Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:03, дипломная работа

Краткое описание

Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе 3 - 5

Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер 6 - 14
1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі 15 - 20
1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері 21 - 26


Қиял шығармашылық үрдіс 27 - 31
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
маңызы 32 - 45
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
қиялдың ролі 46 - 52

Тәжірибелік зерттеу жұмысы 53 - 66

Қорытынды 67 - 70

Пайдаланылған әдебиеттер 71 - 73

Қосымша 74 - 90

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЧАЯХМЕТОВА- +++.doc

— 1.35 Мб (Скачать документ)

Сюжетті ойындарды ойнау барысында балалардың әлеуметтік қызығушылықтары, олардың эмоциялылығы, ұжымдық ойындық жанашырлық танытулары жүзеге асырылады. Танымдық мотивтері балалардың жеке фактілерге деген қызығушылықтарынан заңдылықтарға, қағидаларға деген қызығушылыққа бет алуына байланысты.

          Алты жасар балалардың оқуға деген ынталарының төмендеу себептерін В.А.Сухомлинский мұғалімнің нашар баға қоюға әуестігінен көреді, бұл баланың оқуға деген ынтасын төмендетіп, өзінің қабілеттілігіне деген сенімін бәсеңдетеді. Алты жасар балалардың мектепке баруға деген қызығушылығы өзінен-өзі біртіндеп бәсеңсиді. Оқудың әлеуметтік маңызын түсіну  оқудың маңызымен,  білім алу әдістерімен нығаюы тиіс. Мұғалім бұл әдіс-тәсілдерді дұрыс нәтижеге жеткізген жағдайда, мектепке деген қызығушылық төмендемейді.

          Алты жасар балалардың қойған мақсаттарын бағындырып, мүмкіншіліктерімен үйлестіре алмауы оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздікке әкеліп, оқу мотивациясының төмендеуін тудыруы ықтимал. Төменгі жастағы оқушының мақсат қою процесі оқу іс-әрекетіндегі күрделіленген тапсырмалармен әрдайым ілесе бермейді. Мақсат қою өзге де іс-әрекет түрлерінде аумалы-төкпелі, әр түрлі қарқынмен жүріп жатады; әдетте оқу іс-әрекетінде ол анағүрлым әрекетшіл жүреді. Егер оқушылар оқу іс-әрекетінде өз мақсаттарын тек мұғалімнің мақсатына бағындыруға жұмылдыратын болса, мақсат қою процесі жеткілікті түйсінілмейді. Төменгі сынып оқушысы себеп-салдарлық қатынасты оңай игере бермейді, себебі мен салдарын шатастырып алады; "не үшін" сұрағы ол үшін "неге" сұрағымен шатасып жатады (А.А.Чунаева).

Мектепалды жасындағы алты жасар балалардың бірнеше топтарына тән мінездемелерін келтірейік.Бірінші топ табанды, төзімді, кедергілерге қарамастан, мақсатьш сақтауға бейім оқушылардан құралды. Бұлар — ынталы, өз беттерінше еңбек еткіш, өздеріне тапсырма қоя алатын оқушылар. Дегенмен бұл оқушыларлын да кемшіліктері бар. Олардың кейбіреулеріне кедергіге тап келген күнде тапқырлық   жетіспейді,   олар   мақсатына   тек   мақсатқа   жету   құралдары көрсетілгенде ғана жету қабілеттеріне ие. Бұл топтың өзге оқушылары қиыншылыққа кез болғанда дәрменсіз болып, ересектердің қолғабысынан қүр алақан қалады.

Екінші топта балалар күш-жігерлерін жүмсауға қабілетті болғанымен, тіпті қажет болған күнде де, оған жүгіне ермейді; олар мұғалімнің жалпыға бірдей қойған мақсаты оларға қатысты еместей мінез танытады. Олардың мектептегі іс-әрекеттері бірқалыпты емес: көңіл күйлеріне қарай олар қажырлылық таныта да алады, немесе мүлдем қимылдамайды; сәйкесінше, өзге оқушылармен салыстырғанда олардың оқудағы табыстары да өте жақсы, не нашар болып қүбылып тұрады. Олардың басты кемшілігі — қызбалығында, өздерінің іс-әрекеттерін мұғалімнің талаптарына сай ұйымдастыра алмауында. Бұл балалардың мінез-құлқындағы қүбылмалылық олармен арнайы төрбие жұмыстарый жүргізуді талап етеді.

Үшінші топ күш-жігерлерін сирек қана жүмсайтын, оңай тірлікке жүгіретін балалардан құралды. Олар кез келген қиыншылық алдында жасиды, өздеріне сенімсіз, мақсатты еске түсіруді қажетсінеді, тапсырманы орындауда қолпаш көрсетіп, көтермелеуге мұқтаж, олар тапқыр емес, тапсырмаларды орындауға салқын қарамағанымен, ұсыныс білдірмейді. Бұл оқушылар бөтенің ұсынысына бағынуға, қиыншылыққа тап болғанда жан үшырып, тіпті қойылған мақсаттан бас тартуға дейін бар ("білмеймін", "қолымнаи келмейді", "жасай алмаймын"). Оларды қиыншылықтарды жеңуге өздерінің күш салуын, мақсатқа жетуде өз күштеріне сену қабілеттерін шыңдау қажет. Оқудағы қиыншылықтар оқушылардың тапсырманы орындаудағы әдіс-тәсілдерінің жоқтығында ғана емес, оқу мотивациясының қалыпсыздығында, оның ерікті бөлшектерінің — мақсат қою үрдісінің жоқтығында. Бұл, әсіресе, мектеп жасындағы балалық шақ кезеңіне тән.

Мақсат қою үрдісінің әлсіздігі, мұғалімнің талаптарын орындау қабілетсіздігі мектептегі оқу барысына кері қатынастың қалыптасуына бірден-бір себеп болып табылады. Мұндай жағдайда мұғалім өзінің талапты тапсырмаларын әрбір оқушыға сай, оның шынайы мінез-құлқы мүмкіндіктерін ескере отыра, оқушыларға өзінің оқудағы мінез-құлқын мақсатты орындауға үластыруға жүйелі және кезекпелі түрде көмектесуі қажет. Оқудағы ойындарды назардан тыс қалдырмау керек, осы сапалы ойын түріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың мақсат қою жөне оған жету қабілеттіліктері арта түседі.

Алты жасар балаларда оқуға байланысты әсершілдіктің мотивациялық маңызы ұлан-ғайыр. Мектепке алғаш барғанда, мұғалім жақсы баға қойғанда, оқушынын жағымды өсерде болатындығы бәрімізге мәлім.Бастауыш сынып оқушысының әсершілдігі мен оның мінез-құлқынан бұл әсершілдіктің көрініс табуы мектеп алдындағы балаларға қарағанда анағүрлым үстамды және табиғи қалыпта, мектеп кестесі талаптарына сай бейнеге ие. Мектепке дейінгі кезең барысында жағымды әсерлер балалардың бойында оқу іс-әрекетінің құралдары мен әдістерінің әсерінен өрбіп, әрбір оқушы өзінің мінез-құлқын мектеп талаптарына сай сезініп, одан қанағат табуы барысында байқалады. Кері әсерлер де мектеп оқушысының оқу іс-әрекеті дәрежесінің қалыптасуына тікелей байланысты, оның мотивтерінің қалыптасуына, дұрыс оқу іс-әрекетін ұйымдастыруына, мақсат қою тәсілдерінің қалыптасуына сай бәсеңдейді.

6-жасар балалардағы өзіндік әсершілдік бұл жастағы балалардың сезімталдығы мен сезімдерінің міндетті түрде сырттай кескінделуінен тұрады. Бұл балалар аңқау да әсер алғыш, "көнбіс", өзгелерге еліктегіш, өзгелердің қылықтарын бойына "сіңіргіш" мінездерімен ерекшеленеді (сондықтан да бұл мектеп жасын кейде "тартқыш" деп атайды). Балаларға тым әсерленгіштік, қызбалық, бір сезімнен екінші сезімге бой алдырғыш, аумалы-төкпелі мінез тән. 6- жасар балалардың білімге деген қызығушылық қасиетінің арқасында оқу барысында әсерленгіш қасиеті маңыздылыққа, салмақтылыққа бой алдыра бастайды.

Алты жасар балалардың әсершілдік мәселесінің көкейкестілігіне дидактикалық ойындар ықпал етеді, олар баланың сезімін баурап алады және оны оқуда өз бетінше мақсат қоюға итермелейді.

В.А.Сухомлинский бұл түста әсерлерді  қалыптастырудың қажеттілігін атап өткен, себебі, олардың ақыл ойға кемшіндіктерінен гөрі, әсерлі сезімнің жеткіліксіздігін толықтыруға төрбиелеу тым ауыр болады.

Психологиялық-педагогикалық ғылымдар жүйесінде алты жасар балалардың жас мүмкіндіктерін анықтауға арналған зерттеулер жеткілікті. Бұл зерттеулерде алты жасар балалардың оқу іс-әрекетіне толыққанды қалыптасуына қарай теориялық ойлау қабілеттері қалыптасып, оқу-танымдық мотивтерінен айқын көрініс таба бастайтыны көрсетілген. Танымдық мотивтердің кемелділігі міндеттіліктің үлкен әлеуметтік саналы мотивін тудырып, жауапкершілікке тәрбиелеп, балалардың қоғамдағы жеке тұлға ретінде бағытын анықтай түседі. Оқу-білуге деген қызығушылық тап осылайша жалпылама сипатқа айналып, көп өтпей-ақ оқушылардың басым көпшілігін баурап алады.

Басқа психологиялық-педагогикалық  зерттеулерде алты жасар балалардың жалпы дамуының интенсификациясы оларды қырағылыққа, ойшыл еңбекке, іс жүзіндегі еңбек түрлеріне арналған іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы мүмкін әрекеті дәлелденген. Мұндай шарттарда оқушыларды оқыту оларда "оқуға деген ішкі тілекті қалыптастырады. 

Зерттеулердің қорытындыларына сүйене отырып шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық, талдап-жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлығы болуы керек екені анықталады.

Әр түрлі  тарихи кезеңдерде шығармашылық қабілетті  өлшеудің жаңадан жасалған диагностикалық әдістемелері қол жеткізілген психолгиялық білімнің деңгейін көрсетті. Мысалы: А.Бине, Т.Симонның, Х.Мюнстербергтің және Г.И. Россолимоның тесттері. Әр түрлі теориялық жолдар негізінде Ж.Пиаже, Г.Айзенк, Дж.Гилфорд, Дж.Равен және т.б. тесттері жасалды: көптеген алғашқы ми дамуының диагностика әдістері ретінде жасалған болатын.

Шығармашылық дарынды  зерттеуге арналған диагностика  әдістерінің ішінде танылған және әлемге кең таралғаны, алғаш рет 1966 жылы жарық көрген. П.Торренстің шығармашылық ойлау тесттер (Torrance Creative Thinking - TTCT) болып табылады.

П.Торренстің тесттері белгілі  бір, жалпыға ортақ стандарт ретінде  дарынның дамуы мен диагностика  әдістерін жасауда пайдаланыла  алады.

Әдістеме, ТТСТ әртүрлі  мақсаттарда қолданылуға жарайды. 1) адамның интеллектуалды дамуын зерттеу; 2) оқытуды индивидуализациялаумен байланысты зерттеулерде; 3) коррекциялық және емдік бағдармаларды жасау кезінде; 4) балалардың жетістіктері емес, шығармашылық қабілетінің өзгеруі тұрғысынан әр түрлі экспериментальды оқыту бағдарламаларын, оқыту жолдары, оқулықтары мен материалдардың тиімділігін бағалау кезінде; 5) жасырын шығармашылық потенциалы бар балаларды анықтау кезінде, әсіресе, оқу деңгейі төмен, қабілеттерін дамытуға жағдайы жоқ балаларды зерттеуде аса маңызды.

П.Торренс креативтілікті баланың мәселелерге, білімдегі  қажетті немесе бос орындарға, түрлі  жоспарлы ақпараттың араласуына, қоршаған орта элементтерінің дисгармониясына  сезімтал болып, бұл мәселелерді  анықтап, олардың шешімдерін тауып, гипотезалары мен болжамдарын айтып, бұл гипотезаларды тексеріп, ақырғы нәтижелерін дәлелдейтін процестің қорытындылары арқылы анықтайды.

П.Торренс шығармашылық процестің модельдері болатын тесттік  тапсырмаларды құрастырды. Әр тапсырма ойлау қабілетінің түрлерінен құрылып, адамның шығармашылық мүмкіндіктері туралы кең мағлұмат береді. ТТСТ төрт батареядан құралады: А және В вербальды, қисынды (фигурные) пішіндер. А және В пішіндері бір – біріне қатынаста альтернативті және эквивалентті болып табылатындықтан, олар бала – бақшалардан бастап мектепке дейінгі балаларға қолданыла береді. Тесттердің қисынды пішіндері, тәжірибе көрсеткендей вербальды тесттерге қарағанда ұлттық, мәдени, әлеуметтік және басқа да өзгешеліктерге байланысты болмайды. Сол себептен де біздің зерттеуде ТТСТ-ның қисынды пішіндері пайдаланылады.

Бұл тесттерді  жүргізуді бағалау мына көрсеткіштерден  құралады: 1) жылдамдық - әр субтесттегі жауаптар саны; 2) икемділік – жауаптардағы категориялардың саны бойынша бағаланатын жауаптар әр түрлілігі; 3) өзгешелік – сирек идеялар, басқаларға ұқсамау; 4) идеяларға ерекше көңіл бөлу – жауаптарды талдау, бөліп қарастыру. Қисынды тесттер шешуге 30 минут беріледі (әрқайсысына 10 минуттан) үш субтесттен құралады.

«Сурет салу» тапсырмасы – зерттеліп отырған адам белгілі бір элементті пайдалана отырып, ерекше сурет ойлап табуы керек. Бұл элемент – жапсырғыш қабаты бар, түсті қағаздан жасалған (тамаша пішінді) контур, ойлап табылғаан суреттің негізгі бөлігі болуы керек. Нұсқауларды басқа біреу ойлап таба алмайтын (өзгешелік) су()ретті салып, оны толық және қызықты ету үшін толықтыру (ерекше көңіл беру) қажеттілігі айтылған. Қисынды тесттердің тапсырмаларында суреттердің көркемдік жағы ескерілмейді.

«Аяқталмаған кескіндер» тапсырмасын автор басқа тесттерден құрастырған. Гештальт психологияда айтылғандай, аяқталмаған кескіндер оларды жеңіл және жай тәсілмен бітіру талабын туындатады. Демек, ерекше жауап жасау үшін, бұл талаптың тізгінін ұстап, қанағаттануды тоқтатуға күш салу керек. Әр бітірілген кескін (барлығы 10) ерекшелігі мен идеяларының өзгешелігіне байланысты бағаланады. Жасалған тапсырмалар саны жылдамдықты, ал жауаптардың әр түрлілігі – ойлау икемділігін анықтайды.

«Қайталанатын кескіндер» тапсырмасы – алдыңғы тапсырмаға ұқсас келеді. Мұндағы 30 жұп параллельді сызық (А пішінді) немесе 40 дөңгелек (В пішінді) алынады. Бір элементтің қайталануы зерттеліп отырған адамның әр түрлі ассоциациялар туғызу қабілеттілігін тексеруге көмектеседі. А және В пішіндерінің тапсырмалары бұл жағдайда бір-біріне ұқсас келмейді, параллельді сызықтар бітіруді қажет ететін ашық кескіндер болса, дөңгелек кескіндер құрылымның бұзылуын қажет ететін жабық кескіндер болып табылады. «Қайталанатын кескіндер» тапсырмасы дигвергентті ойлаудың барлық мінездемелері дамытылады. Жылдамдық, мүмкіндігінше көп суретпен заттар ойлап табу арқылы, икемділік оларды әр түрлі ерекше жасауға, ешкім ойлап таба алмайтын суретті салуға тырысу арқылы, ерекше көңіл бөлу - әр суретке мүмкіндігінше көп идея беру және суреттен толық және қызықты әңгіме жасай алу арқылы дамиды.

Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталмақпыз: 1. мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру арқылы баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек; 2. оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн; 3.шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұны балалардың жас ерекшілігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.

Үлкендердің ең жауапты міндеті балалардың берілген тапсырманы орындауда қажетті шешімін тауып, өз туындысын нәтижелі аяқтап шыққанға дейін бақылауға алып, әдістемелік дұрыс бағыт-бағдар беріп, шығармашылық қызығушылығы мен қабілетін жетілдіру. Дегенмен, тәжірибелік зерттеулер барысында алты жасар балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда кездесетін кедергілерді де атап өткен жөн. Тәжірибелік зерттеу барысында балалардың шығармашылығын тежейтін кедергілерді былайша анықтауды жөн көрдік: 1. сәтсіздікке ұшырап қалудан пайда болған қорқыныш сезімі; 2. баланың өз-өзіне сенімсіздігі арқасында өз ісіне көңілі толмаушылық; 3. кез-келген іс-әрекетке қажетті іскерлік пен дағдылары уақытында қалыптаспағандықтан баланың бойындағы немқұрайлығы мен жалқаулығы.

Осы аталған  жағдайларды болдырмаудың және уақытында көмек көрсете білудің маңыздылығы ата-аналар мен тәрбиешілерге байланысты. Сондықтан педагогикалық үрдісті педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ұйымдастырудың жолдарын табуды былайша ұсынамыз: 1. алты жасар балалардың шығармашылық әрекетпен айналысуына мүмкіндігінше қолайлы жағдайларды жасау; 2. алты жасар балалардың жеке және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеттеріне лайықты шығармашылық түрлерін іріктеу; 3. балаларды шығармашылық бағытқа сабақта және сабақтан тыс барлық әрекеттер барысында саналы түрде қатыстырып отыру.

Алты жасар балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда шығармашылық әрекетке деген қызығушылығын, белсенділігін арттырудың жолдары  педагогика және психология ғылымдарында қарастырылған. Әсіресе, балалардың шығармашылық қабілеттерін оятуға түрткі болатын дидактикалық әдіс-тәсілдерді қолданудың өзіндік ықпалы зор. Мектепке дейінгі мекемелерде алты жасар балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолданудың төмендегідей жолдары бар: тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау; балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; логикалық ойлауын дамытатын дидактикалық ойындармен берілген тапсырмаларды шешу; берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстарды қолдану (кері есептер құрастыру, мәтің мазмұнын өңдеу, шағын әңгіме, мәтін құрау); көргендері және естігендері бойынша сурет салу, әңгімелеп айтып беру, бейнелеу; ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру; ой шапшаңдығын, тіл байлығын дамыту мақсатында шағын өлең шумақтарын құрастыру, өз бетінше әңгіме құрастыру, бастаған әңгімені аяқтау және т.б.

Информация о работе Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру