Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Бастауыш  сыныпта қазақ тілі пәнінің  білім мазмұнын игеруде дидактикалық  ойындарды қолдану әдістері

Қазақ тілі - жас өспірім оқушылардың білімге  деген ынтасын жетілдірудегі, ойлау қабілеттерін арттырудагы орасан зор негіз болып табылады.

Казіргі заман ағымына қарай балаларға қазақ тілі сабағында экономикалық, эстетикалық білім беру міндет болып табылады.

Ғылым, білім, өнер, әдебиет салаларында болсын ауыр және жеңіл өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларында болсын елге есімдері әйгілі қайраткерлеріміздің қай-қайсысы болмасын қажырлы еңбектің арқасында осы дәрежеге жетіп отыр. Сондықтан қандай іс болмасын, оны бастамас бұрын адам өз бойындағы қасиеттері мен қабілеттері еңбек арқылы көрсетіп, оның рахатына бөленетіндігін мектеп табалдырығынан бастап біліп өсу қажет.

«Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек», деген ұлы жазушымыз М.Әуезовтің дана сөзі бар.

Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына деген сенімдерін арттырады. Еңбекке деген ықыласы мен ынтасын, талабын ұлғайтады.

  Үшінші сыныпта оқулығы 1-2-сынып оқулығының күрделірек жалғасы болғандықтан, қазақ тілі де күрделендірілген. Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр.

Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы, оқу тәрбие жұмысын - шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай жатқан тәрбие құралдарын пайдалануды оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек екені анық. Сондай-ақ оқу-тәрбие негіздіерінің  бірі - ұлттық ойындарымыз. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы.

Бұл туралы көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның, шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазды: Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болды мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттесе ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқың,   білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Бір заманда халық қиялынан туып, ез ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды талғамайды.  Ойындары тек денені ғана емес ойды жаттықтырушысы да болып табылады. Халық өзі қоршаған дүниенің кыры мен сырын егжей-тегжей білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ойындарың бүгінгі псдагогикалык ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, төзімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбис жұмыстарын жандандыра түседі.

Қазақ тілі - басқа барлық пәндер сияқты оқытып, білім берудің өзіне ай белгілі бір, мақсаттарын көздеген міндеттері өз дәрежесінше анықталған оқушылардың психикалық әрекетінің мүмкіндігін ескерген, ішкі заңдылықтары, өзіндік оқыту ережелері мен ерекшеліктері болуын талап ететін пән екендігі белгілі. Бұл орайда басқа пәндер секілді бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту процесінде түрлі жаңа әдістемелік үлгі-жүйелерді енгізу мен қолдану кеңінен таралады.

Сабақты өткізу барысында дидактикалық ойындардың озық 
үлгілерін,  ойындарды тақырыпқа икемдеп, сабақ өткізудің тиімді 
тәсіліне, күнделікті сабақтың ажырамас бөлігінс айналдыруға болатыны 
қазіргі кезде дәлелденіп, оқыту процесінде жүзеге асырылып 
отыр.

Оқу құралдарының  мінезі-мектеп мінезінің айнасы" деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім жолына пайдаланатын әдістемелер  мәнді,  жұмыр  болу  керск.  Балаға таңдалған білім  баланың   ақылына лайықтап, талабын   шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай бастаған істің нәтижесіне 
жетуге    тырысарлықтай    нәрлі    болуы    керек.

Балалар үшін ойын ермек емес. Олар айналадағы дүниені ойын және 
ойыншықтар арқылы танып біледі. Ойын нәтижесінде баланың ақыл ойы 
дамып, адамгершілік  қасиеттері қалыптасады. Түрлі ойыншықтармен ойнау кезінде бала белгілі бір ойынға қажетті  
бұйымдарды іздеп табуға талпынады. Ойындар  балаларды ұстамдылыққа,   жолдастық   қарым-қатынасқа   тәрбиелейді. 

Қазақ тілі сабағында дыбыс және әріп қатысуын белгілеу, олардың айырмашылығын көрсету өте үлкен маңызға ие. Әдемі дыбысталуда, мәнерлі оқуда, әдемі дыбыстар дағдысымен қалыптастыру жүзеге келтіруде дидактикалық ойыні түрлерін пайдалану мақсатына лайық. Осындай ойындардың бірі:

Ойынға қажетті заттар заттар: екі отау, әріптер жазылған карточкалар. Ойынның мақсаты:

  1. Оқушыларда дыбыстау дағдысын қалыптастыру.

1.Оқушыларды       дауысты       және       дауыссыз       дыбыстарды       әдемі дыбыстауға үйрету.

2.Ұлттық әдет-ғүрыптарымызға, салт-дәстүрлерімізге, ұлттық мақтанышқа құрмет сезімін ояту.

Ойынның барысы: бұл ойынды өткізуде оқушыларды екі топқа бөлеміз. Бірінші топ - әйгілі қазақ халқының батыры Исатай батыр ауылы деп аталады.

Екінші топ - Махамбет ауылы деп аталады. Қазак халқының Махамбет, Исатай батырлары туралы мағлұмат береміз. Отау - қазақ халқының ұлттық

бұйымы екенін ескертеміз. Бұл екі ауыл қатысушылары өз отауларын тігеді. Бұл отауларды әртүрлі әріптер жазылған карточкалар болып, оқушылар сол әріптерді дауысты және дауыссыз дыбыстарға дұрыс ажырату керек. Ойынның шартына сәйкес әр ауылдың оқушысы дауысты дыбысты әріптерді Исатай батыр ауылына, дауыссыз дыбысты Махамбет батыр отауына дұрыс ажыратуы керек.

Ойынның шартына сәйкес әр ауылдың оқушысы кезекпен әріптсрді алып, қайсы топ тез және жылдам әрекет жасап, әріптерді қатесіз дауысты дыбысты және дауыссыз дыбыстарға ажырата алса, сол топ жеңімпаз атанады. Сабақтың соңында жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы беріледі.

Оқушыларды зеректікке тәрбиелейтін ойындардын орны ерекше. Балалардың дүние танымын қалыптастыру, білім деңгейін кеңейтуде сөзжұмбақтар, сөзтуымның, ребус, жұмбақтардың маңызы үлкен.

Халық ауыз әдебметіндегі баланы тәрбиелеудегі аса зор маңызы бар жанрдың бірі - жұмбақ. Жұмбақты халық көбінесе балаларға арнаған. Жұмбақтар балалардың ұшқыр ойын шынықтырады, іске, әрекетке қарай баулиды, ойсанасының қызмет істеуіне серпін береді, сөйтіп жұмбақтың шешімін айтқызады. Жұмбакты мектеп балалары тілге ұста болу мақсатымен оқиды, жаттайды. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде баланың ойын 
тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар. Жұмбақтар қазір 
халық шығармасында көңіл күй құралы ғана емес, балалар зейінін өсіруде 
өзіне сай тәрбие мектебі болып өмір сүріп келеді. Оқушылардың ойлау 
қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, ұйқасын тап ойындарының әсері мол. Оқушылардың білуге, тануға деген мүмкіншіліктері мен ынтасын толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамыту сабақ үстінде алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше; Сондықтан мұғалім сабақты оңайдан бірті-бірте қиындата түскені жөні 1,2,3 сышыптарда қазақ тілі сабақтарында мына ойын түрлерін жүргізуге болады: 1."Қай буынды жоғалттым", "Ойлан ойындары".

Буындарды өтіп, сөздерді дұрыс бөлуге төселдіру үшін осы ойын тәсілін 
пайдалануға болады. Мысалы: күрек, бақа, ешкі, жалау, торғай сөздеріндегі 
кү..., ба..., ...кі, жа..., ...ғай жазылмаған буындарды дұрыс тез, көп тапқан 
оқушылар ұтады. Оқушыларға өздігінен ойланатындай жұмыс істетіп, 
оларды тапқырлық дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру 
мақсатында мына ойынды ұсынуға болады: Мына дыбыстардан сөз 
құрастыру:

1. р, а, қ (қар),

2. а, л, а, қ (қала)

3. к, е, м, п, т, е, (мектеп), 
       4. л, а, б, а,(бала). 

4."Үндемес"  ойыны.

Мұны 2-сыныпта сөйлем және сөйлемдегі сездердің байланысын өткенде жүргізуге болады. Оқушыларға төмендегідей орны ауысқан сөздер мен сөйлемдер жазылған үлестірме кағаздар беріп оларды дұрыстап жазу тапсырылады.

1.Боран, соқты, күшті.

2.Тасыды, астық, машиналар.

3.Мамам, әкелді, қызыл, алма.

4.Кітап, жақсы, өте, екен.

Оқушылар қолдарына берілген үлестірме қағаздағы  сөздер бойынша дұрыстап   сөйлем   құрап   болған   соң,   үндемей   қол   көтереді.   Ол   бала мұғалімнің рүқсатымен тақтаға жазып береді. Егер ол дұрыс жазса   басқа балалар алақандарын соғып, дұрыс жазылғандығын қуаттайды.

5. "Қайда менің  өз  жағым"  ойыны.     Бүл  ойын  3-сынып  оқушыларына тәуелдік  жалғауларын меңгертуде жүргізіледі.     Қолдарына    І-жақ,     П-жақ,     III-жақ    деп   жазылған.  Жарысушы екі топтың топ басшысын шақырып, бір-бір    сөзден    тақтаға    жаздырады.    Сол    жазылған    сөздердің    әріптерін пайдаланып сөз құрау тапсырады немесе бұл тапсырманы бүкіл топқа беруге де болады. Мысалы: Болат:- бол, ат, ол, тол, ал, бал, тал, от, ота т.б. Мүмкіншілігіне қарай әр топқа бірдей сөз шығатын сөз беруге тырысуы қажет.

6."Жігін ажырат" ойыны. Күн (бағыс), жыбыр (жыбыр), сұп (сұр), ас (қабақ), әлде (қашан), жып (жылтыр), шек (ара), қап (қара), Қойшы (бай), мұғалім мәтінді  екі рет оқып шығады.  Оқушылар  дәптердегі бағанның біріне қос  сөздерді, екіншісіне біріккен сездерді  теріп жазады.

    Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға қазақ тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән беруге тиіс деп білемін. Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Сол арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден-бір таптырмайтын құрал.

Қазақ тілі сабақтарын дәйекті жүргізу үшін мұғалім бірінші күннен бастап оқушылардың мінез-құлқын бақылай отырып, оларды ерекшеліктеріне қарай топ-топқа бөледі.

Баланың саусақтары емін-еркін қимылдау үшін оларға жаттығулар жасатып, бірнеше ойын ойнату керек. Бұл ойындарды алдын-ала белгілеп тәртіппен жүргізіп отыру қажет. Суреттер арқылы жұмбақтар шешкізу, балалардың сабаққа қызығуын, қатсын арттыра түседі. Олардың қимылын дамытып, сабаққа белсенді араластыруға мүмкіндік береді. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Осының негізінде мүғалім бірте-бірте оқушыларды күрделі іске тартады. Сабақ күрделене түскен сайын оқушылардың ойы өсіп жетіледі. Осыған орай ойынның түрлері де күрделеніп, өзгере береді. Ойын әрбір пән бойынша ұйымдастырылады.

Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Осындай жағдайда бала жолдастарының көзінше ол әріптерді дауыстап айтуға жасқаншақтай беретіні сөзсіз. Мұғалім баланың осы кемшілігін дер кезінде біліп, оны уактылы түзеу бағытыңда шара қоддануы тиіс. Бұл кезеңде бала мен мұғалімге нағыз көмекші  ойын болып табылады. Тілі кейбір дыбыстарға келе бермейтін балалар үшін алдымен сол дыбысты жеке-жеке айтқызьш, артынан хормен қайталайды.

Бұл мақсатта   жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Оқушылар үшін мына жаңылтпаштар пайдалану орынды. Мыс,"Құдық қазьш аршыдым. топырағын жаншыдым. Жаншыдым да балшығын, шаншыдым да талшығын, аршыдым да малшыдым. " Алдымен мұғалім айтьш тұрады, балалар ілесіп отырады. Сабақты бірінғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары- -сөзсіз. Егер арасында ойын араласып отырса, оқушылар өтіп отырған сабақ мазмұнына баса көңіл аударып, тез қабылдап, ұғып алады. Баршаға мәлім қазақ халқы тумысынан өнермен бірге жасап келеді. "Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең" деп ұлы педагогымыз Абай айтқандай халқымыз өлеңді рухани байлық санаған. "Қанында күй ойнаған, жүрегінде  жыр жазылған" қазақ сөз өнерін аса қадірлеген.

Сондай-ақ    бұл    пән    шәкірт    бойынан        әдеп, қарапайымдылык,

кішіпейілділік, адалдық сияқты ізгі қасиеттерді дарытатын да сабақ.

"ана баланың   тәнін   тынықтырса,     ұстаз   баланың жаньш   шынықтырады"   деген қанатты сөз   осы орайда айтылғандай. Мұғалім әр сабақтың алдына белгілі мақсат қойып соған жетудің оқушыны иландыру мен талаптандырудың тиімді тәсілдерін талмай іздеп, олардың бойындағы талант ұшқынын, тез және дәл байқап соған жетекші бола білсе көп табысқа қол жеткізері сөзсіз.

Бүгінгі таңда мұғалімге жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбиені халықтық педагогика негізінде ұйымдастыру қажет.

Қазақ тілі басқа барлық пәндер сияқты оқытып білім берудің өзіне сай, белгілі бір мақсаттарын кездеген міндеттері өз дәрежесінше анықталған оқушылардың психикалық әрекетінің мүмкіндігін ескерген, ішкі заңдылықтары, өзіндік оқыту ережелері мен ерекшеліктері болуын талап ететін пән екендігі белгілі. Бұл орайда басқа пәндер секілді қазақ тілін оқыту процесінде түрлі жаңа әдістемелік үлгі жүйелерді енгізу мен қолдану кеңінен тарады.

Шығармашылық яғни дәстүрден тыс сабақтар тобына жататын "Той думан", "көкпар сабақ", "сайыс сабақ" секілді сабақ түрлерін мектеп тәжірибесінде кеңінен қолдануға болады.

Оқу құралдарының мінезі - мектеп мінезінің айнасы деп атақты писихолог М.Жұмабаев айтқандай біздің берер білім жолына іскерлігін дамытарлықтай бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Оқушылардыц ой белсенділігін, саналы, ойлана білуін дамыту, мұғалімнің  негізгі мндеті.

Бастауыш  сыныптан  бастап  оқушыларды  мәдениеттілікке,  ізеттілікке

тәрбиелеуге   күш   саламыз.   Әйтсе   де   тәрбиенің   бір   ұшы   ата-ананың қолында     екендігін     естен     шығармау     керек.     Халқымыз     тәрбиенің алғашқы бастауын бесіктегі баладан бастаған.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі