Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адамгершілік тәрбиесі.docx

— 136.82 Кб (Скачать документ)

Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан мінез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастарының формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады. Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдағы тәрбие арасында диалектикалық өзара байланыс бар.

Тәрбие ісі жалпы әрбір нақты кезеңнің және өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашақтың ерекшеліктеріне бағдар ұстайды, соған әзірлейді, ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады. Белгілі кезеңде баланың психикасында пайда болған жаңа жақсы қасиеттері әлі де әлсіз және шектеулі болса да, тәрбиеші соған сүйенуге тиіс. Осыған байланысты психологтар мынаны анықтайды: мектеп жасына дейінгі балалар сыртқы ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келеді, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөнінде ымырасыздығымен, мінез-құлықтарымен, еркіндігімен ерекшеленеді.

Бұл ерекшеліктер мектеп жасына дейінгі балалардың оқып, тәрбиеленетіндігінің кепілі болып табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Балалардың оңды адамгершілік тәжірибесі, адамгершілікке тәрбиелеуде шешуші маңызға ие. Тәрбиелеу ісі ең алдымен баланың күнделікті өмірінде өтіп жатады, мұнда ол адамгершілік ережелеріне, нормаларына, принциптеріне дағдыланады және олардың қажеттілігіне көзі жетеді.

Балалардың қандай да болсын қызметі айналадағылардың қоғамдық мүдделерімен, қоғам өмірімен белгілі бір дәрежеде байланысты болса, ол оның адамгершілік қызметі болып табылады. Сөйтіп, адамгершілік бастама баланың бүкіл сан қырлы практикалық қызметіне, оның сезімдік және интеллектуалдық сфераларына өзек болады. Балалар балабақша ауласында ойнап жүрсін,  солардың бәрінде де олардың қызметінен адамгершілікке тән немесе оған қайшы қасиеттері көрінеді. Осыдан келіп, адамгершілікке тәрбиелеуді тәрбие жұмысының айрықша бір маңызды бөлшегі деп те, тәрбие жұмысының кез келген басқа салаларының бір жағы деп те қарау керек деген қорытынды туады.

Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі балалардың адамгершілік көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан, тәрбиешінің алдында әрқашанда балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұруға тиіс. Адамгершілік қасиеті қалыптасуы үшін тәрбиеленушінің дербес қимыл әрекеттерінің ерекше маңызы зор. Балалар тек тәрбиеші мен ересектердің нұсқауымен және олардың қадағалауымен ғана қимыл-әрекет істесе, ол ең алдымен тіл алғыштыққа үйренеді.

Сондықтан, тәрбие үрдісі бала өз еркінше қимыл істей алатын жағдай болуы көзделетіндей етіп құрылуға тиіс. Мұндай жағдайлар өмір барысында өзінен- өзі қалыптасып жатады, оларды ойын үстінде, оқуда, еңбекте және шығармашылық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде арнайы жасауға да болады. Өзінің адамгершілік тәжірибесін молайту үстінде бала кейде қателеседі, дұрыс жасамайды. Тәрбиеші, оның өз қателігінің адамгершілікке жатпайтынын түсіндіріп, оған төзе білуіне көмектесуі тиіс, оның теріс қылығын түзетіп қана қоймай, сонымен қатар қате жіберуіне себеп болған жәйттің бағытын ойластырып, анықтауға да көмектесуі керек. Балалардың өз құрбы-құрдастарының шағын топтарындағы қарым-қатынастары мен бірлескен іс-әрекеттерінің адамгершілік тәжірибені молайтудағы маңызы айрықша зор.

Мұндай топтарды тәрбиешінің өзі арнайы құруы немесе олардың өзінен-өзі топтасуы мүмкін. Шағын топ балалары бәріне ортақ жайттарды жиі кездестіріп, тереңірек қабылдайды. Мұнда ол тәрбиешінің көмектесуімен ғана емес, сонымен қатар өз бетінше де басқа балалармен қарым-қатынас жасап, ұжымдық іс-қимыл ұйымдастыра алады, мұнда оның өзінің қоғамдық мінез-құлқын түсінуі жеңілірек болады. Барлық балаларды жетілдіруге бағытталған тәрбие үрдісі әр баланың жеке басының қасиеттерін негізге ала отырып, оның жетілуі үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететіндей етіп құрылуы керек.

Тәрбие жұмысы жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші баланың адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани адамгершілік қажеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. Адамгершіліктің дамуы – тәрбие жүйесінің жемісі. Бұл жүйенің өлшемі – тәрбие жұмысының пәрменділігі. Тәрбиеленушінің жеке қасиеттерінің осындай күшті жақтары ең алдымен әр бала белгілі бір салада едәуір білімге үйреніп, мағлұмат алатын оқу процесінде көрінеді [20].

Қазiргi уақытта Республикамызда балаларды тәрбиелеу iсiнде адамның  iшкi  жан  дүниесi мен рухани әлемiн тану, дамыту жетiлдiруге байланысты iстер жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани-мәдениет негiзiнде жас ұрпақтың рухани-адамгершiлiк тәрбиесiн  дұрыс  жолға  қою мiндеттерiн iске  асыру  басты  нысана болып тұр.

Тәрбие iсiндегi негiзгi мәселе - балалардың  тұлғааралық  қатынасын  дамыту, әр  адамның  құндылығын, даралық  ерекшелiгiн, сезiмiн, өзiндiк  баға беруiн  қалыптастыру. Адамгершiлiк  тәрбиесiнде  баланың  назарын  өз өмiрiндегi  елеулi  өзгерiстерге бұрып, оны саналы түсiнуiне баулу көзделедi.

Белгілі педагогтардың, психологтардың дәлелдеген адамгершіліктің компоненттерін; адамгершілік сана, сезім, іс-әрекет, дағдының, іскерліктің балалар бойында қалыптасуына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, бос уақытта болатын жолдарды айқындадық.

Халықтық педагогика арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін тәрбиешілер тәрбиенің басты ұстанымдарын жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Адамгершілік – қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі. Ол қоғамдағы адамдардың әрекетін нормативті реттеу қызметін атқарады.

Халқымыздың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Махмұд Қашғари, Ахмет Йүгенеки, Сайф Сараи т.б. шығармаларынан адамгершілік тәрбие, адамның адамгершілік бейнесі кең орын алған. Солардың біразына тоқталсақ, педагогикалық ой-пікірдің бастауларын Қорқыт атадан таратқан орынды. Тарихқа «алғашқы бақсы» ретінде танылған ғұлама Қорқыттың өмір мен өлім жөніндегі толғаныстарына адам ғұмырының философиясы мен мән-маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері арқау болған. Оның «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман», «Мен-мен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ», «Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық» деген нақыл сөздері үлкеннен ғибрат алуды меңзейді, жастарды тәкаппарлықтан сақтандырып, ақылды көпшіл, қонақжай болуға шақырады [21].

Қорқыт ата өз жырларында нақты тарихи деректерді негізге ала отырып, адамгершілік асыл қасиеттерді, батырлардың ерлік істерін, ақындық және қобызда ойнау өнерін, әдемілікке деген көзқарастарын, адамдар арасындағы кіршіксіз таза достық сезім мен қарым-қатынастарды (мысалы, Домрул, Йүгенек батырдың және т.б.) балалар мен жастарға үлгі-өнеге болсын деген мақсатпен жырлайды.

Қысқасы, Қорқыт атаның қай жырының болсын тәрбиелік мәні жоғары. Олардың мазмұны қазақ эпостарына сай баяндалады. Жырлардағы батырлардың ерлік істері, халыққа, туған елге, дәстүрге деген сүйіспеншілігі, өмірге құштарлығы, ақылдылығы, ғашықтық сезімдері жеткіншектерге үлгі болумен бірге, адамгершілік қасиеттерінің негізін қалыптастыруға көмектеседі.

Қазақтың тұңғыш философы, Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым Әл-Фарабидің ғылыми ой-толғаныстарына толы трактаттарында («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» т.б.) оның тәлім-тәрбиелік көзқарастары баяндалған. Ол адамгершілік тәрбие мәселесін тілге тиек ете отырып, шәкірттерді тәрбиелеуде ұстаздың ролі зор екендігіне ерекше мән береді, шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ету үшін, мұндай қасиеттер ұстаздың өз бойынан табылуы тиіс екенін атап көрсетеді. Үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болатындығын айтады [22].

«Бақыт жолын сілтеу» трактатында жақсы мінез-құлық пен ақыл күші адамгершілік асыл қасиеттер болып табылатындығын меңзейді. Ғалым адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына себепші нәрсе әдептілік деп біледі.

Адам бойында адамгершілік қасиеттердің белгілі бір шамадан ауытқу сипатына тоқталады. «Біз ер жүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ал бұл – жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады».

Жақсы адамгершілік қасиет ретінде сөзге тапқырлық, адал, шыншыл болу, досгерлікті атай отырып, бұл ретте шектен тыс кетушілік, керісінше, жаман адамгершілік сапаларға апарып соқтыратындығын ескертеді.

«Бақытқа жету жайында» трактатында тәрбие мәселесіне «тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз» – деген анықтама береді.

Ұлы ойшылдың пікірінше, бала бойына жағымды адамгершілік қасиеттерді адамгершілігі жоғары, жаңа заманның талабын педагогикалық талаптармен ұштастыра білген адам ғана ұялата алады.

Адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моралдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы

Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Сол сияқты қазақ халқы рухани мұраларының бірі қазақ халық ауызекі шығармашылығының, жариялану, саралану жолының түп негізі де тым тереңде жатыр.  Оның тасқа қашалған көне іздерін V-VІІІ ғасыр ескерткіштері мен Орхон-Енисей жазбаларынан тапсақ, одан бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық мұрасы өз желісін үзбей, әр түрлі деңгейде бой көрсетіп отырады.

Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін ел арасынан жинау көне баспа жүзіне шығару ісі алғаш рет XIX ғасырда қолға алынды, одан әріде ауыз әдебиеті үлгілері жиналмай, хатқа түспей, ауызша сақталып келді.

Балалардың адамгершілік тәрбиесін жетілдіруге педагогикалық тұтас үрдісте мүмкіндіктерді барынша тиімді қолдаған жөн.

Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда педагогикалық ғылыми теорияны дамыта отырып, практикадағы іс-әрекетті жетілдіру.

Халық  педагогикасының негізгі көздер мақсаты - өзінің бай тарихи тәжірибе мұраларына сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнерге, білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл, аймақтың, отанның ар-намысын қорғауға т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу, ұрпақ тәрбиесіне ғылым қызмет етсе, өнер мен әдебиет, қоғамдық салт-дәстүр де сондай қызмет етеді. Сондықтан мектепке дейінгі балалардың мәдени мінез-құлқын қалыптастыру үшін, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп жатқан халықтық тағлымдар өз алдына түрлі әдіс, тәсіл, құралдар арқылы іске асырылады.

Адам баласы бойындағы асыл қасиеттері мен жағымсыз қасиеттері жөніндегі күні кешегі қариялар мен ақылман ата-бабаларымыздың бізге қалдырған өсиет-өнегесін көлденең тартсақ, бүгінгі мен ертеңгі ұрпақ содан тағылым, тәрбие алсын дегеніміз дағы – деген тағы бір ойымыз адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық тәрбиенің маңыздылығын тағы бір айғақтайды.

Адамгершілік – адамның рухани арқауы – демекші, оны ұрпақ тәрбиесінде қалыптастыруда қазақ халқында негізінен эпостық жырлар мен фольклорлық шығармаларының, соның ішінде ауыз әдебиетінің орны ерекше болған. Адамгершілік қасиетін сіңіруде ұлттық салт-дәстүріміз бен халықтық өнеріміз оның берік діңгегі және ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. Сондықтан да күллі дамуымыздың бағыт-бағдарына, болашағымыздың жарқындығына тікелей қатысы бар ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бүгінгі өміріміздің өзегі бола бермек.

Қазақтың көптеген ғалым–ағартушылары, жазушылары, ақындары өз еңбектерінде жастардың адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлген.

Шоқан Уәлиханов шығармаларындағы адамгершілікті мәні мынада: қазақ қоғамындағы қоғамдық және адамгершіліктік жамандыққа қарсы күресте, қоғам зиялыларының адамшы және жабайы моралін талқылауда, өз мақсаттарында соларды қолдануларын жазғыруда, пасық діни қағидаларға қарсы күресте, «әділдік», «ар-ұят», «намыс», «міндет», «парыз», «борыш» және т.б. ұғымдардың алғаш рет кездесуінде [23].

Қазақ халқының өзін-өзі ұғынуының адамгершіліктік даму жолы – оның білім алуында. «Адамға тек білім ғана күш береді. Халықтың білім алу, кең жолындағы күресте білім ұлы қару болып табылады. Тек білім ғана қазақ халқын еркіндік жолына, адамгершілік жолына шығара алады, - деп Ш.Уәлиханов дұрыс айтқан.

Ыбырай Алтынсаринді біз ағартушы–педагог, ғалым, ақын, прозашы, публицист және балалар жазушы ретінде білеміз. Осы көпқырлы қызметінің барлығында адамгершіліктің мәні туралы, қарым–қатынастардың адамгершілікті жеке адамды тәрбиелеу туралы ой-пікірлері кездеседі деп батыл айтуға болады. Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік туралы пікірлерінің маңызды көзі халық ауыз әдебиеті, халықтың өмірі мен тұрмыс–тіршілігін, қайғысы мен қуанышын, патриоттылығын, дәстүрлері мен әдет–ғұрыптарын бейнелейтін халық ауыз әдебиеті болып табылады. Бұған дәлел ретінде «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын алуға болады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері