Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56
Жасөспірім шақта балалар
Балаң жастық шақта
Жеке адамда тәрбие арқылы
рухани-адамгершілік
Ұлы ақын Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген өлең жолдары ізгілік, сүйіспеншілік, бауырмалдыққа дәріптесе, «Біріңді, қазақ, біріңді дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері достыққа, бірлікке, ынтымақ пен татулыққа шақырады [12-132б].
Қазақ ағартушысы Ы.
Ы.Алтынсаринның ізгіліктік, өнегелік
көзқарастарына сәйкес
Мектеп жасына дейінгі
3 – кесте –
Рухани-адамгершілікке баулудың негізгі бөліктері |
Жеке тұлғаның бойында дамытылатын өнегелік тәрбие арқылы адамгершілік қасиеттер мен сапалар |
Жеке тұлғаның өзіне, оқуға, еңбекке, өнерге, өмірге қарым-қатынасы |
Қызығушылық, білімділік, ынталылық, еңбекқор-лық, ақылдылық, ұқыптылық, ізденімпаздық, тәр-тіптілік, табандылық, өнерпаздық, жауапкершілік, талғампаздық, жігерлілік, шыдамдылық, сабырлылық. |
Жеке тұлғаның айналасын-дағы адамдарға, үлкен-дерге, құрбыларына қарым-қатынасы |
Сыпайылық, түсіністік, кішіпейілділік, әдептілік, мейірімділік, адалдық, тіл табысу, кешірімділік, тілектестік, ашықтық, еркіндік, достық, татулық, шыншылдық, әділеттілік. |
Жеке тұлғаның отбасына, қоғамға, Отанға, әлемге қарым-қатынасы |
Сүйіспеншік, мейірбандық, бауырмалдық, кішіпе-йілділік, көпшілдік, парыз, адалдық, жауапкершілік, ар-ұят, намысқойлық, батылдық, өжеттік, елжандылық, мақтаныш, сезімталдық, белсенділік, келісім, жарастық, үйлесімділік. |
Жеке тұлғаның қоршаған ортаға, табиғатқа, өз денсау-лығына қарым-қатынасы |
Байқампаздық, мейірімділік, жауапкершілік, сезімтелдық, нәзіктік, талғампаздық, қамқорлық, қайрымдылық, жанашырлық, үнемшілдік, іскерлік, ұқыптылық, жинақылық, мұқияттылық, ризашылық. |
«Адамгершілік» ұғымының ауқымы соншалықты кең, терең, салиқалы болғанымен, адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірде сәл нәрседен, бір сәттен, әрбір қылықтан, бір ауыз сөзден, бір істен, бір әрекеттен байқала қалатыны белгілі. Балалардың айналасындағы адамдарға, табиғатқа, қоршаған ортаға, жан-жануарлар, аң-құстар, өсімдіктер, яғни тірі және өлі табиғаттың қай-қайсысына да болсын адамгершілікпен қарым-қатынас жасау қажеттілігін сезіндіруге адамгершілік құндылықтар негізінде білім беру аса маңызды. Мұның өзі, біріншіден, өзгермелі дүниеде өзімен-өзі бола алатын ашық-жарқын жеке адамды дамытуға; екіншіден, қазіргі мектепке дейінгі балалардың ойы еркін, іс-әрекеттері тәуелсіз, берік, сондықтан оларды оқыту ісінің жаңаша әдіс-тәсілдерін, жолдарын табу қажет; үшіншіден, қазіргі қоғам балалар мен үлкендердің ізгілікті, өнегелік қарым-қатынасына мүдделі болып отыр. Сондықтан балабақшада адамгершілік құндылықтар негізінде білім беруде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қажетсіну мәселесі туындап отыр.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиесі ұлт қаһармандарының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері адамгершілік тәрбие беруде үлкен роль атқарады.
Балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі жұмыстың табысты болуы тек ұйымдастырылған оқу іс-әрекет мазмұнының қалай жасалғанында емес, оны өткізудің әдістемесіне де байланысты. Түсіндіру, көрсету мен жаттығуды ұштастыра отырып, тәрбиеші мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Мұнда жетекші рольді жүйелі ұзақ жаттығулар атқарады.
Мектепалды даярлық топтарында мінез-құлық мәдениеті бойынша балалармен жүйелі түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттін өткізген жөн. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті өткізу формалары түрліше болуы мүмкін: әңгіме, монтаж, ойындар, инсценировка, жаттығу. Әдетте, әңгімелесу жаттығу, көрсету балалармен жұмыс істеудің тұрақты формалары болып табылады, олардың ойындармен және инсценировкалармен толықтырылуы мүмкін.
Мысалы, мінез-құлықтың үстел басындағы ережелер бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте әдетте, сол ережелерді орындап көрсету, жаттығулар көбірек болады. Көшеде жүру тәртібі ережесін үйренуді ойын формасында өткізген жөн, ал көшеде ұқыпты және абай болу туралы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте уақытты әңгіме алады.
Әрбір тақырыпқа қарапайым ережелердің бірнешеуі енгізіледі. Кейбір ережелер ұйымдастырылған оқу іс-әрекет сайын қайталанып отырады: мысалы, қыздарға жол бере білу «Театрдағы мінез-құлық» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, сондай-ақ «Балабақша ертеңгілігін өткізу ережелері» деген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте, асхана аспаптарын пайдалана білу - «Үстел басындағы мінез-құлық» және «Қонаққа барғанда» деген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте қайталанады. Бұл қайталанулар бұрыннан таныс ережелерді пысықтай түседі.
Әдетте ережелерді игеру олар қолданылатын нақтылы байланысты болады. Алдымен бұл топтағы жағдай белгілі дәрежеде тәрбиешінің қадағалауында болады және тәрбиеші баланы алдымен осы жағдайда дұрыс әрекет етуге үйретеді.
Содан соң ата-аналармен бірлесе, жұмыс жасай отырып, тәрбиеші балаларды үйдегі, көшедегі, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениетінің ережелерімен таныстырады. Балалардың белгілі бір ережелерді сақтауы керек, нақтылы жағдайларды біртіндеп кеңейту оларды әр түрлі жағдайларда мінез-құлық мәдениеті ережелерін орындауға үйретуге мүмкіндік береді.
Тәрбиеші қандай да бір тақырыпта жұмыс істей отырып, әрине, берілген тақырыпқа жатпайтын мінез-құлық ережелерін бұзу фактілерін де көрмей өте алмайды. Мәселен, егер ол мектепалды даярлық топта асхана ережелерді сақтамағанын байқаса (қасықты дұрыс ұстамаса, шынтағын үстелге қойса, дастарханды шұқып отырса т.б.), оған ескерту жасайды да, үстел басында өзін қалай ұстауы керек екені туралы түсіндіреді.
«Үйдегі мінез-құлық» бөлімінде сол ережелер үйдегілерге: ата-аналарға қатысты қаралады. Балалар көбіне бөгде адамдармен сыпайы болу қажет деп санайды да, сыпайылық ережелерін үйде орындамайды: амандасуды, рахмет айтуды, әкесінің шешесінің, әжесінің, апасы мен інісінің алдында кешірім сұрауды қажет деп таппайды. Бұл бөлімде ең алдымен туыстарға көмектесуге қолдан келетін бірқатар міндеттерді өз мойнына алуға ұмтылудан көрінетін оларға қарпайым сезімталдық таныту туралы мәселе қаралады.
Үстел басындағы мінез-құлық мәселелері де осында қаралады. Тамақтануға байланысты мәдени дағдылар тек қана отбасында қалыптасып, әдетке айналады.
Ы.Алтынсарин «Қырғыз хрестоматиясына» енгізілген өзінің поэтикалық әңгімелерінде жеке адамның адамгершілік қалпының қалыптасуына табиғат ықпалын баса көрсетіп отырған. Табиғат кейпі арқылы көркем түрде алдымен адамгершілік тәрбиесі жөнінде ақыл-көңіл беріп отырады. Мысалы, «Бау ағаштары» әңгімесінде Ыбырай былай деп жазады: «Қарағым, істің әкесі баласына, - сенің болашақ тағдырың осыларға байланысты. Егер мен жаман істі жақсартсам, сен оны түсініп, жөні түзу адам боласың. Егер менің ақылымды тыңдамасаң, осы қисық ағаштай болып өсесің» [24-132б.].
Шығармаларында «Жақсы деген не, жаман деген не?» сияқты қағиданы көрнекілікпен көрсете отырып, ақыл кеңес айтады. Ақын шығармашылығы, оның мәңгі ойлары тарихқа жай ғана келіп қосылған байлық емес, қазіргі заманның көкейкесті маңызы бар игілігі.
Ұлы ойшыл ғалым Әл-Фарабидің ой-толғаныстарына толы трактаттарында адамгершілік тәрбие мәселесін тілге тиек етіп отырады [18-324б].
Адам бойында адамгершілік қасиеттердің белгілі бір шамадан ауытқуы сипатына тоқталады. «...Біз ер жүректілік жақсы адамшылдық қасиет дейміз және бұған қастерлі істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ал бұл – жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады».
Жақсы адамгершілік қасиет ретінде сөзге тапқырлық, адал, шыншыл болу, досгерлікті атай отырып, бұл ретте шектен тыс кетушілік, керісінше, жаман адамгершілік сапаларға апарып соқтыратындығын ескертеді.
Қазақ даласының ұлы ойшылы, халқымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы бола білген, ұлы даланың абыз жырауы атанған Асан Қайғы шығармашылығының негізгі арқауы – адамгершілік туралы. Өз халқының сол замандағы тұрмыс-тіршіліктерін, әлеуметтік жағдайларын жыр етіп, келешегіне шолып, жақсы өмір сүретін уақытты армандап, құтты қоныс, жақсы жайлау – «Жерұйықты» іздеп таппақ болды.
М.Әуезов айтқандай «...өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы, өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс-елес білік-дерек береді [14-234б]».
Асан Қайғы барша жұртшылықты адамгершілікке, ауызбірлікке, ынтымаққа шақырды. Жыраудың ойынша, адам айналасындағыларға жақсылық жасауға, бірлік пен ынтымаққа шақырған.
«Балалар
бақшасындағы тәрбие
Жас
ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу
отбасы мен балабақша
Ертегінің
рухани тәрбиелік мәні зор. Ол
– баланың рухының ләззат
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері