Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:03, дипломная работа
Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.
Кіріспе 3 - 5
Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер 6 - 14
1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі 15 - 20
1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері 21 - 26
Қиял шығармашылық үрдіс 27 - 31
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
маңызы 32 - 45
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
қиялдың ролі 46 - 52
Тәжірибелік зерттеу жұмысы 53 - 66
Қорытынды 67 - 70
Пайдаланылған әдебиеттер 71 - 73
Қосымша 74 - 90
Өкінішке орай, мұғалімдер жоғарыда аталған шарттарға көңіл бөле бермейді.
Ақыл-ой дамуының деңгейі бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық жүйедегі әдіс-тәсілдерді қаншалықты қолданғанына тікелей байланысты екендігі қазір баршаға белгілі.
Педагогтар бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін ұйымдастыру үшін мынандай логикалық көрсеткішті басшылыққа алады:
Ақыл-ой дамуының қажетті деңгейінде болуымен қатар баланың ерік-жігері дамуының маңызы зор. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігері дамуының белгісі мінез-құлқын басқара және өз ісіне есеп бере алуы. Баланың мектепте оқуға даярлығының ең басты мәселелерінің бірі, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, таным үрдістері мен әрекеттері және деңгейі болып табылады.
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше еңбектер арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізе алмайтындығына, оларды бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керек екендігіне тоқталған.
Қорыта айтқанда, шығармашылық бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Жаңа ұрпақ өзіне дейінгі қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз ісінде сол жеткен жетістіктерді жаңа жағдайларға бейімдеп жетілдіріп отыруға мүмкіндіктер алады. Сондықтан, өміріміздің болашағы – бүгінгі алты жасар балалар заман талабына сай білімді, мәдениетті, шығармашылық қабілеті жоғары, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы қиялдың ролі
Шығармашылық іс - әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа, қалыптас тыс ізденістерге дем беріп, қоғамдық дамудың ілгерілеуін қамтамасыз етеді. Шығармашылық ойлау – жаңа идеяларға, қоғам жаңалықтарын ашу мен жаңа шешімдерге қол жеткізіп, проблемалардың түбегейлі, бұрын – соңды болмаған жолдарымен анықталып, өріс алуына мүмкіндік беретін ойлау әдіс - әрекеті.
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби).
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Қиял тек теориялық
және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани
өмір жүйесінде елеулі орын алады. Адамның
өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы,
даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы,
өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін
емес. Адам санасының жануар психикасынан
басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар
қиял әрекетінің болғандығында.
Айдаһардың
бейнесін Италияның атақты суретшісі
Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша
суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай
иттің басын аламы , оған басқа мысықтың
көзін саламыз, құлағы үкінікі болады,
мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі,
самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін
тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі
шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы
туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде
келіп шыққан тұтас образдың өзін көре
білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік
қиял қажет.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық
образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені
меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі
баланың психологиясына қатты әсер ететіні
байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде
осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп
әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз
әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына
әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай
әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа
мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,—
өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен.
Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді,
ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді
екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана
кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның
баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма
жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір
қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып,
сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау
келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып
тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де,
құстар да, қоқыраулар да қалмаған...».
Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған
күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы
терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк
етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді
шылым тартпаймын...— деді» ...
Қиялдың
адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты
болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп,
оның ілгері өрлеуіне себепші болады.
Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді»
деп өте тауып айтқан.
Қиял арқасында адам өзінің қызметін жоспарлап оны басқара алады. Адамның материалды және рухани мәдениеті қиял өнімі болып табылады, қиялда адам өткенін еске түсіріп, келешек өмірін ашады. Қиялы бай адам әртүрлі уақытта өмір сүре алады. Өйткені жадыда сақталған, ол келешек арман мен фантазияда елестетілген. Қиял адамға практикалық әрекетсіз жағдайларда хабардар болуға және мәселелеріне шешетін көрнекті бйнелі ойлаудың негізі болып табылады.
Қабылдаудан қиял ерекшелігі, оның бейнелеріндей жағдайда ғана шындықпен сәйкес келеді, онда фантазияның кейбір әлеуметтері бар. Егер қиялдың шындықпен немесе аз ғана сәйкестігі бар болса, оны фантазия деп атайды. Егер ол келешекке бағытталған болса, оны арман деп атайды.
Қиялдың төрт басты түрі бар: активті, пассивті, продуктивті, репродуктивті. Активті қиял – адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Продуктивті қиял - бұнда шындық саналы түрде құрылады. Пассивті қиял – қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Репродуктивті қиял – шындық қандай түрде бар сондай түрде елестетіледі. Мұнда фантазияның кейбір элементтері бар, мұндай қиял шығармашылықтан гөрі, қабылдау және жадыда сақтауды елестетеді. Адам қиялымен көркемдік шығармашылық процесі байланысқан. Бәріне танымал М.И.Шишкин суретінде ботаниктер орыс орманының өсімдіктерін тани алады, мұнда өсімдіктер дәл бейнеленген. Кез-келген өнер бастамасы өмір, ол фантазиясының бастапқы базасы ретінде көрінеді. Бірақ ешқандай фантазия адамға белгілі емес нәрсені бейнелей алмайды. Бірақ ешқандай фантазия тек адамға шындық шығармашылық негізі болып табылады. Осымен бейнелеушілер қиялы арқылы өтеді. Мысалы: П.Пикассо «Гернина» шығармасы 1936-1939 жж. Испаниядағы қайғылы оқиға бейнесі. Егер мұның әрбір бөлігін ашып қараса, абстрактілі формада нақтылы ой, нақты бейне туады. Егер шындықты реалистік әдіспен қайта құру суретшіге ұнамаса, қиялдың өнімділігімен кездесеміз. Мұндай қиял өнімі болып М.Булгаковтың «Мастер және Маргарита» романы, ағайынды Стругацкий фантастикасы 14 жасар Москва оқушысы Надя Рушеваның фантастикалық кентавризасы, кентавриаттары болып табылады.
Адам қиялы әдебиет және өнермен ғана шектеліп қоймайды. Ол ғылыми, техникалық және т.б. шығармашылық түрлерімен бейнеленеді және арман. Түскөрушілік қиялдың пассивті және өз бетті формасы болып табылады. Олардың адам өміріндегі мәні әлі анықталмаған, бірақ түс көргенде адам өмірге қажетті қанағаттану алады. Елестетушілік (галлюцинация) – адамның қоршаған шындықпен ешқандай байланысы жоқ, фантастикалық елестеу. Олар әдетте адамның психикалық немесе организм бұзылуының нәтижесі. Мұңның (грезы) елестетушіліктен айырмашылы бұл қалыпты психикалық жағдай, ол келешекті елестетін тілекпен байланысты фантазия. Арнаның мұңның ерекшілігі ол көп мөлшерде шындықпен байланысқан /3; 44/.
Қиял дамуы және функциясы. Адам ойы жұмыс істеп тұрғандықтан, олар көп армандайды. Адам миына жаңа мәлімет келіп түспесе де жұмыс істеуін тоқтатпайды. Дәл осы кезде жұмыс істей бастайды. Адам өзінің тілегімен ойды, қиялды тоқтат алмайтындығы белгіленген.
Адам өміріне қиял спецификалық функция қатарын толтырады. Соның: - біріншісі шындықты бейнелі түрде елестету; - екіншісі эмоционалды жағдайларды реттеу. Адам өзінің қиялымен көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Өмірге басты функциялар психоанализде жиналады.
-Үшінші қиял функциясы адамның жағдайы және танымдылық процестерді реттеуде қатысуымен сипатталады. Бейнелер көмегімен адам басты жағдайларға көңіл бөле алады.
- Төртінші қиял функциясы - ішкі жоспар әрекетін құру бейнелеу көмегімен ойда орындай алу қабілеттілігі.
- Бесінші функция - бұл шындықты жоспарлау және бағдарламалар /3;34/.
Қиял көмегімен біз көптеген психофизиологиялық жағдайларды басқара аламыз. Фантазия бейнелері ешқашан шындықтан алшақтауға болмайды. Қиялдың жадыда сақтау, қабылдау және ойлау спецификаларымен байланысты қиялдың индивидуалды, типологиялық ерекшеліктері бар. Кейбір адамдарда нақты, әлемді бейнелі қабылдау бар. Мұндай индивтер жақсы ойлаудың шығармашылық түрінен икемделген. Ол физиологиялық түрде мидың оң жақтағы торымен байланысқан. Басқалар белгілер және түсінікпен бейнелесуге икем келеді (сол жақ жарты шарымен байланысты). Қиял адамның және тұлғалық ерекшелігі, оның нақты сәттегі психологиялық жағдайы. Шығармашылық өлшемі, мазмұнымен формасы бейнелеушінің жеке тұлғасымен жақсы бейнелейді. Бұл дәлелдене психологияда, әсіресе психодиагностикалық құрылуында кең таралған. Проективті типтің даралық тесті (тенатикалық апперцетивті тест ГАГ, Роршах тесті) – ол одан өзінің қиялында басқа адамдарға өзінің даралық қасиеттерін бейнелеуге бейімділігі. Бұл суретте 20 с мөлшерін де қарап тұрғаннан кейін зерттеулуші сол бойынша әңгіме құру керек.
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиындағы келесі ұзақ болашақтағы суреттемелер, көріп білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар – енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік арасындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады.
Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар — оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз тандаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі — жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа да дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болуы керек. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рол берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы: әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды. Керісінше, дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін кетермелеу құралына айналады. Оқытудың негізгі мотиві — таным. Өйткені, таным арқылы балаға оқу қуаныш және тұрақты қызығу тудырады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі тиіс.
Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың негізгі сипатын құрайды. Барша психикалық процестер секілді қиял да үлкен ми сыңарлары қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әрқилы бейнелер негізінде эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеп қызметін атқарады. Осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. «Ақылдан ажыратылған фантазия құбылысын тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы ғажайыптар бұлағы» (Ф.Гойя) – дейді /1, 168/.
Қиялдың физиологиялық негізі – жүйке байланыстарының іске қосылуы, бұзылуы қайта түзілуімен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрыңғы тәжірибеден өзгеше, бірақ адам мүлде ажырап кетпеген жаңа бейнелер келіп шығады. Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиялдың көңіл – күймен байланыстылығы қиял жасаушы тетіктері мен ми қабығында ғана елес, мидың терең, тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдатады. Сонымен бірге мида пайда болған бейнелер шеткі процестердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша психикалық процестердің арасында қиял денедегі органикалық процестермен аса тығыз байланысқан әрі оларды әсерлі өзгерістеге келтіріп отырады. Қапелімде қиялына бірдеңе түсе кетіп, адамның өзінен өзі шошынып, терге малынып, қызарып – бозарып, дірілдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай қиялдың әсерінен кей кездері адам өзін сырқатқа да ұрындырады. Тіпті, дәрігерлік институттардың төменгі сынып студенттері оқылып жатқан дәрістердің әсерінен қиялға еніп, өздеріңде болмаған аурулардың белгілерін іздеп, әлек болады. Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің салдарынан адам қатерлі жағдайға душар болуы мүмкін. Психиатр Иштван Гарди осының дәлелі ретінде мындай болған оқиғаны келтіреді: ауытқыш жүйе іске қосылған болады. Күн өте, таңертең оны денесінің асқына суынуынан өлген мәйітінен тауып алып, болған жағдайдың себептерін тексерген, рефранератор ауытқыш жүйеге қосылмаған, ол өлім суықтан емес, суытқыш ішінде адамның тоқып өлетінін қиялдап, соны күтуден болғаны анықталған.
Информация о работе Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру