Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:03, дипломная работа

Краткое описание

Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе 3 - 5

Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер 6 - 14
1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі 15 - 20
1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері 21 - 26


Қиял шығармашылық үрдіс 27 - 31
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
маңызы 32 - 45
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
қиялдың ролі 46 - 52

Тәжірибелік зерттеу жұмысы 53 - 66

Қорытынды 67 - 70

Пайдаланылған әдебиеттер 71 - 73

Қосымша 74 - 90

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЧАЯХМЕТОВА- +++.doc

— 1.35 Мб (Скачать документ)

Адамдардың қиялына  тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше  топтастыруға болады:

  1. Әр адамның қиял ерекшеліктерді оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің, машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады.
  2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды.
  3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат пен жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында  меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті»,- деп жазады М.Жұмабаев.
  4. Қиял – адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мысалы, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл – қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал.
  5. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіліп, елестете алу – адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әр түрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады.

Қиялдағы елестерді  топтастырудың қарапайым түрі

Агглютинация - (желімдеу), (кентавр, сфинкс, жез тырнақ)

Гипербола - грек сөзі (күшейту) нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетіледі.

Ертегілер, қиял-ғажайып  бейнелер.

Д. Скиф «Гулливердің саяхаты».

Нәрсенің бір  жағын ерекше әсерлей көрсету (карикатуралар мен достық әзілдер). Типтік образдар жасау.

Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан  бір нәрсені елестете алуын - қайта  жасау қиялы деп атайды.

Көптеген шыгармашылық процестердің қозғаушы күші — қажеттілік болмақ, өз қажеттеріне жарату үшін адамзат дамуының алғашқы кезінің өзінде-ақ адамдар нәрселерді ойлап табатын болған. Адамдар құр қолмен жұмыс істей жүріп, сол қолдардың атқаратын жұмысын жақсы да шапшаң етерін еңбек құралдардың қарапайым түрлерін ойлап таба бастаған. Сөйтіп, су ішу үшін пайдаланатын екі қолдың алақанының орнына адам ожау қолданды, қысып жұмылған жұдырықтан болашақтағы балға келіп шықты, затты қысып ұстаған саусақтар қысқаш жасауға ой салды.

Шығармашылық қиял мыңдаған жылдар бойы адамға еңбек құралын дамыған сайын жетілдіре беруге көмектесті. Кейбір өнер шығармалары заттардың бір белгілері мен қасиеттерін бөлектеп алып, соларды басқалай біріктірген жағдайда жасалатын болған. Мұндай тәсілді агглютинация -(латын сөзі, қазақша «желімдеу» деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Грек сфинксін адамның басы мен кеудесін, иттің денесі мен арыстанның аяқтарын біріктіріп жасаған, ал кентаврды болса, оны ер адамның басын, кеудесін және қолдарын, жылқының денесі мен аяқтарын қосып жасаған.

Ғылым мен техника саласындағы көптеген жаңа нәрселер әр түрлі заттардың бөлшектерін құрастыру арқылы пайда болған. Мәселен, трамвай мен автобустың кейбір ерекшеліктерін біріктіре отырып адамдар троллейбус жасады. Аэроплан мен шананың тетіктерін қосу аэрошананы жасауға қол жеткізді.

Жаңа фантастикалық бейнелерді жасау тәсілінің біріне заттарды үлкейтіп не кішірейтіп алуды жатқызуға болады. Халық ертегілерінде шынашақтай баланың болуы, белгілі жазушы Свифт Гулливердің бейнесін -ергежейлілер арасындағы кішкентай адам бейнесін жасады. Қиялдау үшін білім ете қажет. қиялды қоғамға қажетті нәрсені жасауға бағытталган адамдардың қиялы бірдеңені жасауға, болжамдар жасауға, оны тексеруге итермелейді, ал білім, тәжірибе адамның ой-өрісін кеңейте отырып, фантазияга бай материал береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                1.2. Балалар мен ересек  адамдар қиялының 

даму  ерекшеліктері

 

          Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне ұқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмұнды келеді. Шындықка сай дұрыс қиялдай білетін адамдарда өмірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады. Американың аса көрнекті ғалымы Эдисон қиялы аса күшті дамыған адам болған. Бір машинаны үш түрлі жолмен ғана жасап шығаруға болады деген ұйғарымға келіспей, Эдисон машинаны 48 түрлі етіп жасауды ұсынған. Бұған керісінше жаңа, сондай нәрселерді іздеу, белгісіз нәрсені ашу, ұмтылу орнына шындықтағы нәрселердің өзінің өңін айналдырып, босқа лағып отыратын адамдар да болады. Осындай адамдардың бейнесін Н. В. Гоголь «Ескілікті помещиктер» дейтін повесінде өте жақсы көрсеткен. «Кейде егер күн ашық болып, бөлмелердің іші жылы болса, Афанасий Иванович көңілденіп, Пульхерия Ивановнаға әзілдеп, онымен басқа бір нәрсе турапы сөйлескенді тәуір көретін. Адамдар бір-бірінен қиялының пәрменділігімеи де ажыратылады. Мәселен, біреулер мәселені шешуге кіріскенде соның төңірегіне бар ақыл-ойын жұмылдырады, әр сөзін ой таразысына салып, терең ойға шомады. Ол адамдар мәселенің түп қазығын, тарихын іздестіреді, сол мәселе жөнінде басқалармен кеңеседі, тәжірибе жасайды, материал жинастырады, осындай адам бір шығарма жазатын болса, өз кейіпкерлерімен іштей араласып кете алады, олар қуанса куанады, қайғырса бірге қайғырады. П. И. Чайковский «қарғаның мәткесін» жазып болып, күнделігіне: «Герман жан тапсырарда солқылдап жылап жібердім деп жазған екен». Осы айтылғанға қарама-қарсы қиялы өте әлсіз адамдар да болады.

           Қиялы әлсіз адамның көркем әдебиет кітаптарын оқуы да бір түрлі. Ол мұндағы әдеби теңеулерге, суретгемелерге мән бермейді, әдеби суретгемелерді тастап кетіп, кітаптың тек өр жерінен «қызық» іздеп, тұтас оқып шығуға шыдамы жетпейді. Өйткені қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер етпейді, оны тез жалықтырып жібереді.

Қиялдың маңыздылығы  оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмұнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.

           Шығармашылық қабілет - адамның әрқилы іс әрекеттерге орай көрініс беретін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық-физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу түзету сапаларының жиынтығы. Әртүрлі қызмет, іс әрекет адамның тән дене, психофизиологиялық және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты талаптар легін алға тартады. Осыдан қабілет-тұлға қасиеттерінің нақты іс әрекет талаптарына сәйкестік шама шарқын көрсетеді.Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қабілеттер іс әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар қарапайым және күрделі болып ажыратылады.

Адамда қабілеттер тумадан  берілмейді. Алайда, тіршілік барысында  адамның дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт нышан оның гендік тұғырында бекіген. Қабілеттер нақты іс әрекет тәсілдерінің шапшаң әрі берік игерілуінен көрінеді, адамның психикалық әрекеттерін реттеп отырушы тетік ретінде қызмет атқарады. Қабілет дамуының алғы шарты тек себепші ғана, ал адамның дарындылығы мен оның даму мүмкіндіктерін алдын ала болжап анықтай алмайды.

Қабілеттердің даму барысындағы  аса маңызды да мәнді көрсеткіштер сол қабілет қарқынындылығы әрі  оның жеңіл де шапшаң игеру мен  алға ілгерілеуге жарасылымдылығы, қабілеттің нақты көрінісі мен дәлелдемесі білім игерудегі шапшаңдық және білімдік табыс нәтижесі, қажетті білімдер шеңберін мүлтіксіз меңгеру. Әртүрлі адамдар бір орайлас білімдерді игере отырып, әртүрлі ойлау, ақыл деңгейіне көтеріледі. Қабілеттілік адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат.

          Қиял қабылдау үдерісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорыту, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгіні жаңалай өзгертіп барады. Қиял — ес бейнелерін қайта құрастырумен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі - ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады. Қиял арқылы адам келешекті болжайды, өз әрекет-қылығын реттейді, болмысты шығармашылықпен қайта жасайды.

Ой үдерісінің әр қадамы өз ішіне қиял элементтерін қамтиды, сонымен бірге кабылдаудың біртұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қиял бағыттауымен тұлға болашақтық шексіз кеңістігінде ой сайранына шығады, өткен тарих тұңғиығы суреттемелерін қайта құрастырып, бүгінгі ұрпақ назарына ұсынады.

Қиялдың негізгі  қызметтері:

  • Мақсат пайымдау- іс-әрекеттің болашақ нәтижесі қиялда жасалып, ол тек субъект санасында ғана орын тебеді әрі сол субъект белсенділігін ниеттелгенді қолға түсіру бағытында жетелейді.
  • Көрегендік (антиципация) - өткен тәжірибе элементтерін қорыту және сол элементтер арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды анықтау арқылы болашақты (ұнамды не кері салдарын, ықпалдасты әрекеттер мен жағдай мазмұнын) жобалау.
  • Құрастыру және жоспарлау - қабылдау және өткен тәжірибе элементтерін саналық талдау-біріктіру әрекеттерінің нәтижелерімен салыстырып (сәйкестендіру) негізінде ниеттелген болашақ бейнесін жасау.
  • Болмыс олқылығын толтыру - кейде адам өзінің шынайы әрекет жасау мүмкіндігінен айрылады не қоршаған орта ықпалымен болмыстан ажыралады. Мұндай жағдайда адам өз қиялының күшімен қолы, қадамы жетпеген аймаққа өтіп, қияли әрекетке кірісіп, шынайы болмыста істей алмаған іс-әрекет орнын қиялдық әрекетпен толтырады.
  • Бөгде адамның ішкі жан дүниесіне ену - суреттеме не баян түзу негізінде қиял басқа адам толғанысын жасауға қабілетті, сол арқылы оның ішкі көңіл-күй әлемін тануға мүмкіндік береді. Қиялдың бұл қызметі адамдар арасында түсіністік пен тұлғааралық қатынастар жасаудың құралына айналады.

Сонымен, киял адам іс-әрекеті  мен оның тіршілігінің, әлеуметтік қарым-қатынасы мен танымының ажырамас бөлігі есептеледі. Қиял формаларының баршасын екі үлкен топқа келтіруге болады:

  • ырықсыз - адам мақсаты мен ниетіне тәуелсіз, сана жұмысымен басқарылмайтын қиял. Мұндай қиял сана белсенділігі кемігенде не оның жұмыс әрекеті бұзылысқа түскенде пайда болады;
  • ырықты - шығармашыл ойға не іс-әрекет міндеттеріне бағындырылып, сана басқарымында болатын қиял түрі.

Бірінші топқа түс көру кіреді. Түс бейнелері астар сана қатысуымен не бас миы қабығының жеке бөлімшелерінің қалдық белсенділігімен байланысты туындайды.

Сана жұмысының бұзылысы қиялдық сандырақ формасына себепші болады. Сандырақты қалыпта пайда болатын қиял бейнелері, әдетте, кері, болымсыз эмоционалды сипатқа ие. Кейбір улағыш және наркотик заттар әсерінен галлюцинациялар көрініс береді. Бұл сана бақылауының жетімсіздігінен қияли өзгеріске түскен болмыстың шындыққа жанаспайтын психикалық бейнесі ретінде қабылдануы.

Қиялдың ырықты және ырықсыз формалары ортасында асқақ арман (грезы) өз ерекшелігімен назар аударады. Бұл психикалық құбылыс туындау мезетіне орай ырықсыз қиялға жақын; себебі ол сана белсенділігі төмендеп, адам ағзасы босаңсыған не мүлгу шағында пайда болады.

Ал ырықты қиялға ұқсастығы  ниет болуына және адамның өз қалауымен  бұл үдерісті басқара алу мүмкіндігіне негізделген. Асқақ арман әрдайым ұнамды да болымды сипатқа ие. Адам әрқашан тәтті өмір мен шуақты сәтті аңсайды, асқақ арман тұтады.

Екінші топқа біріккен қиял түрлері: фантазиялар, өсек-аяң, ересектердің ғылыми, көркем өнер, техникалық шығармашылығы, балалар шығармашылығы, арман және т.б.

Фантазия — жақтан тоқылған, болмыстан алшақ бейнелер құрылымы (әпсана, миф, ертегі, әлемнің Жерден тыс бөліктерінің қияли суреттемелері). Фантазия бейнелері бұрыннан бар тәжірибе элементтерінің жаңа бірігімін жасауға, түсініксіз құбылыстардың бейнелі түсіндірмесін табуға, ақпарат олқылығын толтыруға пайдаланылады.

Арман — ойдағы ниетті болашақ бейнесі. Қиял әрекеттік көрінісі тұрғысынан енжар (пассив - асқақ арман (грезы), негізсіз арман) және белсенді (актив) болып екіге бөлінеді. Белсенді қиял өз кезегінде қайта жасаушы (зат бейнесі берілген) және шығармашыл (жоспарлы ойға сәйкес іріктелген материал бойынша жаңа бейне жасау) түрлерге ажыралады.

Қиялдың жетекші сипаттары: жарқындығы, анықтығы, шынайылылығы, бақылауға келетіндігі, бейне белсенділігінің дәрежесі.

Адам  қиялына меншікті   бірсыпыра   ерекшеліктерді   мынандай  етіп  топтастырып  көрсетуге  болады:  а)  әрбір  адамның  қиялы   оның  жеке  басының  қызығуы мен  ерекшелігіне,  алдына   қойған  мақсат мүддесіне  байланысты.  Мысалы:  жаңадан  машина   жасауды   ойластырып  жүрген  инженер;  ә)  қиялдың  мазмұн-мәнісі;  түр-сипаты адамның  жас  ерекшелігіне,  білім  дәрежесіне,  өмір тәжірибесіне,  дарын  басының  ерекшеліктеріне байланысты,  б) қиял  адамның  барлық  психикалық  құбылыстарымен  тығыз  ұштасып  жатады.  Мысалы:  мақсат  еткен  мүдделі   ісін  жүзеге асыру  үшін  адам  оның  әртүрлі   жолдарын  іздестіреді.  Бұл қиялмен  тығыз  байланысты.  Қиялда   ойлау   процесі  ерекше  орын  алады.  Осы ретте,  кеңес   психологі   А.В.Брушлинский  қиялды  ойлаудың  ерекше   бір  түрі   деп  санады.  Физиолог  И.М.Сеченовтың  қиялға   байланысты   пікіріне   сүйенсек,  адамның  басына   оның  есінде   орын  тепкен  элементтерден  құралмаған  бірде  - бір  ойдың келуі  мүмкін емес.  Ол тіпті   ғылыми  табыстарға   негіз  болатын  жаңа ойлаудың  өзін бұл  ережеден  шығарып  тастауға   болмайды  деген  пікір  айтқан  еді; в)  адамның  қиялы  еңбек процесінде   іс-әрекет  үстінде   дамып  отырады.  Мұндағы   шарттар:  саналы мақсат,  болашақты   болжай  білу,  оны   өңдеп  елестете  алу /1;  163-165/;

Жаңа туған  нәрестеде   қиял  болмайды.  Бала  өміріңде   қиялдың  алғаш көрінуі   бір жастан  асқан кезде байқалады.  Екі   жасар бала   ертегідегі,   не   әңгіме  тыңдап  отырып  жылап жібереді.  Бұл факті   жас баланың басында   ес   елесінін  және   қиял елесінің түп бастамасын  көрсетеді.  Бала  қиялының  мазмұны   бастапқы   кезде   жұтан,  әрі   ырықсыз  түрде  болады.  Осе  келе   тәрбие   мен  өз  іс - әрекетінін  тәжірибесі   негізінде   бала  қиялы  дамып,  сапасы  аратады.  Дамудың  бұл  кезеңдегі   өзгешілік  - балалардың  ойын  әрекетінде   шығармашылық  қиялдың  элементтері   туа   бастайды.  Мұндай  қиял олардың  сюжеттік  ойындарынан  айқын  аңғарылады.  Балабақшадағы   бүлдіршіндер  «Теміржол»  ойынын  ойнағанда,  әрқайсысы  белгілі   рөлді   орындайды.  Осындай  ойын  әрекеттерінен  олардың  қиялы толыға түседі,  жаңа  рөлдер  тауып  алады.  Бұл  шығармашылық  қиялдың  белсенді   қатынасынан  туындайды. 

Информация о работе Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру