Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат
1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
Тікелей бақылау зерттеуші мен объект арасындағы бақылау арқылы тікелей байланыс, қатынас.
Ашық бақылауды қатысушылар
біледі. Жасырын бақылауды
Қысқа мерзімде бақылау сабақ, үзіліс және бүтін жұмыс күні барысында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімді бақылау оқу тоқсанының және жыл бойында жүргізіледі.
Жеке адамның тәрбиелілігін (әдептілігін) зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады. Осыған орай, фактыларды жазу жүйесін ойластыру, оларды бақылау күнделігіне, бақылау картасына жазып отыру керек.
Психологиялық сұрақтар ұжым мүшелері арасындағы қатынастарды, жолдастық құштарлықты немесе теріс қатынастарды анықтайды. Мұндай сұрақтар дер кезінде қайшылықты анықтауға және оны іскерлікпен шешуге мүмкіндік береді.
Тәрбиенің нәтижелерін анықтауда мынандай көрсеткіштер еске алынады: оқушылардың моральдық норманы игеруі; мемлекет заңдарын білу және сақтау: сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы; біздің еліміздегі және шетелдердегі жағдайларды бағалай білу.
Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез – құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.
Айта кету керек, басқа да толып жатқан тәрбие әдістерінің жіктеулерін жасауда бірсыпыра үлес қосқан ғалымдарға В. И. Коротов, В. А. Каспин, И.С. Марьенко т.б. жатады. Олардың жіктеулері де оқыту мен тәрбие процесінде еске алынады.
Не себепті осы уақытқа дейін тәрбие әдістерінің бірынғай ғылыми негізделген жіктеуі болмай келді.
Оның себебі, біріншіден, тәрбие әдістерінің жіктеуін жасауда бір ыңғай пікірдің жоқтығы толық дәлел бола алады; екіншіден, тәрбие өте күрделі процесс, ол әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келуін талап етеді.
4.Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.
Тәрбие жұмысында әдістерді
таңдап алу оқушылардың жас және
дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне,
педагогикалық ситуацияларға
Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Демек, тәрбие жұмысын жаппай жүргізіп қана қоймай, онда балалардың дербес ерекшеліктерін де еске алу керек. Мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездесе бастаған ісін аяғыма дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз, яғни тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші, яғни өмір тәжірибесі жоқ. Бұл жағдайда тәрбиеші балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Ұжым қалыптасқаннан кейін оқушылар белсенді тобы (активі) құрылады. Осыған сәйкес тәрбие әдісі өзгереді. Оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа, кіші пейілдікке, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның ІІ-ІІІ даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін - өзі бақылау, өзіне - өзі баға беру т.б. қолданылады.
Тәрбие жұмысында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен түрлі жағымсыз әрекеттер де болады. Мұндай педагогикалық ситуацияда этикалық тақырыптарға әңгімелесу және лекция әдістерін пайдалану қажет\.
Сонымен, біріншіден, тәрбие
әдістерін көмегімен
Барлық тәрбие әдістері бір
– бірімен өзара байланысты, өзара
тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды
құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды
әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе
үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер
ұжым адамгершілік мораль элементтерінің
ұғымдарымен таныс боламса жеке
адамның санасын қалыптастыру әдістеріен
(әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекция
т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда
пікірталас және әңгіме әдістерінен
гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу
немесе лекция әдістерін қолдану
өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының
адамгершілік нормасы жөнінде белгілі
түсініктері болса, онда пікірталас
немесе этикалық әңгімені қолданған
жөн. осы әдістер бойынша
Барлық тәрбие әдістері бір – бірін толықтырады. әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой өрісін кеңейтеді.
Пікірталастар – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда әртүрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.
Өнеге-өрнек - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие.
Талап – бұл тәрбиеленушінің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандыып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.
Үйрету – бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.
Жарыс – адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына мақсатқа орай ескеру қажет:
жарысты белгілі мақсатқа орай ұйымдастыра білу;
жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.
8 - тақырып
Дене шынықтыру және спорт сабағында оқушылардың ұжымын қалыптастыру
Қарастырылатын мәселелер:
Ұжым тәрбие құралы.
Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір - бірімен сабақтастығы.
Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.
Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және
гуманистік қатынастың мәні.
Пайдаланатын әдебиетер:
Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.
Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық университеті. Педагогика
пәні бойынша лекциялар жинағы. Алматы-1991ж.
М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.
И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.
1. Ұжым тәрбие құралы.
Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан - жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.
Тәрбие теориясының негізгі бір принципі - "ұжымда ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу" деп анықталған.
Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол - ортақ мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым - қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
идеялары қоғамның даму заңдарына жауап
береді. Ол заңдылықтар адамның
Ұжым проблемасын бірнеше
қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуметтік
ғылымдар саласында "ұжым" ұғымы
ең бір маңызды категория болып
есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың
бір - бірімен қарым - қатынасының
барысын анықтайды. Сонымен қатар
педагогиканың негізгі
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.
Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.В.Луначарский жаңа адамды
қалыптастырудың негізгі
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым - қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым - қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
АС.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты
және объектісі, жеке адам
Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
ұйымдастыруға біріктіреді.
Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның
бөлігі.
Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері -
ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым — бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым — бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым — бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым — бұл студенттер тобы, негізгі ұжым — факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс - әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс - әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың "Коллектившілдерді тәрбиелеу” атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Мудрая власть коллектива", "Коллективтің құдіретті күші" т.б баяндалды.
ВА.Сухомлинский пікірі бойынша
әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі
тәрбие құралы болады. Балалар мен
тәрбиешілер арасындағы рухани қарым
- қатынас ұжымдық қатынастың даму
процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым
- қатынас жайындағы идеясы жаңашыл
мұғалімдердің идеяларымен
Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы — бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде
бірнеше өзара байланысты оқушылар
ұжымдарының типтары пайда
2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір - бірімен сабақтастығы.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар
ұжымы жеткіліксіз