Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

Осы негізде карточкалық ойындар кассасын назарларыңызғы үсынып отырмын.

«Синтаксистік касса» ойыны. Карточкаға бастауыш болып түрған сөзге байланысты (адам, қүс, ат, т.б.) сурет салуға болады.. бастауышқа қойылатын сүрақтар үшін карточка жасалады. (Кім? Не? Кімдер? Нелер?) Суреттегі бейнелер бойынша олардың бастауыштары табады да сүрақтары оның үстіне қойылады. Дүрыс тапқан бала үтады.

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Мақсаты: Берілген суреттердің мазмүнына жүйелі ойды білдіретін сөйлемдер, шағын шығарма, әнгіме қүрап жазуға жаттықтыру. Эпидоскоп арқылы көрсете отырып, қосымша сүрақтар қойылады. 1-2 класта ауызша, 3-4 класта жазбаша жүргізуге 

болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.

Ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.

Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.

Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру - оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу, (бірден сабақта қолайлы) біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден мұғалімнің шеберлігін, үшіншіден оқушылардың психологиялық көңіл-күйінің болуын талап етеді.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

Дидактикалык максаттағы ойындар  - оқушылардын жан-жақты дамуына, логикалық ойлауынын қалыптасуына кызмет етедi. Олар сөздiк ойындар, столда ойналатын ойындар, тiл сабақтарында балалардын  зейiнiн, ойлауын, байланыстыра сөйлеуiн дамытады, оқушылардын ана тiлiне деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдiстемелiк жұмыстардын нәтижесiнде ғана жүзеге асады. Сонын iшiнде сабақтын қызықты өтуiн қамтамасыз ететiн бiр әдiс - дидактикалык ойындар болып табылады. Оны балаларды оқыту әдiстерiнiн бiрi, оларды жан-жақты тәрбиелейтiн кұралдардын бiрi деп айтуга болады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы оқушыларды іс-әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.

Сондықтан дидактикалық ойында іс-әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс-әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

Қорыта келе, оқушылардың ой белсенділігін, сапасын ойлана білуін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру - мұғалімнің негізгі міндеті, басты алдына қойған мақсаты деп білемін. Сондықтан оқытудың ең негізгі мақсаты - оның сапалы болуында. Яғни, сабақтың түрлі әдістерін, формаларын пайдаланып, сабақта түрлі ойын элементтерін қолдану арқылы біз жоғарыда аталған мақсат-міндеттерге жете аламыз.

Дидактикалық ойын - сабақтың бір өрнегі. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойындар оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы бастауыш сынып оқушыларының білімге деген құштарлығын, тақырыпты меңгеруге деген ынта-ықыласын қалыптастыруды көздеуі тиіс. Дидактикалық ойын элементтерінің материалдары мен оған қажетті көрнекіліктер сабақтың тақырыбына және мазмұнына неғұрлым мазмұндас, сәйкес алынса, ол оқушылардың танымдық, шығармашылық, тәрбиелік белсенділігін арттырып, ұжымдық жұмыс істеуге ықпал жасайды.

Сонымен қатар, дидактикалық ойын балалар сабақта зерігіп, шаршаған кезде сергіту сәтіретінде де қолданылады, және ол әр қолданылған сайын жаңа мазмұн мен сипатқа ие болуы тиіс. Сондықтан ойынның пәндік мазмұны басты назарда болады. Сонда ғана ол оқушының шығармашылық белсенділігін дамытып, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарға жетелейді.

Сондықтан "көп ойласаң дана боласың, көп ойнасаң бала боласың"- деп халық даналығы айтқандай, кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудағы ойынның маңызына ерекше мән бергеніміз жөн. Әрбір ұстаз қолданатын ойынның түрлерін, соған қатысты көрнекіліктерін оқушыларының білім дәрежесіне байланысты пайдалануы керек. Тек оқулықтағы жаттығуды ғана орындатпай, әр ұстаз ізденіс үстінде болса, өтілген тақырыпқа сай жан-жақты білім берсе, сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, соның ішінде, халықтық ойындарымызды пайдаланып жүргізсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, дүниетанымы кеңейіп, білімі, сауаттылығы артып, сапалы да, саналы шәкірттер көбейе түседі деп ойлаймын.

Осылайша бастауыш сынып оқушыларына сабақ өту барысында ойындарды қолданудың маңызын атап көрсете аламыз:

1. Диплом жұмысын орындау  барысында дидактикалық ойындардың  классификациясы жасалынды. Олардың 5 типологиясы берілді.

2. Дидактикалық ойындарды  оқушылардың оқу белсенділіктерін  дамытуда қолданғанда ұйымдастырудың  сабақ және жалпылама формаларының  тиімді екендігін көрсетті.

3. Дидактикалық ойындарды  оқыту үрдісінде қолданғанда  оқушыларға ойындардың мазмұнын, мақсаты мен міндетін, орындалу  шартын, нәтижесін толық түсіндіргенде  ғана оқушылардың оқу белсенділігін  дамытуға толық түрде әсер  ететіндігі анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы заңнама» Алматы. 2008 - 21б.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы. Білім. 1997
  3. Қазақстан Республикасының 2О15 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. - Алматы, 2004. № 2.- 8 б.
  4. Қайбулдаева Г., Жаздықбаева.М., Әлімбекова С. Ойын технологиясы. Түркістан 2ОО7ж. 25 – 34б.
  5. Қоянбаев Р.М., Ыбрайымжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Түркістан 2ОО5.235- 238б
  6. Жарықбаев Қ, Психология негіздері. Алматы мектеп 1982. 68-69б
  7. Бап – баба Сәбет. Психология негіздері. Алматы 2007. 45-47б.
  8. Пошаев Д.Қ Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент 2009
  9. Пошаев Д.Қ  Мамандыққа кіріспе. Шымкент 2004ж.

10  Алтынсарин Ы.  Таңдамалы педагогикалық мұралары – Алматы: Рауан, 1991 ж.

11 Әмір Ш., Құрманов М. Педагогикалық  инновацияның  іске асырудың 

      жолдары //Қазақстан  мектебі, №5, 2001 ж,

12 Беркімбаева Ш. Ұлттық  мектептің ұлы мұратын ұмытпайық//   Егем. Қазақст.,  11.12.2001

13 Жұмабаев М. Педагогика.Ана  тілі.1992.94-95б.

14 Жайлауова М «Дидактикалық  ойындар және оларды пайдалану» // Б.М. 2004 - №6. 24-28б

15 Төтенаев Б.  "Халық ойындарының тәрбиелік маңызы" Бастауыш   

         мектеп.  //   №3 2006ж.

16 Жаздықбаев О.П., Тажиева  Ж.А Жаңа адамды тек жаңашыл  ұстаз 

      тәрбиелейді. Шымкент 2001 35-49б

17  Сабыров Т. «Дидактика»  Алматы., 1993жыл 96 бет

18 Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары.

19 Құралбекұлы А. «Мектеп  балаларының ойындары» Қазақстан  мектеп 

     №1-2. 2002 68б

2О  Қасболатова Б. «Ойын – сабақ өрнегі»// Б.М 1989 №8 21-22б

21 Қосанов.Б.М., Өміртаева  Р.Қ. «Математикадан дидактикалық  ойындар және 

     қызықты тапсырмалар» 1- сынып: Алматы. Атамұра. 1997

22  Қасенғазина Б. «Сабақта  ойын  ұйымдастырудың маңызы»// Б.М 1989 №9,8

23  Лысенкова С.Н. «Оқу  қайткенде жеңіл болады?»// Б.М 1989 №1 15б

24  Савин Н.В. Педагогика  Алматы., 1975ж. 113-126 бет.

25  Парманқұлова К «Ойын  тәсілдері» // Б.М. 1986 №7 28-29б

26 Сағымбекова П «Ойыннан  оқуға»  // Б.М – 1991 №7 33-34-бет  

27  Қайырбеков М. Ойын, оның педагогикалық  маңызы және  жаңа  модульдік 

      технологияда  алатын орны. Ізденіс, №4, 2002 – 228б

28  Беркінбаева Ш.К., Құсайынов  А.Қ Педагогика Алматы 2007ж. 75б.

29 Садықов Т.С,Әбілқасымова  А.Е.,Жоғары мектепте білім берудің 

    дидактикалық  негіздері. Алматы.  2003 - 81-85б

3О Кішібаева Д. «Ұлттық ойындарды пайдалану» Бастауыш

    мектеп 1-2004ж.52-56 бет.

31 Құлабаева С. Ойын әдісімен  Бастауыш мектеп 3-2004ж. 37-38бет.

32 Алиева М. Бастауыш мектепте  фонетиканы ойын арқылы оқыту

   Бастауыш мектеп 7-2004ж  41-42 бет.

33 Мендалиева Б. Балалардың  қозғалмалы ойындарды қажет етуі  Бастауыш 

     мектеп 12-2004ж.

34 Асарбаев А. «Ұлттық ойындар» Бастауыш мектеп №3 1991ж

35 Сүйінханова Б. «Ойын  түрлері» Бастауыш мектеп №1 1997ж.

36 Самрова Б. «Ойын элементтері-сабақта»  Бастауыш мектеп №4,5 1994ж.

37 Г.Сейтжанова «Саусақ  ойындары арқылы тіл дамыту»  Бастауыш мектеп №4

     2003 ж.

38  Рахметова С. Қазақ тiлiн оқыту методикасы. – Алматы, 1991. –184 б.

39 Аманжолов С. Қазақ әдеби тiлiнiң синтаксисiнiң қысқаша курсы. –

      Алматы, 1994. – 320 б.

  1. Қазақ тiлi терминдерiнiң салалық ғылыми түсiндiрме сөздiгi / Педагогика және психология. – Алматы: Мектеп, 2002. – 254 б.

 

 

 

 


Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі