Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа
Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.
Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………
2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................
Қорытынды …………………………………...…………………………
Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………
Сөйтіп, ойын - дұрыс сауатгы сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады. Ол білімгерлерді шет тілінде сөйлету құралы. Сабақ сөйлеу әрекетіне негізделуі керек. Ойынның кұрылымын оқу әрекетіне салғанда оқу үрдісін мақсатты қатысым үрдісіне айналдырарымыз хақ. Мәселен, білімгерлерге бірдей екі нәрсені, не болмаса суретті көрсетіп, осы екі нәрсенің арасындағы айырмашылықтарды атап беріңіз деген кезде, олар оны оқу үрдісінің максаты деп қабылдамайды. Тіл сөйлету мақсатына жету құралы болып табылады.
2.3 Жеке педагогикалық
іс-тәжірибе мен сабақ
Сабактың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабактың мақсаты: Сұрақ-жауап әдісімен өтілген сабақтағы білімдерін қайталау. Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақта ойын түрлерін пайдалайа отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс, бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрак-жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Сұрақ жазылган қима қағаздар, асық, қоржын, плакат.
Сабақтың барысы: Оқушыларга сабақтың барысын түсіндіріп сыныпты екі топқа бөлдім. Екі топ өздеріне "Абай" және "Сәкен”- ауылы деп ат таңдады.
1 ."Ш ашу ш ашу" ойыны.
Қазақтың салты бойынша той думанды шашу шашып бастайды.
Сондықтан біз сабағымызды шашу-шашу ойынымен бастаймыз.
1. Заттың атын білдіретін сөздер дегеніміз не?
4. Жануар мен заттарға қандай сұрақ қойылады?
2. “Ауыл тігу” ойыны.
Сабағымызды бастап алдық. Енді өзімізге тойды өткізетін ауыл тігеміз. Ауыл жылына байланысты “Ауыл тігу” ойынын жүргіземіз. Тақтада тау желкенің суреті бейнеленген плакат. Сол таудың етегіне ауыл тігеміз. Киіз үйлердің артында суреттер берілген. Әр топтан оқушы шығып, сол суреттердің атын атап, сол сөзді қатыстырып, сөйлем құрауы қажет. Сұрақка толық жауап берген топтың киіз үйі тігіледі.
3.«Жәрмеңке» ойыны.
Енді сол ауылда жәрмеңке өткіземіз.
Үстел үстінде оқу құралдары қойылған.
(Дәптер, қалам, өшіргіш, сурет дәптер,
кітапша) Әр заттың астында тапсырма жаттығулары
берілген. Әр оқушы сол затты өз білімімен
сатып алады.
Тапсырма жаттығуда:
2.Пісті, Орынбасар, қымызды, сабадағы.
3.Кітап, бұлағы, білім.
4.Мектепке, келді, оқушылар - сөздерді орнына қойып, сөйлем құрату. Кім?, кімдер?, не?, нелер? - сұрақтарына жауап беретін сөздерді таптыру.
4."Көкпар тарту" ойыны.
Қазақтың ұлттық ойыны көкпар туралы түсінік беріледі. Ойын, шарты тақтада сөздер жазылған екі плакат ілулі түрады. Ортасында серкештің суреті. Екі топтан екі оқушы шығып, плакаттағы сөздерді жылдамдықпен кім?, не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді іріктеп өз орнына қою керек. Дұрыс орындаған оқушы серкешті алады.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: бұрынғы өтілген материалдармен
сабақты байланыстыру, сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дыбыстардан алған білімін қорыту.
2.Дамытушылық: ойын арқылы оқушының ойын дамыту, тапқырлық" ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, оқушының тіл байлығын жетілдіру.
З.Тәрбиелік: сөз мағынасын келістіре отырып, құбылтып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу, өз елін, тілін қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, арқан, заттар, орамал.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру, сабақ бастау кезеңі- кәне балалар бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы. Сыныпты екі топқа "Алғырлар", "Зеректер" тобына бөлеміз. Бүгінгі сабақты ойын ойнау арқылы жүргіземіз.
1."Орамал тастамақ" ойыны.
Бірінші топтың ойыншысы екінші топтың ойыншысына бір дыбысты
айтып, орамал ұсынады. Орамалды алған оқушы сол дыбыстан басталатын сөздерді айтып шығу керек. Ойын кезегімен осылай жалғасады. Қай топтың оқушысы көп сөз айтса сол топ жеңімпаз атанады.
2."Арқан тарту" ойыны.
Тақтада шағын арқан ілулі тұрады. Ойын шарты: плакатта көрсетілген сөздерден дауысты дыбыстарды тауып, астын сызып шығу. Тапсырманы дұрыс орындаған сайын арқанды тартып қалуға тиіс.
3."Тез ойлау" ойыны.
Ойынның шарты бойынша оқушылар
берілген сөздердегі көп
нүктенің орнына дыбыстарды дұрыс орналастырып
қою керек. Кі...ап, бал...,
о...ушы, дәп...ер,
дәрі...ер, жау...нгер т.б.
Сабақтың қорытынды бөлімінде
"Сақина тастамақ"
ойыны : ойналады. Оқушыларды екі
топқа бөліп отырғызып, ойын бастаушы
ортаға шығып,
қолдарына сақина
қыстырады. Сақина
ойынға қатысушылардың барлығына тасталады.
Сақина кішкене нөмірленген қатты
қағаздан жасалған кеспе қағаз.
Қолында сықинасы бар
оқушы кеспе қағаздағы
нөмірге сәйкес келетін сұраққа
жауап береді:
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді, ата.
2."Сөз" неден құралады?
3. Дыбыстар немен таңбаланып жазылады?
4. Дауысты дыбыстарды ата.
5. Жуан дауыстыларды ата.
6. Қанша дауыссыз дыбыс бар?
7. Жіңішке дауыстыларды ата.
Қай топтың оқушысы толық, әрі дәлелді жауап берсе, сол топ жеңімпаз деп танылады.
Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға қанша? Неше? Нешінші? Сұрақтары заттың санын білдіретінін дұрыс игертіп, түсінік беру. Сан есімге байланысты жаттығулар орындау. Сұрақтарды дұрыс қоя білгізіп, оларды бір-бірінен ажырату.
2. Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
З.Қасиетті адамдардың құдіретіне деген сенімдерін ояту, "Домалақ ана" туралы түсінік беріп, халқымыздың мақтанышы "Әулие" анамыздың аруағын құрметтеуге үйрету.
Сабақ түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсінік.
Пәнаралык байланыс :математика, ән-күй.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, сөзжүмбақ, ойын, кесте.
Сабақтың барысы:
2.Сабақ мақсатымен таныстыру: Бүгінгі сабағымыз ерекше. Бүгін
3."Шалқан" ертегісі бойынша өтеміз.
4.Өтілген материал бойынша жұмыс.
А) "Өнерлі жігіт" мәтінінде кім туралы айтылған?
Ол жігітке қандай \ұсыныс айтты? Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті? (бір оқушыга мазмүнын айтқызу)
Б) сонымен балалар атай шалқан екті. Енді шалқан өсіп, пісіп шыққанша өткен сабағымызды қайталайық.
Бір айбарлы арыстан көрінді. (талдау)
В) Атай шалқанды жұлып ала-алмай жатыр. Көмектесейік.
Кесте бойынша заттың санын білдіретін сөздер жайлы айтып түсіндіру.
Г) Балалар, атайдың әлі келіңкіремей жатыр. Сондықтан ол көмекке кімді шақырды?
-Иә, әжей келді. Шалқанды жұлуға біз де көмектесейік. Сонымен біз заттың санын білдіретін сөздермен таныстық. Дәптерімізді ашып, каллиграфиялық жаттығуымызды орындайық. (Үй құстары жайлы оқушыларға әңгімелету) Үйрек нешеу? Қаз нешеу? Үйрек екеу. Қаз үшеу. Д) Ал, балалар, шалқан әлі де жұлынар емес, әжей көмекке кімді шақырып жатыр? -Немересін.
Енді мысалды орындайық. Көп нүктенің орнына сөзді қойып жазу. Біздің сыньшта ... оқушы бар. Сыныпта ... парта тұр. Әр партада ... бала отыр.
С) Шалқан жұлынар емес. Немересі енді нені шақырып жатыр? Дұрыс,
күшігін шақырды. Қазір біз кішкене дем алып алайық. Ұнтаспадан
"Домалақ ана" өлеңін тыңдату.
-Балалар, бұл қандай ән?
-Бұл әнді неге тындадық?
-Иә балалар, бұл ән
қазақ халқының маңдайына
-Енді балалар, қазақ әдебиетінің дамуьна өз үлесін қосып келе жатқан қазақтың біртуар ақыны Т.Молдағалиевтің " Домалақ ана" өлеңін оқиық.
( Домалақ анаға мінездеме жасау) . Домалақ ана: ақылды, адал, көреген, қасиетті, мейірімді, қамқоршы, аяулы... (Өлең мазмұнын талдау.)
ж) Шалқан әлі де жұлынар
емес. Күшік көмекке енді нені шақырып
жатыр?
(Мысықты)
-Ал, балалар,
тағы да көмектесіп жіберейік.
-Осы өлендегі заттьң санын білдіретін сөзді атаңдаршы.
(жалғыз, екі, үш, он)
з) Балалар, біздің
көмегіміз әлі де жетіңкіремей тұр. Еңді
. нені шақырамыз
(тышқанды)
-Енді дұрыстап көмектеспесек шалқан жұльнбай қалуы мүмкін.
-Біз бәріміз де мақал-мәтелдер білеміз. Ойланьш көріңдерші, құрамыңда заттың санын білдіретін сөздері бар мақал-мәтелдер бар ма? (өздеріне айтқызу)
Толықтыру «кестеден оқыту»
-Жігітке жетпіс өнер де аз.
-Мың қосшыға-бір басшы.
-Ер қаруы-бес қару.
-Елу жылда-ел жаңа.
И) Міне, балалар, шалканды да жұлып алдык. Атай сендерге рахметін айтып жатыр.
Сонымен біз бүгін немен таныстық? Заттың санын білдіретін сөздер деп қандай-сөздерді айтамыз? Тағы қандай өлендер оқыдық? Өлең кім туралы жазылған?
Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасын беру.
Алған білімдерін дамыту мақсатында «Түбір мен қосымша» тақырыбын өткізудегі ойынға құралған бір сабағыма тоқталып өтейін.
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша.
Сабақтың мақсаты:
Көрнекілігі: «Бүр жинау», «Шаңғышылар жарысы», «Түйені жетектеу», «Араларға көмек» ойындары.
Сабақтың барысы:
Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі