Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ нурбол 535.doc

— 7.30 Мб (Скачать документ)

атқарады [18].

Жоңышқа мен түйежоңышқаның ризосферасында астықты дақылдармен  салыстырғанда, пайдалы микроорганизмдердің саны көп болады.

Бірінші орымнан кейін  және екінші жылы түйежоңышқа тез  және биік болып өсіп, биомассасын  интенсивті құрайды, тамыры 80-100 см-ге дейін  жетеді. Осының нәтижесінде, алабота (Chenopodium album), әсіресе доңыз қоға (Bolboschoenus maritimus) мен күрмек (Echinochloa oruzicola) арамшөптерінің өсуін тежеп, вегетация соңында оларды жойып жібереді. Сондықтан күріш ауыспалы егісінде түйежоңышқаның фитосанитарлық және агроэкологиялық рөлі өте жоғары.

Түйежоңышқа доңыз қоға, күрмек пен шиін өскен танаптарда өсірілсе, бұл дақыл аталған арамшөптерді жойып құртуға әсері бар, әрі топырақ құнарлылығын арттырып, оның физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады. Нәтижесінде гербицид қолданбай-ақ, тыңайтқыштарды аз бергеннің өзінде де күріш егісінен біршама жоғары өнім алуға болады. Бұл экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімді [16,19].

Сонымен, ауыспалы егісте күріштің ең жақсы алғы дақылы –  жоңышқа мен түйежоңышқа. Мысалы, Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының егіншілік бөлімі қызметкерлерінің тәжірибе нәтижелеріне қарағанда, жоңышқаның қыртысына минералды тыңайтқыштар беріліп, өсірілген күріш егісінен алынған дән өнімі гектарына 66,8 центнер болса, оның аударма шымынан – 63,9 ц/га, үшінші жылы күріш егілгенде 56,1 ц/га өнім алынған [20].

Күріш дақылы екі жылдық түйежоңышқадан кейін егілген жағдайда жоғары өнім (67,7; 61,9; 53,9 ц/га) береді. Ал, алғы дақылы күздік және жаздық бидай  болып келген күріш егісіне тыңайтқыш  берілгеннің өзінде де өнім төмендейді (54,8 ц/га), екінші жылы 48,2-50,4 ц/га шамасында болды. Сайып келгенде, ауыспалы егістерде күрішті жоңышқа мен түйежоңышқа қыртысына және олардың аудармасында сепкен дұрыс болатындығын ғалымдар мен шаруашылықтардың көп жылдық тәжірибелері толық дәлелдеп берді. 

         Күріш суда өсетін гидрофиттік өсімдік. Су күріштің өсіп-дамуында өте маңызды рөл атқарады. Күріштің ұлпаларында сақталатын судың мөлшері 80-90 пайыз болады. Су өсімдіктің өміріне физиологиялық, биохимиялық процестердің дұрыс өтуіне қажет. Күріш егісінде, су қабаты өз алдынша микроклимат жасайды, ауаның төменгі қабатының ылғалдылығы көбірек, сондықтан күріштің транспирациясы төмендеу болады. Сонымен бірге, тамыр жүйесінің жақсы өсіп дамуына әсер етіп, минералды элементтермен қоректенуін жақсартады. Басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда күріштің транспирациялық коэффициенті төмен.

Күріштің  транспирациялық  коэффициентінің өзгеруі егу  жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның сорттық ерекшелік қасиеттеріне де байланысты. Күріш дақылы түгелдей суға бастырылғандықтан, оның транспирациялық коэф-

фициенті төмендеу  (300-ден 550-ге дейін). Бұл  көрсеткіш  бидайда – 628, қара бидайда – 634, сұлыда – 655, арпада – 618 жетеді [21].  

   Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, тұқымның сіңіру тереңдігіне, топырақтың тұздануы және фильтрациялық қасиеттеріне, егістіктің арамшөптермен ластануына байланысты. Қазақстанның оңтүстігі жағдайында топырақтағы тұзданған атыздарды суға тұрақты бастыру, ал топырағы тұзданбаған атыздарда – қысқартылған суару режимі әдісі қолданылады [15].                                                                       Күріш өсірілетін алқаптардың негізінен шөл далада орналасқан сұр тақыр және тақыр тәріздес топырақтар. Олар топырақтың гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты, батпақты) түрлеріне жатады. Ішіндегі құнарлысы – аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар. Тұздану типі – хлоридті-сульфатты, бір метр топырақ қабатындағы тұздар мөлшері құрғақ қалдық бойынша 0,882-1,816% және оданда жоғары [22].

         Жер асты суы тереңдігі 2-5 метр. Топырақтың су өткізгіштік қабілеті өте төмен. Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің табиғи құнарлылығы төмен, құрылымы нашар, қарашірігі аз, карбонатты, құрамында калий көп, ал азот аз, фосфор орташа немесе одан төмен мөлшерде болады. Сондықтан, азот пен фосфор тыңайтқыштарын көп (N 120-180 және P 90-120 кг/га әсерлі зат есебімен) беру күріш өнімін 2,3-2,5 есе, ал аталған тыңайтқыштар жеке-жеке берілгенде 1,2-1,5 есе, тек калий тыңайтқышы енгізілгенде 15-20% арттырады.

Күріш егісінің су қабаты, топырақтағы қоректік заттардың  жиналуына мүмуіндік жасап, сонымен  бірге аммиакты азоттың, жылжымалы  фосфордың және калийдің сіңімділігін жақсартады, күріштің тамырының қоректенуіне жағдай жасайды [23].

          Қарастырылып отырған алқаптар үшін тәжірибе-өндірістік учаскелердің типтілігі әдістемесінің типтілік белгілерінің кездейсоқ тәуелділігі туралы гипотеза негізінде анықталды. Есептеулер көрсет-кендей, тәжірибе-өндірістік учаскелерінің көрсеткіштері Қызылорда облысы-ның күріштік алқабының 82-86% ауданы үшін типті болып келеді [24].

          Қазақстанның суармалы егістік аймағында ауылшаруашылық дақылдары-ның суды пайдалану мөлшері (Н.В. Данильченко, 1966)  су бетінен буланатын су мөлшерін анықтауға арналған өрнегінің негізінде анық-талды: мұнда - ауылшаруашылық дақылдарының жалпы су пайдалану мөлшері, мм; -буланғыштық шамасы, оны Н.Н. Ивановтың мына өрнегі арқылы анықтайды: , - ауа температура-сының орташа айлық шамасы; - ауаның салыстырмалы ылғалдығының орташа айлық шамасы; биоклиматтық коэффициент; - микроклимат-тық коэффициент [25].

 Қазақстан экономикасы аграрлық секторында күріш шаруашылығы маңызды орынға ие. Негізгі өндірісі күріш дақылы болатын Қызылорда облысы үшін күріш өндірісі тиімділігін арттыру, сапалы  өнім өндіру, тиімді өткізу аймақтың күріш шаруашылықтары мен кәсіпорындарының негізгі мәселесі.

 Ауылшаруашылығы, оның ішінде күріш шаруашылығы тиімділігін  арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды  қолдана отырып, экономикалық-математикалық модельдеуді пайдалану мәселесіне көптеген ғалымдар  өз  еңбектерін арнаған және  ғалымдар өз үлестерін қосты [26].

       Жер шарындағы өсімдіктер бірлестігі биосфераның негізгі бөлшектерінің бірі. Өсімдіктерсіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес және оның адамның тіршілігі үшін толып жатқан шаруашылық мәні бар. Өсімдіктер планетаны оттегімен байытады, тіпті жердегі ауа райы, ауаның қозғалысы, жердің қозғалысы, жердің ылғалдануы, топырақтың эрозиядан қорғанысы, көптеген химиялық элементтердің айналуы сияқты құбылыстар өсімдіктер тіршілігімен тығыз байланысты. Ол құбылыстардың бәрінің табиғи ырғағы өсімдіктердің қатынасуынсыз жүрмейді. Бұдан көретініміз өсімдіксіз жер бетінде тіршілік болуы мүмкін емес.

 Жер бетіндегі өсімдіктер ағаш-бұта, шөптесін өсімдіктер, мүктер, қыналар сияқты әр түрлі тіршілік формаларынан тұрады. Олардың тіршілігі де бір-бірімен тығыз байланысты, үйлесімді болып келеді. Жер бетіндегі өсімдік жамылғысы, тек ағаштар мен шөптерден ғана емес, сонымен қатар хайуанаттардан,құстардан,саңырауқұлақтардан,насекомдардан,микроорганизмдерден тұрады. Олардың бәрінің тіршілігі өсімдікке мәжбүр , онсыз тіршілік жоқ [27].

 Орманның органикалық  заттар жасауда мәні зор. Бір  гектар егістік жылына алты  тонна, жайылым төрт тонна органикалық  зат жасайтын болса, сол мөлшердегі  орман да жылына алты тонна  органикалық зат жасайды екен. Өсімдіктер қала ауасын әртүрлі зиянды газдардан тазартады. Қылқан жапырақтылар сияқты тағы басқа көптеген өсімдіктер адамның және өсімдіктердің қауіпті ауруларын туғызатын микробтарды өлтіріп жіберетін фитонцид дейтін ерекше зат бөліп шығарады.

 Сондай-ақ, ауадағы  шаңды азайтып, күн сәулесінің  қуатын кемітіп, ультракөгілдір  сәулелерді сіңіріп алатындығы  белгілі. Қияларда да өсімдіктің  пайдасы көп. Мысалы, бір гектар  шырша орманы бір жылда -32 тонна,  қарағай -35, қарағаш -43, емен -54 тонна шаң сіңіреді. Көгалданған жердің бір литр ауасының құрамындағы шаң мөлшері өсімдігі жоқ көшелерден үш есе кем.

Айтылған пайдалармен  бірге өсімдіктердің қорғаныстық  мәні де өте күшті. Өсімдіктердің  қорғаныстық мәніне топырақты, егістіктерді, қатынас жолдарды эрозиядан, құм  және қар басудан сақтауы, жолдар мен елді мекендерді табиғаттың қолайсыз жағдайларынан қорғау жатады. Жазық далаларда, аудандарда ыстықтан, ызғырық желден, дауылдардан қорғаудың ең сенімді жолы ағаштар өсіру. Қорғаныс ағаштар өскен жерде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай туады, топырақтың құнарлы қабаты желмен ұшып кетпей сақталады. Орман ызғырық желге қарсы тұрып ашық жерлерде өсімдіктердің суды көп буландырмауын қамтамасыз етеді [28].

         Қыс кезінде мұндай қорғаныс ормандар егіс далаларында қарды тоқтатып, топырақта ылғал сақталып, оны ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ысырапсыз, үнемді пайдаланылуына көмектеседі. Өсімдіктер шөл және шөлейт аудандарда жел эрозиясынан сақтандырып, сонымен қатар тұрақты мал азық қорын жасауға көмектеседі [29].

 Ғылымның тамаша жетістігінің бірі өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан химиялық әдіспен қорғаудың ашылуы болып табылады.Өсімдіктерді қорғаудың ғылыми негізде жетілген әдістері кейін шықты. Мұндай әдістерді қолдану пайдалы өсімдіктердің өнімін арттыратындығын өмір көрсетті. Өсімдік зиянкестерімен күрестің биологиялық әдісінің мәні-тірі организмдерді немесе оның тіршілік процесінде бөліп шығарған заттарын зиянкестердің өсімдіктерге келтіретін зиянына қарсы пайдалану болып табылады. Зиянкестерге қарсы пайдаланылатын организмдердің қазір саны көбейіп келеді [30].

 Шөл мен құмда  өскен ну сексеуіл. Тау алқаптарындағы сыңсыған орман. Неше түрлі зәулім қарағай, қайың бәйтерек. Осылардың бәрі де табиғатта емін - еркін өсетін жабайы өсімдіктер. Олардан тек адам баласының ғана алары мол емес, сонымен бірге жасыл әлемді жабайы аңдар мен құстар да паналап, өсіп-өнеді [29].

 Өсімдік байлығы болмай - ел байлығы болмайды. Сондықтан да адам баласы өсімдіктерді ерте заманнан бері қадірлейді. Өмірде болып жататын неше түрлі тамаша қызықтар, той думандар, ойын-сауықтар өсімдіктердің гүлінсіз өтпейді. Осылардың ішінде: адыраспан, қызылша, итсиген, дәрмене, жусан, қалақай және т.б өсімдіктер бар.Өсімдіктерді қорғау – ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты қоректендіру, болашақ ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы, мәдениетті, сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізгі шартты орындауды міндетім деп білсе, өсімдік артық ысырап болмайды, олардың байлығы арта түседі [31].

Топырақ эрозиясының  тікелей нәтижесі – эрозияға ұшыраған жердің өнімінің күрт төмендеп кетуі. Кеңес ғалымдарының деректері бойынша орман-далалық топырақтарда жуылып-шайылмаған жермен салыстырғанда аз шайылған топырақта өнім 22-26%-ға, орташа шайылған топырақта 49-58%-ға және күшті шайылған топырақта өнім 62-69%-ға кеміген. Өнімнің бұл төмендеушілігі негізінен топырақтың беткі қарашірінді қабатындағы өсімдікке сіңімді коректік заттардың көп жоғалуының салдарынан. Бұл жерде азот қосылыстары мен топырақ микрофлорасы толығымен осы қарашірінді қабатта жинақталғанын айта кетуіміз керек [32].

Профессор Д.Я. Михайловтың  мәліметі бойынша жер беті көлбеуі 1,5-2 болған жағдайда, суарған кезде топырақ бетінің сумен шайылуы гектарына 200 тоннаға жетеді. Бұл топырақтың беткі құнарлы қабаты 2 см- ге дейін шайылып кетеді деген  сөз. Былайша айқанда су эрозиясына ұшыраған әр бір гектар жер 400-800 кг азоттан, 100-150 фосфордан, 3-3,5 калийден және 10- 12 тонна әртүрлі органикалық заттардан айырылады деген сөз [33].

Ал оны қайтып қалпына  келтіру өте ұзаққа созылатын  күрделі процесс. Топырақ эрозиясын  зерттеумен көп шұғылданған ғалым профессор есебі бойынша еліміз жыл сайын эрозиядан 4,5 млрд сомға дейін зиян шегеді екен. Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институтының мәліметтері бойынша су эрозиясының зардабына душар болған жердің әрбір гектарынан 2 тоннадан астам азот, 29-28 кг фосфор, 215 кг калий жоғалады екен. Жел эрозиясының нәтижесінде 1 га егістік жер 636 кг азоты (оның ішінде 36 кг жылжымалы түрі), 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 калийді жоғалтады екен. Ал жыл сайын дүние жүзі бойынша 20 млн га жер эрозияға ұшырап, шөлге айналып отырады. Жел эрозиясынан шаңды қара дауылдар (жылдамдығы 18-20 м/сек және одан да жоғары) тұратын Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы көптеген алқаптар бүлінді [32,34].

Топырақ қорғаудағы ағаш және шөптесін өсімдіктердің өте зор маңызы бар екенін атақты ғалымдар өз еңбектерінде атап өткен. Себебі, өсімдік жамылғысы жоқ құрғақ топырақ 5-8 м/сек жылдамдықпен соққан желде эрозияға ұшырап, ұшып кетеді [35].

Қазақстан топырақ танушы ғалымдары  ғылыми зерттеулерге сүйен отырап, жоғалган қарашірінділермен бірге топырақтағы азоттың көлемі гектарына 0,9 дан 1,5 т- ға дейін азайған. Орташа есеппен қарашіріндінің жылдық шығыны тың игерген жылдан кейінгі бірінші 6 жылда 1 гектардан 1,8 – 2,6 т. болса, кейінгі алты жылдық кезеңде 1,0 – 1,3 т. болды, ал азот шығыны жылына 50 100 кг. болды.

Қарашіріндінің жарты метрлік  топырақ қабатындағы қоры ертеден  пайдаланып келе жатқан қаратопырақтарда гектарына 46 – 71 т.-ға төмендеген немесе 28 - 32% , күңгірт қаратопырақта – 30 – 50 т-ға немесе 15 - 20%-ке азайған [36].

Бұрынғы Одақтық атындағы топырақ  зерттеу институтының және Қазақстан  ұлттық Академиясының топырақ тану институтының мәліметтері бойынша  Қазақстан жері 7 табиғи ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінеді (1975). Олар мыналар: ормандық – далалық (сілтісізденген қара топырақты) егіншілікке негізінен астық дақылдарын игеруге, игерілген жерлерінің жалпы көлемі – 13053,3 мың гектар; қуаң далалық (күкірт қарақоңыр және кәдімгі қарақоңыр топырақты) көлемі – 13621,0 мың гектар; шөлейтті (ашық; қарақоңыр топырақты) – 2744,0мың гектар; шөлді (сұрқоңыр және құмды, сортаң топырақты) – 194,4 мың гектар; тау етегіндегі шөл далалы (солтүстік бозтопырақты және қарақоңыр топырағы) – 2456,5 мың гектар; субтропикалық тау етегіндегі шөлейтті (оңтүстік сұрқоңыр және тақырлы топырақты, құмдар, тақырлар, оңтүстік сұр топырақтар) – 577,1 мың гектар; орта азиялықтаулы аймақ (таулы солтүстік бозтопырақтары, таулы қарақоңыр топырақтар, таулы қаратопырақтар, таулы – орманды және таулы шабындықты топырақтар ) – көлемі 1248,0 мың гектар.

Информация о работе Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы