Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің ғылыми болжамы:Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың үрдісі сапалы түрде өтеді егерде:
1)берілген педагогикалық-психологиялық негіздерге бейімделсе,
2) берілген талаптарға сәйкес болса
а)тілдік материалдарды дұрыс пайдаланыуы
б) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
в)оқыту үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы.
3) балалардың психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу әрекеті барысында бастауыш сынып бастауыш сынып оқушыларының психологиялық тұрғыдан дидактикалық негіздерін анықтау;
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың барысында психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың моделін жасау;
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы қызығушылығын артыру.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының шетел тіліне оқытудың ғылыми-теориялық негіздері.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың теориялық болжамы............................................................................................10
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялықерекшеліктері................19
1.3 Кіші мектеп оқушыларының шетел тіліне оқытудың психологиясы............35
2. Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы.
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттінің мазмұны......................................................................................48
2.2 Бастауыш мектеп оқушыларын шетел тіліне оқытудың әдістемесі...................................................................................................................59
2.3 Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттінің қорытындысы.............................................................................78
Қорытынды......................................................................................................83
Қолданылған әдебиетер…………………………………….............................87
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері.docx

— 232.49 Кб (Скачать документ)
  1. бірінші сынып оқушыларына жаңа тілді оқу мен жазуды 1-сыныптан бастау керек ( А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша).
  2. Бастауыш мектептің бағдарламасына бір мезгілде аптасына екі сағат шет тілін енгізу.

Физиологтар көзқарасы бойынша, шет тілі кітабында кішкентай заттарды қабылдау балаларда ересектерге қарағанда  өте төмен. Сондықтан, бастапқы үйрету  кезеңде  үлкен шрифті кітапты пайдаланған жөн. Шет тілін үйрету барысында оқушыларға жетістік жағдайын ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Тіпті кішкентай жетістік балаларды рухтандырады және бір пәнге қызғушылығын тудырады.  Мұғалімге мұндай жағдай туғызу және ұсыну әрқашан маңызды, өйткені белсенділігі төмен деңгейдегі оқушыны мақтау арқылы бір қадам алға көтеру, мысалы: «Жарайсың, сен бұрынғыдан да жақсы оқитын болыпсың», «сен жақсы айтасың, мен сенің жетістігіңе қуанам» және т.с.с.

Балалар мұғалім қойған бағаға өте қатты мән береді. Кіші мектеп оқушылары тапсырма бағасынан өз бағасын ажырата алмайды. Мұғалімнің «сен тапсырманы өте нашар орындадың» деген сөзі  бала оны «сен жамансың»деп түсінеді.

Бұл жас ерекшеліктін ескере отырып, біз Ш.А Амонашвили өңдеген маңызды бағалар жүйесін пайдалануға кеңес береміз. Ол 4 құрамдас бөліктен тұрады:[37]

  1. оқушыға тұлға ретіндегі тілектестік қатынас;
  2. оқушының міндетті күштеріне оң қатынас;
  3. оқушының алдында тұрған қиыншылықтарды және қателіктерді нақты талдау
  4. қол жеткізген нәтижені жақсарту үшін, нақты тапсырма орындау;

Бағалауда осы компоненттерді ескеру қажет, тіпті егер оқушы жұмысының нәтижесі жағымсыз болса да. Сонда ғана ол қосымша мақсат ретінде оқушылардың өзін-өзі басқарудың құрал – жабдығы  бола алады.

Оқушы мұғалім қойған бағалау  өлшемдерін білуі керек, осы өлшемдер арқылы онда өзін-өзі бағалау және өзін-өзі қадағалау қалыптасады: «Жақсы баға алу үшін, осылай айту керек» деп түсіндіру қажет.

6-10 жас аралығындағы балалардың  психологиялық ерекшеліктерінің  есебі және болашақ дамуы олардың  бастауыш сыныпта оқуының маңызды  факторы болып табылады.Бала туылғаннан  бастап,айналасын танып,бірте-бірте  бәрін үйренеді.Үлкендердің қатынасуынсыз,  іс-әрекет үлгілерінсіз бала ешбір  қарапайым әрекеттерді жүзеге  асыра алмайды.Егер баланы бір  бөлмеде оны қоршаған заттармен  қалдырса, ол олардың маңыздылығын  үлкендердің көмегінсіз біле  алмас еді.

Заттарда олардың қалай  қолданылатынын көрсетілмеген неғұрлым бала кішкентай болса, соғұрлым үлкендердің  басшылығын талап етеді.Қазіргі  таңда оқытудың әртүрлі әдістері мен түрлері бізге таныс. Оның бірі: еліктеу жолымен,ойынмен, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасау, құрастыру жолымен, қарапайым жұмысты орындағанда өзіне қызмет көрсету жолдары болып келеді.Мектепке түсу баланың қоғамдағы жағдайын өзгертеді.Олардың өмірді тануы,құрдастарымен және үлкендермен барлық қарым-қатынаста болуы, олардың бірнеше жаңа міндеттерін орындауына байланысты.Баланың өміріндегі мектептік кезеңі оның жан дүниесінің өзгеруімен байланысты.Бұл шекара неғұрлдым нақты анықталған сайын және неғұрлым баланың жаңа жағдайға ауысуы көрінген сайын,  неғұрлым қатарластарымен және ересектермен қарым-қатынасы нақтырақ болған сайын, соғұрлым баланың ақыл-ойына жаңа ақпарат қалыптастырады.

Бұған мектеп тәртібі және мектеп киімі, сабаққа үйде дайындалуы, сабақтардың ұйымдастырылу формасында, бір ортақ ережеге бағынуы болып табылады.Бұнда бастысы жаңа жүйемен жұмыс істеу.Мұғалім оқушылар алдында ата-ана,  орынбасар-тәрбиешісі ролінде емес, ол қоғамның қарулы өкілі ретінде көрінеді.

Жаңа қызметтің орындалуы  арқылы баланың басқа ересектермен және қатарластарымен қарым-қатынасы, отбасындағы және мектептен тыс  қарым-қатынас, өзіне қатынасы, өзін-өзі  бағалауы анықталады.Осында мектептік оқудың тәрбиелік функциясы және тұлғаның қалыптасуы қортындыланады.Міндетті түрде айтсақ, кіші мектеп жасында оқу ісінің қарқынды қалыптасу кезеңі болып табылады.

Егер білікті құрылған әдістеме жүйесі лингодидактикалық  және психолингвистикалық тұрғыдан қарағанда, тілдік мәліметпен шет тілін  меңгеру тұрғысында жетістіктергежетері  сөзсіз.

Іс-әрекет өзінің жүргізетін функциясын құрылған кезінде жүзеге асырады.Кіші мектеп жасы оқу ісінің қалыптасқан кезеңі болып табылады.Оқу  қызметінің қарама-қайшылық мағынасында  оқушының өз алдына жеке тұлға болып  қалыптасуында оның өнер білімі, дағдылары, әсер әдістері үлкен рөл атқарады.Екінші жүйелік ерекшелік оқушының бәріне бірдей ережелерге бағынуын талап етеді, яғни партада түзу отыруы, дәптері,кітаптарын таза ұстауы, дәптеріне үлгілі жазуы  тағы басқалары.

Кейбір ережелер мақсаты  – оқушымен мұғалімнің қарым –  қатынасын жақсарту болып табылады.Мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс жасаған кезде  ережелердің көбісі жүзеге асырылмайды.Сыныппен жұмыс жасаған кезде мұғалімнің оқушымен жеке сөйлесуі болып есептеледі.Осы арқылы, берілген ережелер, сыныптық, ұжымдық өкімділігін арттыруға негізделген.Ережелерге бағынған баладан бір жағынан тәртібін реттеу, екінші жағынан ұжымды бағытқа ережелерге сай өзін үйрету –мектептің маңызды оқыту жүйесі болып табылады.Өкінішке орай оқыту жайлы айтатын болсақ, оның тек оқыту функциялары оқушыларға жүйелеген бағдарламамен білім беру есімізге түседі.Өзінің мазмұнымен ұйымдастырылған білім үлгісімен тәрбиелейді, яғни оқушыда белгілі бір мінез қалыптастырады.

Егер тәрбиелік функцияларды жоғары дәрежеде орындаса,онда оқу міндеттері жүзеге асады.Үшінші, мектеп оқушыларының ерекшелігі ол мектепке түсіп, ғылым-білімді үйренуден басталады.

Көптеген балалар мектепке келгенде әріптерді танып,олардан  сөз құрай алады.Осы арқылы балалар сөздің әріптен тұратынын біледі, себебі көптеген балалар мектепке келгенде әріптің дыбыс екенін білмейді.Әріптің дыбыс екенін білмейтін балаларды қайта оқытуға тура келеді.Ол үшін алдымен бала дыбыстарды ажырата білуі қажет, мысалы:жуан және жіңішке, дауысты және дауыссыз секілді дыбыстар.Осылайша бала әріппен оның жазылуымен танысады. Математика бөліміне келгенде жөні мүлдем бөлек, көп адамдар мектепке санау біліп келеді.Бірақ балалар үшін сан мен заттың есебі құрам болып келеді. Төртінші ерекшелігі кезеңіне келгенде баланың ересекке адамға көзқарасын өзгерту болып табылады.Мұғалім оқушымен сөйлесу үшін оның арнайы жолы болуы керек.Бақылау бойынша басқа шет тілін үйрену балаларда логикалық ойды дамытады және өз тілін үйренуге зор ықпалын тигізеді.

Шет тілін үйренуге ең қолайлы  кезең 4-8 жас аралығы, 9 жасқа толмай тұрып балалар сөйлеу маманы, ал 9-дан асқан соң мидың сөйлеу механизімі кеми түседі.Сондықтан 10 жастан кейін балаға әртүрлі кедергілерден  өту керек.Бірақ 9 жастың кейбір кемшіліктері бар.Мысалы:есте сақтау қабілеті ересектерге  қарағанда жақсы жетілмеген.Егер бала тілмен көбірек жұмыс істесе, ол оның есте сақтау қабілеттілігін кеңейтуге  зор ықпал етеді. Баланың тілді игеруі көрінгендей оңай емес, оның артында қиын процесстер тұрады, бұл ғылыммен дәлелденген.

Ойынның қызметі 3 -10 жас аралығындағы балалар үшін маңызы зор.Орыс педагогы К.Д.Ушинский, балаларға шет тілін  үйрету мектепке дейінгі жастан бастап оқытылу керек деп есептеген.[38]

Тілдік функцияның өзіндік  ерекшеліктері бар.Біріншісі, іскердің сөз уақыты шектеулілігі .Белгілі бір уақытта баланың білім алуын қамтамасыз ету керек.Уақыт өткен соң сөйлеу мәнері қалыптасады.Ағылшын тілін окытуды ерте жастан уйренуі керек, себебі ерте жастан баланың тілдік қоры дамиды жәнеде өз тілін үйренген соң басқа тілдіүйренуі,сонымен қатар ең бастысы ол педагогикалық маманның дұрыс болуы деп табылады.Сондықтанда тілдік  функцияны қолдану жөніде ерте балалық шақтан бастап үйретуден бас тартпау керек.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушыларда тілдік функция  болады, егерағылшын тілін оқытуда педагогикалық процесс дұрыс ұйымдастырылса, сонда ғана олар тілдік функцияны дұрыс ұзарта алады.Барлық зерттеушілер оқуда психо-физикалық  байланысты көрсетеді.4 -10 жас аралығында білім беру зерттелген, 4жаска дейін бала ойсыз болып келеді, 10жастан кейін дұрыс есте сақтай алмайды, үйретуді 5-8 жас аралығында бастау керек.Қашан туған тілін жаксы сөйлесе  сонда ғана басқа тілге карым –катынасы басты дамиды, осы жастағы балалар өз ойын оңай құрастырып  және шет тілін үйренуге еш киындык болмайды.Егерде әдістемелік жүйе дұрыс және жүйелі құрылса  сонда ғана, ерте жастан оқыту  тек қана еркін сөйлеуғана емес, сонымен қатар  үлкен интеллектуалдық, тәрбиелік ұнамды потенциал, және балалардың басқа елдіңмәдиниетімен қоғамдық көзқарасын  калыптастырады.Кіші жастан шет тілін білу, баланың дамуында, сөйлеу мәнерінде, жағымды әсерін тигізеді. Баланың ой-өрісін кеңейтеді. Шет тілін меңгеру әсері тек үйретушіден емес, үйренушіге де байланысты жоғарғы әсері зор.

Педагогтың  оқушыларға қарым-қатынасы үйлесімділікке жету үшін маңызды себеп  болып табылады.Әрбір мұғалім өзінің сабағы қызықты және тартымды өткенін қалайды.Олар оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін артыруын қалайды.Кіші сынып оқушыларымен мұғалімдерінің сабағы қызықты және түсінкті ету үшін ойын әдісін қолдану керек.  Ойын әдісінде бала қалай ойнау керек, қалай ұту керектігін ойлап, осы  ой арқылы жүзеге асады. Ал егер бұны шет тіл пәніне  келетін болсақ ол оған үлкен мүмкіндіктер ашады.

Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы  балаларға ұялшақтығын жеңуге мүмкіндік  береді.Балалар сөйлеуге қорықпайды, шет тіліндегі суреттеу тәсілі балаларды  қатынас процессіне баулудың бір  түрі болып табылады.Ол балаларға  грамматика мен лексиканы есте сақтауға көмектеседі.Қатынас қабілеттілігін арттыру үшін өлеңдер қолданады.Өлеңдерде  білгілі бір нәрсе жайлы мәлімет  беріледі.Мысалы: өлеңді тыңдап отырып,шет  тілінде адамның дене мүшесін  атай алады.

Өлеңді қолданудың  ықпалы:

  • нақты дыбыстап айту;
  • артикуляция, ырғақ, интонацияның дұрыс айтылуы;
  • ағылшын тілінің тереңдетіліп оқытылуы;
  • ағылшынша оқу мен дыбыстыудың дамуы;
  • сөздік қорының артуы;

Өлең сабаққа мерекелік  атмосфера беріп тұрады.Өлең мәліметті  есте сақтаумен қоса шаршағандықты  басады.

Тағы оқытудың бір тәсілі бейне сабақтар.Балалардың қызығушылығын  арттыратын сабақтардың бірі шет  тілі сабағы.Ағылшын сабағында қолданған сөздер олардың миларында жақсы сақталады.Бірақ кішкентай балаларға шет тілін үйрету кейбір қиындықтар тудырады.1- мен 2-ші сынып оқушыларының шет тілін үйренуінде кейбір олардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ал нақтырақ айтсақ: тез шаршап қалатындығына, зейінділігіне, есте сақтау қабілетіне байланысты.Осыған байланысты баланың физикалық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай жұмысының қысымы мен шаршаңқылықты азайтатын түрі қажет.

Ағылщын тілін меңгерудің бастапқы кезеңі өзіне жаттығу сабағын  қолдану.Оқушының негізгі мақсаты ағылшынша айтылған сөздерді есте сақтау. Ағылшын тілін арқылы нық есте сақталуына тақпақ көмектеседі.Осылайша үйрету кезеңі әуесқой ойынға айналады және сол пәнге балалардың  қызығушылығын арттырады.Тағы қызығушылықты сақтау жолында көмектесетін сабақ түрі стандартты емес сабақ түрі болып табылады.Стандартты емес сабақ өзіне әртүрлі эмоциялық оқыту түрлері кіреді.

Барлық оқушылардың істері тек ағылшын тілін үйренуге бағытталған.Мұғаліммен  шет тілінде шын өмірде  сөйлескен дәптерден оқығаннан көрі тиімдірек әрі қолайлырақ болып табылады.

Ойын кіші сынып оқушыларының шет тілі сабағындағы рөлі. XIX ғасырда ойын балаларды тәрбиелеу жолында маңызды фактор болды.Ол тек балаларды ғана емес, сонымен қатар ересектерде баулыды.Ойын барысында бір оқушы ағылшын тілінде сұрақ қояды, басқа оқушылар ойлана бастайды.Ол ағылшынша сөздерді есте сақтауға көмектеседі.Ойын әрекеті оқыту процессінде мына функцияларды атқарады:

  • оқу функциясының өзінде есте сақтау қабілетін, зейінділігін, мәліметтер қабылдауын және тағы басқа;
  • тәрбие функциясы өзінде зейінділік, адамгершілік, бір-біріне көмектесу сияқты мінездерді дамытады;
  • белгілі әдеп қалыптастыру;
  • белгілі тілдік икемді дамыту;
  • жақсы қарым-қатынаста болуды үйрету;
  • қажетті қабілеттер мен психологиялық құбылыстарды дамыту;
  • тану процесі;
  • тілдік мәліметтерді есте сақтау;

Баланың қызығушылығын және белсенділігін арттыратын бірнеше  ойындар бар:

  • грамматикалық ойындар;
  • лексикалық;
  • фонетикалық;
  • орфографиялық;
  • өнерлік;

7-8 жас аралығындағы балаларға шет тілін білу қызықты болып табылады.Кезеңді дайындаған кезде басты мақсаты-программаға ойын сауық кешенін қосу және қоспау.Бұл кезең жұмысы грамматикалық кіші сынып оқушылыларының шет тілі сабағында әдетті қалыптастырып, жақсы әсерін тигізеді.

      Қорытындылай  келгенде бастауыш мектепте шетел  тілін оқытудың психологиялық  ерекшеліктері мынада:

  • Шет тілін оқытудың негізгі компоненттерінің бірі баланың шет тілін үйрену процесіндегі дамуында қабілеті, ес, ақыл, ойлау болып табылады.Баланың бұл процестегі даму функциясы, олардың шет тілімен қарым-қатынасын және қалыптастыру әдеттерін, тез және әрі оңай игеруіне әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып ұйымдастыру жолына  байланысты.
  • Физиологтар көзқарасы бойынша, шет тілі кітабында кішкентай заттарды қабылдау балаларда ересектерге қарағанда  өте төмен. Сондықтан, бастапқы үйрету  кезеңде  үлкен шрифті кітапты пайдаланған жөн.
  • Шет тілін үйрету барысында оқушыларға жетістік жағдайын ұйымдастыру өте  маңызды болып табылады. Тіпті кішкентай жетістік балаларды рухтандырады және бір пәнге қызғушылығын тудырады.
  • Шет тілін үйренуге ең қолайлы кезең 4-8 жас аралығы, 9 жасқа толмай тұрып балалар сөйлеу маманы, ал 9-дан асқан соң мидың сөйлеу механизімі кеми түседі. Сондықтан 10 жастан кейін балаға әртүрлі кедергілерден өту керек. Бірақ 9 жастың кейбір кемшіліктері бар. Мысалы: есте сақтау қабілеті ересектерге қарағанда жақсы жетілмеген. Егер бала тілмен көбірек жұмыс істесе, ол оның есте сақтау қабілеттілігін кеңейтуге зор ықпал етеді. Баланың тілді игеруі көрінгендей оңай емес, оның артында қиын процесстер тұрады, бұл ғылыммен дәлелденген.
  • 4жаска дейін бала ойсыз болып келеді, 10жастан кейін дұрыс есте сақтай алмайды, үйретуді 5-8 жас аралығында бастау керек.Қашан туған тілін жаксы сөйлесе  сонда ғана басқа тілге карым –катынасы басты дамиды, осы жастағы балалар өз ойын оңай құрастырып  және шет тілін үйренуге еш киындык болмайды.Егерде әдістемелік жүйе дұрыс және жүйелі құрылса  сонда ғана, ерте жастан оқыту  тек қана еркін сөйлеуғана емес, сонымен қатар  үлкен интеллектуалдық, тәрбиелік ұнамды потенциал, және балалардың басқа елдіңмәдиниетімен қоғамдық көзқарасын  калыптастырады.
  • Кіші жастан шет тілін білу, баланың дамуында, сөйлеу мәнерінде, жағымды әсерін тигізеді. Баланың ой-өрісін кеңейтеді.
  • Кіші сынып оқушыларымен мұғалімдерінің сабағы қызықты және түсінкті ету үшін ойын әдісін қолдану керек.  Ойын әдісінде бала қалай ойнау керек, қалай ұту керектігін ойлап, осы  ой арқылы жүзеге асады.

Информация о работе Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері