Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат
1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
Тәрбие әдістері
Қарастырылатын мәселелер:
Тәрбиенің әдістері, тәсілдері, құралдары туралы түсінік.
Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама.
Тәрбие әдістерін жіктеу.
Тәрбие әдістерін таңдап алу шартары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.
К. Б. Сейдалиев. Тәрбие теориясы. Алматы-1986ж.
Е. Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы 2000ж.
Т. Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы 1996ж.
И.Н. Баженова Педагогикалық ізденіс. Алматы 1990
1. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” ұғымы әліде жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардыі бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі – ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Тәрбие әдіс ұғымы туралы
мұнан басқа да бір сыпыра анықтамалар
бар. Осы анықтамаларға қарағанда
шамасы, әрбір автор тәрбие әдісі
туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының
нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты.
Бірақ, біздің байқауымызша, әртүрлі
анықтамалар бір мақсаты
Сонымен, әр түрлі авторлардың
анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды
жасауға болады. Тәрбие әдісі –
тәрбиешілер мен
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принсиптеріне және мазмұнына , балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне , олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие
мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды
мінез-құлықтың қоғамдық нормасына
үйретуге, адамдармен қарым-қатынас
жасауға және олардың іс -әрекеттеріндегі
құнды тәжірбиелерін
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамы бөліктері,
әрбір әдістің тәсілдері
Тәрбие құралдарына іс-
Оқушы тұлғасы қалыптасудың басқарылуын қамтамасыз ету-тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. А.С.Макаренко өз тәжірбиесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-ді.
Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып табылады.
2. Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама.
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың соңыда 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Г. И. Шукина, В. А. Сластенин т.б.
60- жылдардың екінші жартысынан
бастап педагогикалық іс-
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін
жіктеудің ІІ-ден астам
3. Тәрбие әдістерін жіктеу.
Герцен атындағы Санкт-Петербург
мемлекеттік педагогикалық
Бірінші топ- тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез – құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.
Талап – мінез-құлық нормасының көрнісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны іс- әрекеті, процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі – бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субектісі, педагогктың тірегі.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез –құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайлылық (инабатылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.
Жаттықтыру әдісі –
бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың
моральдық тапсырмаларды
Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма. Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалаыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиенушілер арасындағы қарым – қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, демалтын орындарды дайындау, яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.
Өз екркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту , немесе жалған сөйлеу т.б. Мұндай ситуацияларда балалар көп ойланады, қайғырады.
Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу пікірталас, лекциялар, өнеге.
Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің , еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.
Әрбір әдістің мақсаты мен мазмұны педагогикалық оқу құралдарында жақсы жазылады. Сондықтан мысал ретінде тек қана әңгіме және пікірталас әдістеріне тоқталамыз.
Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қортынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез – келген мәселелерде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:
Тақырыптың көкейтестігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беру тиіс.
Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.
Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.
Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек: жаңалық, оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу, бір нәрсені қайталай беру наразылық туғызады.
Пікір талас – бұл жоғары сынып оқушыларының байымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрың хабарландырылады.
Пікірталас оқушыларды қателіктер
мен жалған көзқарастармен күресуге
үйретеді. Пікірталастың құндылығы
сонда, ол оқушылардың ойлану сезімін
оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс
идеяларды ұстауға, қателіктерден
бас тартуға мүмкіншілік
Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленуші іс - әрекеттінде және мінез – құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау – баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.
Сонымен, Санкт – Петербург
педагогикалық институтның
Мектеп өмірінде В. А. Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі ойдағыдай қолдануда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.
Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.
Екінші топ. Қоғамдық мінез
– құлық тәжірибесін
Үшінші топ. Іс- әрекетін және мінез – құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.
Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі
бақылау және тәрбиеде өзін - өзі
баға беру әдістер: педагогикалық бақылау,
әңгіме, сұрау (анкета, ауызша, т.б.). қоғамдық
пайдалы іс - әрекеттерінің нәтижелерін
талдау, балалар ұйымдарының
Тәрбие әдістерінің бұл жіктеуінде ІІІ, ІV топтар ғана қарастырылады. Өйткені І, ІІ топтар дағы тәрбие әдістері Санкт – Петербург ғалымдары жасаған жіктеудегі І, ІІ топтарда баяндалады.
Айрықша қолданылатын ІІІ топтағы әдістер жарыс, мадақтау, жазалау деп тұжырымдайды В. А. Сластенин, Т. Е. Конникова т.б.
Жарыс балалардың ұжымында іс
- әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру
әдісі. Ұжым жарыстың барысында өзінің
жетістігі және жарысушы ұжымдардың
табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқушылардың,
әсіресе енжар оқушылардың
Жарысты ұжымдық және дара түрінде өткізуге болады. Ұжымдық түрге сыныптар спорт командалары, оқушылардың өндірістік бригадалары, звенолары арасындағы жарыс жатады. Мұнда негізгі мақсат ар – намыс, құрмет үшін күресу. Жарыстың дара түрлері: жауынгерлік, еңбек даңқы орындары бойынша жорық туралы жақсы әңгімелер сайысы, жақсы әндерді, билерді орындау сайысы т.б. Кейде жарысты дәстүр түрінде де пайдалануға болады. Мысалы: а) үйге берілетін оқу тапсырмасын үнемі орындау ә) сабақ үстінде ескертпесіз жұмыс істеу б) мектеп және үй режимін сақтау в) өте кәрі адамдарды күту, көмектесу.
Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез – құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан бала мен – мендік тәкапарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.
Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқан қылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А. С. Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Жазалауда жеке адамның абройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.
ІV – топтағы әдістердің ішінде педагогикалық бақылау және психологиялық сұрақтарды еске алған жөн. Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрі бар. Олар: тікелей бақылау, ұзақ мерзімді бақылау т.б.