Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

- Оқушылар бастауыш мектепте: "Дыбыс және әріп", "Дауысты  дыбыс", оның жуан және жіңішке  түрлері. Дауыссыз дыбыс. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар, олардың  үндесуі және емлесі. Буын және  буын үндестігі. Тасымал. Қазақ алфавиті  сынды сөздің фонетикалық құрамымен  танысады.

Осы кезеңді тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекілік пен жұмбақ, ребус т.б. араластыра отырып ойын түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс. Сөзіміз дәлелді болу үшін 1-2 сыныптарда қазақ тілі сабағында қолданылатын бірнеше ойын түрін көрейік.

1. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. Бірінші сыныпта қазақ тілінен  дыбыс  пен  әріп,  дауысты,  дауыссыз  дыбыстар  жуан жіңішке дыбыстар тақырыптарын өткенде, 2-сыныпта у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз, кейде жуан, кейде жіңішке болып келуі, ы, і, и, я, ю әріптерінің жазылуы тақырыптарын өткен кездерде, 3-сыныпта, э, ц, в, ф, ч, щ, х, һ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері тақырыптарын өткен кезде пайдаланылады.

Ойынға сөз ішінде бір әрпі қалдырылып кеткен бірнеше парақшалар жасалынады. Жоғалған әріптер парақшаларын жасағанда сөздердің басынан, ортасынан немесе соңынан әріптер қалдырылады. Парақшалар сыныптағы әр балаға 5-6-дан келетіндей мөлшерде әр тақырыптың мазмұнына қарай (бір ойынға лайықталып) жасалуға тиіс. Ойынға ең алдымен оқушы (жаттыққанға дейін) оңай орындай алатын суретті парақшаларды қолдану қажет.

     Қоғамның ғылыми техникалық, әлеуметтік экономикалық дамуы өскелең ұрпақтың интелектуалдық, білімдік жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс тәсілдер көптеп енгізіліп жатыр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті әдіспен шектеліп қана қалмай, яғни, «тартқыш – қабылдағыш» тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас тұлға-тұлға күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы тек оқыту үрдісінде дәлеледенген, қатып қалған білімдерді ғана игермей, өзіндік мақсатты іс әрекеттер жасай алатын, өз ой пікірін айтып, оны дәлеледей алатын болуы қажет. Өйткені бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған[3О].

Демек, оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқанына қарай оқыту үрдісінің нәтижелілігі шығады. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ы.Алтынсариннің пайымдауы бүгінге дейін жоймағандығы байқалады. Мысалы: мына айтқандары соған дәлел «мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін - өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз сөз орынсыз терминдерді пайдаланбау керек».

          Мұғалімнің оқушыға сапалы білім  беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру  жолдарын білумен тікелей ба йланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығуын кемітіп білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану ұғымды. Әсіресе қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды жаттығуларға, тақырыпқа байланысты кіріктіру, оларды өзара біріктіру тиіс.  Бұл – дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты.

Ойындардың маңызы баяғы заманнан бері жойылған жоқ. Ойындар ойлау қабілетін, логиканы т.б. дамытады. Ойындар әсіресе кішкентай балалардың дамуына көп көмек көрсетеді.

      Алғашқы  ойындар біздің заманымызға дейінгі  мыңдаған жылдар бұрын пайда  болған. Ол ойындар өте қарапайым  болған. Бірақ сол кезеңде Үндістан  жерінде өте қызық әрі күрделі  шахмат ойыны пайда болады. Аңыз  бойынша бұл ойынды шах бұйрығы  бойынша шах сарайының бір  ғалымы ойлап тапқан екен. Шахқа  ойынның ұнағаны сонша, ол өзінің  көмекшілеріне ғалымға өзі қалаған  сыйлықты тарту етіңдер деген  екен. Ғалым сыйлық ретінде оған  шахмат тақтасындағы шаршылар  санындай бидай дәнін беруін  сұраған. Бірақ бидай саны былай  саналуы керек болды: Әрбір келесі  шаршыға оның алдындағы шаршының  квадраты көбейтілуі қажет еді. Шах болса, бұл бір екі-үш қап  бидай болар, неге алтын сұрамаған  деп таң қалып кетіп қалады. Ертеңгісін көмекшілерін шақырып, ғалымға бидайын бергендігін  сұрайды. Бірақ көмекшілері әлі  бидай санын санап бітпегенін  айтады. Шах ашуланып, ғалымды өзіне  шақыртады. Ғалым шахқа егер ол  өзінің бүкіл жеріне бидай  егіп тастаса да, тіпті бүкіл  жер шарын бидай алқабына айналдырса  да керек бидай санын жинай  алмайтынын айтады. Шах ғалымның  даналығына риза болып, оны дұрыстап  марапаттауын бұйырады. Міне аңыз  бойынша шахмат ойынының тарихы  осындай [31].

      Қазіргі  кезде, жиырма бірінші ғасырда  көптеген өзінің маңызын жоғалтты. Осы ғасыр IT-ғасыры болғандықтан  қазір компьютерлік ойындар бірінші  орынға шықты. Компьютерлік ойындар осы кезде көптеген миллиард доллар айналымы бар IT-индустрияның бір тармағы. Әрбір жаңа шыққан ойын бұрын шыққан ойындардан графикасы жағынан, сюжеті жағынан т.б жақсы болады.

      Болашақта  менің ойымша барлық ойындарды компьютерге көшіріп, ойындардың тек электронды варианттары қалады. Бірақ шахмат ойының маңызы жоғалмайды және ол болашақта да нағыз дарынды адамдардың ойыны болып қалады.

Ойын баланы бесіктен бастап әлдилейді. Ойын өмір мектебі: бала ойын арқылы өзінің тәжірбиесін молайтады. Ойнап жүріп өз күшін сынайды, бекітеді, ой табады, еркін батылданады, ерлігін, ептілігін арттырады.

Бастауыш сынып оқушылары ойын барысында шыдамдылығы, төзімділігі, байқағыштығы, ептілігі қалыптасады.

Пәнді оқыту барысында дидактикалық ойындарды пайдалануда қызықты, көңілді, қызығу қалыптасып сабаққа деген ынтасы артады.

Бүгінгі күннің бас талабы - жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беру жолдарында оқушылардың рухани білімді меңгеруінде болып отыр.

Сондай-ақ, қазақ тілі  пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды пайдалануды сабақтың тартымдылығын арттырып, оқушының белсенділігін, ынтасын күшейтеді.

Сабақта оқушы өздігінен жұмыс істеуді, қортынды шығара білуді үйренеді. Балалардың қиялын дамытып зейінін кеңейтіп, оқушылардың білімге деген талпынысын оятады, өмір тәжірбиелерін толықтырады. Бастауыш сыныпта еңбек пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.

Дидактикалық ойындардың оқу-тәрбие процесінде маңызы зор. Дидактикалық ойындар арқылы оқушының ой-өрісі молайып, білімдері тереңдейді.

Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындар баланың ойын жаттықтырады, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелейді.

Әрбір ұстаз оқу-тәрбие процесінде шыдамдылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық, ұлттық дәстүр рухында білім беріп, сабақты түрлендіріп дидактикалық ойындарды қолданса, жақсы нәтижеге жетері сөзсіз.

Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындар оқушылардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды.

Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолмен жарыққа шығады. Мысалы: үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Оқушылар білімді ойын арқылы да алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтагы дидактикалық ойындар баланың білімін шыңдап, ой-өрісін, қиялын дамытады. Ал, ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы оқушы көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктері қалыптасады.

Оқушының жас ерекшелігіне, зейініне сай арнайы ұйымдастырылған дидактикалық ойындар ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі еңбекте қатынасы психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Оқушы сабақта ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекеті байқалады.

Сондықтан мұғалім сабақта оқушының талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек.

Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңуін, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойынды пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыруда мынандай схемамен жұмыс істеуді қарастырдым.



 


 

 

Дидактикалық ойын қасиеттерінің бірі - адамның еңбек әрекетінің бейнеленуі. Ойын - бала еңбегінің жемісі деп босқа айтылмаған. Ол балаларды өмірге дайындайды, ал бала ойынның осы маңызы туралы ойламайды да. Балалар ойынды өздерінің көңілін көтеру үшін ойнайды. Балалар ойындарында үлкендердің өмірі мен еңбегін елестетеді, оларға еліктейді.  Дидактикалық ойынның барысында белгілі бір әрекеттер істейді. Дидактикалық ойында көп нәрсе қиял арқылы құрылады.

Бастауыш сыныпта оқушылардың дидактикалық ойындары алуан түрлі болады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды дидактикалық ойын әрекетінен тыс қалдырмауы тиіс. Педагогтар үзіліс кезінде балалар ойынын бақылайды, кейде олардың бос уақытын пайдаланып, өздері де ең алдымен, балаларды пайдалы ойындарға ынталандыру, зияндысын ойнатпау болып табылады. Ойын барысында баланың бойыңда адамгершілік қасиеттерін, білімге, өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Сабақ барысында ойын ретінде пайдаланудың маңызы мол.

Бастауыш сыныпта үлгерімі орта оқушылардың өздері ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны белгілі.

Сонымен қатар қазақ тілі  пәнін оқыту барысында ұлт ойындарын сабаққа сәйкестендірітіп, ойнатуға болады. Мысалы: «Қоржын» ойыны қазіргі тәрбие сағаттарына сай өзгертуге ыңғайлы. 2-сыныпта қайталау сабақтарында осы ойынды ойнатуға болады. 1О асық алып, оны 1-ден 1О-ға дейін нөмерлеп, қожынға салып қоясың, сол нөмірге сәйкестендіріп, конверт дайындап, өтілген тақырыптарға байланысты суреттер, сұрақтар салып, ойынды жалғастыруға болады. Дидактикалық ойындар - оқытудың неғұрлым белмсенді түрі. Дидактикалық ойын деп - шартты жағдайларды, болған іс-әрекетті көрсетуді айтады. Дидактикалық ойынға, алға қойған мақсатқа қарай, әртүрлі ара қатынасты бейнелей көрсету үшін оқиғаны рөлдерге бөле көрсетіп орындау керек[32].

Дидактикалық ойынға қарым-қатынас жасай білу шеберлігі қалыптасады, сөйлегенде, іс-әрекет жасағанда өзін ұстай білуге тәрбиелейді.

Оқушылардың талпынысы, өз-өздеріне сенімі, балаларды оқытып, тәрбиелеудің неғұрлым нәтижелі амалдарын іздестіріп, педагогикалық шеберлігін арттыруға деген ынтасы артады.

Дидактикалық ойындар - кәсіби, үйретуші, педагогикалық, шығармашылық ойыны.

Оқыту процесінде дидактикалық ойындардың артықшылығын мынадан көруге болады.

1.Оқыту міндеттерін шешуге  барлық топ оқушылары қатысады.

2.Ойын оқушылардан тақырып бойынша кең білім деңгейін талап етеді.

З.Оқушылардан бұрын өтілген материалды қайталауға,   пысықтауға, тереңірек оқуға мүмкіндік туады.

4,Оқушыларды білім, іскерлік, дағдыны меңгеру көзделеді.

5.Ойын барысында барлық оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы қамтамассыз етіледі.

6.Оқушылар ұжымен жұмыс  істеуді үйренеді.

7.Дидактикалық ойынның  маңызы ерекшелігі оқытушының  атқаратын қызметі.

Дидактикалық ойынды жүргізуді жоспарлағанда, оның мынадай элементтерін бөліп көрсетуге болады:

1.Педагогикалық  міндет;

2. Педагогикалық жағдай;

З.Рөлдерге бөлу;

4.Ойынның өткізілу кезеңдері;

5.Ойынның ережесі.

Енді әрқайсысына жеке тоқталсақ;

Педагогикалық міндет ойынға қатысушыны неге үйрету керектігін анықтайды, яғни оқушы не істеу керектігін біледі, ал ойын барысында не істеу керектігін үйренеді. Сондықтан міндетті анықтағанда оқушының әрекетінің бірізділігіне, жүйелігіне көңіл аудару қажет, яғни ойын нәтижесіне ол педагогикалық қызметтің бір түрін меңгеріп шығуы керек.

Ойын және ондағы жағдай оған қатысушылардың шамасы келетіндей болғаны дұрыс, әйтпесе тиісті нәтиже болмайды.

Ойындағы рөлдер - мұғалімнің, тәрбиешінің әлеуметтік рөлі. Дидактикалық ойын барысында қабылданатын шешімдер нақтылы рөлді нанымды етіп ойнаудан көрінеді.

Ойын ережесі - ойнаушыларға қойылатын талаптар, нұсқаулар.

Ойынға қатысушыларға ұсынылатын нұсқаулар қойылатын мақсатты жүзеге асыратындай болуы керек.

Нұсқау - белгілі бір жағдайда ойыншыға өзін қалай ұстауды көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушыларына ойын қуаныш пен шаттық сезім әкелуі тиіс.

К.Д.Ушинский оқытудың бастапқы сатысында мазмұнды немесе формасы жөнінен қызықты етіп ұйымдастыру керектігін дәлелдеп берді.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі