Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

Бастауыш сыныптарды ойын және оның рөлі біртіндеп екінші кезекке қарай жылжытады да, білім жетекшісі қызмет атқара бастайды. Алайда, бұдан ойын балаларды жетілдіруге әсер етпейді деген ой тумауға тиіс.

Ойын - бастауыш сынып оқушыларын оқу процесінде жұмылдырып, оларды байқампаздыққа, зеректікке, есте сақтай білу мен ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды.

Оларды бұрын алынған білімді тексеруге және бекітуге, сондай-ақ оны кеңейтіп, тереңдете түсуге қолдануға болады.

Егеменді елдің келешегі - жастарға жан-жақты білім берудің бір мүмкіншілігі, сабақты талапқа сай тартымды және нанымды өткізу үшін, басқа да дидактикалық оқу құралдарымен қатар, мұғалім сабақ барысында түрлі ойындарды пайдаланудың әдістемелік негіздерін меңгеруі тиіс. Бұл мұғалімге сабақтың қызығушылығын арттыруға оқушылардың ерікті білімге деген көңіл-күйін оятып, сабақтың сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. Сонымен бірге оқушылардың бұрынғыға қарағанда өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жақсартып, сабақ барысында жаңа білімді шығармашылық белсенділікпен игеруге жұмсалады.

Бастауыш сыныпта оқу-тәрбие үрдісінде ойынның маңызы зор. Ойын баланың мінез-құлқына, физикалық    және    эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.

К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын - балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала ойын элеміндс өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады».

Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Бір ойын ойлау және қабылдай білуін жетілдірсе, ал екінші бір ойын ойлау қабілетін, ал үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді [33].

Ойындар сюжетті-рөльдік, қимыл-қозғалысты, ойын-жаттығулар және дидактикалық ойындар болып бөлінеді.

Оқушылар ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Кәдімгі мектеп жағдайында оқушының белсенділігі сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздерінің ойларын жеткізе білу кезінде көрінеді. Тәжірибеден байқағанымыз дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды. Дидактикалық ойындарға лото, домино, "Қуыршақты киіндір"т.б.   Арнайы   таңдалып алынған   ойындар

("Не жоқ", Тап", "Жоғары-төмен", "Сиқырлы сандық", "ғажайып  қоржын" т.б.) Ойын түрлері оқушының  сабақта тапсырманы орындау кезінде  қызығушылығын туғызып, белсенділігін  арттырады.

Ойын-жаттығулар жүргізілсе де, сабақта көп уақыт алмайды. Бұл ойындар белгілі бір іс-әрекеттерден тұрмайды. Олар оқушының белгілі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған. Мұндай ойындарға викториналар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, чайнвордтар, "Кім не істеді?", "Не қалай дыбыстайды?", "Қай дыбыстан басталады?" Осындай ойындарды түрлендіріп отырудың  пайдасы  зор.

Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төсілген бала дұрыс оқу мен жазуға да тез бейімделеді.

Қимыл-қозғалыс ойын белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше оқушының өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы: «Кім керек», «Мысық пен тышқан», «Сыңарыңды тап», "Көңілді поезд" «Ақ терек, көк терек» т.б.

Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы: "Дүкенде", "Дәрігерде", "Кітапханада", "Қонақта" және т.б. ойындарда ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өзі рөлін және ойын, логикасын жасайды. Сонымен бірге бұл ойындар балаларды кішіпейілділікке, бауырмашылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді.

Дұрыс айта алмайтын дыбыстармен арнайы жұмыс - "тіл түзету жұмысы" (жеке жұмыс) жүргізіледі, оның жұмыс реті дайындық жаттығуларынан тұрады (дауыс көшін дамыту, демді дұрыс алуға үйрету), арнайы тәсілмен дыбысты қою, қойылған дыбысты буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру.

Бастауыш сыныпта оқушыларды сөйлеуге үйретуге арнайы оқу құрал ретінде ойыншықтар да қолданылады. Бір жағынан ойыншықтар балалардың өз бетінше сөйлеуін қалыптастырады. Ойыншықтар белгілі тапсырмаға лайық таңдалып алынуы тиіс. Ойыншықтар қатарына: ойыншық жиһаз, ойыншық ыдыс, ойыншық аңдар мен көлік түрлері кіреді. Ойыншықтардың тағы да бір пайдасы: дауыс күшін дамытуға, дем алуға үйрету әсерін тигізеді. Мұндай ойыншықтарға пластмасс ойыншықтар жатады: суы бар ыдыстың ішіне бала үрлеп ойнайды. Осы сияқты үстел бетінде қозғалатын қағаз клоундар, шаңғышы. Осындай ойыншықтар ауаны  ұзақ  сыртқа  шығаруға үйретеді[34].

Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды және тағы басқа да дидактикалық материалдарды сабақ барысында пайдалану мәселесін тек мұғалімнің өзі шешеді. Оны сабақтың қай кезеңінде, қандай мөлшерде, қандай формада пайдалануды да мұғалімнің өздері анықтайды. Олай болатыны, ұлт ойындарын сабақтың барысында іске қосу және онымен оқушылардың басқа да іс-әрекетін ұйымдастыра жүргізу әруақытта танымдық және тәрбиелік қызметтерді қоса атқаруға мүмкіндік туғызады.

Сондықтан біздің пікірімізше, сабақтың барысында оқу материалдарына дидактикалық ойын элементтерін енгізу түрлері төмендегіше іске асады:

а) Күнделікті сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын туғызбаған жағдайда;

ә) Басқа дидактикалық материалдардан ұзақ уақыт ешқандай нәтиже болмаған кезде және оқушылар біржақта әдіс-тәсілдёрмен қажып, шалдыққан кезе;

б) Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, көңілін тек оқып отырған материалдарға аудару үшін;

в) Оқу құрал-материалын күнбе - күнгі өмірімен ұштастыру қажеттілігі туғанда, сонымен бірге басқа әдіс - тәсілдермен еш нәтиже шықпаған кезде немесе олар тиімсіз болған кезде, тағы да басқа жағдайда.

Сабақ барысында ретті қолданылған ойын кімді болсын жайбарақат қалдыра алмайды.

Ерікін бәйге, білім қажеттілігін талап ететін ойындар түрлері өзгелерден қалып қойғысы келмеу, намыс «қиын балаларды» оқу талаптарына бағынуға мәжбүр етеді. Ойындарды қазақ тілі сабағында пайдаланудың мүнан басқа да сан алуан түрлері бар екені анық.

Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идеялогиялық ерекшелік болатыны айқын.

Сол сияқты бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Мәселен, білім заңында жеке адамның руқани және күш - қуат мүмкіншіліктерін ашу, адамгешілік пен салауатты өмір салтының берік негізін қалыптастыру, жеке адамның шығармашылық және эстетикалық қабілетін дамыту, қазақ халқының мәдинеті мен дәстүр - салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау, яғни рухани бай, азаматтың ары таза, ой еңбегіне бай еңбегі сай, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтарды тәрбиелеуді талап етуде[35].

Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін - бірі толықтырып, байыта түседі. өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек шығармашылыққа ептілікке ғана тәрбиелеп қоймай, оқушылардың ақыл ойынның тоғысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Қазақ тілі  сабағында ойынның қалыптасқан түрлеріне байланысты ол қимылды тынығумен кездестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа, тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайлардың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруда көмектеседі.

Міне, ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл ой-жетекшісі.

Қазақ тілі  пәнін оқытуда және сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары туралы түсінік беруге әбден болады.

Халықымыздың асыл қазынасы сабақтың кейбір түстарында тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлттын сүюге, оның салт-дәстүрлері мен мәдинетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз.

Егер дидактикалық ойын сабақтың ортасында қолданса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып ерік-жігерін дамыту.

Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту мен сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында қолданып келеді.

Халықтық педагогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез-құлқының қырағылығын қалыптастыру болып табылады.

Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ал, ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой пікірін дәлелдеуге үйренеді.

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сыйласуды қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

          Бұл қазақ тілін дидактикалық  ойындар арқылы меңгертудің басты  педагогикалық талаптары ғана. Ал  оны жүзеге асыру үшін мұғалім  әдістемелік жағынан шебер қазақ  тілінің тілдік құрылысын жете  меңгерген, әдеби тілде өз ойын  анық, түсінікті жеткізе алатын  болмағы ләзім[36].

          Тәуелсіз еліміздің білім беру  жүйесінде болып жатқан оң  өзгерістер қоғамның жас ұрпақ  тәрбиесі үшін жауапкершілігі  терең сезіліп отырған бүгінгі  таңда оқу тәрбие процесінің  тиімділігін арттыру бағытында  барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды  пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие  процесінде барлық ресурстар  толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданатын құралдарының бірі - ойын.

          Бастауыш сынып оқушыларының  мектепке келгенге дейінгі негізгі  әрекеті ойын десек, оқу - тәрбие процесінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын  дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

         Дидактикалық ойындар арнайы  мақсатты көздейді және нақты  міндеттерді шешеді.

          Ойынның мақсаты бағдарламада  анықталған білім, білік, дағдылар  жайында түсінік беру, оларды  қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау  немесе тексеру сипатында болып  келеді. Ойынның міндеті баланың  қызығушылығын оятып, белсенділігін  арттыру мақсатында іріктеліп  алынған нақты мазмұнмен анықталады.

          Әдістемелік әдебиеттерде берілген  және бастауыш сынып мұғалімдерінің  тәжірибиесінде пайдаланылып жүрген  дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы бірдей  бүгінгі талаптарынан туындап  отырған білім мазмұнының өзгерістеріне  сондай-ақ оқушылардың жас және  психологиялық ерекшеліктеріне  сәйкес келе бермейді. Сондықтан  ғылыми тұрғыдан негізделген  дидактикалық ойындар түрлерін  сұрыптап, ой елегінен өткізе  отырып, ойындар жүйесін және  оларды пайдалану әдістемесін  ұсыну қажет.

Ойын ойнатудың әдістемелік мәні. Ойын жағымды эмоция сыйлаушы құрал. Ойын ойнату аяқ астынан болғандықтан, ойламаған жерден ойынға кірісу қызығушылықты тударады. Ойын ойнау барысында оқушы ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді де, белсенділік пайда болады, білімгер лидерлік танытады. Тілді үйренгісі келмейтін адамның өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді. Ойын қатысымдықты қалыптастыратын әдіс болғандықтан, оны оқытудың ешбір әдіс-тәсілімен салыстыруға келмейді. Шет тілі сабағын ойын арқылы оқыту барысында білімгердің пәнге деген көзқарасы өзгеріп, өзге және өзінің досын басқаша көруге мүмкіндік туады. Ойынды қолдану оқу үрдісінің басқа аспектілеріне де жақсы әсер етеді.

Рөлдік ойынның мәні: а) тіл үйренушінің сол тіл арқылы қатынас жасауына деген қызығушылықтарын арттырады;

ә) қажетті сөздерді неғүрлым көп меңгерсем, дүрыс жауап берсем деген ойды туғызады;

б) ойын барысында тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады;

в) тіл үйренушінің шет тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады.

Рөлдік ойындар студенттердің болашақ мамандығының ерекшелігімен толығырақ танысуға да септігін тигізеді. Зерттеушілердің пікірінше, «рөлдік ойын, оның табысы көп жағдайда оқытушыға байланысты. Ол мүғалімнің ұйымдастыру және өткізу қабілеттеріне қатысты».

Рөлдік ойынның барысы. Рөлдік ойындар дәстүр бойынша микроэтюдтар мен макроэтюдтарға бөлінеді. Микроэтюд бойынша ойыншылар төрт адамнан аспауы керек. Ал макроэтюдта ойынға бес адамнан бүкіл топқа дейін қатысуы мүмкін. Рөлдік ойындар бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге негізделеді. Мәселен, білімгерлердің бір-бірімен қарым-қатынасын дұрыстау, әлеуметтік теңсіздікті жою т.б. [40].

Рөлдік ойындарда міндетті түрде білімгерлердің өзара әлеуметтік рөлдік қатынастары қальштасады. Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері хақ. Ол болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін, мамандыққа қатысты терминдерді қолдана білу деңгейлерін дамытады.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі