Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адамгершілік тәрбиесі.docx

— 136.82 Кб (Скачать документ)

         Балалардың адамгершілік құндылықтарын  қалыптастырудың жолдарының бірі  – ол баланың қызығуын арттыру. Егер балаға қызығуына қарай  тәрбиені жүйелеп берсе, баланың  даму үдерісі шапшаңдайды.

         Сондықтан, мектеп жасына дейінгі  балаларға өз халқы мен өзінің  арасында өзара байланыс орнату, ұлттық мәдениетке тән болу  сезімінен әсерлену, оның құндылықтарын  саналы қабылдауға жағдай жасауда  ұйымдастырылған оқу іс-әрекет  барысында жүзеге асырудың мүмкіндіктері  іздестіріледі. Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекет мазмұнындағы халықтық  білімдер құндылық бағдардың  құрылымына ене отырып, балалардың  танымдық әрекетін қалыптастырады.

         Мектепке дейінгі балалардың  жас ерекшелігіне сай таным  мүмкіндігін ескере отырып, оқыту  мақсатын бала тұлғасын тәрбиелеуге  бағдарлаудың мәні зор, соған  орай бұл сатыда оқылатын ұйымдастырылған  оқу іс-әрекет барысында тақырыптардың  мазмұнына сәйкес келетін мәтіндерді  пайдалану орынды.

         Жалпы «Таным», «Қатынас», «Шығамрашылық», «Денсаулық», «Әлеуметтік орта»  білім беру саласындағы мазмұны  ұлттық тәрбие арқылы бағыттап  отыратын білімдік-тәрбиелік сипатымен  ерекшеленеді [28]. Мәтінді талдау  кезінде оның құрылымы мен  мазмұны жеке тұлғаның рухани  дүниесін байытатындай, сөйтіп, оның  өзіндік пікірін туғызатындай  деңгейде ұйымдастырылған жағдайда  жеке тұлғаның ұлттық құндылық  бағдарының дамуына мүмкіндік  туады.

         Ол үшін баланың бойындағы  ұлттық құндылықтар қатарының  артуына ықпал ететіндей бағытты  ұстана отырып, өнегелік тәрбие  арқылы мәнін ашатын арнайы  бағыттайтын мәтіндерді пайдалану  қажет.

         Мысалы: «Шаңырақ шуағы» тақырыбын  өту барысында шағын мәтіндерді  пайдалана отырып, имандылыққа ата-анаға  құрмет көрсетуге бағыттау.

Балалар бойына тәрбие дарытуда балабақшада оқылатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бәрі бірдей дәрежеде маңызды. Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелейтін «Қатынас» білім беру саласы. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Қазақ халқының тарихына байланысты хандарымыз бен билеріміздің, шешендеріміз бен жырауларымыздың орны бөлек. Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті баланың рухани байлығын кеңейтіп өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың батырлығына көмек көрсетуді тудырады, олардың ізгі талап-тілектерін оятады. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті тәрбие арқылы балалардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.

Психологтер мен педагогтердің бірлесіп жүргізген зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік-ерік қасиеттерінің деңгейі едәуір жоғарылағанын көрсетті. Сондықтан балабақша баланың адамгершілік әлпетін қалыптастырудағы ролі мен мәні артып келеді.

Балабақшадағы адамгершілік тәрбие тым сан алуан және оның нәтижелері қилы-қилы әрекет барысында көрініс табады. Бұл жұмыстардың көздейтін мақсаттары – тұрмыста, еңбек, ойын барысында қоғамдық және табиғи құбылыстармен таныстыру арқылы айналадағы ортаға адамгерішілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға, ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап, алу керек. Материал мүмкіндігінше ықшам, балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей болу керек.

Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір мазмұнға құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей кеп әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс тауып жатады. Талай-талай іс-әрекеттер өткір сықақ, мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкерлердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын тартымды, бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

Жаңылтпаштар балабақшадағы көркем әдебиет, сауат ашу және жазу, тіл дамыту, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде және бос уақыттарда тіл ұстарту, сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің маңынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланылады.

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер – халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардыі іс-әрекеті, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды тәрбиешілер балалардың түрлі іс-әрекетіне, мінез-құлқына байланысты тәрбие құралы ретінде пайдалануына болады.

Балаларды әдебиетпен және ауыз әдебиетімен таныстыру, оларды әңгімелеуге және оқыған, тыңдағанын қайта әңгімелеп беруге, өлеңдерді, жаңылтпаштарды, мысалдарды жатқа мәнерлеп оқуға үйрету, тілді бейнелеу және мәнерлеу, сөздік шығармашылықтың бастапқы түрлерін дамыту жөніндегі жұмыс – міне, осылардың бәрі баланың зердесін оятып, ой-түйсігін жетілдіруге жәрдемдеседі.

Тәрбие жұмысын жоспарлай отырып, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру және оларға мазмұны, өзінің мәнерлеу құралдары, орындалуы бойынша түсінікті шығармаларды іріктеп алу қажет.

Туғаннан төрт жасқа дейінгі балаларды көркемдікке, іс-әрекеттерінің бастапқы түрлеріне жетекшілік ету әдісі бойынша олардың тілдік дамуы, сөйлеуге талпынысының шапшаң артуымен, ұғымды және лексикалық материалдың қарқынды жинақталуымен, ана тілінің құрылымын, оның дыбыстық мәдениеті мен грамматикалық дұрыс элементтері негіздерін игерумен сипатталады. Көркем сөзді қабылдауы жетіле түседі. Өскен сайын сәбилер балалар әдебиеті шығармаларының неғұрлым күрделіктерін түсіне бастайды, оларды түрлі жанрлы шығармаларымен таныстырады. Сондықтан да оларды тақпақты есте сақтауға және айтуға, таныс кітаптағы суреттерді қарауға, сол жайлы әңгімелеп беруге ықыласын тудырып, қызықтырып отырудың маңызы зор. Бала шалқан, тауық жайлы талай рет тыңдаған ертегілерді үш жасқа таман өзі әңгімелеп беруді де үйренеді. Бұл ертегілердің бәрінде іс-әрекеттің «тізбектеп даму» әдісі пайдаланылған; ұқсас көріністер, репликалар қайталанады. Бұл баланың зейінін шоғырландырады, түсінуге және еске сақтауға көмектеседі. Кеңес жазушыларының шығармаларымен танысу жалғаса береді. Ең алдымен А.Бартоның балаларға ойыншықтар жайындағы таныс және жаңа өлеңдері: «Доп», «Көжек», «Жалауша», үш жасар шамасында кішкентайларға осы цикльдегі басқа өлеңдерді: «Өгізше», «Жүк машина», «Тіл», «Теке» оқуға болады. Үш-төрт жастағы балаларға көркем тілді жүйелі оқыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекет үстінде жүргізіледі, олардың көбі ойын түрінде өтеді.

Дегенмен бұл жастағы балалармен өтетін ойын-сабақ екі жасқа шыққан балалардың ойын-сабағына қарағанда, әлдеқайда күрделірек.

Бес жастағы кезде балалар көркем шығармаларды тұтас алғанда тереңірек қабылдайды; сюжетті жай түсініп қана қоймайды, жарқын, бейнелі сөзді, ертегілер мен әңгімелердің нәрін аңдай бастайды, өздерінің кейіпкерлерге деген көзқарастарын айтады. Бес жасқа шыққанда олар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде ғана емес, одан тыс жерде де танысқан көптеген қысқа-қысқа ойнату тақпақтарын, төрт жолдық өлеңдерді біледі. Балалар тәрбиешінің барлық тапсырмаларын ынталы орындайды; әңгімесін кішкене жазық фигураларымен сүйемелдей отырып, ертегіні қайта айтып шығады, белгілі ертегілерді драмалайды, бейнелеген кейіпкерлердің сипаттық ерекшеліктерін сөйлеуі, бет-әлпетінің құбылысы арқылы көрсетуге, оларға деген өздерінің қарым-қатынастарын беруге талпынады. Жатқа айтуды, әңгімелеуді олар дауыс ырғағымен мәнерлеуге тырысады.

Бес-алты жастағы кезде балалар шығарманы ықыластана, назар аудара тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деген өз көзқарасын тиянақтап айта білуді меңгереді; оларда шығарма мазмұн мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдары арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әрекеттің белгілі бір түріне қызығу тұрақтылығы пайда болады; біреулері өлең оқуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері дамиды; балалардың өздері жұмбақ, өлең ойлап таба бастайды, белгілі ертегілерге ұқсас ертегі ойлап шығарады. Құрбыларының қисынды тапқырлық талпыныстарына және орындаушының іс-әрекетіне баға беріп қарау қалыптасады; балалар кімнің жақсы ойлап табатынын, әңгімелейтінін, жатқа оқитынын кәдімгідей бағалайды. Ауыз әдебиетінің шағын формаларымен – жұмбақтармен, ойнату тақпақтармен, жаңылтпаштарымен, ертегілерімен танысу баланы эмоция жағынан қалыптастыру оның бейнелі ойлана білуін, шығармашылық қиялын дамыту, сондай-ақ сөйлеу аппаратын жетілдіру үшін де өте маңызды.

Балаларға адамгершілік және эстетикалық оқытудың маңызы зор. Олардың тақырыбы кең де әр алуан, Әдеби шығармалар арқылы балаларды олардың өмірлік тәжірибесінен тыс жатқан құбылыстарымен және оқиғалармен таныстыруға болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр.

         Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері -балалардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы.

Бұл арқылы баланың ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі тәрбиеші балаларға жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана тәрбиеші балалардың ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.

Баланың өміріндегі іс-әрекетін нығайту мектепке дейінгі тәрбие жұмысының басты қажеттілігі. Өйткені тәрбие жұмысын баланың қалауына орай жеке басының жетіле беруіне, көңіл-күйлерінің толғаныстарына сүйеніп жүргізгенде ғана іс жүзеге аспақ. Неге десеңіз қазіргі оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі – бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиеті мен мәдениетке, өнеріне үйрете отырып баулу.

Халқымыздың ұлттық ерекшелігі саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалдық, кішіпейілдік сияқты қасиеттерімізді жас өскіннің бойына сіңіре тәрбиелеу мақсаты бүгінгі күні басты мүддеге айналуда. Мұның айғағы ретінде қазақ балабақшаларына арналған Республикалық деңгейдегі «Балбөбек» бағдарламасы.

«Балбөбек» бағдарламасының негізгі жаңалығы, балабақшада берілетін тәлім-тәрбие мазмұны халықтық педагогика негізіне сүйенген. Бағдарламада айрықша ерекшеленген бөлімнің бірі – «Имандылық-инабаттылық» тәрбиесі [20-13б].

Еліміз тәуелсіздік алып жаңаша өмір сүру жолына түскенде ең алдымен ата-баба дәстүрін жалғастырып, ұлттық тәрбиеге ден қойған тұста ой-пікірдің мөлдір бастауы саналатын ұлыларымыздың еңбектеріне үңілу бірінші кезекте тұрады.

Тәрбиенің имандылықтан басталу қажеттілігі халқымыздың ғасырлар бойы жинаған тарихи дәстүрін зерттеп, пайдалы жағын оқу-тәрбие үрдісінде күнделікті өмірде ұтымды пайдалану ұлттық тәрбие беру мақсатынан туындап отырған міндеттердің бірі.

Сәбиге имандылық тәрбиесін әсіресе адамгершілік сезімін оятатындай, белгілі бір жүйеде, әр топтағы баланың жасына, түйсігіне лайықты етіп, барлық тәлім-тәрбие жұмыстарымен ұштастыра жүргізгенде ғана нәтижеге жетуге болады. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын», - деп ұлы атамыз Абай айтқандай: халқымыз бәрінен жоғары қойған адам бойындағы ең асыл қасиет – ар, ұят-имандылықтан бастау алып, мейірімділікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, жомарттыққа, ынтымаққа, бір сөзбен айтқанда адамгершілікке апарар тура жол екенін насихаттау мақсатымен балабақшада балалардың ой-деңгейіне лайықтап түрлі тәрбие ойын сағаттарын өткіздік.

Ұлтымыздың мақтанышы болған, ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген екен. Иә, өзіміздің еңселі ел екенімізді, тәуелсіз ел екенімізді әр сәби, әр балажанымен, жүрегімен сезінуі керек. Өйткені  кеңестік дәуірдегі отбасындағы бала тәрбиесінде бесік жыры, әже әлдиі жетіспей келді, дәлірек айтсақ ұлтжандылыққа тиым салынды. Қазіргі сәбилер өздері танылып, тербелмеген талбесікпен балабақшада танысып, оның қадір-қасиетін ұғынуда [13-126б].

Бүгінгі таңда баланы тұлға ретінде қалыптастыру оның бойына ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, инабаттылыққа, ибалыққа тәрбиелеу – бүкілхалықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.

Бағдарлама бойынша «Әдептілік-әдемілік», «Адамдық-асыл мұра», «Жер байлығы – ел байлығы», «Келші, келші балашым», «Еңбек түбі – зейнет», «Ақ дастархан», «Менің елім», «Сүйінші», «Көрімдік», «Байғазы», «Базарлық», «Сарқыт», «Ораза», «Айт» тақырыптарын жоспарлап, әр мереке, әр сабақ атаулының мәнін, түпкі мазмұн-мақсатын балалардың ой әліміне жеткізе түсіндіріп, ұғындыруға барынша күш-жігерімізді салудамыз. Сонымен қатар балаларды «Тұсау кесу», «Бесікке салу», «Сүндет той», «Наурыз той», «Сабан той», «Қымызмұрындық» сияқты қазіргі көп қазақ отбасылары біле бермейтін ата-бабаларымыздың асыл мұрасымен, әдемі дәстүрімен, қымбат қазынасымен таныстырудамыз. Осы айтылған сөзіміздің айғағы ретінде балабақшада салт-дәстүрге орай балалар арасында «Еркем-ай», «Халқын сүйген – салтын сүйер», «Жігіт сұлтаны», «Кішкентай арулар» атты сайыс кештерін, ата-аналар арасында «Ақ әженің аузынан», «Мың бір мақал», «Ата сөзі – асыл мұра», «Елімізді сүйеміз» атты ойын-сауық бағдарламасын өткіземіз. Мұнда балалармен ата-аналар өздерінің ана тілін, дәстүрін жақсы білетіндіктерін ортаға салып, мақал-мәтел айтудан өзара сайысқа түсіп, кеш соңы ылғи да әдемі ән-күйге ұласады. Сонымен қатар ата-аналар бәріміз бірге болып, балаларға түрлі тиым сөздерін, күлкі астарын, мән-мағынасын жете түсіндіруге тырыстық. Мәселен, «Отты басуға, күлді шашуға, суға түкіруге болмайтындығын, ақты төгуге болмайтынын, үйді айнала жүгірмеу керек екендігін, табанын тартуға, тізені құшақтауға, жағын сүйенуге, мықынын таянуға неліктен болмайтындығын түсіндіріп, өзара ой бөлісіп, пікір алыстық».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында өздерінің үйренген тиым сөздерін отбасында, серуенде жүргенде бір-бірлеріне «Көкті жұлма», «Адамға қарай түкірме», «Кітапты жыртпа», «Ақты төкпе» деген сияқты тиым сөздерді қолданып өздері де ата-аналары да мәз-мейрам. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демекші мұндай халқымыздың салиқалы ойлы сөздері балаларға үлкен тәрбие берері сөзсіз.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері