Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:03, дипломная работа

Краткое описание

Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе 3 - 5

Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер 6 - 14
1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі 15 - 20
1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері 21 - 26


Қиял шығармашылық үрдіс 27 - 31
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
маңызы 32 - 45
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
қиялдың ролі 46 - 52

Тәжірибелік зерттеу жұмысы 53 - 66

Қорытынды 67 - 70

Пайдаланылған әдебиеттер 71 - 73

Қосымша 74 - 90

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЧАЯХМЕТОВА- +++.doc

— 1.35 Мб (Скачать документ)

Жоғарыда аталған әдістемелік  жұмыстардан басқа серуен, экскурсия  сияқты шараларда да балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары  баршылық. Мысалы, сабақтан тыс уақытта  балалармен спектакль, қойылымдар көру, хайуанаттар паркіне, мұз айдынына бару және т.б. сияқты шараларды өткізу де балалардың шығармашылық сезімін және талғамын, қызығушылығы мен қабілетін қалыптастыруда ықпалы зор.

Аталған жұмыстарды үнемі  жүргізу алты жасар балалардың шығармашылық бағытта дамуына ерекше мән беру болып табылады. Шығармашылық жұмыстар алты жасар балаларды ойлау білуге жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

        Гельфман  мен  С.Шмаков  мақсатқа   байланысты  ойындардың  төмендегідей  түрлерін анықтаған:

  • қиялын  дамытуға   арналған;
  • зейінді   тәрбиелеуге   байланысты;
  • уақытты   дұрыс  пайдалануға   үйрететін;
  • байқағыштықты   дамытуға   арналған;
  • шығармашылық  қабілетті  дамытуға   арналған;
  • оқушылардың  жеке  бастарының  қажеттерін дамытуға арналған ойындар.

Зерттеушілердің  айтуы   бойынша,  қызығушылық  оқытудың  құрамы   ретінде   сыртқы  болмыстан  пайда  болатын  әсерді   ішкі   мүмкіндіктермен тығыз  байланыстыра   білген  жағдайларда   жүзеге   асады.

Сабақта   ойын  элементтерін қолдану   немесе  сабақты   толықтай  ойын  түрінде өткізу  тәрбиешіден  аса  біліктілікпен  шеберлікті,  шығармашылық,  ізденісті  қажет етеді. Сондықтан оқу   мазмұнындағы   ойындарға үлкен  жауапкершілікпен  қарау   талап  етіледі.  Өйткені,  ойын  тиісті   дәрежеде ақыл,  қажыр – қайрат  жұмсауды   қажет  етеді. Ойын  кезінде   балалардың  психологиялық  ерекшеліктері   мынада: олар  ойланады,  эмоциялық  әсері   білінеді,  белсенділігі   артады,  ерік қасиеті,  қабілеті  қиял  елестері   дамиды.

Ойын  балалардың  жан  – жақты дамып  жетілуіне   әсер  ететін  ең  маңызды   сферасы  болып  табылады.  Ойын  арқылы   олардың  тез  тіл  табысып,  ептілікке  үйренеді,  жақсы  қарым – қатынас жасайды,  сондай-ақ  адамдар  іс-әрекетінің  жақсы  жақтарын  аңғарады,  жағымды   ойлауды,  қиялдауды   үйренеді,  жанындағы   адамдарды   ұнатып,  жақсы көре   біледі, бір – біріне   көмектесіп,  жанашырлық  сезімдері  оянады,  қамқорлық  жасай біледі.  Ойын арқылы   өзі  өмір  сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік  ортадағы   норма   мен әрекетті   қабылдайды.  Ойын  белгілі   бір ұстанымның,  тәртіптің көрініс болып табылады.

Бастауыш  сынып  оқушыларының  қиялын  дамыту  - олардың  эстетикалық  сезімдерін оятады.  Мысалы:  көркем  әдебиет кітаптарын  оқу,  музей және  галереяларға   бару, ұйымдасып музыка  тыңдау бала  қиялын  жаңа мазмұнға   толықтыра түседі.  Оқушылардың қиялын  дамытуға   үлкендер  үнемі   жетекшілік  етуге   тиіс.  Мұғалім де,  оқушылардың  ата-аналары   да   бұл жерде тек ақылға   ғана әсер  етпей,  эмоциясына   әсер  етерліктей  әдістерді іздестіріп  отырулары қажет.  Қиял  арқылы   бала   ондағы жанды   бейнелерді   көз алдына   елестеткендей,  қолымен ұстағандай,  құлағымен естігендей  күйге  түседі. Мәселен,  бірінші   сынып  оқушылары   суретке  немесе   оқығанға қарап,  өз бетімен  жаңадан  бейне   жасай  алмайды.  Өйткені,  оларда   синтездеу  қабілеті   толық  дәрежеде   дамымаған.  Баланың  қайта   жасау  қиялын  дамыту   үшін  алдымен  олардың  тәжірибесін  қорландыра түскен  дұрыс.

«Барлық  жан  қуаттарын  тек қиял  ғана  өзіндік  сақталатын  сезімдік  заттарды   модельдендіре  алады» - деген  Әл – Фараби /2, 177/. Адамда  қиял пайда   болған  кезде   ми  қабығында   бұрын  жасалған  уақытша   байланыстар түрлі   комбинацияларға   түседі  де,  жаңа нәрселердің бейнесін  туып,  жасап отырады.

Физиолог  И.Т.Сеченов: «Қиял балаларда  ойын  үстінде   қарқынды   дамыса,  адамның  қиялы   еңбек   процесінде,  іс - әрекет  үстінде  дамып  отырады. Мұндағы шарттар саналы мақсат,  болашақты   болжай  білу,  оны   елестете   алу»  дейді /1, 164/. Ойын  әрекеті  бала қиялын  тәрбиелеп,  дамытуда   күшті   рөл атқарады.  Сонымен  қатар  балалардың  табиғи белсенділігін,  қозғалғыштығын,  дара  психикалық  процестерін де  дамыта  түседі.  Балалардың  қиялын  дамытуға   үлкендер  (мұғалім,  ата - ана)  үнемі   жетекшілік  етуге  тиіс. 

Педагогтың бірінші  міндеті - мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, айқын елестетуі үшін, оқушының репродуктивтік — (латын сөзі «өндіріс шығарма» деген мағынаны білдіреді) қайта жасау қиялын дамыту. Ол үшін педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақтылы фактілерге бай болуы қажет, бұған қоса суреттер, диапозитивтер, көрнекі құралдар пайдалану керек. Алайда бұл құралдар қиялды дамытуда көмекші қызмет қана атқаруы тиіс. Бұл құралдарды әсіресе бала сөз болып отырған нәрсені ойша елестете алмайтын жағдайда пайдаланған тиімді. Көрнекі құралдар, шамадан тыс пайдаланылса, ол қиялды дамытуды жеделдетпей, қайта тежей түседі.

Нақтылы заттарды қабылдау мен ойша елестетуді ұштастыра білген пайдалы. Мысалы: суретті көрсетіп, содан соң балаларға ештеңеге сүйенбей, ойша әңгімелеп беруді ұсынған  жөн немесе алдымен әңгіме жүргізіп, соңынан көрнекі құралдарды көрсеткен жөн. Мұның бәрі дәл қазір көрмесе де ойша қабылдауға болмайтын заттармен елестете алу қабілетін дамытады, яғни қиялдың дамуына септігін тигізеді.

Бастауыш сынып мұғалімінің  міндеті — балалардың қиялы мен  елестерінің мол қорын жасау болып табылады. Ешбір ретсіз, көбіне мінсіз қиялдаудың орнына, балаларда айналадағы болмысты дұрыс бейнелейтін, кейіннен ғылыми ұғым негізіне айналатын елестерді қалыптастыру қажет.

Бұл бейнелеудің қаншалықты дұрыстылығын тексеру үшін, осы бір затты не құбылысты қалай елестететінін оқушыдан сұраған жөн. Мәселен, бір оқушы жер белдеулерінің шекаралары: Шаян және Таутеке тропиктері туралы дұрыс айтты. Мұғалім енді келесі сұраққа көшпекші болғанда бала кенеттен: «Таутеке деген қандай жануар?» -деп сұрады. Сұрастыра келгенде, тропиктің шаян деп аталуы, оқушының онда шаян көп болғандығынан деп есептейтіндігі анықталады, ал басқа тропикте тіршілік ететін таутеке балаға белгісіз болады. Көркем әдебиеттерді оқу, оқығандарын жазбаша және ауызша айтып беруінің баланың қиялын дамытуда көмегі зор.

Шығармашылық қиялды қалыптастырудағы тамаша құралдың бірі -арнайы және еркін тақырыпқа шығарма жазу. Оқытудың алғашқы жылынан бастап, оқушыларды әдебиеттен, сурет салудан, қол еңбегіне нәр қилы шығармашылық еңбекке ынталандыру қажет. Жақсы жолға қойылған эстетикалық тәрбие жұмысы мектеп оқушыларының қиялын дамытуға жәрдемдеседі.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан, не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыруы қажет. мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

Төменгі класс оқушыларының қиялын дамыту - олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, мұражайлар мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс.  Мұғалім, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестірулері керек. Оқушылардың жас дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына, саяхаттар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу сияқты әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

Өсе келе, тәрбиенің нәтижесінде және өзінің тәжірибесінің молая бастауымен байланысты мектепке дейінгі дәуірдегі бала қиялының сапалық жағы арта бастайды. Бұл дәуірде бала қиялының дамуында болатын өзгешелік - олардың ойын әрекеттерінде, шығармашылық қиялының элементтерінен туа бастауы. Қиялдың мұндай жоғарғы сатыға көше бастаған сапалы түрі әсіресе, балалардың сюжеттік ойындарында көп кездеседі. Мәселен, балалар бақшасында тәрбиешінің темір жол ойынын ойнайық деген ұсынысын сәбилер өте зор қуанышпен қарсы алып, рольдерін бөлісіп алады: біреуі бастық боламын, біреуі жолаушы, біреулері жүргізуші боламын деп әбігерленіп жатыр. Ал Құрмаш «Мен шофер боламын, зат пен адамдарды тасимын» деп ниет білдіріп, тәрбиешінің ұсынысын үдете, ары қарай дамыта түсіп,өз қиялымен, ойымен толықтырып, өзіне жаңа рөл тауып алды. Бұл — шығармашылық қиялдың белсенді қатынасуының арқасында тауып отырған нәтиже.

Егер сәбидің қиялы  көріп отырғаннан әрі аспаса, төрт жасар баланың қиялы шарқ ұрып нақты заттардан қол үзіп, тәуелсіздене бастайды. Оның бір затты қиялымен толықтыра түсіп, пайдалана беруге шамасы жетеді. Темір жол ойынында бұл дәуірдегі балалар орындықты паравоз, вагон орнына пайдаланса, қуыршақпен ойнай бастағанда, сол орындықты үй орнына пайдаланады, магазин ойнына келсе, жаңағы орындық кассаға айналып та кете береді.

Балалардың қиялын тәрбиелеуде ойын әрекетінің ролі күшті. Ойын — балалардың тек бұлшық еттерін дамытып қана қоймай, тәрбие жұмысында жетекші мәселенің бірі. Ойын - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай, мақсатына лайық, өте қызық боп өтіп жатады. Ойлау процесі -балалардың бойына тән, табиғи белсенділігін, қозғалғыштығын сыртқа шығару үшін өте қажетті әрекет. Балалардың темір жол салуы, үйлер түрғызуы, зауыт-фабрикалар орнатуы олардың қиялын дамыта түседі. Жеткіншектердің өте елігіп, шын ынтасымен зейін қоя әрекеттенетіні - сурет салу. Суретті белгілі бір обьектіге қарап отырып салмайды, есінде сақталған елестерге сүйене, соны негіз ете отырып, жаңа образдарды қағазға түсіре бастайды. Балалардың қиялын дамуына сурет салу күшті әсер етеді, тек керекті құралдармен қамтамасыз етуі керек. Балада белгілі бейімділік болса, оның қабілеті оянады. Мұндай кітаптың пайда болуы баланың сурет салуға құмарлығын күшейтіп, суретші болып кетуге жол бастайды. Шығармашылығы жемісті балаларды сын елегінен өткізіп жатпайды. Олар нәрсенің бөлшектерін дұрыс шығармай-ақ, сұлбасын келтіріп салғандарына мәз болады.

Мектеп жасындағы балалардың қиялының жүйелі түрде дамуы ғылым  негіздерінің меңгеруіне байланысты. Олар өз қиялының жемісін енді сын елегінен өткізіп, шындыққа жақындаған образдар жасауға тырыса бастайды. Мектеп жасына жеткен балалардың қиялын дамыту үшін мұғалімдер тарапынан педагогикалық басшылық керек. Қиялдың дамуы айқын образдарды жинаудан басталады. Мұғалім ол үшін картиналар қарау, кино, театрларға бару, ұйымдасқан түрде музыка тыңдау жұмыстарын ұйымдастыра білуі қажет. Эстетикалық тәрбие беру — балалардың қиялының толысуына, қиял елестерінің айқындауына себепші болады. Картина бойынша әңгімелеп беру, шығармалар жазу, әдеби мәтіндерге иллюстрациялар құрастыру, сызбалар арқылы белгілі обьектінің бөлшектерін жинақтау - қиялдың дамуын ырықты түрге айналдырады.

Еңбек операцияларын  орындаудың, математикалық, физикалық  есептердің шешімінің рационалдық  жолын тапқызу, газетке мақала, очерк, әңгіме жазуға дағдылану жұмыстарының пайдасы зор. Олимпиадалар, байқаулар, түрлі спорттық жұмыстар, оқушылардың сауық кештері дамуына көмек береді. Жасөспірімдердің шығармашылық арманы басым болады. Тіпті бастауыш класс оқушылары келешек арманы жөнінде армандай бастайды. Бірақ, жас балалардың армандары тұрақты емес, жоғарға класстардың армандауы тұрақты да байсалдырақ болады, күнделікті әрекетіне әсер етіп, алдындағы нысанаға жетектейтін итермеші күшке айналады. Біздің ел жастары ұлы істер туралы арман етеді. Олардың арманы өздерінің келешегімен тығыз байланысты. Жастар жалпы жер жүзі еңбекшілерінің көкейкесті мүдделерін орындайтын, Отанымыздың игілігі үшін белсенді қатынасатын азамат болуды армандайды.

Шығармашылық  қабілеттілік – бала  өз  бетінше жаңа бір  бейне құрумен сипатталады,  яғни  іс-әрекеттің қандай  түрінде болсын  жаңалық ашу арқылы,  жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке  даралық дамуының  бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.  Соңғы жылдары шығармашылық  психология туралы  С.Рубинштейн, А.Брушлинский, Б.Кедров, Я.Пономарев, О.Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б.Теплов, Н.Тарасов, қабілеттілік және жеке даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизеологиясы туралы Б.Теплов, Э.Голубаева еңбектері қабілеттілік мәселелері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізін қалады.

Қазіргі педагогикалық-психологиялық  зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л.Божовичтің, Р.Буренің, Л.Венгердің, Я.Коломинскийдің, Е.Панько және т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Онда мектепте оқытудағы аса мәнді қасиеттері: тәжірибелік және ой жұмыстарының қарапайым дағдылары, мінез-қүлық қалыптасуының жайы, адамгершілік-жігерлік сапалар кеңінен сөз болады.

Оқу-танымдық әрекеттің  үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады.

  1. Символикалық бейнелерге психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау) саналы қатынасты қалыптастыру.
  2. Қисынды ойлауды және көрнекі-бейнелі операцияларды меңгеру.
  3. Оқу типі тапсырмаларына деген жағымды кең қатынасты дамыту.
  4. Қиялды, әр түрлі қабылдауды жетіддіру.

Бастауыш сыныпта баланың  сөйлеу тілін дамытудың, қол жөне аяқ мүшелерінің қозғалысын, оқыту  үрдісіндегі зор рөл атқаратын  интеллектуалдық дағдыларының маңызы ерекше. Бала сұрақтарға жауап қайтарып, ортамен өз танымымен бөлісе алуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында еркіндіктің пайда болуы, мінез-құлқын өзі реттеуі, жағымды өзіндік "Мені" қалыптаса бастауы, ересектер және өз тұстастарымен қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеруі оқу-танымдық әрекеттің қажетті шарты болып табылады.

Бастауыш сынып оқушылары үшін негізгі бөліктер - оқу тапсырмалары, оқу әрекеттері: бақылау мен бағалау. Көрсетілген бөліктерге сәйкес кіші жастағы балалардың бойында оқу-танымдық әрекеттің мынадай шарттарын қалыптастыру қажет. Оқу тапсырмасын қабылдау және сезіну қасиеті; мұғалімнің көмегімен немесе өз бетінше танымдық тапсырмалар қоя білу қабілеті; дербес қабілеті; жоспарлау қабілеті; тапсырманы шешу тәсілін тандау қабілеті; бағдарлық жөне атқарушылық оқу әрекеттерін орындау қабілеті; тапсырманы тез және сапалы орындау қабілеті; оқу істерін бақылау қабілеті; дербес жұмысын бағалау қабілеті.

Информация о работе Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру