Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:03, дипломная работа

Краткое описание

Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе 3 - 5

Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер 6 - 14
1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі 15 - 20
1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері 21 - 26


Қиял шығармашылық үрдіс 27 - 31
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
маңызы 32 - 45
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
қиялдың ролі 46 - 52

Тәжірибелік зерттеу жұмысы 53 - 66

Қорытынды 67 - 70

Пайдаланылған әдебиеттер 71 - 73

Қосымша 74 - 90

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЧАЯХМЕТОВА- +++.doc

— 1.35 Мб (Скачать документ)

           

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті          қалыптастыру

                                           050503 «психология»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Жоспар

 

 

Кіріспе                                                                                                              3 - 5

 

  1. Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер        6 - 14
  2. 1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі                                             15 - 20
  3. 1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері                 21 - 26                 

 

 

  1. Қиял шығармашылық үрдіс                                                               27 - 31
  2. 2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
  3. маңызы                                                                                                      32 - 45                                                                                
  4. 2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы

      қиялдың ролі                                                                                            46 - 52

 

  Тәжірибелік зерттеу  жұмысы                                                             53 - 66                                                      

 

  Қорытынды                                                                                          67 - 70                                                         

 

  Пайдаланылған әдебиеттер                                                                71 - 73

 

  Қосымша                                                                                              74 - 90

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Кіріспе

 

Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен,  адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады.  Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық  жобаға түсіру  қызметін атқарады.

Қиял–адамға ғана меншікті психикалық процесс, адамның еңбек  әрекетімен  ғана   байланысты  дамыған  психикалық  функция.  Қиял  аса  бағалы   қасиет,  адам  әрекетінің  барлық  түріне   қиял  қатысады.  Қиялдың  физиологиялық  негізі   ми  қыртысы мен ми сыңарларында пайда  болған  уақытша   байланыстар.  Қиялдау  әрекетіне   қозу  мен  тежелу   процестері   қатысып  отырады. Қиял екінші сигнал жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. 

Қиял адамның шығармашылық қасиетін қалыптастырудың негізі. Шығармашылық-бүкіл тіршіліктің көзі. Шығармашылық қабілетті қалыптастыру арқылы әртүрлі әрекеттер мен қасиеттер қалыптасады. Шығармашылықтың дамуы меңгеру арқылы жүзеге асады. Меңгеру-психологиялық тұрғыдан алғанда адамның икемділігінің, бейімділігінің, қабілеттілігінің нәтижесі.

Балалардың шығармашылығы  жайлы С.Л.Рубинштейн, Б.М.Кедров, Я.А.Пономарев, О.К.Тихомиров, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий, Е.И.Игнатьев, К.В.Тарасов, Т.Д.Марцинковская,  т.б. өз зерттеулерін арнаған. Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы танымдық, интеллектуалды дамуымен тығыз байланысты екендігіне ерекше мән берген. Шығармашылық-өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол түрлі іс әрекет болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық қабілеттілік-адамның өз бетінше жаңа бір бейне құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдайымен түсіндіріледі. Ал балалардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субьективті жаңалық.

           Адамның  саналы   өмірінде   қиялдың  танымдық  процесс   ретінде  алатын  орны   ерекше.  Жоғарғы   психикалық  процестер   сияқты  қиял   нақты   шындықты   бейнелейді.  Қиял  баланың  ойын  ойнауында,  оқу  процесінде,  адамның еңбек әрекетінде нақты образдар, тұрақты елестер ретінде  бейнеленеді.  Сондай-ақ  қиялдың  эмоциялық  күші   өте   үлкен  ғажап,  қол  жетпей армандап  жүргенін  адам қиялдап  та   ләззат  алады.

Қиялдың  танымдық  процестегі  маңызын  Л.С.Выготский,  И.М.Розет,  А.Л.Галин,  Л.С.Коршунова,  Б.И.Пружинин,  С.Л.Рубинштейн  сияқты  әйгілі   психологтар  терең  зерттеген.  Қиял қабылдау  үрдістерінен  өткен  тәжірибе  элементтерімен,  адамның  жеке  басы   толғаныстарымен  толықтырып,  қорыту,  сезім  байланысы,  түйсік  және  елестер  арқылы өткен  мен бүгінгіні  жаңаламай  өзгертіп  отырады.  Қиял  арқылы   адамдар  болашақты   болжайды,  өз  әрекет  қылығын  қайта  жасайды.

Үлкен  адамдардың  қиялына қарағанда   балалардың  қиялы   әлдеқайда   өзгеше.  Бала қиялының  сапалы  шарықтауына   мектептегі   оқу-тәрбие   үрдісінің ықпалы өте зор.  Ешбір ретсіз,  мәнсіз  қиялдаудың  орнына, балаларда айналадағы  болмысты   дұрыс бейнелейтін,  кейіннен  ғылыми  ұғым негізіне айналатын елестерді   қалыптастыру   қажеттілігі   көптеген  зерттеулерді   дәлелденген.  Бала   қиялы   әрекет  үстінде   дамитындықтан,  кез – келген  өзіне қатысты   іс-әрекеттерде,  баланың икемділігі  мен дағдысын дамыту  маңызды.  Сурет салудың,  билеудің,  ертегі  тыңдаудың,  ән  айтудың  тәсілдері   мен  техникасын  үйренбейінше,  баланың  қиялы да  шарықтамайды.

         Үлкен  адамдардың  қиялы  еңбек    үстінде   дамитындығы да   ғалымдар  зерттеулерінде сипатталған.  Қиялы   өспеген  адамда   сезім  қуаты тар  болады,  қиял әрекеті эмоциялық  өмірмен  тығыз  байланысты.  Сезім  адамның  қиялын  қозғайды және қиял  образдары белгілі   бір сезім  туғызады  немесе   бар  сезімді күшейтеді. Адамның дүниеге көзқарасын идеялық бағытын  творчестволық  қиялдың  қозғаушы   деп  анықтаған. 

          Шығармашылық үрдісінде балалардың іскерлік қабілеті нығайып, жаңа дағдыларды игереді. Шығармашылық балалардың дербестік іс әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді. Балалардың шығармашылық қабілеттерінің  мүмкіндіктері  мен  белсенділіктері  арта   бастайды. Материалдық, қарым–қатынастық, эмоционалдық  қажеттіліктерін отбасы–жанұясы қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік-танымдық  құштарлықтары оқыту үрдісінде қалыптасып, дамиды.  Оқуда   танымдық,  адами қасиеттер күрделене   түседі, ал мектеп  өміріне   үйрену  - бейімделудің  өзіндік психологиялық қиындықтарын туғызады.   

Зерттеу  нысаны:  Қиялды дамыту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Зерттеу  пәні: Қиялды дамыту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың психологиялық негізі.

Зерттеудің  мақсаты:

Қиялды дамыту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып,  дамуына қажетті мүмкіндіктер мен   жағдайлар   жасау.

Зерттеудің  ғылыми  болжамы:

Қиялды дамыту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды педагогикалық-психологиялық  тұрғыдан  ұйымдастырсақ, балалардың ақыл ой белсенділігі мен танымдық қасиеттері дамуына қажетті мүмкіндіктер туындайды.

Зерттеу   міндеттері:

1. Қиялды дамыту арқылы  балалардың шығармашылық қабілеттерін  қалыптастыру жайлы ғылыми- теориялық  әдебиеттерді  зерттеу.

2.   Баланың  психикасына   әсер ететін  ықпалдарды   зерттеп,  анықтау.

3. Қиялды дамыту арқылы  балалардың  психикалық  даму   заңдылықтарын  анықтау. 

4. Қиялды дамыту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға  жағымды   психологиялық жағдай  жасай отырып, танымдық және ақыл ой белсенділік қасиеттерін қалыптастыру.

Жетекші  идея:

Балалық кезең -бала өміріндегі ерекше өзгеріссіз өтпейтін–дағдарыс  кезеңі. Балалардың сензитивтілігін, мінез–құлықтарындағы,сана-сезімдеріндегі күрделі өзгерістерді, дұрыс  ұйымдастырылған  психологиялық-педагогикалық  ықпалдарды ескере отырып, қиялды дамыту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға   болады.

Зерттеу  жұмысының  әдіснамалық  негіздері   мен  деректі   көздері:

Балалар қиялы дамуының  психологиялық  ерекшеліктері  жайлы   ғылыми-теориялық ақпараттар, балалардың психофизиологиялық дамуы жайлы ғылыми–теориялық ілімдер, танымдық қабілетін, мектепке оқытуға   даярлығын  анықтаудың  диагностикалық  және   коррекциялық  әдістемелері.

Зерттеу   әдістері:

Бақылау, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар, эксперимент әдісі. Балалардың  мектепке даярлығын  анықтайтын  диагностикалық,  коррекциялық  әдістер,  дидактикалық  ойындар,  жаттығулар  қолданылды.

Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы:

1. Қиялды дамыту арқылы  балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды ғылыми теориялық тұрғыда зерттеу арқылы балалардағы шығармашылықтың ерекшеліктері   анықталды.

2. Жетекші әрекет арқылы  балалардың психикалық даму  ерекшеліктеріне   әсер ету   жолдары,  әдістемелік   нұсқау  жасалды.

Зерттеудің  теориялық  және   практикалық  мәнділігі.

Балалардың дербес және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қиялын дамыту арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың тәжірибелік  бағыттары  ұсынылады.  Зерттеу  жұмысының  нәтижелерін балабақша, мектеп және жанұя   тәрбиесінде   қолдануына  болады.

Зерттеу   базасы:  Шығыс–Қазақстан облысы Абай ауданы Би-ата ауылының Шәкәрім орта мектептебіндегі бірінші сынып оқушыларымен  жүргізілді.

Қорғауға   ұсынылатын  негізгі  қағидалар:

1.     Баланың  қалыптасып  дамуына   ықпал  ететін  факторлар.

2. Қиялды дамыту арқылы  балалардың шығармашылық қабілетін  қалыптастырудың қозғаушы   күштері.

3. Балалардың  психикалық  даму   заңдылықтары.

Дипломдық  жұмыстың құрылымы:  кіріспеден,  екі   тараудан,  зерттеу бөлімінен,  қорытындыдан,  әдебиеттер  тізімінен,  қосымшадан  тұрады.

 

 

 

 

 

І. Қиялдың  адам  өміріндегі  маңызы жайлы ғылыми зерттеулер

 

       Қиялдың адам  өміріндегі маңызын Л.С.Выготский,  И.М.Розета,  А.Л.Галин,  Л.С.Коршунова, Б.И.Пружинин, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев,  Е.И.Игнатьева,  Ю.А.Самарина,  Б.Ф.Ломова,  Л.С.Коршунова,    А.Я.Якиманский  және  т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеген. Ғалымдар танымдық қасиеттердің  қалыптасып, дамуында қиялдың алатын маңызын ашқан. Қиялды балалық шақтан дамыту арқылы баланың ақыл-ойы белсенділігі мен танымдық, шығармашылық қабілетті жан-жақта  қалыптасады.

          Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі-түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И.П.Павлов болды.  
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.

        Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И.П.Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы».

         Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа өнімдер беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.

Актив қиялдың  ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ» деп өте тауып айтқан.

           Адам  бұрын  өзі   көріп  білмеген  нәрселерінің   бейнесін  көз  алдында   елестетіп,  олардан  жаңа   бейне   жасайды.  Немесе   бұрынғы   қабылданған,  жиналған  бейнелерге  сүйене отырып,  өз  басында   тың  жаңа  елестер  мен  ой  пікірлер  тудырады.  Осындай  жаңа бейнелерді  қиял  деп  атайды.  Қиял – тек  адамға ғана   тән,  соған  меншікті   психикалық  үрдіс.  Жануарлар  дүниесінде   мұндай  функция   болмайды.  Өйткені,  қиял  адамның  еңбек   әрекетімен  дамитын  психикалық  қызмет.  Ол  басқа   да   психикалық  үрдістердің  түрлері  сияқты шындықты бейнелеп,  болмыстағы  оқиғалармен бірлікте   пайда болып отырады.  Қиял  арқылы   пайда   болып отыратын  жаңа  бейнелер  адамның білім қорына,  нақты   бейнелерге,  тұрақты елестерге негізделеді.  Адамның әр  қилы   психикалық  әрекеттерінде   бір ғана  үрдістің  дараланып  жеке  кездесуі   мүмкін  емес.  Ондай   үрдістер  бір  бағытпен,  арнамен дара   ұштасып,  араласып  жатады.  Солардың  ішінен  адам  әрекетінде   бір – екеуі  жетекшілік  қызмет  атқарады /1, 185/.  Қиял  еңбек  әрекетінде,  әсіресе,  шығармашылық  еңбек үстінде   дамып отырады.  Ол  ойлаумен  бірге   алдын-ала болжау,  жаңадан бір нәрсені   жасау,  іске  асырылатын  нәрсені   елестету  процесі.  Қиял  адамның шындықты,  ақиқатты   дұрыс тануының  шекарасын үздіксіз  кеңейте   түседі,  небір ой   жетпейтін жерге   жарқ  ұрғызады.  Адам  басында   үздіксіз  пайда боп отыратын  есепсіз мол бейнелер – үнемі   қайта өңделіп,  жаңарып,  түрленіп  жатады.  Бұл қиял  қызметінен  туындайды.  Орамды   ойлау сияқты,  қиял  процесі   де шындық  өмірмен  байланысса   адамға   қанат  бітіп,  асқарылы   мақсаттарға   жетелейді.  Сондықтан  да халық  «қыран  жетпеген  жерге   қиял  жетеді»  деп  өте  тауып  айтқан.  Сонымен,  қиял  дегеніміз  - біз  қоршаған  сыртқы   орта   заттары мен  құбылыстарлың  бейнесін  жаңғыртып,  оларды   өңдеп бейнелеуден тұратын тек   адамға ғана   тән психикалық  үрдіс /3; 45/.

Информация о работе Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру