Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат
1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
Дүниетаным – философия, философия сияқты ол да бүтінге, жан – жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрады. Философияның өзі де - дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дұниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы. Философия сияқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифологиялық, діни, көкемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы - оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралимстік формадан өзгешілігі, ерекше категориялық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының біріңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні “дүние - адам” мәселелері туралы ойлар.
Философия екі құбылысқа негізделеді:
Философия – бүтін дүние және адамның осы дүниеге
қатынасы туралы ақпарат;
Философия – таным принцптерінің комплексі, таным іс –
әрекетінің жалпы әдісі.
Осыдан барып философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді:
Дүниетанымдық
әдіснамалық.
Философияның адам мәселесінің маңыздылығына орай бірінші орында гуманистік қызметі тұр. Гумандылық (лат. humanus- адамгершілігі бар ) – адамгершілік деген мағынаны білдіреді, ол –гуманизмнің түрлі бағыттарының арман – мұраты. Оның басты мақсаты: адамға тән құндылық қабілеттілігінің, сезім мен парасаттың үйлесімді дамуы, адами мәдениеттің, өнегелік пен оған лайық адамдар мен тұтастай жаратылысқа қатысты мінез – құлықтың жоғары деңгейде дамуы.
Философияның келесі дүниетанымдық қызметі - әлеуметтік– аксиология. Оның өзі де бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары: құрылымдық – құндылықтың, интерпретаторлық және сыншылдық қызметтері.
Жеке тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажаттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық – мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды – жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Сенім мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол – қызмет - әрекетінің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман – мұраттарға сәйкес қызмет - әрекет етуге деген эмоционалды – жігерлі әзірлік.
Философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды.
3. Оқушыларының ғылыми көзқарасына
әсер ететін факторлар.
Оқушыларының дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар матириалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс – материаның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама – қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың толассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәндәліктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика – таным негізі, ақиқат критериі.
Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс - әрекетімен сипатталады, іс - әрекеттің мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс- әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.
Дүниетаным жекелеген
білімдерден емес, заманның талабына
сай білімдердің құрылымын
Білім беру – оқушылардың
ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды
меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің,
дүниетанымы мен адамгершілік –
эстетикалық көзқарастарының
Оқу оқушылардың іс -әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс -әрекетінің психологиялық мазмұны – іс - әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.
Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне жеке оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірбиесіне, әлеуметтік – психологиялық жағдайына сүйенеді.
Оқу мен еңбек қоғамдық
іс -әрекет оқушылардың әлеуметтік,
жан –жақты ақпаратпен, саяси қарым
– қатынас тәжірибесімен
10 – тақырып
Дене шынықтыру сабағы
үрдісінде оқушылардың
Қарастырылатын мәселелер:
1.Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
2. Құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.
3. Тәрбиесі қиын балалармен
жұмыс істеу мәселелерін
алу.
4. Мектеп оқушыларының тәртіпсіздігінің себептері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.
Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық университеті. Педагогика
пәні бойынша лекциялар жинағы. Алматы-1991ж.
М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.
И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.
К. Б. Сейдалиев. Тәрбие теориясы. Алматы-1986ж.
1.Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының жаңа құрылысын жүргізіп отырған шақта адамдардың құлықтық саналығын тәрбиелеу қоғам дамуының ең бір басты айқындаушы міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын жаңаша қарастыру үшін ең алдымен адамның негізі немен аяқталатынын зерттеу керек.
Ғылыми, философиялық, психологиялық әдебиеттердегі құлықтық тәрбие жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.
Шәкірттердің саналы тәртібі, пайымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағыталған іс-әректіне құлық тәрбиесіне байланысты.
Тарихқа көз жіберсек, қоғамдық өмірдің дамуында адамзат бойында мінез – құлық негізгі құндылық болып келеді.
Құлық-қоғамдық дамудың жемісі ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы құлық тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Құлықтық тәрбие туралы ой-пікірлер VI ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан басталып, Орта ғасыр ғұламалары мен (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн , М.Қашғари, А.Иугенки т.б.) алтын орда дәуірі оқымыстылары (С.Сари, Қ.Жалаири, т.б.). XIV-XV ғасырда өмір сүрген ақын - жазушылар (Асанқайғы, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет, Әсет т.б.) еңбектерінен көрініс табады. 1 (8, 87-105 бет)
XIX ғасырдың II жартысында (Шоқан
, Ыбырай, Абай) одан бертін келе
ортамызға қайта оралған
Әбу-Насыр Әл-Фарабидің (850-950) “ Математикалық трактаттары” “Философиялық трактаттары”, “Логикалық трактаттары”, “Этикалық трактаттары” және т.б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бақытқа, шаттық өмірге жету жолындағы ең негізгі компоненттер деп экономиканы, саясатты, мемлекеттік құрылысты, жанұяны және тәрбиені атаған .
Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бір пікірдің біздің дәуірімізге де өз маңызын жоймай жеткені.
Жалпы, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін , жоғары маңызын , халықтар арасындағы туысқандық пен достықты жырлайды. Оның “Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады” деген қағидасы да тап бүгін өте өзекті мәселе.
Білім – ғылымының барлық
салаларының негізін қамтитын орасан
мол мұра қалдырды. Аристотельден
кейінгі “Екінші ұстаз” атанды.
Әлемнің негізгі тұрақтысы –
Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру )тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай ғана ол шәкірттерден шындықты, адамгершілікті, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады. Сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие болуға тиіс.
Жақсы мінез –құлық пен
ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар
адамгершілік қасиеттер болып табылады.
Біз қасиеттер дегенде әрбір
нәрсенің игілікті жағын айтамыз. Адам
бойындағы мінез-құлық
Құлықтық тәрбие дегеніміз- адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында – еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, жанұяда және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді.
Құлық-тәрбиесі – адамгершілікті
тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Мұның
міндеті моральдық межелер мен
талаптарды қоғамның әрбір мүшесінің
игілігі ету, оларды терең құлықтық
сенімдеріне жоғары құлықтық қылықтарына
және шын мінез - құлқына айналдыру.
Құлық тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның
құлықтық санасы, оның қоғамдық борышқа,
тәрбие әсемдікке көзқарас қалыптастыруда
әлеуметтік тәрбие институттарының
тәжірибелік жұмыстарын қамтиды. Құлық
тәрбиесінде тәрбиешінің
Құлықтық сана – адамдардың
көзқарастарында және елестетулерінде
шындықты, қоғамдық болмысты бейнелейтін
қоғамдық сананың бір түрі: өзінде
құлықтық іс- әрекетті, құлықтық қатынастарды
бейнелейді және белгілейді. Ал бұлар
құралудан бұрын адамдар
Адам басшылыққа алатын моральдық межелер мен принциптер жиыны тұлғаның құндылық бағдарында көрініп, оның моральдық санасын сипаттайды. Құлықтық сананың өзіндік мінез – құлық шеңберіне қатысты, қылықтарды таңдап алу мүмкіндігі болғандықтан адамдар қылығын бағытауға ғана қабілетті болады.
Құлықтық сезім – тұлғаның рухани құлықтық өмірінің көңіл - күйде сезіну жағы адам іс- әрекетінде маңызды орын алды.
Құлықтық сезімдерге намыс,
ар, ұят, абырой, мақтаныш, махаббат, өшпенділік,
жек көру, қызғаныш, менмендік, өзімшілдік,
атақ құмарлық т.б. жатады. Құлықтық сезім
адамның түрлі жағдайларға
Өзінің әлеутеттік мазмұны жағынан олар қоғамдық болмысқа, өмірдің түрлі жағына субъективтік қатынас болып табылады. Мысалы, басқа адамға, өзінің - өзіне, жеке қоғамдық өмір құбылыстарына, толық алғанда қоғамға тағы с.с. қатынасы. Құлықтық сезімнің әлеуметтік сипаты болады, олардың көбі адамның моральдық бейнесін сипаттайтын, оның сапаларына сәйкес келетін құлықтық санаман бағаланады. Моральдық сезімдер түйсіктер, қабылдау, елестетулер, ойлар сияқты танымдық іс - әрекеттерден туындайды және адамның түрлі іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Құлықтық сезімдер адамның бүкіл өмірінің іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне ықпал жасайды, оның әлеуметтік, тынымдық және басқа белсенділіктерін қуаттандырады, тұлға оянуын күшейтеді.
Құлықтық құндылықтар – әлеуметтік құбылыстарды, адам әрекеттері мен мінез- құлықтарын, олардың моральдық жағынан қарағандағы жақсылық пен зұлымдық жөніндегі түсініктеріне бағалауға мүмкіндік беретін адамның мінез-құлқындағы бағдарлары.
Құлықтық қатынастар шеңберінде адамдар қылығының моральдық маңызы болатын себептері олар қоғамдық өмірге, қоғамдық құлықтың негізіне оң не теріс әсер етеді. Моральдық санада құлықтық құндылықтар адам башылыққа ала отырып лайықты әрекет жасайтын моральдық мұраттар, принциптер, межелер ретінде көрініс береді. Қайрымдылық пен зұлымдылық жөніндегі құлықтық талаптар мен түсініктерге сәйкес келетіндігі ретінде бұл әрекеттерге қоғам баға бареді. Бұл жағдайда адам қоғам алдында өзінің моральдық қалауы үшін жауап береді.
Құлықтық құндылықтар мұғалімінің, оқушылардың көз қарастары арқылы өтіп, құлықтың санасында қатысу мен мінез құлықтың жеке қабылданған межелерінде бекіп, олардың бүкіл іс-әрекеттерінің өн бойын алып жатады.