Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56
Ұрпақ
тәрбиесі – келешек қоғам
Қазіргі
кезде өсіп келе жатқан
Сөз анасы – сәлем
(мектепалды даярлық топ).
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.
2. Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, бойларына сіңіру.
3. Балаларды қазақ халқының
сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу
рәсімдерін айту арқылы «
Сабақтың әдісі: Сұрақ, жауап, әңгімелесу. Сабақтың көрнекілігі:
Әдепті елдің баласы»
Ақылы теңіз-дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр
Әрбір сөзі – салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күні бармақты
Балалар шығармашылығы (өздері салған суреттер).
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Халықтың педагогика – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы болып табылады. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін тәрбие кітабы. Тәрбие тамыры қазақ халқының қанында, жанында.
Халықтық педагогика-халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес қазынасы.
Ал, балалар, бүгінгі біздің ертеңгіліміздің тақырыбы «Сөз санасы-сәлем» деп бекерден-бекер алынып отырған жоқ. Бүгін біз ата дәстүрі, оның ішінде ең адамға керектісі деп ойлаймын сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын жете ұғыну болып табылады.
Ендеше балалар, тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді осы бүгінгі ертеңгілікте үйрене алады екенбіз.
Зарина:
Ана тілсіз өрге баса алмайды;
Ана тілсіз тарих та жасалмайды.
Желмаяға мініп ап желіп жүріп,
Күңірендеген тектен–тек Асан–қайғы
Кәмшат:
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ жері қосы сақтай ерлер жері
Елі кедей болмаған – жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер жері
Еркебұлан: Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ ері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай,
Елі текті, киелі – қасиетті
Замира:
Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдеті мен ғұрпы
Дәулет:
Әнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді сергітетін жыр гүлі
Дидар:
Әке толы бабалардың даласы,
Ақ пейілді баласы мен данасы
Ардақтылар, ақтаңдақтар көрінбей,
Күлгін тартты артып дұшпан жаласы
Мадина ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Балшықтың қасиетті көзіміз
Барлық ұл мен бауырласа жетерміз
Ақ – қараны тіліп тұрса сөзіміз
Ардақ:
Азат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүріс, елін жаудан қорғап ерін
Әділет пен бірлікке жанын қиған
Әділ өткен билердің туған жері
Әсет. Сәлем-әдептілік белгісі
Зарина. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу көптеген түрлері бар
Еркеш. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман–саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанының көрсетіп, жақсылыққа жарқылдауы.
Абзал. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.
Күнсұлу. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.
Бауыржан. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.
Бақыт. «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.
Ардақ. Сәлемдесудің түрлері
Арман. – Сәлеметсіз бе?
Асқар. - Сәлеметте болыңыз!
Ғалымжан. Әсіресе араб тілінен енген:
Яғни:
Наурыз. Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «Сәлем» деп қолмен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбінесе еуропа халықтарында кездеседі.
Әйгерім. Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті.
Сымбат. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» - деген әдеп бар.
- Құрметті қонақтар, тәрбиешілер мен тыңдаушы балалар «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген аталы сөз бар. Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай, үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.
Сіздерді қазір Мадина мен Дидардың орындауында мақал-мәтел айтысын тыңдауға шақырамыз.
Дидар. – Ассалаумағаликум «Алты жасар бала келсе алыстағы шал сәлем береді» – демекші, қалыңыз қалай?
Мадина. – «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» - деуші еді, келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.
Дидар. – «Қонағын сыйласа, төрге шық» - дегендей, төрге шығайын.
Мадина.- «Жат асына қарайды, дос басына қарайды», - деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.
Дидар. – Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын»
Мадина. – «Досыңның тамағын қасыңдай іш», - демекші, ала отырыңыз.
Дидар. – Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам», - демекші, алла риза болсын.
Мадина – «Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше», - осылай таныс – біліс болу да бір ғанибет қой, ата.
Дидар. – «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл», - есіміңіз кім болады?
Мадина. – Есімім – Мадина. «Көрген жерде ауыл бар деп», - дегендей, келіп тұрмыз.
Дидар. – «Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ», - қой, қайтайын.
Мадина. – «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал», - демекші, жолыңыз болсын.
Дидар. – «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке», - деуші еді аталарымыз, сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз
Мадина. – «Кәрі–кәрінің сөзі дәрі», - дегендей, о, не дегеніңіз?
Дидар.- «Таз тарағанша той тарқар», - қайтайын.
Мадина. – «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын», - дегендей, келіп тұрыңыз
Әйгерім. Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен кішіге байланысты емес.
Динара. Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені – жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз
Нұрсұлтан. Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әлемі жарастық жатыр.
1 КӨРІНІС
Екі бала шығып қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрін көрсетеді.
Жігіт: Ассаламағалейкум, апа!
Ата: Уғәләйкумассалам, балам!
Жігіт: Дені-қарыңыз сау ма, аман-есенсіз бе?
Жігіт: Бала-шағаңыз есен-сау ма?
Апа: Тегіс аман-есен өсіп-өніп жатыр
Жігіт: Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба?
Ата: Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы.
ІІ. КӨРІНІС
Әже және қыз бала болып киінген екі бала. Әже мен қыз бала сәлемдесуі
Бекзат. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әділетсіздік, көргенсіздік болады.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері