Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің ғылыми болжамы:Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың үрдісі сапалы түрде өтеді егерде:
1)берілген педагогикалық-психологиялық негіздерге бейімделсе,
2) берілген талаптарға сәйкес болса
а)тілдік материалдарды дұрыс пайдаланыуы
б) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
в)оқыту үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы.
3) балалардың психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу әрекеті барысында бастауыш сынып бастауыш сынып оқушыларының психологиялық тұрғыдан дидактикалық негіздерін анықтау;
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың барысында психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың моделін жасау;
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы қызығушылығын артыру.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының шетел тіліне оқытудың ғылыми-теориялық негіздері.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың теориялық болжамы............................................................................................10
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялықерекшеліктері................19
1.3 Кіші мектеп оқушыларының шетел тіліне оқытудың психологиясы............35
2. Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы.
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттінің мазмұны......................................................................................48
2.2 Бастауыш мектеп оқушыларын шетел тіліне оқытудың әдістемесі...................................................................................................................59
2.3 Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттінің қорытындысы.............................................................................78
Қорытынды......................................................................................................83
Қолданылған әдебиетер…………………………………….............................87
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері.docx

— 232.49 Кб (Скачать документ)

18 жастан бастап үлкендер  жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды  ұзату мезгілі болатын. 

Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кездегі бала өзінің қай кезде үйленуін т.б. соған түгелдей арнады деп пайымдаған жоқпыз, осы тек шамамен айтылып отыр. Осы мағұлматтар баланың өз жасынан хронологиялық жасынан басқа әлеумет жасының кездескеніне дәлел бола алады.

Ғылыми тұрғыдан балалар  психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл ойының өріс алуы тек  білімге тәуелді емес. Себебі білім  мен психикалық даму бір емес екенін біз ілгеріде ескертік. Егер ілгеріде аталып кеткен психикалық дамуына оқыту  әсер етпейді дейтін Ж.Пиаженің пікірін  басшылыққа алсақ, онда психиканың дамуы баланың қай жаста екеніне тәуелді келеді дейміз. Әрине,  бала психикасының қандай болып келуіне оның хронологиялық жасының тікелей қатысы бар. Бала психикасының әр жаста қандай болып келуіне әлеумет ортасының недәуір ықпалы бар. Себебі балаға әсер ететін  бүгінгі әлеумет ортасы бұрынғыдан мүлде өзгеше: қазіргі техника мен өндіріс саласына ие болу үшін жас өспірімдер уақытының көбін оқуға арнауы тиіс. Сондықтан да балалық кез қазір көпке дейін созылады.

«Бастауыш мектеп жасындағы  оқушы» деген термин тым ұзын болғандықтан біз осының орнына «Кіші оқушы» деген  сөзді қолданамыз. Осыған орай біз  кіші оқушының психикалық тұрғыдан өзіндік  сипатына тоқталық. Бұрын балалар  оқымаған кезінде «Бастауыш мектеп жасы», «Кіші жас» деген жас кезеңдері  кездеспейтінін біз ескерткенбіз. Бұл жастың 7-11 жастың өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың әсіресе орта оқу метебінің көп елдерде жаппай оқу үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін зінше бөліп алып қараудың себебі бұларда өтетін оқу материалдары ұүсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттері тудырады. Міне, бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңге бөлудің ебебі осыдан.

Кіші оқушылардың оқуға  едәуір мүмкіншілігі бар.  Себебі олардың  интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін. Ж.Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде  бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп совет психологтары  В.В.Давыдов т.б. қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді. Осылай деу, бәлкім, дұрыста болар.

Егер осы жастағылардың  негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын бейлейтін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала кластағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала бейімделе алмағандықтан, оқу ішінде  мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай, мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үндемей тыныш отыруға үйрене алмағандықтан қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым- қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, кластың мұғалімі қаншалықты жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасыңдағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп, жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке- шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиындықтардан бас тартуға, қиыншылықтарды жеңуе пайдасын тигізеді. Үшіншіден, 1-класта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін енді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте бірте сөнеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады. Немқұрайлықпен қараумен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа шалынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың жеуі де қолайсыз. Сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе, тапсырманының жеңіл болғанынан гөрі қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі, азды көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.

Осы  үш түрлі қиыншылықтардың  кездесетін 1-кластың бас кезінен  бастап еске алу қажет. Ал алдағы 2-3 кластарға келсек, мұндағы оқушылардың  жағдайы бірінші класта қалай  оқығанына байланысты. Әдетте, баланың  бәлендей обьектіге қызығуы мен  оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп бәлендей обьектінің бір  жағы сырттай біреуге ұнайтынын  айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі  де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал, ықылас балада іштей ұмтылып  іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бәлендей нәрсеге құмар болуға апарып соғуы  мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан осы мәселеге 1-кластан  мән беру қажет. Жалпы алғанда 2-3 кластағы балалардың көпшілігі ойдағыдай  оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін  мүдіртпей орындайтын болады.

Кіші оқушылардың анатомо физиологиялық  дамуына көшелік.

Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір  өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып  қалады. Қол бармағының нығайуы, сүйектенуі 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа  толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш  мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға , әсіресе бірдемені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жасына 2,5 кг-дай  қосады. Биіктігі жылына 5см өседі. Бұл  кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс органдары недәуір  қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің  соғуы 84-90-ға дейін барады, ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады. Осының өзі баланы  недәуір қиналдыратын болса да, қан  айналыс системасының жұмысын онан әрі жақсартады. Мұның себебі қан  айналыс түтіктері диаметірінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да, көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмагы 7  жастан 11  жасқа дейін 1000- гр- нан 1400 гр. дейін өседі, әсіресе оның маңдай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл ойдың кеңінен өріс ауына мүмкіндік береді.

Ал, физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы  қозу мен тежеудің өзара мөлшерлері оң және теріс индукцияларының өзара  көлемі, иррадиация мен шоғырлану  заңдылықтары күрделі болып қызмет атқарады. Әсіресе балада теріс индукция негізінде болатын тежелу үстем  алып, осының нәтижесінде кіші оқушы  өзін өзі меңгере алуына, керек  деген жерінде өзін өзі тежелте  алуына мүмкіндігі бар.Бірақ осылай тежеудің өзін шешіп кету керек. Теріс  индукцияның негізінде болатын  тежелу санасыз жүзеге асатын болса, онда нәтиже бермейді, тіпті ойланбай қолайсыз іс жазып қойуы ықтимал.

Сондықтан, теріс индукцияның  тежелуі санаға бағынса ғана нәтиже бермек. Осыған бала бірте бірте  үйреніп өзінің қимыл қозғалысын керек деген жерінде тежелтіріп санасына бағындырып, осының нәтижесінде  мектептегі тәртіп пен үлкендерді кішілер  сыйлау мөлшерін орындауға ұмтылады. Бұл болып келген баладағы анатомо  физиологиялық өзгерістер. Келелі кезде  оқуға, еңбек етуге жағдай туғызуға, тиісті тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік береді.

Кіші оқушылардың оқу әрекетіне келелік.

Оқуды өзінше әрекеттің бір  түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, анықты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті тек  білім алумен шектелмейді. Осыған ептілік  пен дағдылану да керек.

Бастауыш мектепте оқу  жұмысының әр салаларына бейімделу  балада да бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен  қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтар да әр түрлі.

Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың  осыған ықыласы болуы шарт. Оқу  ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға  ықыласы болып жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану  кейін алдағы тапсырманы орындауға  түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей  және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сол нәрсе  қызық болмаса да, жалпы сабақ  үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі рөль атқаруы тиіс.

Кіші оқушылар көпке дейін  тапсырманы қалай орындаудың тәсілін  жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінінің молдығынан емес, оқуға  әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.

Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі  жолмен беріледі: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты  бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның мәтіні беріледі. Осы мәтінге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.

Ал тапсырманың соңғы  түрі өте сирек кездеседі. Баланың  оқу әрекеті деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін және проблемалық  мәселелерді орындай білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, географиялық , математикалық т.б. есептер  шығару жұмысы жатады.

Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселену шешу дегенде, осының мынадай үш сатыдан  тұратынын айтады: біріншіден, берілген тапсырманың шартымен танысуан, екіншіден, соны ойындаудан, үшіншіден, осының қалай орындалғанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Павыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады:1) тап сырмадан яғни оқу ситуациясынан; 2) тапсырманы орындаудан; 3) орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен; 4) баға қоюдан. Мысалы, біздің әуелгі схемадағы тапсырманың шартымен танысу дегенді мұнда оқу ситуациясы деп атайды. Себебі бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация болатыны екендігі жөнінде айтылып отыр.[30]

Ал соңғы саты баға бұл  өзінше баланың тапсырманы қалай  оындағаны дәрежесін оған білдіру. Бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.

Тапсырма  яғни оқу ситуациясы деп отырғаны сол тапсырмаға кіріспей тұрып, соны орындауға арналған ережелердібілу,не сол жөнінде тиісті мәліметтерге ие болу, мысалы, диктовка жазу үшін соған  кіріспей тұрып, бірнеше сабақтарда және сөздердің құрамын, солардың қандай буындардан тұратынын бііп және сөз  бен сөйлемдерді құрудағы ережелерді білу қажет. Егер осыларды білмесе, оқушы  диктовканы дұрыс жаз алмайды. Сол  сияқты тиісті есепті шығару үшін, әуелі  мағлұматтардың өзара байланысын, байланысты қалай табу тәсілдерін бір операциядан  екінші операцияға көшуді т.б. білу қажет. Осыларды білудің қажеті мынадан: баланың  әрекеті ілгеріде айтқандай, үш кезеңнен тұратыны рас болғанымен, бәлендей мәселені шешу сол кездегі әрекеттенудің  жемісі емес. Мұны орындау үшін оқушы  алдын ала дайындық жұмысынан  өтуі тиіс. Егер бала тиісті дайындық кезеңдерінен өтпей, оның бір немесе бірнеше тізбегін орындауға үйренбей тастап кетсе, тапсырманы орындай алуы мүмкін емес. Бұл жерде  оқу ситуациясы деп отырғаны бәлендей жұмбақ мәселелерді шешу үшін осыған орай жағдайды еске алу керек деген  мағынаны білдіреді. Себебі тиісті тапсырманы орындату үшін, соған қатысты мағлұматтармен жақсы танысып, соларды тиісті ситуацияға қолдана білу қажет.

      Ал оқу  әрекетінің ендігі бөлшегіне  келсек, осының өзі тиісті мағлұматтарды  пайдалана отырып, сол тапсырманы  орындаудан тұрады. Осыны оқу  әрекеті дейді. Тапсырманы қалай  орындауда және пәндер сабағына  тәуелділігі түрліше келеді. Айталық,  кіші оқушылар сөздің құрамы  және осындағы морфемалардың  рөлін білу үшін мынадай бірнеше  әрекет жасауы қажет.

  1. Берілген сөздің төркінін біліп, осыны тап сондай, не ұқсас варианттармен салыстыру қажет;
  2. Әуелгі сөздің мағынасын одан шыққан сөздің мағынасымен салыстыру керек;
  3. Әуелгі сөздің формасын одан пайда болған сөзбен теңдестіру қажет;
  4. Тапсырма ретінде берілген сөздегі морфемалардың қандай қызметатқаратынын тексере білу керек. Осылардың бәрі жеке оқу әрекеті болып саналады. Осы ережелер, яғни нұсқаулар қазірге  дейін болып келген алгоритмаларға сүйеніп баланы оқыту қажет дейтін кейбір психологтардың талабына ұқсас сияқты. Бірақ бұл бөлек операцияларды еске алуы керек. Тек сонда ғана тапсырманы бала дұрыс орындайтын болады.

Осы сияқты жеке әрекеттер  орындалған соң, олардың қалай орындалғанын баланың өзі тексере білуі  шарт. Егер орындағаны дұрыс болып  келсе, бала келесі тапсырманы орындауға  көшеді. Қате болса, соны қайтадан орындауға  көшеді.

Бұл келтірілген оқу әрекетінің құрамына қарағанда тапсырманы баланың  өзі орындайды және қалай орындағанын  өзі тексереді. Мұғалім тек баға қояды. Оқу әрекетінің осы құрамы бастауыш мектеп балаларының жұмысында  кездеседі. Бірақ тапсырманы орындауға  кіріспей тұрып, әдейі осыған орай ситуация жұмысын жасауға дайындық болмағандықтан, балалардың тапсырманы орындауға арналған мәліметтерінде үзінді кесінділер кездесіп тұратынның бұл жаңа талапты жүзеге асыру үшін осыған біраз дайындықтың  болуы қажет.

     Ал осындай  үлгі арқылы тиісті пәннің  мазмұны «пішіп» оқытуға баланы  қалайша баулу қажет? Оқытудың  бұл түрін қазіргі дәстүр болып  келген тәсілдерге сүйене отырып  қалыптастыру қиын. Дегенмен осы  жаңа талапқа байланысты өнерлерге  баланы талпындыру қажет. Бұл  үшін балаға тапсырма берерде  сол тапсырмаға орай не біледі, нені есіне түсіруі қажет екенін  түсіру керек. Егер тиісті мәліметтерді  және не істеуді бала түгел  білсе, тапсырманы орындауда қиналмайтын  болады.

      Ал оқу  әрекетінің тексеру кезеңіне  келсек, осыған мән берудің үлкен  маңызы бар. Күнделікте кейбір  балалардың нашар оқуының себебі  тапсырманы орындап біттім деген  соң, соның нәтижеін тексермей,  сабаққа бірден келуінен мұндай  сәтсіздік оқушының кішкентай  жасынан бастап осыған мән  бермеуінен кездеседі. Ал мұнымен  күресу бала бала тапсырманы  орындаған соң, соның қаншалықты  дұрыс екенін оны тексере білуге  үйретсе, балалардың бәрі ойлайтын  болар еді. Себебі бала тапсырманы  қате орындағанын үйінде отырып  білсе, уақытын бос өткізбей, сол  қатені жоюға болар еді.

Кіші оқушылардың ойынына көшелік.Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның қазіргі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай озгерілгендіктен оның осыған бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады.  Осыған орай кіші оқушының ойыны бұрынғысынан өзгеріліп  көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. Әрине, осы жастағының бұрынғыдай бәлендей маманның рөлін ойнайды. Бірақ осы ойынның бұрынғысынан өзгешілігі мынадай,сол рольдердің азаматтық қасиетінің сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне , батырлығына  т.б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен бәленше боламын» демей, бейнелердің мінез құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады. 2-3 кластағылардың ойыны бірдей емес, 1-кластарда бала «мен ұшқыш болам», «маған сондай роль ұнайды» деп айтып, бірақ соны орындауға әрекет жасап жарамайтын болса, бірақ соны орындауға әрекет жасап жарамайтын болса, 3 кластағылар  роль ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді,өзі соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын,епті, айлақор болуы үшін әрекет жасайды, осы өзін өзі тәрбиелеудің бастапқы кезі бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін өзі тәрбиелеудің құрамына айналып отыр.

Информация о работе Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері