Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары ойындағы жалпы мақсат адам ойнай жүріп, шынайы жағдайдың орнына өзіне алдамшы жағдай жасап алады және өзі сол жағдайға сай белгілі бір рөл ойнайды. Ойнай жүріп айналасындағыларға үлгі береді.

Әрекеттен қалыпты жағдайға өту үшін ойынның ерекше түрлерінін дамуы шынында өзгеше. Алайда алдамшы жағдайдың қалыптасуы мен мағыналарды тасымалдау ойынды түсінудін негізіне жұмсалмауы тиіс.

Бұл түсіндірудің негізгі кемшіліктері мынадай. Ол ойынның кайнар көзін айта отырып, ойын әрекетінің құрылымы төңірегіне топталады. Мағыналарды тасымалдау, алдамшы жағдайға өту ойынның қайнар көзі   болып   есептелмейді.    Ойынның   бастауы   ретінде   шынайы  жағдайдан    алдамшыға    өтуді    талқылауга    талпыну    ойынның   психоаналитикалық теориясының сарқыншағы ретінде ғана түсінілу   керек.

Қ.Жарықбаев ойында бала әрекеті пісіп жетілгенімен, ал,  шынайы өмірде әлі іс-әрекеті іске аса қоймаған тенденция нәтижесі ретінде қарастырады Қ.Жарықбаевтың пікірінше  ойын әрекеті ішкі мотивке айнала қоймайды. Ойын   теориясындағы сияқты, күштің молдығынан, ойын оң ықпал етуші ретінде қолданылады. Ол дамудың өкімі ретінде қарастырылады. Бұл   әрине жақсы, бірақ теорияның негізгі кемістігі, ойынды қоршаған  әлеммен қарым-қатынас нәтижесінде туындаған іс-әрекет деп емес, іштен  жетілген  қызмет әрекеті деп  қарады.  Ойын осылай іштей толығып отыратын шынайы мазмұнмен байланыспайтын немқұрайлы белсенділікке айналады. Ойын "мәнінің" мұндай түсінігі шынайы ойында оның нақты көрінуін түсіндіріп бере алмайды.

Дегенмен де ойынның балаларға берері мол екендігі педагог-ғалымдар тарапынан қолдау табуда.

Балалардын ойындары әр түрлі болып келеді. Сөз сөйлеудің дамуы, тәрбиеленушінің білім қоры педагогтарға оларда әртүрлі ойындарға деген  іскерлікті қалыптастыруға: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, козғалмалы мүмкіндік береді. Балалар мінездегі ерешеліктерді ажырата бастайды және өзінің іс-әрекеттерінде  ойындардағы әдістерді, кұралдарды пайдаланады.

Баланың ойыннан толық мәнді дамуы тек тәрбиешінің мақсатты бағдарлы іс-әрекеті қалыптастырылғанда көрініс алады. Осылайша, сюжеттік-рөлді ойында ол балаларға толық сюжеттің мазмұны мен рөлдердегі өзара әдістер негізінде көрінеді; дидактикалық ойындарда оларға тәртіпті көрсетіп,  әрекеттің соңғы нәтижесін жылжымалы ойын жүргізуді ұйымдастыруда ойынның мәнін, символын, атрибуттардың   қызметін   ашуға,   қарсыластарының   жетістіктерін    бағалауға  көмектеседі. Тәрбиеші сонымен катар, балалардын өзіндік ойындарын басқарып, оларды дұрыс бағытқа ойынның арнайы дайындалған кезеңдері арқылы нәтижеге қол жеткізеді.

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу  іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б.).

Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А.Диваев), ойын сипатына М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев); дене қасиеттерін, кимылдық әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбатшаева, Т.Куанышов) ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаева) сәйкес  жасалады.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен; кажеттілер - қызық жолмен беріледі;

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді...?", "Мен не істер едім, егер ..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.

4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-катынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Ал,   "Мектеп алды даярлық   тәрбие   бағдарламасы"    ойын   түрлерін мазмұнына қарай былай бөледі:

1. Сюжетті рольді ойындар.

2.  Құрылыс материалдарымен ойнау.

3.  Қимылды ойындар.

4.  Дидактикалық ойындар.

5.  Драмалық ойындар.

6. Музыкалық-дидактикалық  ойындар.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

1.  Балалардың орындаушылық  әрекетін талап ететін ойындар

2.  Қайта жаңғырту іс-әрекетін  орындауға бағытталған ойындар

3.  Қайта жасау іс-әрекетін  жүзеге асыруға бағытталған ойындар

4.  Оқушылардың іс-әрекетін  бақылауға бағытталған ойындар

5.  Ізденіс іс-әрекетіне  бағытталған ойындар.

Кұрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:

1.  Сюжеттік - рөлдік ойындар.

2.  Жаттығу ойындар.

3.  Драмалық ойындар.

4.  Шығармашылық ойындар.

5.  Әдеби-музыкалық ойындар.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

1.  Білімдендіретін (білім  беретін) ойындар.

2.  Тәрбиелейтін ойындар.

3.  Дамытатын ойындар.

4.  Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін  ойындар.

5.  Диагностикалык ойындар.

Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының да мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың окыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.

Сюжеттік-рөлдік ойындар. Оқу жылының алғашқы жарты жылында тәрбиеші балаларда ойындық іскерлік пен негізгі рөлдік қимылдарды қалыптастырады. Ол бірігіп ойынға балаларды қосады немесе сюжетті кішігірім әңгіме негізінде керсетеді.

Балалардың төменгі топтарында негізгі ойындық іскерліктер қалыптасады, бұл оларға ойын барысында өзара байланысқан шарттық құралдарды пайдалануға көмектеседі.

Педагогтың алдында келесідей міндет тұрады. Ол балалардың шығармашылық белсенділігін теңдестіру. Бұған ойынның құрамына әртүрлі рөлдерді қосу; әлеуметтік сферадағы әртүрлі өмірді, әртүрлі әдеби шығармаларды, ертегілерді, сонымен қатар, ертегідегі және шын өмірдегі персонаждарды қосады. Мысалы, педагог (балабақшада тәрбиеші)   полиция   қызметкерін,   от   сөндіруші   және   жалмауыз      кемпірді, Тазша баланы, дәрігерді қосады. Жалпы сюжетке мұндай рөлдерді қосу балалардың   бейнесін белсендіреді, оларда жаңа күтпеген жағдайларды ойлауына мүмкіндік береді, Сонымен қатар тәрбиеші балалардың ойындық   қызығушылығын   ескереді,   яғни күнделікті ойында олар қалыптаспайды. Педагог балалармен бірігіп, ойында сюжетті байланыспайтындай   рөлдермен   байланыстырып көрсетуі керек. Ол ойын жоспарына жаңа жағдайлар және оқиға мен тұлғалар енгізетін балаларды марапаттауы керек, өйткені бұл баланың шығармашылық белсенділігін  және  ойынның еркін  менгерілуінің көрсеткіші болып табылады.

Сюжетті–рөлді ойындарға жағдай жасау немесе жетпей жатқан құралдарды сюжет барысында көрсетуге көмектеседі, анық айтқанда ойыншының мәні мен оның қатысушыларын байланыстырады. Әдетте бұл   мақсатқа дайын ойыншықтарды құрылыс материалы   ретінде   пайдаланады.  Бұл  жағдайда  айнала ойынға қолайлы ғана емес, сонымен қатар, шындыққа ұқсауы қажет. Өйткені,   оны  балалар  таза  символды  түрде  қабылдауы   мүмкін. Әсіресе бұл ойындык топтарға, онда барлық қатысушыларға ойынның жағдайын, мәнін түсінуге байланысты.

Театрлық ойындар. Театрлық ойындар сюжетті-рөлді ойындарға қарағанда нақты көрермендер ұсынады (кішкентай балалар, ата-аналар, баланың қатарлары). Бұл процесте балаларда авторлық мәтін мен көркемдік шығармашылық идеяларды қайта тудыру құралдарын (интонация, мимика) ойлап шығару қалыптасады. Бұл қиын әрекет міндетті түрде үлкендердің қатысуын талап етеді, әсіресе бұл дайындық кезеңінде. Театрлық ойындар шынымен қызықты, балаларды тек қана көріністі орындау ғана емес, сонымен қатар оларда көрініске орын дайындауды қалыптастыру қажет. Мұның барлығы мектеп жасына дейінгі балаларға оңай міндет емес.

Дидактикалық ойындар. Тәрбиеші орташа топтарда сабақ үстінде дидактикалық ойындар еткізгендей, сабақтан тыс жерде балалар жаттығуларын, олардың түрлерін, колемін, түсін, кеңістігін, дыбысын білуі тиіс. Дидактикалық ойындар көмегімен балалар құралдарды сырткы пішіні секілді, олардың белгілері бойынша салыстыруға және топтауға,  есептерді  шешуге  оларда дайындық қалыптасады.

Музыкалық-дидактикалық ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар балалармен бірте-бірте игеріледі. Жаңа ойынмен танысу негізінен музыканың сабақтар кезінде жүзеге асады. Педагог балаларды ойын ержесімен таныстырады және олардың алдына анық дидактикалық міндеттер қояды. Бастапқыда педагог (тәрбиеші, сынып мұғалімі) топтағы ойынды өткізуде бастаушы болады. Соңында балалар өздері педагогтың көмегінсіз ойынды ойнай алады, яғни араларынан бастаушыны таңдау арқылы. Музыкалық-дидактикалық ойындарды үйрену процесінде балалардьщ алған білімдері оларға әртүрлі музыкалық іс-әрекеттерге байланысты міндеттерді орындауға көмектеседі.

Теориялық зерттеулер де практикалық тәжірибе де көрсетіп отырғанындай, оқу іс-әрекетінің пәні қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым берік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту кезінде оқыту үрдісінде оқушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (оқушы)-объект (пән)-субъект (оқушы)». Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Топтық жеделдете оқытуда әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады.

Оқу процесі барысындағы тұлғааралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді: жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер оқушының өз-өзіне сенімі артуына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.

Іскерлік ойындар дегеніміз - болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.

Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынадай қызметтерді орындайды:

Көңіл көгеруші: (бұл ойынның негізгі қызметі-шаттану, ләззат алу, қызығушылықты ояту).

Коммуникативті:  қарым-қатынас диалектикасын меңгеру.

Өзіндік жүзеге асыру

Ойынды терапевтикалык: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу. 

Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процесінде (ережеге сай мінез-құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы).

Коррекция қызметі тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу.

Ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру.

Әлеуметтендіруші адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне бекіту.

Осылардың көбісі өздеріне мынадай 4 басты қырлары болады (С.А.Шмаков бойынша): еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);

Шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»);

эмоциональды көтеріңкілік, қарсыластық, (көтер) конкуренттік, аттракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі «эмоциялық кернеулік»);

түзу немесе жанама ережелердің бар болуы ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.

Ойын құрылымына оның процесі ретінде:

а) ойнаушының өзіне алған рөлі;

б) осы рөлдер реализациясының қоспасы ретінде ойын іс-әрекеті;

в) пәндерді ойын түрінде пайдалану;

г) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;

д) сюжет (мазмұн)-ойындағы «шындық аумағы»

Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей   психологиялық-педагогикалык принциптерді жүзеге асыру қажет:

*өндірістің нақты жагдайлары  мен динамикасын, кәсіби қызметтің, іс-әрекеттің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;

*оқушыларда кейбір қиындықтар  мен ойлау қайшылықтарын тудыратын  тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби кызметке тән проблемалық ахуалдарды жасау принципі;

*ойында көрсетілетін  өндіріс мамандарының функцияларын  бейнелеуде қатыстырушылардың бірлескен  қызметі принципі;

*оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайындауда  және қабылдауда серіктестердің (партнерлер) іс-әрекеттік және диалогтық  қарым-қатынастарының шешуші рөл  атқаруы принципі;

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі