең азы |
ең көбі |
25 IV |
2 IV |
20 V |
29 IX |
15 IX |
18 X |
156 |
125 |
- |
Алғашқы күзгі қатқақтар 13 қазанда тіркелді. Мамыр – тамыз айларындағы тиімді температуралардың (+15°С-ден жоғары) қосындысы 2945°С құрады. Аязсыз кезең 228 күнге созылды.Аймақтың жазы ыстық, құрғақ және ұзақ. Бұл жердегі ең ыстық айлар шілде мен тамыз. Жылдық жауын-шашын мөлшері 130-200 мм шамасында (кесте 4).
Атмосфералық жауын-шашындардың жыл ішіндегі бөлінуі біркелкі емес, құрғақшылыққа төзімді және ылғал сүйгіш өсімдіктердің, әсіресе көктемгі кезеңде, өсуі мен дамуына қолайлы ықпалын тигізбеді.
кесте 4
Жылдық жауын-шашын мөлшері және оның айлар бойынша түсуі, мм
(Балқаш метеорологиялық бекетінің деректері бойынша)
Көрсеткіштер |
Айлар атаулары |
Жылдық орташа мөлшері | |||||||||||
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
Сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан | ||
Көп жылдық деректер |
26,9 |
24,6 |
3,8 |
4,1 |
7,5 |
1,7 |
2,6 |
8,2 |
7,1 |
7,9 |
12,2 |
21,4 |
128/10,6 |
2010 жыл |
23,9 |
21,4 |
5,7 |
5,2 |
5,3 |
4,7 |
5,2 |
8,8 |
9,3 |
10,5 |
15,7 |
23,6 |
139/11,6 |
Шаруашылықтағы атмосфералық жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 140 мм-ден аспайды, оның 50-60 %-дан астамы жылдың жылы кезеңіне келеді.
Күз өзінің ұзақтылығымен ерекшеленеді. Күзге қарай ауа-райы салқындай бастайды, оның температурасы төмендеп, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғарылайды. Оны (кесте 5) келтірілген жадығаттан байқауға болады.
кесте 5
Атмосфералық ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
(Балқаш метеорологиялық бекетінің деректері бойынша)
Көрсеткіштер |
Айлар атаулары |
Жылдық орташа мөлшері | |||||||||||
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
Сәуір |
мамыр |
мусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
Қазан |
қараша |
желтоқсан | ||
Көп жылдық деректер |
79 |
77 |
78 |
69 |
56 |
47 |
41 |
47 |
54 |
68 |
74 |
75 |
64 |
2011 жыл |
84 |
81 |
79 |
72 |
66 |
54 |
49 |
56 |
67 |
70 |
77 |
82 |
70 |
Жаздың ыстық айларында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен болады, оның мөлшері бар-жоғы 25-29% маңында.
Көктемдегі ауа ылғалдылығы тапшылығының қосындысы 205-235 мм, ал күздегі - 215-255 мм тең. Ең жоғарғы салыстырмалы ылғалдылық қысқы айларға келеді.
Желдің бағыты мен жылдамдығы. «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жағдайында жел тұрақты соғып тұрады. Оның соғу бағыты жыл маусымына байланысты өзгеретіндігіне (кесте 6) келтірілген жадығаттан байқауға болады.
Көретініміз, жел негізінен солтүстік-шығыс бағытынан соғады, ал жаз айларында оның бағыты өзгеріп оңтүстіктен соғады. Жыл 12 айдың ішінде желдің соғатын бағыттары ( кесте 7) келтірілген.
кесте 6
Желдің жылдамдығы мен бағыты
Айлар атаулары |
Желдің соғатын бағыты мен жылдамдығы (м/сек) | |||||||
Солтүстік |
Солтүстік-шығыс |
Шығыс |
Оңтүстік-шығыс |
Оңтүстік |
Оңтүстік-батыс |
Батыс |
Солтүстік-батыс | |
Қаңтар |
2,2 |
2,2 |
1,9 |
3,3 |
3,8 |
3,8 |
3,9 |
2,4 |
Ақпан |
2,5 |
2,6 |
2,1 |
3,3 |
3,4 |
3,1 |
3,8 |
2,4 |
Наурыз |
3,1 |
3,5 |
2,6 |
2,5 |
2,8 |
3,9 |
4,5 |
3,1 |
Сәуір |
3,1 |
4,5 |
3,0 |
2,9 |
2,9 |
4,0 |
5,2 |
4,2 |
Мамыр |
3,5 |
4,8 |
2,5 |
2,6 |
3,6 |
4,1 |
5,1 |
4,2 |
Маусым |
3,9 |
4,9 |
3,0 |
3,2 |
3,3 |
3,8 |
4,8 |
4,2 |
Шілде |
3,8 |
4,3 |
3,3 |
3,2 |
2,9 |
3,9 |
4,5 |
4,5 |
Тамыз |
3,7 |
5,0 |
3,5 |
2,5 |
2,6 |
3,0 |
4,1 |
3,7 |
Қыркүйек |
2,7 |
3,8 |
2,4 |
2,4 |
2,9 |
3,5 |
4,7 |
3,5 |
Қазан |
2,3 |
3,8 |
2,6 |
3,2 |
3,1 |
3,8 |
4,7 |
3,1 |
Қараша |
2,3 |
2,8 |
2,0 |
2,2 |
3,5 |
4,4 |
5,2 |
2,6 |
Желтоқсан |
2,2 |
2,2 |
2,0 |
3,0 |
2,8 |
3,8 |
4,1 |
2,5 |
Орташа жылдық |
2,9 |
3,7 |
2,6 |
2,9 |
3,2 |
3,8 |
4,6 |
3,4 |