Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адамгершілік тәрбиесі.docx

— 136.82 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Мектеп жасына дейінгі  балаларға адамгершілік тәрбиесінің  теориялық негіздері

1.1 Мектеп жасына дейінгі  балаларға адамгершілік тәрбиесінің  ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7

1.2 Қазақ халқының адамгершілік  дәстүрлері және олардың тәрбиелік  мәні………………………………………………………………..............................13

2 Мектеп жасына дейінгі  балаларға адамгершілік тәрбиесін  беру әдістемесі

2.1 Мектеп жасына дейінгі  балаларға ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін  беру ……………................................................................27

2.2 Мектеп жасына дейінгі  балаларға мінез-құлық тәрбиесінің  жайы............................................................................................................................34.

Қорытынды...............................................................................................................54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].

        Қазақстан  Республикасы Конституциясында, «Тілдер  туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары  білім беруді дамытудың мемлекеттік  бағдарламасында» білім беру  жүйесін түбегейлі өзгерту, жас  ұрпақты тәрбиелеуде олардың  бойындағы рухани байлықтарын  жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке  ата-бабаның тарихи мұралары негізінде  тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].

        ХХІ-ғасыр  балаларының тәрбиесінің өзекті  мәселесі ұлттық және жалпы  адамзаттың мәдени мұралар арқылы  қоғамда руханилықты қалыптастыру  болып табылады.

        Мұндай  аса жауапты міндеттердің баянды  болуы үздіксіз білім беру  жүйесінің алғашқы сатысы –  мектепке дейінгі оқыту мен  тәрбиелеуден бастау алуы қажет. Ерте жастан алынған рухани  жасалым, адамның барлық өмірінде  адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты  бала бойына қалыптастырады.

        Қазақ  тілінің түсіндірме сөздігіне  жүгінсек, «адамгершілік» сөзі: ар-ұжданның  тазалығы, адамшылдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, имандылық, т.б. қарапайым адамгершілік  құндылықтар болмаса, олардың орнын  ешқандай терең білім толтыра  алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде [5].

        Бүгінгі  таңда жас ұрпаққа ғылыми білім  берумен шектелу жеткіліксіз, оларды  адамгершілікке тәрбиелеп, бала  бойына ізгілікті, жалпы адамзаттық  құндылықтарды қалыптастыру керек.

        Мектепке  дейінгі тәрбие және оқудың  мазмұны, формалары мен әдістері  мәселесін дамытуға үлес қосқан  ғалымдар Е.А.Аркин, Н.А.Ветлугина, Р.И.Жуковская, А.В.Запорожец, А.М.Леушина, Т.А.Маркова, В.Г.Нечаева, Н.Н.Поддьякова, Н.А.Сакулина, А.И.Сорокина, Е.И.Тихеева, А.П.Усова, Е.А.Флерина  т.б. болды [6].

        Қазақстандағы  адамгершілік тәрбиесінің дамуын  республикамыздағы педагогика тарихының  зерттеу мәселесіне және білім-тәрбиелік  жүйеге негізделмейінші қарастыру  мүмкін емес.

        Мектепке  дейінгі ұйымдардағы балаларға  ұлттық тәрбие беруге байланысты  бірнеше шетел және отандық  ғылыми зерттеулерді атап өтуге  болады: Т.В.Черник, О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова, Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков, К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, Е.Ф.Вертякова, Л.Д.Вавилова, В.Д.Ботнары, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева, О.И.Давыдова, Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, М.Б.Қожанова, Ж.С.Хасанова, Ж.М.Акпарова, К.Т.Жаңабаев, А.Ә.Қапенова, Ұ.Т.Төленова [7].

        Елімізде  мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту, баланы балабақшада тәрбиелеуде, оның денсаулығын сақтау, табиғат  арқылы бала болмысының адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру жөніндегі  алғашқы еңбекті жазған Нәзипа  Құлжанова болды. Оның тарихи  кезеңдегі жазған еңбектері бүгінгі  күні де құндылығын жоғалтқан  жоқ.

        Қазақстандағы  мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің  теориялық мәселелері, оқыту мазмұны, формалары мен әдістері арқылы  тәрбиелеу В.Н.Андросованың, Б.Б.Баймұратованың, Л.А.Давиденконың, Р.М.Жұмағожи-наның, Ф.Н.Жұмабекованың, А.Қ.Қаржаубаевтың, А.М.Меңжанованың,  Ш.С.Сапарбаеваның, М.Т.Тұрыскелдинаның, Р.Қ.Керімбаеваның, К.Метер-баева, А.А.Искакова  және тағы басқа ғалымдардың  еңбектерінде қарастырылған [8].

        Осыған  байланысты біз, мектеп жасына  дейінгі балаларға адамгершілік  тәрбие беру мәселесін арнайы  зерттеу қажет деп білеміз. Сондай-ақ  жоғарыда аталған зерттеулердің  барлығы мектеп жасына дейінгі  балаларды адамгершілікке тәрбиелеу  мәселесінің мазмұны толық ашпайды, яғни елімізде бүгінде көптеген  деректерді талдауға, қорытындыларды  жаңаша қарауға, кейбір тарихи  және теориялық-әдістемелік зерттеулерге  негізделуге мүмкіндік береді.

        Сонымен, балабақша балаларын адамгершілікке  тәрбиелеуді жүзеге асыруда жинақталған  тәжірибені, тарихи-педагогикалық материалдарды  талдап, қорытып және ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан зерделеуде, бұл мәселені  жүйелі ұйымдастыру да қайшылықтар  бар екені айқындалды.

        Мектеп  жасына дейінгі балаларды адамгершілікке  тәрбиелеудің мүмкіндігі, тиімділігін  қамтамасыз ететін шарттар мен  әдіс-тәсілдерді айқындау, бұл мәселенің  педагогикалық теориясы мен практикада  аз зерттелгендігі арасында бірнеше  қарама-қайшылықтар туындайды.

        Бұл  қайшылықтардың шешемін табу  мақсатында мектеп жасына дейінгі  балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің  жолдарын анықтау біздің зерттеу  проблемамызды айқындауға және  тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі  балаларға адамгершілік тәрбиесін  беру ерекшеліктері» деп алуымыз  негіз болды.

         Зерттеу мақсаты: мектеп жасына  дейінгі балалардың адамгершілік  тәрбиесін беру ерекшеліктерінің  теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу.

         Зерттеу нысанасы: мектепалды даярлық  топ балаларын оқу және тәрбиелу  үрдісі.

         Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі  балалардың адамгершілік тәрбиесін  беру ерекшеліктерін қалыптастыру.

         Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды  этнопедагогика материалдары арқылы  адамгершілікке тәрбиелесе, оның  мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан  негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге  енсе, онда мектеп жасына дейінгі  балалардың адамгершілік тәрбие  беру ерекшеліктері қалыптасады.

     Зерттеудің  міндеттері:

    1. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін ашу, теориялық негіздерін айқындау;
    2. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үрдісіне енгізіп, оның тиімділігін тексеру;
    3. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың адамгершілік тәрбиесінің көрсеткіштерін,  олардың педагогикалық білімдері, іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы.

        Зерттеудің  жетекші идеясы: этнопедагогика  материалдары арқылы мектеп жасына  дейінгі балалардың адамгершілік  тәрбиесінің теориялық-әдістемелік  тұрғыдан негізделуі балалардың  жалпы адамзаттық, адамгершілік  құндылықтарын қалыптастырды.

        Зерттеудің  ғылыми жаңалығы және теориялық  маңыздылығы:           

         - теориялық-әдістемелік әдебиеттерді  талдау негізінде мектепке дейінгі  ұйымдарда балаларды адамгершілікке  тәрбиелеудің мүмкіндіктері, ерекшеліктері  айқындалды;

         - мектеп жасына дейінгі балаларды  адамгершілікке тәрбиелеу деңгейлерінің  өлшемдері мен көрсеткіштері  айқындалды.

        Зерттеудің  көздері: зерттеу проблемасы бойынша  философтардың, педагогтар мен психологтардың  еңбектері; педагогиканың ғылыми  жетістіктері мен озық педагогикалық  тәжірибелерді мектепке дейінгі  ұйымдардың ресми құжаттары; Қазақстан  Республикасының мемлекеттік құқықтық-нормативтік  құжаттары; оқу-әдістемелік кешендер; оқу-тәрбие үрдісіндегі озат педагогикалық  тәжірибелер.

     Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерге, білім стандартына, оқу  бағдарламаларға теориялық талдау, мұрағат құжаттарын зерделеу, талдау  жинақтау, қорыту және жүйелеу, балабақша  тәжірибесінен жинақталған материалдарға  салыстырмалы талдау жасау, іріктеу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, эксперимент  нәтижелерін өңдеу, бақылау, әңгіме, анкета, т.б. әдістері қолданылды.

        Зерттеудің  практикалық мәнділігі:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ұсыныстары, үлгі жоспарлары жасалды;
  • балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналармен жұмыс бағдарламасы құрастырылды.

Зерттеудің орны:  №7 балабақша.

        Диплом  құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі  бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

         Зерттеудің негізгі  кезеңдері:

        Кіріспе  бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зертеудің мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері мен зерттеу  болжамы, әдістері, кезеңдері көрсетілді.

         Бірінші кезеңде  зерттеу мақсатында  мәселенің теория мен практикадағы  жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар  талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы  нақтыланды.

         Екінші кезеңде зерттеудің теориялық  негізі нақтыланып, мектепке дейінгі  білім беру жүйесіндегі зерттеу  мәселесіне талдау жүргізілді, тәжірибелік  жұмыс жасалынды.

         Қорытындада  диплом жұмысының  нәтижелері негізінде әзірленген  тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері

1.1  Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің  ғылыми-педагогикалық зерттеулері

  Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу – біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Балалардың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беруші – тәрбиеші. Балабақшадағы білімнің мемлекеттік стандартында балаларды ғылымдар негізімен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажетті тәрбие беріп, оны тәжірибеде қолдана білу үшін өздігінен жұмыс істеуге, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру талап етіледі [9]. Бүгінгі заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерінің анықтауы бойынша балабақшадағы кезең баланың қай жағынан болса да ең қарқынды дамитын кезеңі.

        Өткен  ғасырдағы педагогика тарихына  көз жіберсек Әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж.Баласағұн, шетел педагогтары  Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, отандық педагог-ағартушылар  Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ойшыл ғалымдардың  еңбектерінде адамгершілік қасиеттерді  қалыптастыру мен дамытудың мәні  мен маңызы сипатталған. Тарихи  дамуға көз жіберсек, адам тәрбиесінде  адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда  халықтық педагогика мұрасы шешуші  орын алған [10].

        Адамгершілік  тәрбиесі мақсатқа негізделген  көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық  дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға  және адамгершілік сезімді, ұлттық  сананы, қарым-қатынасты дамытуға, құндылықты  тиімді пайдалануға бағытталған  жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас  бөлігі – деген анықтама берілген.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет» деп көрсетілген. Бұл міндетті шешуде адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктері негізінде білім беру арқылы балалардың бойында дүниетанымдық көзқарас этикасын, адамгершілік білімділікті, адами қарым-қатынас, адами қасиеттер мен сезімдерді дамыту алға қойылады [2-35б.].

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері