Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ нурбол 535.doc

— 7.30 Мб (Скачать документ)

 

Осы кестеде келтірілген деректер күріштің монодақылы басқа алғы дақылдарға қарағанда арамшөптермен күшті ластанатындығын көрстетеді. Арамшөптерден ең таза танап пардан және жоңышқа қыртысынан кейін себілгенде болатындығын аңғарамыз. Мысалы, күріштің монодақылының бір гектар жерінде 1,9 млн түп арамшөп болса, ал басқа дақылдарда ол 0,2-0,6 млн түп аралығында ауытқиды.

         Күріштің биологиялық массасының жиналу динамикасы: Вегетация кезінде күріштің бойлап өсуі, оның биомассасының жиналуына,өнімнің деңгейіне және оның сапасына әсер етуші факторлардың  бірі  болып  табылады. Күріш көктеп шығу фазасында өсімдіктің құрғақ зат салмағы 1,07-1,09 г  өзгеретінін үш  жылдық  зерттеулер    нәтижесінен, яғни төмендегі          (кесте 21) келтірілген мәліметтерден көруге болады.

Жоңышқа қыртысына себілген күріштің  түптенуі  мен  шашақтану  фазаларында  өсімдікте  биомасса  жиналуы  қарқындырақ  жүреді. Бұл кездегі 10  өсімдіктің құрғақ  зат салмағы 1,86 және  83,2 грамм  аралығында болды.

Түйежоңышқа қыртысына  себілген күріш егісінде бұл көрсеткіш  осыған сәйкес 2,1 граммнан 93,4 граммға дейін ауытқыды, яғни құрғақ зат салмағының  айтарлықтай жоғарылағаны көрініп тұр.

Күрішті таза парға сепкенде оның құрғақ биомассасының салмағы  көпжылдық шөптермен (жоңышқа және түйежоңышқа) кемдеу болды, яғни ол көрсеткіш 1,62 және 81,84 грамм аралығында ауытқыды. Ал, жоңышқа қыртысының аудармасына себілген күріш биомассасының құрғақ затының жинақталуы 1,43-64,78 граммға тең болды. Ең аз құрғақ зат жиналуы (1,45 және 60,39 грамм) күріштің монодақыл егісінде байқалды.

        кесте 21

          Алғы егістердің  күріш  биомассасының жинақталуына  әсері

Алғы егістер

Фенофазалар

10 өсімдіктің биомассасы, г

Жоңышқа қыртысы 

көктеп шығуы

түптенуі

шашақтануы

1,08

1,86

83,2

Түйежоңышқа қыртысы

өскін

түптену

шашақтану

1,1

2,1

93,4

Жоңышқа қыртысының аудармасы

өскін

түптену

шашақтану

1,07

1,43

64,78

Таза пар (мелиоративтік танап)

өскін

түптену

шашақтану

1,09

1,62

81,84

Күріштің монодақылы (бақылау)

өскін

түптену

шашақтану

1,07

1,45

60,39


 

Қорыта  айтқанда, күрішті  жоңшқа мен түйежоңышқа қыртыстарына сепкен  жағдайда  өсімдіктерде  құрғақ  зат салмағының жиналуы қарқынды жүріп, осы алғы егістерден кейін жоғары өнім алуға мүмкіндік туды.

 

Сурет 8. Қамбаға құйылған күріш дақылы

 

         Алынған өнім көрсеткіштері. Әрбір өсімдіктің дамуына, құрғақ  зат салмағының  қарқынды  жиналуы айтарлықтай әсер  етті. Зерттеу нәтижелеріне   көз жүгіртсек, күрішті жоңышқа қыртысына сепкенде оның биіктігі 126,9 сантиметрге дейін жетеді. Осыған сәйкесінше, шашақгүл, бастапқы  және  орташа өркендердің ұзындығы 17,6 және 16,4 см дейін, ал жетілген  масақтар саны 208,3, оның ішінде  бастапқы  өркен саны 96,6 дана екенін көреміз. Күріштің бос және солған масақтар саны әр өсімдікке 21,6 дана болды. Ал, жоңышқа мен түйежоңышқа қыртысына орналасқандағы көрсеткіштер 21,6; 24,6 және 28,0 данаға дейін  артқан (кесте 22).

Кестеде көрсетілгендей алғы егістерге байланысты өсімдік  биіктігі 118,6 см дейін, бастапқы және орташа өркендердің ұзындығы 17,6-дан 15,8 см-ге, ал өсімдіктегі  толық  жетілмеген масақтар  саны 227,4 данаға дейін кеміді. Күріштің монодақылында бос және солған масақтар саны 28,0 данаға дейін артқаны байқалады. Біздің практика кезіндегі бақылауымыз бойынша «Тамшы-Бұлақ»  жауапкершілігі шектеулі серітестік жағдайында күріштің алғы егісі оның өнімділігіне өнімділігіне, бастапқы және орташа өркендердің жоғары  дәрежеде  дән  салуына айтарлықтай себеп болатынын байқадық.

          кесте 22

         Алғы егістердің күріш өнімділігі  құрылымына әсері

 

 

Алғы егістер

 

Өсімдіктің

биіктігі,

см

Шашақгүлінің ұзындығы,см

Жетілген масақтар саны, дана

Солған және бос масақтар саны, дана

негізгі өркен

орташа өркен

өсім-діктің

оның шінде бастапқы өркен

Жоңышқа қыртысы

126,9

17,6

16,4

208,3

96,6

21,6

Түйежоңышқа қыртысы

124,8

18,4

16,4

258,2

95,0

21,6

Жоңышқа қыртысының аудармасы

 

118,8

 

17,6

 

16,3

 

224,1

 

91,4

 

24,6

Таза пар (мелиоративтік танап)

 

120,0

 

18,6

 

17,0

 

224,1

 

91,4

 

23,0

Күріштің монодақылы (бақылау)

 

118,6

 

17,6

 

15,8

 

227,4

 

85,6

 

28,0


 

         Күрішті монодақыл ретінде еккенде масақтардың толық пісіп-жетілмеуіне, бос және солған  масақтар санының  көбеюіне әкеліп соқтыратыны  дәлелденді.

      Күріш өнімділігіне алғы егістің әсері. Күріштің алғы дақылы – жоңышқа: «Тамшы-Бұлақ» шаруашылығында көп жылдық шөптерден жоңышқа, түйежоңышқа таза егіліп, негізгі дақыл күрішпен кезектесіп себіліп отырады (кесте 23).

кесте 23

Алғы егістер топтамасы

Рет саны

Алғы егістер

1

Жоңышқа қыртысы

2

Түйежоңышқа қыртысы 

3

Жоңышқа қыртысының аудармасы

4

Таз пар (мелиоративтік  танап)

5

Күріштің бірегей егісі (бақылау)


 

Күріш ауыспалы егісіндегі оның алғы дақылдарын дұрыс таңдау топырақ құнарлылығын арттырып, танапты арамшөптерден тазартады, өсімдіктің зианкестері мен ауру қозғыштарының санын азайтады, өндірістік шығындарды кемітеді. Күріштің жоғары және тұрақты өнімділігіне тек ауыспалы егістіктер арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметтері бойынша күріш ауыспалы егісінде оның меншікті үлесі 42,0 %-дан аспағаны дұрыс. Сондай-ақ, арнайы күріш ауыспалы егісінде міндетті түрде мелиоративтік танап (таза пар, отамалы дақылдар) болуы керек. (сурет 7)

 

Сурет 9. Егіс алқабында күріш дақылын орып жинау сәті

 

Себебі, күріш бір жерде  екі жыл қатарынан егілгенде  топырақтың ауасы атмосфера қабатына ығыстырылып шығарылады да, оттегінің  жетіспеушілігіне әкеп соғады. Сондықтан, топырақта күрішке теріс әсер ететін анаэробты процесс жүреді. Ал, пар немесе отамалы дақылдар жаз бойы қарқынды өңделіп, ондағы аэрация үрдісі қайтадан орнына келеді.

Біздің бақылауымыз  бойынша күрішті ауыспалы егістерде көпжылдық шөптерден (жоңышқа, түйежоңышқа қыртысы) кейін орналастырса, оның өнімділігінің артатындығын айқын көреміз (кесте 24).

кесте 24

         Алғы егістердің күріш өнімділігіне әсері

 

Алғы егістер

Негізгі өнім, ц/га

Қосымша өнім

ц/га

%

Жоңышқа қыртысы

45,2

13,1

28,9

Түйежоңышқа қыртысы

43,8

11,7

26,7

Жоңышқа қыртысының аудармасы

36,9

4,8

13,1

Таза пар (мелиоративтік  танап)

37,7

5,6

14,9

Күріштің монодақылы (бақылау)

32,1

-

100


 

Жоғарыдағы  24 кестеде көрсетілгендей, күрішті ауыспалы егісте моно-

дақыл ретінде еккенде оның өнімі кемиді, ал жоңышқа мен түйежоңышқа қыртысынан кейін сепкенде күріштің түсімі жоғарылайды.

 

       Сурет 10. «Тамшыбұлақ» жеке шаруашылық  серіктестігінің қол жеткізген көрсеткіштері

 

         4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық проблемалар

 

 

        Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік факторлардың әсерінен болып отыр. Атмосферада көмірқышқыл газдарының концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. 
         Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.

          Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары.

          Осыған   байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді.

          1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты. Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды.

        Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

         Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

         Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

         Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

        Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

         1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

        2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.         

        3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

Информация о работе Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы