Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:03, дипломная работа
Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.
Кіріспе 3 - 5
Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер 6 - 14
1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі 15 - 20
1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері 21 - 26
Қиял шығармашылық үрдіс 27 - 31
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
маңызы 32 - 45
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
қиялдың ролі 46 - 52
Тәжірибелік зерттеу жұмысы 53 - 66
Қорытынды 67 - 70
Пайдаланылған әдебиеттер 71 - 73
Қосымша 74 - 90
Творчестволық қиял – деп адамның творчестволық әрекетінің нәтижесінде құнды, соны нәтиже беретін әрекетті және өз бетімен жаңа образдар жасауын айтады. Жазушының, суретшінің, композиторлардың қиялы дәл осындай. Творчестволық қиял – қайта жаңғыру қиялынан анғұрлым күрделі және қиын. Қайта жаңғыру қиялы – суреттеп жазғанда оны дамытатын қызмет, ол берілген образды белгілі материал негізінде құрастырып жасайды. Творчестволық қиял жұмысында адам өзі басқарып, өзі образдар ойлап шығарады, оның даяр үлгісі де даяр материалы да болмайды. Творчествоның қай салаларында болса да қиялдың орын алмайтын жері жоқ. Творчестволық еңбектің қай – қайсысы болса да творчестволық қиял әрекетімен ұштасып келуі тиіс. Ғалым үшін де қиял өте маңызды. Ғалым бір экспериментті ойлағанында өз ойындағы ғылыми болжауды немесе тапқан заңын тексеріп сынау үшін керекті жағдайлардың барлығын қиялмен ойлап алуы қажет. Сөйткенмен қиялдың маңызы, әсіресе, өнерде орасан зор. Ғылымда қиял – образдары ғалымның творчестволық ойына керекті материал есебінде ғана пайдаланылады. Көркем өнерде образдар жасап шығару - шығармашылықтың мақсаты болып саналады: суретші, ақын, жазушы, композитор, актер - өзінің қиялын образға айналдырады. Сондықтан көркем өнерлік творчество процесінде қиял жұмысы төрден орын алады. Даңқты сөз өнері иелерінің көбінде қиялмен жасалған образдар мейлінше ашық, айқын суреттелетінін айта кету керек. Осы қиял туралы Диккенс былай деген: «Мен кітабымның мазмұнын ойдан құрастырып жатпаймын, оның мазмұны көз алдымда, мен соны жазамын». Роман жазу жөнінде осы сөзді Гончаров та айтты: «түрлі кейіпкерлер көз алдыма елестеп тынышымды кетіреді, өздері келіп жармасады, сахнаға шығып көрінеді, олардың өзі де құлағыма естіліп тұрады». Бұлардың барлығы қиял. Творчестволық қиялдың жұмысындағы ең маңызды, шешуші жағдай – адамның идеялық бағытының дұрыстығы болып табылады. Қиял тек идеяны таратса, жасалған образда творчестволық қызметкердің идеялық ойы іске асырылған жағдайда ғана творчестволық бола алады. Адамның дүниеге көзқарасы, айқындаған идеялық бағыты – творчестволық қиялдың негізгі қорғаушы күші.
Қиялдың ерекше бір түрі - арман. Творчестволық қиялға ұқсас арман дегеніміз де өз бетімен жаңа образдар жасау болады. Бірақ мұның екі өзгешілігі бар:
1. Арман деп – адамның тілегіне орайлас образдар жасауды айтады, ал творчестволық қиял образдары тілегіне сай келе бермейді. Арман арқылы адамның тілегі оны ұмтылдыратын, өзіне тартатын объектілер образ түрінде сыртқа шығады.
2. Арман деп – адамның творчестволық қызметіне қатынаспаған, яғни көркем өнер шығармасы қиял процесін айтамыз. Арман күнделіктің қамы емес, келешекке қол сермеу, сондықтан ол көбінесе творчестволық қиялдың бірінші сатысы. Арман келешекке, тілеген келешекке бағытталған қиял процесі болып табылады. Арманды бағалауда оның адамның қызметіне қандай қатынасы барын еске алу керек. Арман ешқандай қиян келтірмейді, ол керісінше еңсені көтереді. Арман мен фантазияның шарықтау шегі - бұл екеуі де іскерлік үшін күшті тірек болады. Арман арқылы адам өзінің алдыңғы уақыттағы әрекетінің жоспарын құрайды. Егерде арман адам әрекетінің орнына жүре бастаса арман еткен адал әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе ол арманның түрі басқа.
Қиял әрекеті адамның эмоциялық өмірімен өте тығыз байланысты. Бір жағынан сезім адамның қиялын қозғайды, екінші жағынан қиял образдары сезім туғызады немесе бар сезімді күшейтеді. Қиял мен сезімнің арайламсып келетіндігін, әсіресе, көркемдік творчестволардан көруге болады. Творчестволық қиялмен табылған көрнекті шығармалардың көпшілігі қашанда жалынды сезімнің лебінен туады. Көркемөнер бір ғана қиялдың мектебі емес, ол сезімнің де мектебі. Қиялсыз эмоциялық өмірдің сезу қуатының әрқилы және күшті болуы мүмкін емес. Қиялы өспеген адамда сезім қуаты тар болады.
Қиял әрекеті әрқашан қабылдау арқылы жеткізілетін нәрселерді өңдеп, өзгерту болып табылады. Шынында да қиялдаудағы творчестволық жұмыс ақынның, жазушының ішінде сайрап тұрған айқын образдардан басталады. Елес қашанда объектінің барлық бет бейнесін, белгілерін бірқалыпты айқын етіп көрсетпейді.
Сонымен қиял, қиялдың түрлері мен елестету өмір сүрудің, адамның маңызды құбылысы. Қиял мен қиялдау арқылы адам өз өмірін мәнді өткізе алады.
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық маңызы
Қиял -күтілген проблемалық жағдайлар және оның болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай бір әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға жәрдемдесетін психикалық процесс. Атақты орыс физиологы И.П.Сеченов балалар қиялының ойын әрекетінде қалыптасып дамитындығы жайлы құнды ойларын тұжырымдаған.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті болып табылады. Ойын баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құралдардың бірі. Бала ойын арқылы өзінің күш жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарының ақиқат, сырын ұғынады.
Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі басым болады. Ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез – құлқын қалыптастыруға көңіл бөлу керек. Ойын арқылы дамыған бала мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеретін, өзінің психологиясын жан – жақты жетілдіріп, мінез – құлқын, ерік-жігерін, қабілетін қиялын, ойлауын, жалпы танымдық процестерін, дүние танымын кеңейтіп, оқудың мазмұнынан қызығушылықпен қарайды.
Жаңа туған нәрсетеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі 1 жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі, әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады.
Дамудың бұл кезеңіндегі өзгешілік – балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады. Балабақшадағы балалар «Теміржол» ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі рөльді орындайды. Осындай ойын әрекеттерінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа рөлдер тауып, осы рөлдегі адамға жүктейтін міндеттер мен өз құқықтарын толық біледі. Ойын бала қиялын тәрбиелеп, дамытуда күшті рөл атақарады. Сондай-ақ, ол балалардың табиғи белсенділігін, қозғалыштығын, дара психикалық процестерін де дамыта түседі.
Бала қиялын дамытудағы негізгі әрекет – сурет салу болып табылады. Сурет салуда олар әртүрлі елестерін, есте қалғандарын өздерінше сыртқа шығарады.
Қиялға меншікті ерекшеліктерге тоқталсақ:
а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат мүддесіне байланысты болып отырады.
ә) қиялдың мазмұны адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты;
б) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады.
Қиялда ойлау үрдісі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологы А.В.Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі дейді /3; 186/.
Бала қиялын ойын, әрекет үстінде қарқынды дамитындықтан баланы өзі қалаған ойынға қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мысалы: бала сурет салудың, ән айтудың тәсілдерін үйреніп, меңгермейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отырып, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу үшін өтіп жатқан материалдың іс-тәжірибеде қолдануымен толықтыру керек.
Оқу процесінде ойынды тиімді қолданудың оқушылар дамуы үшін маңызы өте зор. Ойын - баланың негізгі әрекеті. Ойын оқушылар сабақта жалыққан кезде сергітіп, сабақты ынталандыра түсу үшін пайдаланылады. Сыныптарда ойындар негізінде түрлі жұмыстар өткізудің танымдық, тәрбиелік маңызы зор. Сондықтан да мұғалімдер сабақ берудің әрекетін үнемі жетілдіріп, оның түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып, іздемпаздық дағдысы жетіле түседі. Ойын араласқан сабақтарда оқушылар өздерін еркін ұстайды, әрі олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде оқушылар өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс - әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болады. Сабақтың мазмұнына сай ойын элементтерін қолдануға балалар іштей әзірленеді. Сондай-ақ ойын оқушылардың мінез-құлқына әсер етіп толғантады. Ойын үстінде бала өзін батыл ұстап, айтайын деген ойын еркін жеткізуге тырысады. Ойын сыныптағы оқушылардың көбін қамтитындықтан, әр оқушы өзінің қиялын, ойлау қабілетін шыңдай түседі. Ойын оқушыларды бір-біріне жақындастырады, оларлың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, топтастыра түседі.
Ойын - бой жазатын алданыш қана емес, баланың өмірлік ортаға жан-жақты дайындайды, денесін де өсіріп, жан дүниесін, таным – түйсігін кеңейтетін қызығушылықтарын арттыратын құрал. Ойын бала зейінінің, қиялының, қабылдауының, ынта-ықыласының, ойлау инициативасының, белсенділігінің дамуына жәрдемдеседі, эмоция туғызады. Осының негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Ойын не үшін қажет, деген сұраққа атақты психологтар өз еңбектерінде былай деп жауап береді. «Біріншіден ойын мінез – құлықтың ырықты дамуының баспалдағы, яғни, мектебі»- дейді психолог Д.Б.Эльконин /4. 11/. Екіншіден, әйгілі психолог А.Н.Леонтьевтің айтуы бойынша ойын іс-әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады. /4, 11/.
Психологиялық бақылаулар мен зерттеулерге жүгінсек егер оқушыларды екі топқа бөліп ойнатқан жағдайда бірін – бірі жеңуді көздейді немесе бір-бірімен дос емес оқушыларды бір топқа біріктірсек, олар ойын үстінде бір-біріне көмектесіп, тез тіл табысып кететіндігін аңғаруға болады. Осындай ойындарды ұйымдастыруда ересектер үлкен рөл атқарады.
Үшіншіден, ойын - бала қиялының, интеллектуалдық ой - өрісінің тереңдей түсуіне, дене бітімі мен ептілік, шапшандық қасиеттерінің шыңдайтын құрал. Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері вербалдыққа бағытталған ойындар психодиагностикалық мәнділікке ие. Ең алдымен ұлттық ойындар балалардың қарым – қатынасын қажетсіну мотивтерін көрсетеді, вербалды және вербалды емес қарым – қатынастың ең белсенді түрі болып табылады. Ұлттық ойындардың жанасуы, сайысқа түсуі жақтары басым болғандықтан балаларда кикілжін жағдайларды болдырмайды.
Ойын элементтерін алдын – ала сабақтың әр кезеңінде жете ойланып, қажетті жерінде оқушылардың шама – шарқына қарай ұйымдастыруда ғана нәтижелі болады.
Бала мектепке келген сәтінен бастап, мотивацияның қалыптасуына талдау жасаймыз. Объективті түрғыда алып қарағанда, бала дамуының бұл кезеңі оның әлеуметтік маңызды іс-әрекеттерге алғашқы қосылуы, бұл тек ол үшін ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта үшін де аса маңызды әлеуметтік саты. Мектепке барар алдында баланың бойында мектепке баруға деген мықты мотивацияның қалыптасып үлгеретіні бәрімізге белгілі. Психологтар (Л.И.Божович, Л.С.Славин, т.б.) бұл жеке тұлғалық қалыптасуға "мектеп оқушысының ішкі бағыты" деген анықтама береді. Ол баланың мектепке барсам деген сұранысымен (мектеп формасын киіп, сөмкесін үстауға деген құмарлығы), жаңа оқу іс-әрекетіне қатысуға деген құштарлығымен, қоршаған ортадағы жаңа жағдайдан орын алуға әуестігімен мінезделеді. Психологтар мектепке дейінгі және мектептегі балалық шағы аралығында бала санасында алғаш рет оның объективті жағдайы мен ішкі бағытының арасында алшақтық болатынын атап көрсетеді. Бұл кең аумақты қажеттілік мектепке субъективті даярлықты құрайды. Мұнымен қатар, мектепке объективті даярлық та орын алады — баланың мектепке келгендегі білімдері мен қабілеттілік деңгейі.
Қазіргі алты жасар баланың субъективті даярлығы басқа балалардың мектептегі қиындықтар жайында айтқан әңгімелерінің әсерінен төмендейтінін көрсетті. Сонымен қатар білім алуға, оқуға деген құштарлықтың балалар бақшасының өзінде қанағаттандырылып жататынымен де байланысты. Қазіргі кездегі алты жасар баланың мәліметтерге қанықтық деңгейі осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы деңгейден тым жоғары. Алты жасар баланың субъективті дайындық деңгейі объективті дайындық дәрежесінен жоғары болуы, 6- жасар балалардың мотивациясын одан әрі қалыптастыру ісін күрделендіреді.
Информация о работе Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру