Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адамгершілік тәрбиесі.docx

— 136.82 Кб (Скачать документ)

Жандос. Сәлем беру – амандық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

Нұржан. Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымасада, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.

Динара. Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үсті келе жатқан адам арқан бойы жақындағанында, аттан түсіп, айрықша құрметтеп сәлем беретін болған.

Айнұр. Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде (көрісіп) құшақтасып амандасады (Қытайда бас ию, үнді халқында екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға тигізу, қазақтарда оң алақанын жүрегіне қойып басын иіп амандасу тәсілдері бар).

Мадина. Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше, көңіл аударып қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек.

Келесі кезекте арнайы бөлінген екі топқа мақал-мәтел айтудан жарыс өткізу.

Бірінші топ. Зерделілер

Екінші топ. Алғырлар

Ойын шарты: Балалар осы ертеңгіліктің тақырыбына байланысты өздері жаттаған тіл, сәлемдесу сыйласымдылық туралы мақал-мәтелдерді айту.

Оны арнайы құрылған әділ-қазылар алқасы бағалап, жеңген топты анықтайды.

Ертеңгілікті қорытындылау. Ертеңгілікте айтылғандарға талдау жасап, жазылған нақыл сөздерге түсінік бере отырып,  қорытындылау.

 

Тәжірибелік – эксперименттік зерттеу  жұмыстарының нәтижесі

        

         Біздің қоғамымыздың қазіргі  даму кезеңінде адам факторын  жандандыру одан арғы қоғамдық  үдерістің шарттарының бірі болып  табылады. Осыған байланысты балабақшада  мынандай міндет қойып отыр: болып  жатқан оқиғаларды өз бетінше  бағалай алатын және өзін қоршаған  адамдардың қызығушылықтарына сәйкес  өзінің іс-әрекеттерін құра алатын  жауапкершілікті сезінетін азамат  дайындау. Бұл міндеттің шешімі  тұрақты жеке адамгершілік қасиеттерінің  қалыптасуымен байланысты.

Балабақшадағы тәрбие үдерісі сана мен әрекеттің бірлігі принципінде құрылады. Кез келген әрекеттің адамгершілік жағы бар, соның ішінде оқу әрекеті. Мектеп жасындағы балалар үшін, әсіресе, мұның маңызы өте зор, себебі оқу әрекеті бұл кезде жетекші әрекет болады. Бұл жаста оқу әрекеті балалардың дамуына қолайлы әсер етеді, көптеген жаңалықтардың пайда болуын анықтайды. Ол тек ақыл-ой қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар жеке адамның адамгершілік өрісін де дамытады. Уақыты мөлшерленген сипаттағы оқу үдерісінің нәтижесінде, оқу тапсырмаларын міндетті түрде жүйелі орындау нәтижесінде мектепке дейінгі балалардың адамгершілік білімдері, оқу әрекетіне тән адамгершілік қарым-қатынасқа тән адамгершілік білімдері қалыптасады. Осының негізінде баланың болып жатқан оқиғаларға деген бағасы, көзқарасы, өзіне-өзі беретін бағасы және қылықтары өзгереді. Көптеген психологтарының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған бұл теориялық ережелер оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі принципінің негізінде жатыр. Бұл принцип балабақша практикасында көп қолданылады.

Осылай бола тұра, оқыту үдерісінде қалыптасқан адамгершілік тәжірибесін бала әрекетінің басқа түрлерінде қолдану туралы мәселе анықталмай отыр. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі баланың оқу ісіндегі адамгершілік тәжірибесін өзінің қылықтарында қолдануы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Біз өз алдымызға мынандай мақсаттар қойдық: оқу әрекетінде қалыптасатын адамгершілік тәжірибесінің деңгейін анықтау: бала қылықтарында оны қолдану мүмкіндіктерін анықтау; нәтижелер негізінде  ғылыми-әдістемелік нұсқаулар дайындау

         Біздің ойымызша, осындай адамгершілік  тәрбиенің басты мазмұндары мен  функциялық іс-әрекеті мектеп  жасына дейінгі балалардың ынта-ықыластары  мен балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінің  талаптарына сай құрылған дейміз.

Біздің тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысымыз 2 кезеңнен тұрады.

1. Анықтаушы эксперимент.

2. Қалыптастырушы эксперимент.

Тапсырмалар мектепалды даярлық топтарға ұсынылды. Мектепалды даярлық топтардың біреуі - бақылаушы, мектепалды экспериментальды топ болып табылады. Эксперимент әр түрлі топта оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғынуына мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерінің әсер ету, етпеуін анықтау үшін жүргізілді.

Эксперименттің бірінші кезеңінде  мектепалды даярлық топтарына мынандай сұрақтарға жауап беру ұсынылды:

    1. Кішіпейілділік, мейірімділік дегенді қалай түсінесің?
    2. Жақсылық деген не, жамандық деген не?
    3. Сіздің жолдасыңыз тапсырма орындаудан қиналып, сізден көмек сұрады. Сіздің әрекетіңіз қандай?
    4. Достық, адалдық деген сөзді қалай түсінесің?
    5. Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?
    6. Әдепті бала болғың келе ме?
    7. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Әдепсіз бала қандай болады?
    8. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
    9. «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық» дегенді қалай түсінесің?
    10. Қонаққа барғанда өзін қалай ұстау  керек?

         Сонымен, мектепалды даярлық топ  балаларымен жүргізілетін оқу-тәрбие  жұмыстарына адамгершілік тәрбие  беруде балалардың ұйымдастырлған  оқу іс-әрекеті мен бос уақыт  жұмыстарына жүйелі қатысуларына  қолайлы жағдайлар жасайды.

         Эксперименттің бірінші кезеңі  бойынша қорытынды жасағаннан  кейін біз мынадай нәтижеге  жеттік.

         Әр түрлі топтарда оқу тапсырмалары  мен жалпы іс-әрекетті ұғыну  көрсеткіші (1-кезең)



 

1 – сурет. Іс-әрекетті ұғыну көрсеткіші

 

         Анықтаушы эксперименттің екінші  кезеңінде анықтауға арналған  материал ретінде «жауапкершілік»  және «тілектестік» сияқты адамгершілік  нормалары алынды. Бұл нормалар  – қоғам өмірінің қазіргі кезеңінде  өте өзекті мәселелер. Әдебиеттерге  талдау жасау осы нормалардың  басты мазмұнды сипаттарын бөліп  көрсетуге мүмкіндік береді. Жауапкершілік  обьективті қажеттілік пайда  болған кезде өз еркімен міндеттерді  мойнына алу, нақты жағдайларды  есепке ала отырып, жүктелген  міндеттерді қатаң сақтау, өз  әрекетінің ағымды және перспективті  нәтижелері үшін жауап беруге  дайындық, өз жағдайын басқа адамдардың  игілігімен салыстыру деп түсіндіріледі.

«Тілектестік» басқа адамның жағымды қасиеттерін көру, адамның жақсы жаққа өзгеру мүмкіндігіне, оның қабілеттеріне сену, кеңесімен және ісімен әрқашан көмек беруге дайындығы деп түсіндіріледі.

Зерттелгендердің адамгершілік тәжірибесінің ерекшеліктерін анықтау кезінде біз адамгершілік нормаларының көрсетілген белгілеріне сүйендік.

Зерттеу міндеттері түрлі әдістемелерді анықтады. Біз адамгершілік тәжірибесі – ақыл-ой және эмоционалды бөліктердің бірлігімен түсіндірілетінін ұстандық. Біздің зерттеу жұмысымызға байланысты ақыл–ой компоненті балалардың адамгершілік принциптері мен нормаларын білу ретінде қарастырылады. Адамгершілік білімдері мен қарым–қатынастары балалардың нақты қылықтарынан көрініп отырады. Біздің осыдан жасап шығарған әдістемеміз іс-әрекет тәсілдерін, қатынастарын білуге бағытталған.

Зерттеу кезінде бірін–бірі өзара толықтыратын әдістемелердің біразын қолдандық. Солардың бірі – оқиғалы әңгіме бойынша әңгімелесу. Зерттеліп отырған балаға адамгершілік мазмұны бар әңгімені тыңдау ұсынылады. Әңгіме кейіпкерлері адамгершілік таңдауға тіреліп отырады.

Сондай–ақ, аяқталмаған әңгімелер әдісі де қолданылады. Балаға аяқталмаған әңгіме оқып беріледі, ал ол өзін кейіпкер орнына қойып, ары қарай әңгімені жалғастыруы керек. Ол өз іс-әрекет тәсілдерін ұсына отырып және оларды негіздей отырып, бала әңгімені аяқтау керек.

Сонымен бірге мынандай жағдайларды шешу де ұсынылды:

Егер сен басқа балалармен далада қыдырып жүргенде, сендердің араларыңдағы біреу дәл жаныңда құлап қалып, аяғын қатты ауыртып алса, сен не істер едің?

Сен тақтайшалардан бірдеңе құрастырып отырсың. Жаныңда Арман да бір нәрсе құрап жатыр. Оған тақтайшалар жетпей қалды. Сен не істер едің?

Егер бала өзімдікін берер едім десе, онда тағы да қосымша сұрақ қойылады: «Егер бұл тақтайшалар саған да керек болса, өзіңе де жетпей қалмай ма?».

         Әңгімені тыңдап болған соң, балаларға сұрақтар қойылады. Сұрақтар адамгершілік әрекеттерге құрылуы керек.

1. Айтшы, сен қалай ойлайсың, жауапкершілік деген не?

2. Әдетте жауапкершілікті  адам өзін қалай ұстайды?

3. Әдетте жауапкершіліксіз  адам өзін қалай ұстайды?

4. Айтшы, сен қалай ойлайсың, тілектестік деген не?

5. Тілектес адам өзін әдетте қалай ұстайды?

6. Тілектес емес адам не?

7. Жақсылық деген сөзді  қалай түсінесің?

8. Жамандық деген сөзді  қалай түсінесің?

Зерттеліп отырған топтар жоғары көрсеткіштер көрсетті. Зерттеу жұмысымызда біз нақты қылықтардың ерекшеліктерін, бағалау пікірлерін, жауаптары мен сөздерін толық қамтуға тырыстық.

Жауапкершілікті қалыптастыру мына бағыттарда жүрді: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың өзара әрекетін ұйымдастыру; адамгершілік тұрғыдан қарағандығы оқу тапсырмаларының нәтижелері мен орындау үдерісін тәрбиешінің талдауы және бағалауы; оқу жұмыстарының нәтижелерін өзара талдау жасау және өзара баға беру.

Тілектестік мына жолдармен қалыптастырады:

Оқу тапсырмаларын орындау кезінде балалардың өзара бір-біріне көмек беруін ұйымдастыру: оқу тапсырмасын орындау кезіндегі балалардың өзара қарым–қатынасын жүйелі түрде талдау жасауы және бағалауы.

Мына белгілер бойынша мектепалды даярлық топтарының адамгершілік тәжірибесінің ерекшеліктері анықталады:

Балалардың қылықтарының тәсілдері мен қатынастарының адамгершілік нормаларына сәйкес келу деңгей, білімдерінің жинақылығы, тереңдігі мен кеңдігі, тұрақтылық деңгейі.

         Әр түрлі топтарда оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғыну көрсеткіші (2 – кезең)

 

2 – сурет.  Іс-әрекетті ұғыну көрсеткіші (2 – кезең)

         Анықтаушы эксперимент нәтижелері  балалардың қаншалықты адамгершілік  тәрбиеленгені туралы талдау  ұғымдарын қалай түсінетінін  көрсетті.

         Бірінші кезеңнің экспериментіне  қарағанда екінші кезеңде төмен  деңгейлі – 15%-ға төмендеді, орташа  деңгейлі – 9%-ға жоғарылады, жоғары  деңгейлі 6%-ға  жоғарылады.

         Балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері мен түрленуі туралы түсініктері  жеткілікті. Зерттеуге алынған балалар қойылған сұрақтарға толық жауап берді, олардың мәні мен ерекшеліктерін сақтай алады.

         Сонымен, мектепалды даярлық балаларын  адамгершілікке тәрбиелеу басты  мақсат болса, жауапкершілік, тілектестік, мейірімділік, кішіпейілділік, адалдыққа  тәрбиелеу оның басты бағыттарын  құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады. Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын моральдық сапаларын, мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.

        Мектепке  дейінгі ұйымдардағы балаларға  ұлттық тәрбие беруге байланысты  бірнеше шетел және отандық  ғылыми зерттеулерді атап өтуге  болады: Т.В.Черник, О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова, Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков, К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, Е.Ф.Вертякова, Л.Д.Вавилова, В.Д.Ботнары, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева, О.И.Давыдова, Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, М.Б.Қожанова, Ж.С.Хасанова, Ж.М.Акпарова, К.Т.Жаңабаев, А.Ә.Қапенова, Ұ.Т.Төленова.

        Қазақстандағы  мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің  теориялық мәселелері, оқыту мазмұны, формалары мен әдістері арқылы  тәрбиелеу В.Н.Андросованың, Б.Б.Баймұратованың, Л.А.Давиденконың, Р.М.Жұмағожи-наның, Ф.Н.Жұмабекованың, А.Қ.Қаржаубаевтың, А.М.Меңжанованың,  Ш.С.Сапарбаеваның, М.Т.Тұрыскелдинаның, Р.Қ.Керімбаеваның, К.Метер-баева, А.А.Искакова  және тағы басқа ғалымдардың  еңбектерінде қарастырылған

Оқу әрекетінде адамгершілікті қалыптастыру бойынша жасалған тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстың нәтижелері біздің болжамымызды растады.

Біз адамгершілік қасиеттерін табысты қалыптастыруға мыналар әсер етеді деген қорытындыға келдік:

  • Адамгершілік мазмұнын толық ашу және түсіну оның қоғамдағы және жеке бастағы маңыздылығын ұғыну;
  • Адамгершілік тәрбие арқылы мектепалды даярлық балаларының адамгершілік қасиеттері оқу әрекетінің элементтері туралы түсініктерін нақтылау;
  • Әр түрлі мазмұндағы жеке тапсырмаларды мектепалды даярлық балаларының орындауы үдерісінде өз адамгершілік қасиеттерін көрсете алуын қалыптастыру.
  • Мектепалды даярлық балаларының адамгершілік қасиеттерін табысты қалыптастыру үшін біз мынандай кеңестер береміз:
  • Қандай да бір тапсырманы орындау тәсілін амалын өзгертіп отыру керек;
  • Оқу әрекеті кезінде өзінің адамгершілік қасиеттерін көрсете алатындай белгілі жағдайлар жасау керек.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері