Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адамгершілік тәрбиесі.docx

— 136.82 Кб (Скачать документ)

Ораза уақытында «Ораза қабыл болсын», «Айтыңыз құтты болсын» деген тақырыпта үлкен құрбан айт өткізілді. Бұл мерекеге ата-аналар да үлкен үлес қосып, барынша мәнді де мағыналы өтуіне ат салысты.

Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға байланысты төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге болады.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастыру әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Мақсаты: Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып, үлкенді сыйлауға, қоршаған табиғатқа қамқор болуға баулу.

Көрнекіліктер: Мазмұнды суреттер

 

1 -кесте -

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет

 

 

Тәрбиеші сабақтың барысын-да алдымен балаларға «Жақсы деген немене?» деп сұрақ қояды. Одан соң «Жаман деген немене?» деген сұрақ қойылады.

 

 

Балалардың жауабы:

1) Гүл өсірген жақсы.

2) Алғашқы су құйған  жақсы. 3) Кішкентайға қамқор болған  жақсы.

1) Салақ, кір-қожалақ болып  жүрген жаман.            2) Ағаштың бұтағын сындырған жаман.               3) Өзінен кішкентайды жылатқан  жаман.

Ұйымдасты-рушы ізденушілік

    Тәрбиеші балаларға  мазмұнды сурет береді.

– Балалар, өткендегі серуен кезінде футбол ойнап жүріп, Серік біреумен соқтығысып қалғанда құлап, мұрны қанап қалды. Қасындағы балалар ойнап жүре берді. Қалай ойлайсыңдар осы дұрыс па?

    Балалар, мен қазір  сендерге бір әңгіме оқып беремін  мұқият тыңдаңдар, соңынан әңгіме  не жайында екенін айтып, ол  әңгімеге тақырып ойластыруларың  керек.

    Тәрбиеші әңгімені 2 рет мәнерлеп оқып берген  соң әңгіме желісі бойынша  балаларға сұрақтар қояды.

     Балалар осы  әңгімеге қандай тақырып қойсақ  болады? «Қомқорлық», «Қайырымды балалар», «Қарлығаш біздің досымыз». Осы  тақырыптың біреуін таңдап әңгіменің  жоғары жағына жазамыз.

Әр бала өзіне берілген сурет бойынша әңгімелейді (жақсы, жаман туралы).

 

Жоқ бұл дұрыс емес. Олар құлаған Серікті орнынан тұрғызып, көмек көрсетуі керек еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап беріп, тақырып таңдайды.

Рефлексивті коорекциялаушы

Балалар, бүгін біз «жақсы» мен «жаман» туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін біздің ата-бабаларымыз көп мақал мәтелдер айтқан. Ол мақалдардың мағынасы өте терең. Сондай бір мақалды тыңдайықшы. «Жамандықтан тұра қаш, Жақсылықпен бол жолдас». – Балалар осы мақалдағы жақсылық деген сөзден үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, табиғатты қорғау, жолдасыңа көмектесу, еңбекті сүю т.с.с. нәрсені түсінуге болады. Міне, осының бәрі жақсылық. Сондықтан біз жақсыдан үйренеміз, жақсымен жолдас боламыз. Ал жамандықтан аулақ жүреміз. Ендеше ешқашан жамандық істемей- міз. Осы айтылған мақалды есімізден шығармайық (Тәрбиеші балаларға мақалды 1-2 рет айтып жаттатады).

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені меңгерді: Жамандық пен жақсылықты ажырата білу

Нені түсінді: жамандықтан қашық, жақсылық жасауға қалыптасы.

Нені жасай алады: Балалар жақсымен жолдас болуды, жақсыдан үйренуді; ешқашан жаман іс істемеуді үйренеміз.

 

 

2.2  Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы

          Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілгендей қоғамды одан әрі демократияландыру, құқылы мемлекет қалыптастыру халықтың көп бөлігін, әсіресе жастарды қамтитын адамгершілік оқыту мен тәрбиелеу ісін жүзеге асыру, жалпыға міндетті заңды оқытуды ұйымдастыру бойынша шұғыл шараларды – оқытудың барлық кезеңдеріне созылатын үздіксіз дайындықты талап етеді.

         Балалардың адамгершілік категория байланыстылығын ескере отырып, қоғамдық норманың әліппесін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден бастау керек.

         Азаматты тәрбиелеу баланың жас кезінен басталып, айналасындағы қоғамдық өмір өзгерістерінің барлығына тікелей қатынаста негізделеді. Мұндай қатынас үлкендердің, ата-аналардың ықпал етумен қалыптасады.

         Әрине мектеп жасына дейінгі баланың барлық жағдайларды түсіне бермейтіндігін естен шығармау керек. Ол түрлі іс пен оқиғаларды үлкендерше терең ойлауға қабілетсіз, бірақ тәрбиелеу ісінің жауапты кезеңіін естен шығарып алмау керек.

         Адамгершілік көзқарасты қалыптастыру бойынша жұмыстар түрлі бағытта жүзеге асырылуы тиіс, әңгіме үстінде, ойын кезінде, көрнекі материалдарды қарастырғанда, телехабарды көріп отырғанда, түрлі жағдайды шешу кезінде, т.б. Балалар адамгершілік істер жөнінде білім алып қана қоймай, бұл істерді күнделікті өмірінде, үлкендермен, балалармен қарым-қатынаста жүйелі түрде басшылыққа алып отыруға дағдылануының маңызы зор.

         Бұл құралда адамгершілік тәрбиенің міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің үш кезеңіне сәйкес қойылған – кіші жастағылар, естиярлар, ересек жастағылар. Әр кезеңнің негізінде моралдық-этикалық көзқарастың жалпы идеялары жатыр.

         БҮЛДІРШІНДЕР

         Мектепке дейінгі кіші жастағы (3-4 жас) балаларды әлеуметтік адамгершілікке тәрбиелеу адамдармен өзара қарым-қатынаста дұрыс бағдар беруге, дұрыс іс-әрекеттер мен әдет-дағдылар туралы, керісінше, жағымсыз мінез-құлық туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.

         Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің міндеттері:

  • балалардың жақын адамдарына, үлкендерге, құрбыларына жақсы қарым-қатынасын дамыту, айналасындағыларға жағымды қарым-қатынастың тууына ықпал ету (ата-анасына сүйіспеншілігін, тәрбиеші мен құрбыларына, т.б);
  • жақын адамдарының, құрбыларының ертегі кейіпкерлерінің, т.б. жағдайларына қайырымдылық сезімін ояту, аяушылық білдіру, аймалау, жағымды сөздер айту, жұбату, т.б.
  • мәдени мінез-құлық пен қарым-қатынастың қарапайым ережелерін орындауға үйрету;
  • үлкендердің үйретуі бойынша сыпайы сөздермен: «рақмет», «жарайды», «сәлеметсіз бе?», «қайырлы түн», ал өтінішін жайлы үнмен жеткізу, т.б.);
  • мәдени-гигиеналық дағдыларды игеруге дұрыс көңіл бөлуге тәрбиелеу, өзін-өзі қамтамасыз етуге дербестігін дамыту;
  • еліктеу ойындарындағы сезім жағдайларын қабылдауда ақыл-ойын дамыту;
  • балалардың адамдар (үлкендер, құрбылар, т.б.) олардың сезім жағдайлары айқын білінетін сыртқы пішіндерінің ерекшеліктері, айналасындағыларға көңіл аударуы мен қамқорлығы, іс-қылықтары туралы көзқарасын қалыптастыру;

        Адамгершілікке  тәрбиелеудің мазмұны міндеттермен  бірге кіші жастағы балалар  игеретін танымдық, мінез-құлықтық, сөйлеу машығы, әлеуметтік бағдарлау  ақыл-ойын қамтиды.

        БАЛДЫРҒАНДАР

        Балаларды  бес жастан бастап, адамгершілікке  тәрбиелеу айналасындағы адамдарды  түсіне білуін одан әрі дамытуға, олармен жақсы қарым-қатынас туғызуға  бір-біріне ықпал етуге бағытталған. Бұл істің маңыздылығы балдырғандардың  балалар және үлкен адамдар  туралы түсінігін тереңдетуіне, қоршаған орта жөнінде жалпы  көзқарасын кеңейтуіне, мінез-құлық  пен қарым-қатынас мәдениетінің  нормалары мен ережесі бойынша  әлеуметтік бағдар қалыптастыруына, айналасындағылардың көңіл-күйін  сезінуін, сезімталдығын дамытуында.

        Тәрбиелеу  міндеттері:

  • балаларды балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда мәдени мінез-    құлық ережесіне сәйкес өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу (амандасу, ескерусіз қоштасу, өз өтінішін жағымды жайлы үнмен жеткізу, т.б.;
  • балалардың айналасындағыларға қарым-қатынастың адамгершілік нормалары жөнінде көзқарасын қалыптастыру (жақсылық ойлау, әділдік, шыншылдық, т.б.)
  • адал сезімге тәрбиелеу (нақтылыққа, сезімталдыққа, әділеттілікке, т.б.)
  • бейтаныс құрбыларымен, үлкендермен жақсы қатынаста болуға үйрету;
  • баланың өзінің аты-жөнін, фамилиясын, мекен-жайын, ата-анасының, жанұяның басқа мүшелерінің аты-жөнін білуі, «ат», «жас», «ата-ана», «жанұя» деген сөздердің мағынасын түсіне білуі керек:
  • жолда жүру ережесімен таныстыру керек: көшеден үлкендермен бірге бағдаршамның жасыл шамы жанғанда өту керек;
  • балаларды халық дәстүрін, мәдени мұраны құрметтеуге үйрету;
  • туған жерін сүюге тәрбиелеу.

        ЖАСӨСПІРІМДЕР

        Тәрбиеші  ересек жастағы балалардың адамгершілік  бағдары мен ақыл-ойын дамытуды  жалғастырады. Адамдардың қарым-қатынасы  туралы түсінігін толықтырады. Балалардың  назары адамдардың физиологиялық  жағдайы мен көңіл-күйіне аударылады. Олар эмоциялық мимикаға, сөйлеу  интонациясына қарай түсінуге  үйренеді.

        Ересек  жастағылар үлкендермен, құрбылармен  араласу мәдениетін, қоғамдық жерде  өзін-өзі ұстау мәдениетін игереді. Жанұя, туыстық қатынас туралы  түсінігі тереңдейді. Балалар жақын  адамдармен жақсы қарым-қатынас  әрекетінде белсенділік көрсетуге  үйренеді. Балалардың сөздік қоры  жағымды сөздермен толықтырылады. Олар сәлемдесу, қоштасу, көңіл көтер  білдіру. өтініш білдірудің түрлі  формаларын игереді.

        Тәрбиеш  баалардың өзін-өзі құрметтеу  сезімін біртіндеп дамытады. Ол  балалардың ақыл-ойы мен іс-әрекетін  тек жақсылық жасауға, әділеттілікке  бағыттайды.

        Тәрбиелеу  міндеттері:

  • балаларды балабақшада, қоғамдық орындарда белгіленген мәдени мінез-құлық ережесін сақтауға үйрету;
  • адамгершілік сезімдерін және жақсылық, қайырымдылық, кішіпейілділік, әділдік туралы, жақсылық пен жамандық, батылдық пен қорқақтық, қарапайымдылық пен менмендік туралы көзқарастарын қалыптастыру;
  • үлкен жастағы адамдарды сыйлауға тәрбиелеу;
  • балабақшаның мекен-жайын, жақын ықшамаудандарды жақсы бағдарлай білуі қажет;
  • жанұя, жақындары туралы білім мазмұнын тереңдету;
  • туған жеріне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін ояту;
  • балалар мемлекеттік рәміздерді білулері қажет;
  • Қазақстанның табиғаты, тарихы туралы, тұрғылықты тұрғындары, олардың салт-дәстүрлері, өнер жөнінде бастапқы білімдерін қалыптастыру;
  • құрбыларының, үлкен адамдардың, өзінің еңбек нәтижелерін қорғауға тәрбиелеу;
  • айналасындағылардың барлығына өз ісімен пайда келтіріп отыруға тәрбиелеу.     

        Адамгершілік  – қоғамдық өмірдің  тарихи-әлеуметтік  заңдылықтарына сәйкес, адамдар  арасындағы қарым-қатынас жүйесін  реттеп отыруға негіз болып  табылатын қауымдық, халықтық игі  іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық  пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын  көрсететін терең мәнді ұғым.

        Адамгершіліктің  негізі мінез-құлық нормалары  мен ережелерінен тұрады. Олар  адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан  көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды  басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек  ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға  тән адамгершіліктің өзге де  формалары, бұл – сананың, сезімнің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың  бөлінбес элементтері, олардың негізінде  қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық  құндылықтары жатады. Баланың өмірге  белсенді көзқарасының бағыты  үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны  мен формалары балалардың мүмкіншілігін  ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті  өмірде, үлкендердің қолдан келетін  жұмысты ұйымдастыру үрдісінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы  түрде іске асады. Әр баланың  жеке басы оның моральдық дамуы  үшін қамқорлық жасау бүгінгі  күннің және алдағы күндердің  талабы, оған педагогтың күнделікті  көңіл бөлуі талап етіледі.

         Кіші жастағы балаларда адамгершілік  негіздері қаланып, әдептілік ережелері  меңгеріледі. Баланың адамгершілік  сезімдерін дамытуға осы жас  ең қолайлы кезең болып табылады. Адамгершілік сезімдердің күші  мен тереңдігі, баланың мінез-құлқына  әсер-ықпалдың, адамдарға, табиғатқа  қарым-қатынастың адамгершілік белсенділік  шегін анықтайды.

         Мектепке дейінгі балаларда өзін-өзі  тану бойынша білім беруде  төмендегідей адамгершілік құндылықтар негізге алынады.    Кесте - 2.

 

2 - кесте -

 

Адамгершілік құндылықтар

Адамгершілік құндылықтардың мәні

Сүйіспеншілік

Балалардың  бірін-бірі жақсы көріп, сыйластықпен қарым-қатынас жасауы.

Мейірбандық

Әдептілік пен игі дәстүрді жоғары қойып, басқаға тек жақсылық ойлау – қамқоршының қасиетті сезімі, халқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі. Адамның бір-біріне жылылығын білдіріп, оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, адамның шат-шадымен тіршілігі үшін аса маңызды қасиет. Мейірбандық – тек жақсылық ойлаушының басқаға игі әрекет көрсетуі, игілік жасауы.

Адалдық

Бала мінезіндегі бағалы қасиет – жеке адамның сана-сезіміне, ар-ожданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен ұштасатын іс-әрекеттер.

Әдептілік

Бала бойындағы жағымды қасиет – оның қоғамда қабылдаған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында әдептілікке ерекше мән беріледі.

Бауырмалдық

Бала бойындағы туысқандық – ағайыншылық қарым-қатынасқа адалдықты білдіретін ұғым. Бауырмалдық туыс адамдардың арасындағы жақсы көру сезімін, бір-біріне деген мейірімділігін, жанашырлығын, қамқорлығын білдіретін құнды қасиет.

Достық

Балалардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз дос кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Жауапкершілік

Бала бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе оның жауапкершілікті сезінуіне тіклей байланысты болып келеді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері