Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56
Қазақ Совет энциклопедиясында, «адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді сара жолы», - деп ұғындырылады [11].
Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымынан тартылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық, т.б. [5-126б.].
Адамгершілік тәрбие дегеніміз – балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады.
«Мораль - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз – адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелердің жинытығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекеттерін бағалаудың өлешушісі болып табылады. Бұлар адамдардың бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй-іші адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынастары ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қоғамның дамуымен және экономикалық құрылыстың өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономкалық дамуына әсер етеді. Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, көркемөнер, дін ықпал етеді.
Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да, жалпыға бірдей кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам тәртібінің ең қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп отыру моральдық борыш – деп есептелінген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдында өз борышын ұмытатын балаларды мораль атаулының бәрі де айыптайды, қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды етіледі.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз – оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы – моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді.
Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады. Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын моральдық сапаларын, мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.
Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарып, мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ – ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді.
Психология ғылымы да баланың айналадағы болмысты дұрыс түсінуі мектеп жасына дейінгі қалыптасатынын, олар өз айналасындағы адамдардың көзқарасы мен талпынысынан, мұраттарынан жастайынан-ақ үлгі алатынын дәлелдеді. Бірақ бұл өзгерістердің бәрі де өзінен-өзі немесе жүйкенің туа біткен заңдылық күші арқылы емес, әдейі мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие үстінде іске асады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:
1) балалардың
үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына,
жалпы адамдарға, Отанға деген
сүйіспеншілік сезімін
2) адамгершілік
ережелеріне сай балалардың
3)
балалардың адамгершілік
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз ауылына, қаласына, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет.
Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің пәрменді құралы – халықтың тілі, мәдениеті мен көркемөнері. Ана тілі – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың ең зор ақылшысы, ұстазы деп бағалаған. Осы орайда, Абай: «Өнер алды қызыл тіл» - деп толғаса [12], Ғ.Мүсірепов: «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» - тілдің құдіретін ерекше бағалаған. М.Әуезов: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» - деп атап көрсеткен [13]. Ендеше, ерте сәби кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына балаларды интернационалдық рухта тәрбиелеуде жатады, өйткені ол адамгершілік тәрбиесінің негіздерінің бірін құрайды. Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі-ақ балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.
Тәрбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды, әр ұлттың балалар әдебиетін пайдалана отырып, Қазақстанды мекендейтін сан ұлттың өмірі, тұрмысы, еңбегі, өнері жөнінде әңгімелейді, соның негізінде ұлттарға, халықтарға, жалпы адамзатқа деген сүйіспенішілік сезімін дамытуға мүмкіндіктер туады. Балалар арасында дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату балалар ұжымын құру – балабақша педагогінің негізгі міндеттерінің бірі. Балалар ұжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принциптеріне сүйенеді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жатады, әсіресе олардың үлкендерді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан басталады.
Жас бала – жас шыбық тәрізді қалай исең солай майысады. Сондықтан да білім негізі балабақшада қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиісті көңіл бөлу керек екенін заман талабы, тәрбие кепілі деп түсінуіміз керек.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, психологиялық және рухани-адамгершілік ахуалдың оң өзгеріске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесі дүниетанымдық адасудан арылуда.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің даму динамикасы, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-рухани білім беруде бастапқы идеал құндылықтары, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етеді.
Балабақшада баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, адам және қоғам байланысын қалыптастыруда, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттілігін сезінуде, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыруда, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыруда, адамның басқалармен қарым-қатынасындағы жоғары мәдениеттілік пен адамгершілік әдеттерді бекітуде тәрбиенің маңызы зор.
Кейбір еңбектердегі анықтамалар адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктерін атап көрсетумен шектелген. Мәселен, В.В.Макаев адамгершілік тәрбиесі мынандай негізгі бөліктерден тұрады дегенді айтады:
а) адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;
ә) адамгершілік сезімдерді дамыту;
б) адамгершілік сенімдерді қалыптастыру;
в) мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;
г) өзін-өзі тәрбиелеу;
д) жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.
Бұл көзқарастың құндылығы адамгершіліктің бірі ретінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне мән берілген. Сонымен бірге Б.Т.Лихачевтың адамгершілік сезімдер негізін қалаушы басты категория болып табылады деген пікіріне де қосылуға болады [14].
Мораль нормалары баланың оларды сезім арқылы меңгеруі арқасында ғана адамгершілік субъектісіне айналады.
Адамгершілік
тәрбиесі барлық тәрбие
Мектеп
жасындағы балаларға
Сонымен
жоғарыда аталған еңбектерге
сүйене отырып және өз
1. Гуманистік қасиеттер: қайырымдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, рақымдылық, ізеттілік, имандылық, мейірімділік;
2. Ұжымшылдық қасиеттер: ұжымшылдық сезім, өзара сыйластық, ынтымақтастық, достық, жолдастық, жауапкершілік:
3. Еңбексүйгіштік
қасиеттер: еңбексүйгіштік, еңбек тапсырмаларына
адал ниетті қатынас, өз еңбегінің
нәтижесіне жауапкершілікпен
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т.с.
Халықтық
педагогика арқылы балалардың
адамгершілікке тәрбиелеуге
Қазір балабақша бағдарламаларында адамгершілік қасиеттерді бала бойына қалыптастыруға арналған шығармалар іріктеліп алынған. Ол шығармаларда сөз болатын негізгі қасиеттер: әдептілік, ұят пен ар, шындық пен әділет, ынтымақ пен бірлік, жолдастық пен достық, құмарлық т.б. М.Әуезов: «Адам баласынан жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» - деген [13-127б.].
Оқу-тәрбие үдерісінде халқымыздың даналарының осы ой-пікірлерін тиімді пайдалануымыз керек. Себебі, баланың бойына адами құндылықтарды дамытып, қалыптастыруда ұлылардың сөзі өнеге, үлгі болмақ.
Олар өздерінің зерттеу жұмыстарында адамгершілік тәрбиесінің қалыптасуына, оның мотивтеріне, адамгершілік тәрбиесіне баға беру және өз-өзіне баға беруге көңіл бөледі.
О.Г.Дробницкийдің пікірінше, кез келген әрекеттің, істің адамгершілік мағынасы бар, ал психологтардың ойынша, кез келген әрекет аса зор тәрбиелік мүмкіндіктерге ие [15].
Адамгершілік тәрбиесінің үдерісін ұйымдастыру кезінде әрекеттің және қатынастың әр түрлеріне балалар қатысатын объективті қарым–қатынастарға назар аудару керек. Бұл қарым-қатынастар педагогикалық іс-әрекеттердің дәл нысанасын құрайды (И.С.Мариенко) [16].
Адамгершілік тәрбиесі өзінің ықпал ету көлеміне қарай тәрбиенің негізі болып табылады. Тәрбие міндеттерінің бірі – баланың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру. Мұндай әрекеттер кезінде балалардың адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ал пайда болатын қатынастар әрекеттердің мақсаты мен себептерінің өзгеруіне әсер етуі мүмкін. Адамның әрекеттілігі оның адамгершілік дамуының критерийі ретінде анықталады.
Баланың адамгершілік санасының дамуы өзара қатынастар мағынасын қабылдау және ұғынуы арқылы іске асады. Мұндай қатынастарға ата–аналармен, педагогтармен, қоршаған орта түсе алады. Бала санасында сыртқы ықпал жеке мағынаға ие болады, осылайша оған деген субъективті қатынас қалыптасады. Осыған байланысты тәрбие себептері, шешім қабылдау және өз істерін баланың адамгершілікпен таңдауы қалыптасады.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері