Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:03, дипломная работа

Краткое описание

Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе 3 - 5

Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер 6 - 14
1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі 15 - 20
1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері 21 - 26


Қиял шығармашылық үрдіс 27 - 31
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
маңызы 32 - 45
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
қиялдың ролі 46 - 52

Тәжірибелік зерттеу жұмысы 53 - 66

Қорытынды 67 - 70

Пайдаланылған әдебиеттер 71 - 73

Қосымша 74 - 90

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЧАЯХМЕТОВА- +++.doc

— 1.35 Мб (Скачать документ)

Ойын әрекеті   бала қиялын  тәрбиелеп,  дамытуға  күшті  рөл  атқарады.  Сондай-ақ,  ол  балалардың  табиғи  белсенділігін,  қозғалғыштығын,  дара  психикалық  процестерін  де  дамыта  түседі.  Мысалы:  құрылыс  ойындары,  теміржол салу,  үй тұрғызу,  зауыт – фабрикалар орнату   т.б.

Жеткіншектер қиялын  дамытудағы  әрекет  - сурет  салу.  Сурет  салуды   олар  түрлі  елесетерін,  есте   қалғандарын  сыртқа   өздерінше   шығарады.  Мектеп  жасындағы  балалар  қиялынын  жүйелі   дамуы   ғылым  негіздерін  меңгерумен  байланысты.  Олар  өз  қиялының  өнімін  енді   сын  елегінен  өткізіп,  шындыққа   жақын  бейнелер  жасауға   ұмтылады.

Ересек  адамдар  қиялы олардың  өмір  сүрген ортасы   мен  тіршілік  тәжірибелік  нәтижелерінін  нәтижелеріне   орай  дамып  отырады.  Әр  алуан  ғылыми  жетістіктер,  техника мен  өнердегі   орасан  зор  табыстар,  өндіріс  пен  ауыл  шаруашылығындағы   жаңалықтар, мұның бәрі  - ырықты   қиялдың жетістіктері.

Жүйелі  оқу   ісі   балалардың  қиялы  сияқты  маңызды   психологиялық  қабілетті   дамытуға   көмектеседі.  Бастауыш  мектеп  оқушыларының  мұғаліммен  еститін  және  кітаптан  оқитын  мәліметтерінін  көпшілігі   картиналар мен  схемаларды   сөзбен  бейнелеу түрінде  болады.  Оқушылар  болмыс  бейнелерін  әрдайым  есте   жаңғыртып  отыруы  тиіс (әңгіме   кейіпкерлерінің  мінез – құлқын,  өткен  оқиғаларды,  ландшафтарды,  кеңістікте  геометриялық  фигуралар қоюды   және т.б.).

Қиялдың  дамуы   екі  сатыдан  өтеді.  Алғашында   жаңғырылатын  бейнелер  нақты   объектіні   тым  тұспалы сипаттайды,  детальдарға  кедей болады.  Бірінші   сынып  оқушылары   көбінесе   қандай  да   бір  өтіп жатқан  объектілік  бастапқы   және   ақырғы   жайын  ғана  елестетеді.  3  сынып  оқушылары  объектілік көптеген  аралық  жағдайларды   тура   тексте   көрсетілгені   сияқты   да  және  сол  іс-әрекеттік  сипатына   қарай  жобалап  та  нәтижені   елестете  және   айтып  бере  алады.  Балалар болмыс бейнелерін  оларды   тікелей сипаттамай – ақ  немесе   ерекше   нақтыламай –ақ немесе  жалпы схема-графикті  басшылыққа  алып  отырып жаңғырта  алады.  Мысалы   оқушылар  сабақтың  басындағы   тыңдаған  әңгімелері  бойынша   үлкен  шығарма жаза   немесе   шартты   абстрактілі графикалық  схема   түрінде   берілген  математикалық есепті   шеше   алады. 

Бастауыш  мектеп  шағында   қайта   жасау   қиялы   (өнімсіз)  мектептегі  барлық  сабақтарда,  біріншіден,  объектілерді  жобалау  жағдайында   сипаттауда тура көрсетілмеген,  бірақ  солардан  заңды түрде туындайтын  анықтай және   бейнелей  білуді,  екіншіден,  кейбір  объектілердің,  олардың қасиеттері  мен  күйлерінің  шарттылығын  түсіне   білуді   (мысалы,  берілген  оқиға   шын  мәнінде   болған  жоқ,  бірақ  оны шартты   түрде   «егер  осылай» қиялдауға болады,  онда   оның  сандарында   солайша  шартты   түрде   анықтау керек)  қалыптастыру   жолмен  дамиды /2; 171-172/.

Енді қайта   жасау   қиялы   болмыс  бейнелерін  қайта   жасап шығарады.  Балалар әңгіменің сюжеттік  жүйесін өзгертеді,  оқиғаларды   уақытына  қарай елестетеді,  бірқатар  объектілерді   жалпылап  шығып көрсетеді (бұған көбінесе   түсініп есте   сақтау  тәсілдерінің  қалыптасуы  көмектеседі).  Бейнелерді   бұлайша   өзгерту   және   құбылту   фантазиялаудағы,  бұйымдарға   эмоциялық  сезім  көрсетудегі  баланың  қажеттеліктерін  қанағаттандырғанмен  де   оқу  процесінін  мақсаттары   тұрғысынан  қарағанда  көбіне   кездейсоқ,  өзін - өзі   ақтамайтын  сипатта   болады.  Бұл жағдайларды   балалар өздерінің ойдан шығаруларын шарттылығын анық  түсінеді.  Объектілер  және олардың пайда   болу   жағда йлары  туралы  мәліметтердің  игерілуіне  қарай  бейнелерді   бірқатар  жаңа   түрлендірулер  негізделе   және  логикалық  дәлелге   ие  бола   бастайды. 

Бастауыш  мектеп  оқушыларының  қандай  да бір  заттардың  шығу   және   құрылу   шарттарын  көрсетуге   тырысуы – олардың  творчестволық  (өнімді)  қиялы  дамуының  аса  маңызды   психологиялық  алғы шарты.

Бұл алғы шарттың  қалыптасуына   еңбек   сабақтары   көмектеседі,  онда  балалар  қандай  да   бір  заттарды   дайындап,  өз  ойларын  іске  асырады.  Бұған  көбіне   сурет  салу  сабақтары   да   көмектеседі,  олар  балалардан  бейнелеу  ойларын  туғызуды,  ал одан  соң оны айқындап  көрсетудің  неғұрлым  мәнді   құралдарын  іздеуді талап етеді. 

Адамның  қиялы   еңбек  процесінде   іс - әрекет  үстінде   дамып  отырады.  Мұндағы  шарттар:  саналы   мақсат,  болашақты   болжай білу,  оны өңдеп  елестете  алу.  Адам  қиялына   тән мұндай  қасиеттер оның  психикасын  жануарлар психикасынан  өзгешелеп тұрады /3;  90-92 б/.

 

     2. Қиял шығармашылық үрдіс

 

Шығармашылық – іс әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа, қалыптан тыс ізденістерге дем беріп, қоғамдық дамудың ілгерленуін қамтымасыз етеді. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекті психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал, Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр. Ал, бастауыш сыныптағы балалардың шығармашылық қабілетін тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз:

  1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
  2. Шығармашылық, екі ұштылық, белгісіздік.
  3. Шешімнің жарқ етуі.
  4. Шығармашылық акт.
  5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Баланың өзіне деген  сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмыстың бастамасын дамытуға және тежеуге үйрететін – мұғалім. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық қабілеттерін дамыту оларды шынайы өмірдeri дара тұлға eтіп әзірлеу. Ол үш1н ең біріншіден, өз таңдаулары бойын-ша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, кызығуын ecкepiп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі – жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғарғы сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа да дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен психология-педагогика талаптарына сай келетін болуы керек. Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мұғалімге басшылық рөл берілсе, ол қазіргі оқу үрдісіне оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негігі көңіл аудартатын жайы: әрбір оқушының жеке қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды. Керісінше, дамуына қарай өзімен - өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оны жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Оқытудың негізгі мотиві – таным. Өйткені, таным арқылы балаға оқу қуаныш және тұрақты қызығу тудырады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі тиіс.

Егер В.И. Волокитина дені сау оқушылардың арасынан логикалы ойлауға қабілеті болмайтын бала болмайды, дегенмен балалардың ойлау  әрекетінің ұшқырлық дәрежесі мен ойлауға  қиыншылық келтіретін себептері  болады десе, онда терең ойлауға мүмкіндік жасау, ойлау қарқынын жеделдету, ой ұшқырлығын күшейтуге қиыншылық келтіретін себептерді болдырмау – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.

Оқу - барлық балалар үшін жетекші іс-әрекет болып табылады, алайда әрбір жас ерекшеліктеріне сай оқу барысыңда оқушының шынайылықтың қандай бейнелерін игергенімен анықталады. Осы жағдайлар әрбір мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеттерін анықтайды. Алты жасар бала "пәндік" шындықты игеріп, яғни оқу курстарында бекітілген білімдерін түйсінеді. Кішкентай кездегі жағдайлардан айырмашылығы — бала бастауыш мектеп жасында өзінің шын мәніндегі жеке тәжірибесінен тым алшақ, пәндік шынтуайттылыққа оқу арқылы жетеді. Оқу іс-әрекеттеріне ену — оның құоылымдық бөлшектерін игеруге бағытталу кезі. (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов).

6-жасар бала үшін мектепте оқу оның міндеті болып табылады, бұл баланың оқудың барша компоненттерінің талабын игеруге негіз болып табылады. Орта мектеп жасында мектеп оқушысы үшін басқа адамдармен (ересектермен, құрдастарымен) оқу барысында қарым-қатынас жасау жетекші рөл атқаратындықтан, оны оқу мен қоғамдық түрлі қызметтерге араласуға тәнті етеді.

Жас ерекшеліктеріне мән бермей тұрып, жалпы оқу жайында сөз етуге болмайтыны сияқты, оқушының жасына қарай дамуын, оқу іс-әрекетін белсенді атқарушы заңдылықтарын және басқа адамдармен әлеуметтік қарым-қатынастарын ескермей, оқушының оқу мотивтерін жемісті талдау мүмкін емес.

Мотивация баланың жас ерекшеліктеріне байланысты болады, бірақ мотивті бала санасының пісіп-жетілу кезеңі ретіндегі жасы емес, іс-әрекетінің мінездемесі және оның бұл жастағы өзге адамдармен өзара қарым-қатынас әрекеттері анықтайды. Басқаша айтар болсақ, белгілі бір жасына қарай, бала сөзсіз, қайсыбір мотивтерге міндетті түрде таңылады, оның жасы қайсыбір қызығушылықтары мен мотивтеріи қатал тәртіппен шектеп, билеп алады деп ойлауға болмайды. Шын мәнінде, әрбір жастың өзінің артықшылықты мотивациялары бар, дегенмен ол баланың физикалық жалпы дамуы меи психикалық мәртебесіне байланысты болады.

           Адам - өмірдің  ең жоғары  даму  сатысын,  қоғамдық  еңбек үрдісінің өнімін,  табиғилық пен әлеуметтіліктің ажырамас бірлігін танытушы тіршілік  иесі.  Әлеуметтік  - тайпалық  ие  болуымен  бірге,  әрбір адам өз  алдына бөлектенген табиғат туындысы,  тек өкілі.  Адам тұлға ретінде жетілік  барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижеде бір  ықпалдың өзі  әрқилы адамдарға әртүрлі әсер етуі мүмкін.  Адам қоғамдық  қатынастар  нысаны және өнімі ғана емес,  сонымен бірге  ол  іс-әрекеттің,  қарым- қатынас және ортақтасудың,  сана  мен өзіндік  сананың  белсенді  субъектісі.

Адамның  шығармашылық  мүмкіндігі – ол қабылдаған  және өз  бетінше меңгерген  ептілік  пен дағдылар,  жасампаздық,  өнім беру  немесе  қайта  жасау  әрекеттеріне  деген,  қабілеттілігімен  және олардың қандай да  бір  не  бірнеше  еңбек,  әлеуметтік - ұйымдастыру мен  қадағалау – бағалау салаларындағы іске  асыру шамасы.  

Қазірдің  өзінде   біз  қабылдамаған  нәрселер  мен  құбылыстардың  образдарын  елес  деп  атаймыз.  Егерде  елес  өткенде  қабылдаған  нәрсені   қайта   жаңғырту   болса,  онда ес  саласына   жатады.  Бірақ  біз  бұрын  ешуақыт қабылдамаған  нәрселерді   де   көз  алдымызға   келтіре   аламыз.  Бұл текті  елестер  қиял  елесі  болады.  Қиялдағы  елестердің  барлығы  біз  өткенде қабылдап  есте   сақтаған  материалдан жасалады.  Қиял  қызметі түйсіну және  қабылдау  арқылы   жеткізілген материалды   ылғи  өңдеу болып табылады.  Қиялы   «жоқтан»  ешнәрсені   жасап шығара  алмайды.  Іштен керең болып туған адам  дыбыстың қандай  болатынын түсінбейді.  Материал  неғұрлым  мол болса,  қиял  елесі де айқын және   толық болады. 

Қиял  деп – бұрынғы   қабылдаулардың  материалдарына   негіздеп  жаңа   образдар  жасауды   айтады.  Қиялдың  ғажап,  фантазиялық  материалдары   нақты   болмыста  бар элементтерден құрастырылып  жасалады.  Халық қиялдарының барлық  фантазиялық дастандары   осы секілді:  русалка,  гректердің  сфинкс (денесі – арыстан,  басы  мен кеудесі   әйел,  қанаты - құстікі) т.б. Адамның қиялы   еңбек   процесінде   жарыққа   шығып дамыған.  Адам  еңбек үстінде   болмысты   өзгертіп  қайта   құрайды,  қажеті  үшін  керекті   жаңа   бұйымдар  жасап шығарады.  Болмысты   «елестетіп» қайта құру,  «мида»  жаңа  нәрселер  құрастырып  жасау – қиял  арқылы   іске  асады.

Қиял  процесінде   еріктің  түрліше   болатынын  қарастырамыз.  Қиялдың  бүтіндей  еріксіз  түрінің  ең  шегі  - түс   көру.  Түске  түрлі  нәрселер  түрліше   орайласып,  еш  ойда  болмаған,  кейде   ғажайып  кейде   мағынасыз  нәрселер  кіреді.  Оның  бергі   жағында   ұйқы  басып  ұйқылы – ояу   отырған  кезде   қалғыған  арада  да  қиял  пайда   болады.  Адам  ояу   шағында   қиял  әрекетінің  еріктілігі,  белсенділігі  түрліше   болуы  мүмкін.  Қиялдың  шарықтап  дамуының  ең  жоғарғы сатысы  жазушының,  суретшінің,  ғалымның  творчестволық  жұмысында   қиял  саналы   және   ерікті   образ  жасаудың  белгілі  бір  мақсатқа   жауап  берерлік  және   сол  жөніндегі   орынды   тілекті  қанағаттанарлық процесіне   айналады.  Сонымен – адам  өз  еркімен  едәуір  айқын  елестер  тудыра   алуы – қиялдың  дамуының  керекті   шарты.  Қиял  қабылдауға   сүйеніп  отырса,  әрекеті  әжептәуір  жеңілдейді.  Елестің  кейбір  түрлері   кейде   белгілі   қабылдау  бар  жерде  ғана  туады.  Мысалы:  көп  адамдар  өзінде   дәм  елесі   барына   сенбейді.  Шынында да  ащы   алманың  дәмінің  қандай  болатынын  елестете   алатындар  сирек   кездеседі.  Сондай-ақ  сыртқы   себепсіз  бір жеріміздің  ауырғанын  елестету   де  қиын.  Ал  егер  біреу бармағын  қысып   алғанды  көрсек   ауру  сезімі   бізге   өте   айқын  елестейді. 

Қиял  түрлерінің  әрқайсысы  бізге   өте  таныс,  себебі   әр  адам  өмірінде   қиялсыз  жүре  алмайды.  Соның  ішіндегі   ең  қолданымдағылар:

Қайта   жасау   қиялы – қайта   жасау   қиялы  суреттеп  жазғанға  қарап  (сызығы,  схемасы  т.б.)  түрлі   объектілердің  образын  жасауды   айтады.  Физика немесе  химия   кітабынан  берер  тәжірибенің  қалай  істелетінін  оқып,  оқушы   тәжірибені  жасау  үшін керекті  нәрселерді,  түрлі   сайманды,  істің  қандай  нәтиже   шығатынын  түсініп алуы   қажет.  Қағаз  бетіне   түсірген  сызығына   қарап  оның  түрлі   бөліктері  кеңістікте   өзара   қалай  орналасатынын  айқын  білуі   қажет.  Бұл  да   қайта  жасау   қиялының  бір  түріне   жатады  дәлірек  айтсақ  «техникалық  қиял»  деген  бір  түріне   жатады.  Қайта   жасау   қиялы   көптеген  ғылым  салаларында   атап  айтқанда:  ботаника,  зоология,  георграфия,  әсіресе   тарих  үшін  керек.  Бірақ  қиялдағанда   дәл.  Дұрыс  образдар  құру қажет.  Мұның орындалуының  екі шарты   бар: 

1.  Қиял  жұмысының   бастамасы  - сипаттау,  схема   сызықтарын  дұрыс  түсіне   білуде. 

2.  Өмірдің  түрлі   салаларынан  алынған  көрнекті   образдардың  қоры   жеткілікті   болуы керек.  Адамның  психикалық  дамуы үшін  қайта   жаңғырту   қиялының  маңызы зор.  Ол басқа   адамның  әңгімесінің  суреттеуін  көріп  тәжірибенің  тар  өрісін кеңейтеді.  Қайта   жаңғыру   қиялының  өрістеуі  көркем  әдебиетті  оқыған  шақта айқын  байқалады.  Қиялды   тәрбиелеудің  ең  күшті  құралы,  оның  тамаша мектебі – көркем  әдебиетті  оқу.  Көркем  әдебиетті   оқу өнеріне   үйрену  керек,  осыны   меңгеріп  алумен  қатар  адамның  қиялы  да   бірге   дамып  өсе  бермек. 

Информация о работе Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру