Тәрбиенің әдістері, құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат

Краткое описание

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 315.83 Кб (Скачать документ)

 

Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

 

ұжымды нығайтуға бағытталған  мақсаттарды анықтау;

 

ұжым іс - әрекетінің дамуы;

 

жеке адам арасындағы қарым - қатынас іскерлік және

гуманистік қатынастардың  пайда болуы;

 

барлық ұжым мүшелері қолдайтын  белсенділер тобының

бөлінуі;

 

Бұл кезеңде дене шынықтыру  және спорт мамандығы мұғалімінің  негізгі қызметі оқушылардың  ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал  жасайтын құралға айналдыру.

 

А.С.Макаренко ұжымды нығайту  үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

 

Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты  ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан  бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс  істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты  бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т.б.

 

Дене шынықтыру және спорт  мамандығы мұғалімнің қызметі —  коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың  ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді  орындауда барлық оқушылардың күш  қуатын нығайту.

 

Ұжымның бұл даму кезеңінде  параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап  қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

 

Үшінші кезең - бұдан былай  белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда  қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір — біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

 

 

3. Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.

 

Ұжымды ұйымдастыруды  неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: "Дұрыс тәрбиелеудің бірден - бір  жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы  — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын  тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде  олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз  көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға  келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны  мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып  алады." — деп ұжымды ұйымдастыруды  неден бастау қажеттігін түсіндірген.

 

Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру  негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ  мақсатқа бағытталған ісі болады.

 

Ұжым құруды мақсат ете  отырып балалар ісін ұйымдастыруда  ең алдымен педагогикалық міндеттерді  шешу керек: іс - әрекетті тывдау және сол  істің мақсаты мен мазмұнына  балаларды қызықтыру.

 

Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің  әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б).

 

Талап қою ережелерінің педагогикалық  негізі — талаптың бір — бірімен  байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын — ала ұжым ережелерін зерттеп  білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды  балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп  қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары  жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді.

 

А.С.Макаренко талап қоюдың алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.

 

А.С.Макаренко: "Өз тәжірибесінде  мен өзімнің тәрбиеленушілеріме толық кең түрде, ешқандай жеңілдіксіз  талап қойып та отырдым және мүлтіксіз, айқын, тікелей, үзілді — кесілді  талап қою педагогиканың дұрыс  заңы болуға тиісті деп санаймын" деген.

 

Белсенділер тобын іріктеп  алып жұмыс жүргізу мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс - әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко  ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан  шыққан ең алдыңғы топ — мықты  активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақьш  тірегі ретінде қараған.

 

Белсенділер дегеніміз балалар  мекемесіндегі пайдалы және қажетті  резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың  орнын басады, коллективтің стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста  оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің  орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі.

 

 

4. Ұжым өмірінде жеке  қатынас, өзара жауапкершілік  қатынас және

 

гуманистік қатынастың мәні.

 

Қазіргі мектеп ұжымы бір  — бірімен тығыз байланысты болатын  екі ұжымның - педагогтар және оқушылар ұжымдарының құрамынан тұрады. Тұтас  педагогикалық процесс барысында  бұл ұжымдардың өзара байланысты әрі сабақтастық қызметі атқарылады.

 

Қазіргі жағдайда педагогикалық  ұжымның негізгі міндеттері қоғамның мектеп алдына қойып отырған әлеуметтік талаптарына байланысты күрделеніп отыр.

 

Педагогикалық ұжымның ең негізгі тәрбиелік міндеттеріне мыналар жатады:

 

оқушыларды қайта құру ісіне белсенді қатысуға, негізгі  әлеуметтік

қызметтерді жауапкершілікпен орындау үшін мақсаттылыққа

тәрбиелеу; оқушылардың рухани қажеттілігін және творчестволық

қабілеттерін, интеллектуальдық потенциалын айқындау және

дамыту;

 

оқушыларды талаптылық пен  инициативаға, іскерлік пен саналы

тәртіптілікке тәрбиелеу;

 

ұжымды демократияландыру, гуманитарландыру, оқушылардың

өзін - өзі басқару принциптерін жүзеге асыру.

Педагогикалық ұжымның жоғарыдағы аталған міндеттері оқушылар

 

ұжымымен өзара пікірлестік  принципі болғанда ғана орындалады. Оқушылар ұжымы - өте күрделі, өзіндік арнайы құрылысы бар әлеуметтік бірлестік. Жалпы білім беретін орта мектеп жағдайында бірнеше оқушылар ұжымы  болады: бастапқы ұжым, жеке - жеке сыныптар, жастар ұйымдары, бүкіл мектептік  оқушылар комитеті. Оқушылардың талап  — тілектері қызығушылығы мен  бейімділігіне, мамандық бағыт —  бағдарларына қарай әр салалы оқушылар топтары құрылады.

 

Оқушылардың өзін - өзі басқаруын  дамыту, оқушылардың қоғамдық белсенділігін  көтермелеу әрқашан мектептің өзекті міндеттерінің бірі болып келді.

 

Педагогика ғылымының  теориясында оқушылардың өзін - өзі  басқару проблемасы қоғамдық өзін - өзі басқарудың бір түрі ретінде  қарастырылып, болашақ ұрпақты өмірге, еңбекке, қоғамдық жұмысқа дайындаудың  маңызды жолы болып есептелінеді. Сонымен бірге өзін - өзі басқару  проблемасы жайлы білім беретін  мектеп жұмысының әртүрлі кезеңдерінде тұтас педагогикалық процесті жолға  қоюдың неғұрлым сипатты ерекшеліктерін бейнелейтін өзіндік ерекшелікке  ие болып отырды.

 

 

9 - тақырып 

 

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

 

 

Қарастырылатын мәселелер:

 

Дүниеге көзқарас туралы түсінік.

 

Ғылыми көзқарастың негізгі  түрлері.

 

Оқшыларының ғылыми көзқарасына  әсер ететін факторлар.

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

 

Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

 

Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

 

Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.

 

Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік  педагогикалық университеті. Педагогика

 

пәні бойынша лекциялар  жинағы. Алматы-1991ж.

 

М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.

 

И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.

 

 

1. Дүниеге көзқарас туралы  түсінік.

 

Дүниетанымның қалыптасуы –  күрделі әлеуметтік педагогикалық  мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің  үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның , оның ішінде оқушы жастардың  жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.

 

Жаңа заманның нарық қатынастарына  көшу жағдайларына жастардың мемлекеттік  және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі  орны түбігейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жастардың  өздері үшін, сондай – ақ бүкіл қоғам  үшін әлеуметтік – адамгершілік құндылықтарының  жаңа жүйесін құру процесіне белсене  қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз - өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным – сенімдері, мақсат – мұраттары, таным мен қызмет принцптері, құндылық бағыттары. Дүниетанымды – қалыптастыру тек жеке тұлғаның ған емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс - әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принцптерінен тұрады.

 

Дүниетаным дегеніміз  – дүние деген нақты – тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат  пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік – эканомикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғмдық  – саяси қатынастар жүйесіне қатысты  ғылыми негізделген сенімдердің  органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың  дүниетанымы ғылыми – философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың  жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.

 

Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен  заңдылықтарына түсінік беретін  дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау – болжам, аксиома, әр түрлі  табиғи және қоғамдық процестер мен  құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез - келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі  ұғымдары ретінде қалыптасады.

 

Тұтас – психикалық білім  ретінде дүниетаным – күрделі  де көп аспектілі құрылым. Оның ұйытқысы – теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік – жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар – адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен  болжамдар ретінде қабылдауы. Әрбір  адамның дүние танымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет - әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның “Мен” деген  сезімнің мәнісін ашып, оның өмірлік  ұстанымдарын, ар – ұятын анықтайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан  мейлінше жоғары күйі. Сенім білім  сияқты объективті шындықтың субъективті  көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық  тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір “білетін” немесе “түсінетін” емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік  мағынаға ие болулары керек. Сенімге  айналған білімдер мен идеялар дүние  мен адамды өзгертіп, материалдық  күшке айналады. Сенім жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс- әрекетінде басшылыққа алып, оның болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім - жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары  мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі – оның дүниетаным көрінісі. Сезім – сенімнің үйлесімді  қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық  сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметттік  оптимиз мен мақсаттылық сияқты интелектуалды сезімдермен байланысты.

 

Қажымас ерік–жігер – дүниетанымның  маңызды элементі.Сенім адамды іс - әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық сана мен шектеліп қана қоймай тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз – адамның білімдерді ,болмыстың құбылыстарын

 

шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік- жігерді сенімді іске асыруға  бағыттаудың қаблеті.

 

Арман-мұрат өмірлік мақсаттар  ретінде дүниетанымның ең маңызды  құрамды бөлігі болып табылады. Сананың  мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады. Адамның  дүниетанымы көбінесе оның тікелей  өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта – адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты  көрінісі .Әлеуметтік орта қоғадық  – экономикалық формация түрінде, қай  тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.

 

Қоғамдық – экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық нақтылығында, өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын  тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация - әлеуметтік орта-өмір салты –жеке  тұлға - дүниетаным ұйытқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.

 

Жеке тұлғаның танымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы  көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

 

Бастауыш сынып оқушылары  дүние, табиғаттың құбылыстары, біздің еліміздегі шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс -әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту  және тәрбие барысында Отан, халық  туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың дүние жүзі халықтарының бейбітшілік  және бақыты үшін күресі туралы оқушылардың  түсінігі қалыптасады.

 

V-VIII сынып оқушыларының  ғылыми дүниетанымы жаратылыстану,  математика, физика және гуманитарлық  пәндерді оқу барысында дамиды, сонымен бірге олардың көзқарасы  қоғамдық пайдалы және өнімді  еңбек туралы қалыптасады, құқықтық  санасы, азаматтық жауапкершілігі  тәрбиеленеді. Дүниетанымның қалыптасуы  оқытудың өмірмен тығыз байланысы,  оқушыларды еңбек іс - әрекетіне  тарту, яғни бұл дидактикалық  және тәрбиелік жағдайлардың  бірі.

 

Оқушыларының өмірлік  жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың  практикалық іс- әрекетіне үлкен  ықпал жасайды. Өйткені осы ортада әрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді. Бұлардың бәрі оқушылардың еңбегі, қоғамдық пайдалы іс - әрекеттерін  дұрыс ұйымдастыру өмірлік тәжірибесі артады, іскерлігі және дағдысы дамиды. Жоғары сынып оқушыларының табиғат  және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері  кеңейеді, тереңдейді, диалектикалық ойлай білуі, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады.Олар жинақталған адамгершілік идеяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындық іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық істерде әділетті, адал болуға тырысады.

Информация о работе Тәрбиенің әдістері, құралдары