Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ нурбол 535.doc

— 7.30 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

          1 Әдебиеттерге шолу

 

 

        Күріш -планетамызда ертеден өсіріліп келе жатқан маңызды, ең көп тараған жармалық өсімдік. Ол жер шарындағы үш миллиардтай халықтың негізгі азығы болып табылатын адамзаттың тағамдық калория қажеттілігінің 30 пайызын қанағаттандыратын дақыл. Күріш негізінен тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі, ол жерлердің климаттық жағдайы жылына екі-үш өнім жинауға мүмкіндік береді [1].

          Күріш шаруашылығы ежелден адамзат өркениетінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этнографиялық, діни және басқа да көптеген құндылықтарына орасан зор әсер етіп келген. Оның ішінде азық-түлікке және техникалық мақсатқа пайдаланылатын күріш дәні аса маңызды болып саналады. Дән құрамында 73-81 пайыз көмірсулар, 6-9 пайыз ақуыз, ал қалған бөлігінде май, күл, клечатка, дәрумендер болады. Күріш ақуызында лизин, валин, метеонин және басқа да алмаспайтын аминқышқылдары көптеп кездеседі.

Күріш жармасы бағалы, жоғары қоректік қасиеттері бар диеталық өнім. Күріш салысын өңдеу кезінде алынатын күріш дәнінің ұсағы спирт, арақтың айрықша сұрыптарын (саке), сыра және крахмал өндіруге қолданылады. Күріш қауызынан 30-ға тарта түрлі өнімдер мен материалдар шығарылады. Дән қалдықтары қоректік жағынан үй жануарларына таптырмайтын азық, әсіресе жас малдарға қажет екендігі дәлелденген. Мұнан басқа жоғары сапалы техникалық және тағамдық май алынады.

         Күріш сабаны малға бағалы азық, әсіресе жоңышқа мен асбұршақтың көк балаусасымен сүрлем дайындағанда оның маңызы арта түседі. Күріш сабанынан жоғары сортты қағаз, құрылыс картоны, берік жіптер, арқан мен қаптар, жеңіл аяқкиім, төсеніш, сөмкелер және тағы басқа бұйымдар жасалады. Сонымен қатар, күріш өсімдік шаруашылығы мен егіншілікте маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, оның тұзды және батпақты топырақтарды игеру кезіндегі мелиоративтік рөлі, сол секілді құрғақта өсетін дақылдардың тамыр жүйесінің ауру қоздырғыштары мен зиянкестерінен топырақты залалсыздандыру қабілеті барша егінші қауымға белгілі [2,3].

         Қазіргі таңда дүние жүзінде күріш дақылы егісі 112 елде 150 млн. гектар көлемді қамтиды, ал жыл сайын өндірілетін өнімі 500 млн. тоннадан астам мөлшерді құрайды. Күріш өнімділігі жөнінен астық дақылдары арасында бірінші орын, ал егіс көлемі және жалпы өнім бойынша бидайдан соң екінші орын алады. Күріш өндіру жағынан Қытай мен Үндістан мемлекеттері алдыңғы қатарда, олар тиісінше дүниежүзілік күріш өндірісі көлемінің 35 және 21 пайызын өндіреді. Онан кейінгі орындарды Индонезия, Вьетнам, Бангладеш, Тайланд, Бирма, Филиппин, Бразилия, АҚШ иемденеді.

       Күрішті ірі көлемде экспортқа шығарушы елдерге Тайланд, Вьетнам, Индия, АҚШ, Қытай, Пакистан жатса, көп көлемде импорттаушы елдерге Индонезия, Филиппин, Бангладеш, Бразилия, Иран, Жапония жатады.

Күріш өсіру едәуір мөлшерде қаржы және еңбек шығынын қажет етеді. Күріш шаруашылығында әлемдік экономиканың аграрлық секторындағы еңбек ресурстарының 50 пайыздан астамы айналысады [4].

          Күрішке деген тұтынушылық сұраныс жыл сайын артып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Азық-түліктік және Ауылшаруашылық Ұйымының (ФАО) болжамы бойынша 2020 жылға күрішке деген сұраныс 781 млн. тоннаны құрап, бидайға деген сұраныстан 2-3 пайызға артады. Сол жылға күтіліп отырған күріш өндірісі 750 млн. тонна болса, бұл маңызды азықтың тапшы болатындығы белгілі болып отыр.

 Күріш егіншілігі Қазақстанда негізінен Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы алаптарда, біздің облысымыздың аумағында дамыған. Бұл өңірдің теңіз деңгейінен төмен жатуы, топырақ-мелиоративтік және агроклиматтық жағдайы арнайы күріш ирригациялық, инженерлік жүйенің салынуына және күріштен, күріш ауыспалы егісі дақылдарынан мол өнім жинауға мүмкіндік береді.Ауыспалы егістің егіншіліктегі маңызы жайлы ертеден айтып келеді. Оны игерудің керек екеніне дәлел болатын басты себептерге академик Д.Н.Прянишников химиялық себептерді жатқызады, яғни кейбір өсімдіктердің топырақтан қоректік заттарды көп сіңіріп, өніммен бірге алып кететіндігін дәлел етеді [5].

Күріш дақылының биологиясы мен өсіру технологиясына сәйкес оның өсіп-даму кезінде міндетті түрде  атызда су қабаты болады. Осыған байланысты топырақта аэрация төмендеп, тотығу процестері әлсірейді, осының салдарынан топырақта күкірт, сутегі, темірдің шала тотықтарының және басқа күрішке зиянды анаэробты микроорганизмдердің іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болатын заттардың мөлшері артады, осының нәтижесінде күріш сиреп, өнімі төмендейді. Егістегі арамшөптердің саны мен түрлерінің тез көбеюі. Күрішті өсіру барысында атыздағы топырақ бетінің тегістігі бұзылып, су деңгейінің біркелкілігі болмайды, ол өнімге тікелей әсер етеді. Сол себепті күрішті арнайы ауыспалы егіс жағдайында өсіру тиімді.

Аталған қолайсыз жағдайларды  жақсарту, топырақ құнарлылығын арттыру, күріштен жоғары өнім алу үшін оның ауыспалы егісін игеріп, көп жылдық шөптердің, әсіресе жоңышқа мен  түйежоңышқаның егіс көлемін ұлғайту керек. Сонымен бірге, егістікке минералды және органикалық тыңайтқыштарды оптималды мөлшерде берген жөн. Көп жылдық шөптер (жоңышқа, түйежоңышқа) күріш ауыспалы егісі танаптарының топырағын органикалық қалдықтармен қамтамасыз етеді. Бұл күріштің биологиялық өнімімен (дән, сабан) әкетілген қоректік элементтерді «Қайтару заңдылығын» сақтауға мүмкіндіктер туғызады. Яғни, күріш егісінен және басқа дақылдардан жоғары өнім алып, топырақ құнарлылығын, оның физикалық-химиялық қасиеттерін жылдан жылға жақсарту тек ауыспалы егісте іс жүзіне асады [6].

Көптеген зерттеушілер ауыл шаруашылығы дақылдарын бір жерге бірнеше рет қайталап еккенде өнімнің төмендеп кетуінің негізгі себебі- «топырақтың шаршауынан» деген дәлел айтады. Яғни топырақ құрамында токсиндік улы заттар пайда болып, өзі тектес өсімдіктерге  зиянды әсер етеді деп  санайды.

Ғалымдардың  үлкен  тобы  ауыспалы  егісте  егілген  дақылдарменсалыс-

тырғанда бір жерге  қайтадан бірнеше жыл  еккенде  ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлерінің  өнімі мен сапасы  төмендейді деген қорытындыға келген.

Күріш ауыспалы егісін зерттеп бес танапты ауыспалы егісте күріш түсімінің жоғары болғандығын байқаған [7].

Ауыспалы егістің осы  бес танапты нобайы көбінесе тұқым  шаруашылығы егістігінде қолданылады, әрі жоғары өнімділігімен сипатталады. Мәселен, жоңышқаның екі жылдық қыртысына күрішті орналастырғанда оның түсімі шамамен 48,6 ц/га, ал жоңышқа қыртысы айналымы бойынша - 10,2 ц/га кем болды.

Алайда төрт танапты  ауыспалы егіспен салыстырғанда, бес танаптыда жоңышқа қыртысы бойынша түсімі 4,7 ц/га, ал жоңышқа қыртысының айналымы бойынша 7,2 ц/га жоғары болды. Төрт танаптымен салыстырғанда бес танапты ауыспалы егісте түсімнің артуына күздік бидай мен жаздық арпа дақылдарын өсіру топырақты органикалық заттармен (тамырлық және аңыздық қалдықтар) байытып, оның құнарлылық деңгейін арттырады. Сондықтан күріш тұқымын өсіруге маманданған шаруашылықтар үшін бес танапты ауыспалы егіс ұсынылады [8].

Алты танапты ауыспалы егісте күріш мелиоративтік танаптан (пар, отамалы дақылдар, асбұршақ) кейін екі жылдық жоңышқа қыртысында өсірілсе оның түсімі 39,8 ц/га, ал жоңышқаны екі жыл бұрын жыртқаннан кейін күріш дақылын еккенде 26,2 ц/га, яғни 13,6 ц/га кем өнім алынған. Күрішті мелиоративтік танаптан кейін егкенде жоңышқа қыртысымен салыстырғанда түсімі 6,2 ц/га кеміген, бірақ мелиоративтік танапта дәнді бұршақты  дақылы (асбұршақты) себілгендіктен топырақ азотпен байытылған.

Ауыспалы егіс нобайын  зерттеу нәтижелерін салыстыру, күрішті жоңыш-

қа қыртысында өсірген кезде ең көп мол  түсімі бес танаптыда 48,6 ц/га алынды, ол төрт  және алты танаптымен салыстырғанда осыған сәйкес4,7 және 8,8  ц/га  басым  болды,  бірақ  жоңышқа  айналымы  бойынша төрт танаптымен

салыстырғанда  түсімі  2,2  ц/га  кем  болды.  Бұл  күріш түсімін арттыруда алғы

дақылдың рөлі айрықша деген сөз [8,9].

Ал, атақты күрішші екі  мәрте Социалистік Еңбек Ері  Ыбырай Жақаевтың өнегесін көріп  өскен Шырынкүл Қазанбаева 1947 жылдан бастап күріш егуге шығып, гектарынан 70-80 центнерден, кейіннен 100 центнерден тұрақты өнім алып, Отан байлығына мол үлес қосқан кісі. Сол үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Биыл оның 90 жылдық мерейтойы Қызылорда облысында және күрішшінің туылған жері Шиелі ауданында атап өтті.  

Ауыспалы егісте күріш  дақылы 2 жыл қатарынан егілгеннен кейін құрғақта өсетін басқа дақылдармен алмастырылып отырылуы қажет. Егер күріш бір жерде үш немесе одан да көп жыл бойы үздіксіз егілсе, ол танаптарда күрмек, шиін, доңызқоға (доңызөлең) секілді арамшөптер көбейеді. Сонымен бірге топырақта ауа – қорек – су режимдері және осыған сәйкес физикалық қасиеті нашарлайды, қарашірік, қоректік заттар мөлшері жылдан жылға азая береді [10].

Топырақ құнарлылығын арттырып, оның физикалық-химиялық қасиетін жақсартуда органикалық заттардың (қарашірік және өсімдік қалдықтары) рөлі үлкен. Микробиологиялық процестер интенсивті өтетін шөлейт аймақтағы күріш ауыспалы егісі топырақтарындағы органикалық заттар мөлшерінің маңызы ерекше. Өйткені бұл топырақтардың құнарлылығы төмен, өсімдік қалдықтарының минерализациялануы жылдам жүреді [11].

К. Шермағамбетовтың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен  озат шаруашылықтар тәжірибелері күріштің ең жақсы алғы дақылы көп жылдық шөптер (жоңышқа, түйежоңышқа) екенін көрсетті. Өйткені ауыспалы егіс танаптарында өсірілген дақылдардың ішінде тек жоңышқа мен түйежоңышқа ғана өніммен шығарылатын және топырақта қалатын органикалық заттар бойынша оң теңгерім береді. Атап айтқанда, екі жылдық жоңышқадан кейін гектарына 10-12 тонна тамыр – сабақ қалдықтары қалса, үш жылдық жоңышқа мен екі жылдық түйежоңышқадан кейін 13-18 тоннаға дейін органикалық заттар қалатыны анықталды [12].

Ал, дәнді  дақылдар, мысалы  бидай, гектарына  небәрі 3,1-3,5 тонна  қал-

дықтар қалдырады. Сондықтан, күріш ауыспалы егісінде алғы дақыл  ретінде көп жылдық шөптер (жоңышқа, түйежоңышқа) үлесі көбірек болғаны жөн [5].

Жоңышқаны дұрыс күтіп-баптағанда (тыңайтқыштар бергенде, уақытылы суғарылғанда, орылымнан кейін тырмаланғанда  т.б.) 5-6 жылға дейін өнімділігін  төмендетпейді. Алматы облысы жағдайында бұл дақыл үш толыққанды орылым беріп, гектарынан 800-900 центнер көк балауса немесе 150-180 центнер ақуызы, минералды тұздары көп, витаминді және арзан пішен бере алады. Сонымен қатар, ол 2-3 жыл ішінде түйнек бактериясының көмегімен топырақтың әр гектарына 300-500 кг азот жинайды. Бұған қоса жоңышқа пішенін малға бергенде алынатын көңнің ішіндегі азотты есептегенде, топырақтың азоты әр гектарға 800 кг көбеюі мүмкін. Жоңышқаның өсімдік қалдықтары мен тамырында астық дақылдарымен салыстырғанда фосфор, калий, кальцийдің мөлшері көп болады. Міне, осының бәрі топырақты қоректік заттармен байытады [13].

Жоңышқадан кейін танапта  қалатын аңыздық қалдықтардың және тамырлардың әсерінен топырақтағы  қарашіріндінің мөлшері артады, соның  нәтижесінде топырақтың агрофизикалық қасиеттері (құрылымы, қуыстылығы, ылғалдық қасиеттері т.б.) жақсарады, топырақтың құнарлылығы жоғарылайды, топырақ бетінде пайда болатын қабыршақ азаяды, эрозия процестерімен күресу жеңілдейді.

Жоңышқа топырақтың мелиоративтік  жағдайын жақсартады яғни, тұздануын, жер асты суының деңгейін төмендетеді. Ол өскен жерінде тұздың мөлшерін шамамен 7-10 есе, ыза судың деңгейін 1-1,5 метрге дейін төмендете алады [14].

Күріш ауыспалы егісіне  түйежоңышқадан екі жылда (тамызға  дейін) 500-800 ц көк шөп немесе 140-175 ц пішен жинап алуға болады. Түйежоңышқа мелиоративтік танаптқа сай егілген жағдайда одан бірінші жылы 200-300 ц, екінші жылы (күріш себуге дейін) – 200-250 ц көк шөп алынады (осы кезеңде орылған   жоңышқаның  көк   шөптей   өнімі 120-150  ц аспайды). Оны оруға

шаруашылықтың мүмкіншілігі  болмаса, жасыл тыңайтқыш ретінде  пайдаланса,

күріштің өнімін 4-6 ц арттырады [15].

Себебі бұл дақыл  өзінен кейін жас органикалық  қалдықтарды жоңышқаға қарағанда 10-15 ц көп мөлшерде қалдырады. Мысалы, түйежоңышқа 30 см тереңдіктегі топырақ бетіне гектарына 116,8 центнер тамыр және аңыз қалдықтарын тастаса, ал жоңышқа – 94,1 ц қалдырады.

Түйежоңышқа топырақта  гектарына 110-200 кг азот жинайды. Сонымен  қатар ол топырақта ерімейтін  күйінде кездесетін фосфаттарды  ерітіп, өсімдіктер сіңіре алатын қоректік дайын зат түріне айналдырады. Сондықтанда күріш ауыспалы егісінде өсірілген түйежоңышқа фосфорды жоңышқаға қарағанда гектарына 30-60 кг кем қажет етеді [16].

Түйежоңышқа өзінің қуатты сабақтары мен жапырақтары арқылы күріш ауыспалы егісінде көп тараған арамшөптерді көлеңкелеп өсуін нашарлатады, екінші жылы тіптен жойып жібереді.

К.Шермағанбетов, Л.Ә.Тохетова 2006-2008 жылдар аралығында жүргізілген  тәжірибелерінде күріштің алғы дақылы  ретінде көпжылдық шөптерден 3 жылдық жоңышқа мен 2 жылдық түйе жоңышқа, түйе жоңышқа сидераты мен түйе жоңышқаның аударма қыртысына егілген арпаны зерттеген. Олардың деректері бойынша күріштің ең жоғары дән өнгіштігі (32,9 пайыз) түйежоңышқадан кейін алынса, ал үш жылдық жоңышқадан кейін бұл көрсеткіш біршама төмен (31,0 пайыз) болды [17].

Олардың тәжірибелерінде  көпжылдық шөптерден кейін егілген  күріш өсімдігінің жинау мерзіміне  дейін 91,2-97,3 пайызының сақталғаны анықталған. Оның ішінде 3 жылдық жоңышқадан кейін  күріштің 91,2-96,1 пайызы сақталса, 2 жылдық түйежоңышқадан кейін 94,1-97,3 пайызы сақталады. Яғни, дәннің өнгіштігі мен егін жинау мерзіміне дейін күріш өсімдігінің сақталуы жоғары болған, ал бұл көрсеткіштер күріш өніміне тікелей әсерін тигізеді.

Бір сөзбен айтқанда күріштің ең жақсы  алғы дақылы 2 жылдық түйежоңышқа. Көп жылдық шөптер (әсіресе түйежоңышқа) егісі арамшөптер, аурулар  мен  зиянкестерді  биологиялық  әдіспен  жоюда  фитосанитарлық  рөл

Информация о работе Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы