Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

Білімнің  негізі  бастауышта деп  тегін  айтылмаған.  Бастауыш  сынып 
оқушыларының    зейін    тұрақтылығы    әр    түрлі.  Бірінші    сыныпта-балаларды жете қимылдату мақсатымен қуыр-қуыр қуырмашты ойнату пайдалы. Оның шарты бірінші бала бас бармақтан бастап шынашаққа дейін бір рет саусақтарының атын түгел айтып береді, Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырады. Есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі.

 Қазақ тілі сабағында  буын тақырыбына  "Өз атынды буынға бөле  білесің бе?" ойынын  ойнатуға болады. Мысалы: мұғалім "ал" деп бірінші буынды атайды, балалар әртүрлі «ал» буыннан басталатын бірнеше сөздерді айтады. Сауат ашу кезеңінен бастап әр өтілетін тақырыпқа сәйкес ауыз әдебиетінің бай мұраларын пайдалануға болады. Оқушыларға жүйелі білім беруде олардың жас ерекшеліктері, қабылдау қабілеттері ескеріліп жеңілден ауырға қарай талап деңгейін күрделене береді. Сабақта тақырыпқа сай қолданатын ойын элеэденттері мұғалімдер тарапынан әдістемелік шеберлікті талап етеді. Ойынға ұжымдық түрде қатысқан балалар дұрыс сөйлеуге, өз  ойын жүйелі баяндай білуге дағдыланады, дүние тануы кеңейеді.

Бастауыш сыныпта зат есім тақырыбын өткенде «жәрмеңке», «кім нені қалайды» ойындарын жүргізуге болады. Арнайы қағазға жапсырылған ұлттық жихаздар мен зергерлік бұйымдардың суреттері аукцион тәсілімен үлестіріледі. Суретте қандай заттар бейнеленгенін білумен қатар оқушылар заттық ұғымды білдіретін сөздерді тауып, арнайы сұраққа жауап беруге талаптанады.

Халқымыздың «ұшты-ұшты», «саусақ санау», «санамақ» тәрізді! ойындарын бастауыш сыныпта сергіту сәтінде пайдаланудың тәрбиелік мәні үлкен.

Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу мұғалімнің басты мақсаты болмақ. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолы-сабақ барысында ойын түрлерін пайдалану. Әсіресе қазақ тілі сабағында көптеген ойын түрлерін пайдалануға болады. Сабақты ойын түрінде түрлендіре өткізу оқушылардың қызығушылығын оятып қана, қоймайды, сондай-ақ мұндай әдіс олардың талабын ұштап, қиялын дамытып, ой - өрістерін кеңейтуге; іздену қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізеді. Әсіресе, сабақ барысында өзіміздің қазақ халқының үлттық ойын түрлсрін өтілетін тақырыпқа лайықтап пайдалану, ғасырлар бойы тасада қалып келген тамаша дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынас өнеріндегі салт-дәстүрді саналы түрде сезініп өседі. Сабақта ұлттық ойын түрлері сәтті жол тапса, оқушылардың белсенділігін дамытып, пәнге деген құштарлығын оята түседі.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, ұйқасын тап ойындарының әсері мол. Оқушылардын білуге, тануға деген мүмкіншіліктері мен ынтасын толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамыту сабақ үсгінде алған білімдерін практикада   қолдану   дағдыларын   қалыптастыру   үшін   сабақтарда   ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше.

Ойын элементтерін бірінші сыныпта «буын» тақырыбын өткенде пайдаланған орынды. Бұл тақырыпты өткенге дейін оқушы «Әліппені тәмамдап», «Қазақ тілі» пәнінің едәуір бөлігін меңгереді. Дауысты, дауыссы дыбыстарды, олардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін біледі сондай-ақ дауысты дыбыс бар сөздерге көңіл бөліп, олардың сөздегі орны мен маңызын ұғып алады. Ауыз екі және жазба жаттығу жұмыстары, суреттер арқылы әңгіме жүргізіледі. Сөздің бір буынды болып екі, үш т.с.с. көп буынды болып келетініне көз жеткізу үшін түрлі жарыс ойындарын, жаттығулар өткізуге болады. Мұғалім алдына қойған мақсатына жету үшін сабақтан-сабаққа ойын түрлерін күрделендіріп отырады. Осы ретте «ойлап тап» ойынын жүргізу тиімді.

Мұғалім: -«Ал»-деп бірінші буынын айтады. Балалар әр түрлі «ал» буыннан басталатын бірнеше сездерді айтады: ала, алақай, алтын, алақан, алмас, алма.

Сабақтың ережесін нашарлау түсінген оқушылардың бірін балалардың алдына алғызып, жаңағыдай бір сөзді ойлатады. Бала ширығып, ашына түседі. Балалар сергіп, сабаққа ынталана түседі, ойлары дамиды.

Сыныпта балаларды үш топқа бөліп, оларға буындары бірдей 
сөздерден тұратын торкөз кестені толтыруға тапсырады. Алдымен кесте 
сызылып, оның әрбір жолын толтыруға әр топтан кезектесіп, бір-бір 
оқушыдан  шығарылады:

 Ас                         Бал                                                  Қа-ра

 Ас-та-на               Ба-ла                                               Қа-ра-ма

 Ас-та –на-лар     Ба-ла-пан                                       Қар-лы-ғаш-тар

 Өз кестесін қай топ бұрын толтырып шықса, сол топ    жеңген болып

есептеледі. Бұл балалардын білуге құштарлығын, шығармашылық,

жаңашылдық қабілетін шыңдай түседі. Бұдан кейін кестедегі көз санына

қарай бұрып, саны бар сөздер тауып, жаз деген эстафета ойынын өткізуге болады. Әр топтағы балалар өзара жарысқа түседі. Қай кесте бұрын толтырылса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл ойын жүргізіліп болган соң, оқушылардан бір буынды сөзде қанша дауысты дыбыстың бар екенін санай отырып, әр кезде және қатарда неше дауысты дыбыс бар екенін айтқызу керек. Бұдан шығатын қорытынды:

а) ойын үстінде оқушылардың ойлау қабілеті артады

ә) ізденушілігі өсіп дамиды

б)  тақырыпты жақсы меңгеруге көмегін тигізеді

в)  оқушылар өздері ойланып тапқан сөздерін есте сақтайды

г)  кез-келген уақытта буын түріне мысал келтіре алады

д) ана-тілінің байлығын меңгсруге деген санасын оятады

е)  мысал    арқылы    қорытынды   жасай    отырып    өз    бетімен    ереже 
шыгара алады.

«Заттың санын білдіретін сөздер» тақырыбын өткенде ойын сабағын, өткізу қолайлы. Бұл  оқушыларды үш ауылға бөліп, «бәйге» ойынын ойнатуға болады. Тақта үшке бөлінеді де, оған сұрақтар жазылады. Оқушылар осы сұрақтың астына заттың санын білдіретін сөздерді тауып, жазулары керек. Қандай бала? Қандай ат?  Қандай үй?

Кішкене  бала.                   Жүйрік ат.          Аласа үй,

Ақылды  бала.                   Сұлу ат.                Биік үй,

Әдерті бала.                       Шабан ат.       Жаңа үй т.б.

Қай ауыл бұрын, әрі көп сөз жазып шықса, солар жеңіп шығады.

«Мына сипат қандай малға тән»? деген ойынды ойнату да тиімді. Төбеген ...,' сүзеген..., үлкен. ..., жібек жүнді..., тістеуін..., сүтті..., Бұл ойын балаларға үй    жануарларын, олардың түрлерін оларға тән  мінез-құлықты білдіреді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, есту, қабылдау сезімдерінің   жетілуіне, келешекте бір нәрсеге мән бере қарауға, абайлау, бағдарлау   т.б   дағдыларының ұштала түсуіне себепкер болады.

«Заттың санын білдіретін сездер» тақырыбын өткенде оқушыларға «Сен 
білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Балаларға бір әңгіме оқып, олардың 
ондағы заттың санын білдіретін сөздерді атауларын сұрайды. Балалар топқа 
бөлініп, мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып тындаулары шарт. Қайта 
оқылған әңгімедегі сан есімді көбірек ойға сақтап, тақтаға дұрыс жазып 
шықса сол топтың балалары жеңіп шыққан болып саналады. Бұл ойыннан 
оқушылардың алары көп. Халқымыздың еңбектегі ерлік істерімен 
танысады.     

Екіншіден    жаңалықтарды    біледі,    соған еліктеп, өз беттерімен ізденеді, білуге құштарлықтары артады.

Үшіншіден сауатты жазуға жаттығады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын элементтерін қолданып, сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттыра түседі. Оқушылар сабақты меңгеретін болады.

Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындардың негізінде түрлі жарыстар өткізудің танымдық, тәрбиелік маңызы зор. Мысалы, мұғалім алдын-ала жасап әкелген таратпа материалдар арқылы сөздегі жоқ дыбысты немесе сейлем ішіндегі түсіп қалған сөздерді тауып, орнына қоюға арналған «Не жоқ» ойынын өткізуге болады.

Мысалы: ... сиыр сауады. Мұндай сөздер, сөйлемдер, орыны бос тұрған, дыбысы түсіп қалған сөздср көптеп алынады, олардың орындары бірнеше рет қайталанып, өзгертіліп қойылады. Ойын соңында қорытынды шығарылады. "Қайда менің өз орным?" ойынында оқушыларға бірнсшс сөздср беріліп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай, әр қайсысын өз орнына қою тапсырылады. Мысалы, Саулығы ақ Ақанның Шиырып тұмсығын көкке Той қуанып оған қыпты Туыпты қозы егіз.

«Әріптерді жоғалтпа» ойынында оқушылар әр әріпті жаңылмай орнына қойып, жаңылтпаш сияқты айтып беруі керек. Бұл ойында балалар сабақтан шаршағанда, тақырыпты пысықтау кезінде, сондай-ақ олардың кейбірі дыбыстарды дұрыс атап, жаза алмаған кезінде пайдалануға болады.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш келеді. Сондықтан да мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп, оның түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың білуге деген ынтасы артып, ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі. Ойын араласқан сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге  белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі 
ұмытып,    сыныптағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. Осы тәжірибенің негізінде ойын элементтерін сабақ үстінде кең қолданып жүрдім.

Ойын арқылы оқушылардың  салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпқа  деген  сүйіспеншілігін арттырады. Мысалы, «Қан талапай» ойыны  асықпен ойналатын  ойын. Асық нөмірленген. Нөмірге байланысты үлестірме алынады. Асық жерге шашылады.Балалар талапайлап асық алып,нөмірдері бойынша сөйлем құрап, сұрақ қойады. «Бәйге»  «Теңге алу» «Айға ұшу» «Кім болам?». Міне осы ойындардан әрекет пайда болады, әрі пәнге қызығушылығы артады. Сөздік қоры дамуы, білімі, сауаттылығы күшейеді.

Сабақты бірыңғай әдіспен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап ұғып алады[26].

Балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындардың берері мол. Мысалы: қазақтың ұлттық ойындары «Теңге алу», «Бәйге», «Көңілді керуен» ойындарын ойнатуға болады. Көрнекі құралдарға ұлттық бұйымдар мен ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдаланып, мысалы: «Киіз басу, құрақ құрау» ойындарын ұйымдастыру. Балалар ұлттық ою-өрнектердің бейнелеу нақыштарының сырын ұғынып, ойындар арқылы ою тармақтарының нені бейнелейтіні жайлы түсінік алады. Осы сияқты қазақ тілі  пәнінде ұлттық ойынды пайдалану жиілігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тианақтау және тексеру кезінде, яғни, сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын мен оқуды бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу кезінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс - әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда ұлттық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.

Бастауыш мектепте фонетиканы ойын арқылы оқыту

Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан, әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек - дейді К.Д.Ушинский [27].

Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы да, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің  басты мақсаты  болып табылады.   Сол   үшін   де   мектептерде,   соның   ішінде   білім   негізі қаланатын бастауыш сыныптарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашан да назардан шыққан емес. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары    болатын,    ғылым    негіздерінің    берік    игерілуін,    тәрбие жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүргізілуде.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін окытуда окушылардың шалағай меңгеруін жою, оқу үрдісін сапалы ұйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз.

К.Д.Ушинский: «...өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі, оята білуі мұғалімнің көрсеткіші», - деді.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше.

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады[28].

Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен мәні бар. Сондықтан ұстаздар мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сай ұйымдастырып отырулары қажет.

Ойын түрлерін 1-2 сыныптарда әр мұғалім күнделікті жұмысында  "деректіден - дерексізге, жеңілден-ауырға, жақынна - алысқа дегенді негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Ойын оқушылардың фонетиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, ізденімпаздық кабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседі. Мұнымен қатар сабақ үстінде ұлттық  ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызуғушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі