Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

Дамыта  оқыту идеясы  бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын берілмейді.  Мақсатты  шешу іштей талқылау, сосын жинақтай арқылы жүзеге асады.  Мұғалім - сабақ үдрісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде. Шешім  табылған кезде әркім оның  дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.  Әр  оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады.  Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес.  Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға  үйренеді.

Осындай негізгі құылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты.  «Қәжеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу,  мақсатқа  жету үрдісі, нәтижесін  шығару».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мәселенің, мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге белсенділігін аялап, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінінің, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

Педагогикада ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай кесте арқылы суреттесек те болады.

 


 

 

 

 

 

 

 

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

- ойын – сауық:

- коммуникативтік немесе  қарым-қатынастық;

- дидактикалық (ойын барысында  өзін-өзі тану);

- коррекциялық (өзін - өзі  түзету);

- әлеуметтендіру;

Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде  ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы, әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатыны, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын – баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Сабақты бірыңғай әдістерімен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады [31].

С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын:

- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже  үшін емес, баланың қанағаттануына  байланысты.

- әрекеттің эмоционалды  жағынан көтеріңкі болуы, яғни  жарыстық орын алуы.

- ойынның мазмұнын сипаттайтын  қағидалар.

Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап ізделік. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ?

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының  жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет?

Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен [32].

- Оқу білім алу мен  білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас  – бұл балалардың бірін-бірі  дұрыс қабылдап, сонымен қатар  жаңалық алмасуын арттырады. Ойын  – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге  дағдыландырады. Ал еңбек – қолдың  қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп  түсіндірген.

Ойын – баланың өз ісі. «Егер баланың ойынына қатысқың келсе, өзің бала болып қатыс. Балалар сенің ересек адам екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын» – деген Мағжан Жұмабаевтың тұжырымы баланың ойын іс-әрекеті туралы көп ойларды аңғартады [33].  Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп, тіршілік ету, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы зор. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Тәлім – тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі тіршілік қажеттілігі ретінде қарастырады. Осы бағытта адамның ойын әрекеті әлеуметтік өмірдің негізгі бір құрамды бөлігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеуі, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.

Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығын ұлы ғұламалар Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өз еңбектерінде оларға ғылыми тұрғыда баға берген.

Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті салт-дәстүрлерді білдіреді деген қате көзқарасты орында сынай отырып, олардың тәлім-тәрбиедегі, денесін шынықтыру мен ақыл-ой жетілуінің әсеріне тоқталады. Ойын тек көңіл көтеру, көңілін шаттандыру өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның, баланың дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ана баланың ойлау, қиялдау, армандау сана-сезімдік қабілеттерін қалыптастыру үшін, халық ауыз әдебиетінің жырларын айтып тәрбиелеген [28].

Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін бастауыш мектеп жасындағы оқушы ойын барысында сезінеді. Ойын баланың жаy серігі іспеттес. Қай бала болсын ойынмен өседі. Мұғалім балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көрегенді, қарапайым, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол үшін баланың айналасына қолайлы жағдайлар жасауымыз керек.

А) бала ұстаған заттың өз орынды және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс;

Ә) баланың талабының қанағаттануы қажет;

Б) мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды;

В) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы;

Мұғалім оқушылардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс.

А.С.Макаренконың айтуынша, ойын үстінде баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі [33].

Ойынның қалыптасуы "құпиясын" ашуға сан жүздеген жылдар бойы әртүрлі ғылыми бағытта ғалымдар қалам тартқан. Оның шығуы туралы айтылған ой-пікірлер көптеп кездеседі.

Пікірлердің біріне сүйенсек, ойын адамдардың бос уақытынан туған    нәрсе    және    олардың    әлеуметтік-мәдени    мәселелеріне байланысты. Ежелгі дәуірде ойындар қоғамдық өмірдің өзегі болған  және оның саяси-діни  маңызы    негізге алынған.  Ежелгі гректер, ойыншылдары құдайлар жақтаған деп санаған, сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар құдіретті, адамның кез келген жетістігінің идеалы бола алады деп есептеген. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындардың   ашылуын император ашып берген және өзі де ойындарға қатысып    отырған.

Әлемдік педагогикада ойын ойыншылар арасындағы кез-келген сайыс немесе жарыс түрі деп қарастырылды. Мұнда іс-әрекет белгілі   ережелермен шектеледі және жетістікке жету көзделеді (ұрыс, жеңіс, жүлде).

Бәрінен де бұрын ойын оқыту, қатынас құралы және өмір тәжірибесін жинақтаудағы күрделі әлеуметтік-мәдени феномен болып табылады.

Ойындағы қиындық оның түрлерінің әртүрлілігімен, қарсыластардың қатысу әдісімен, ойынның жүргізілуімен анықталады. Ойын-оқытудың таптырмайтын элементі.

Ойын процесінде:

-  жүргізудің ережелері  меңгеріледі;

- әртүрлі үлгідегі экономикалык  және әлеуметтік институттардың, фирмалардың, мекемелердің, ұжымдардың, топтардың мүмкіндіктері қарастырылады;

- ойындағы белгілі бір  мақсатқа жету үшін оған қатысушылар  бірлескен ұжымдық іс-әрекет жасауға  дағдыланады. Оқушының  жеке мінез -құлқы қалыптасады;

- мұғалімдер мен оқушылардың  және қосымша пайдаланған көрнекі  құралдардың ойынға қосқан үлестерінен  мәдени дәстүр қалыптасады.

Ойын-бір қарағанда пайдасыз болып көрінеді, олай бола тұра, қажетті, өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Ойын өзіне қызықтыра, тарта отырып, ғылымда қиын, күрделі мәселе болып табылады [34].

Отандық педагогика мен психологияда ойын әрекетін  К.Д.Ушинский, П.П.Блонский [35], С.Л.Рубинштейн [36],  Д.К.Эльконин [37],  т.б. жете зерттеді.

К.Гросс теориясы аса ықпалды теория болған. Оның ойынша, ойынның мәні, мұнан әрі маңызды әрекетке, дайындыққа қызмет етеді; ойында адам жаттыға отырып, өзінің қабілетін жүзеге асырады. Бұл теорияның құндылығы - ойынды жетістікпен тығыз байланыстыруда болған. Ойынның жетістіктегі ролі ерекше. Кемшілігі - бұл теория ойынның қайнар көзін емес, "мәнін" береді. Ойынды тудыратын себептерді ашпайды. Гросс адам ойынын жануарлардың ойындары сияқты түсіндіре отырып, оларды қате, бүтіндей биологиялық факторға, инстинктке апарады [14].

Өз кезінде Ф.Шиллердің ойын дамытып, қалыптастырған Г.Спенсердің теориясында, ойынның артықтығы өмірде, еңбекте жұмсалмаған мол күштер өзін ойында деп көрсетіледі. Бірақ жұмсалмаған күштер қорының болуы олардың жұмсалу бағытын, олар неге басқа қызметке емес, нақты ойынға кұйылатынын түсіндіре алмайды, сонымен қатар шаршаған, қажыған адам да ойынды демалу үшін ойнайтыны айтылады.

Рубинштейннің ойынша, ойынды жиналған күшті жұмсау немесе іске асыру деп түсіндіру, формалистік болады. Осы себепті бұл теория ойынды түсіндірерлік жағдайда емес деп қарастырады.

Ойынның себептерін ашуға талпына отырып, Г.Бюллер ойынның негізгі себебі ретінде функциональдық рақаттану теориясын алға тартады. Бұл іс-әрекеттің гедонистік теориясының жеке бөлігі болып, яғни адамның іс-әрекеті рақаттану және құштарлану принциптерімен басқарылады деп есептейтін теория болып табылады. Адам әрекетінің сарындары, адамның өзі сияқты әр алуан; сондай немесе басқа да эмоциональдық реңі тек шынайы мотивацияның туынды жағы және   көрінісі болып табылады. Шиллер мен Спенсердің динамикалық теориясы сияқты гедонистік теория әрекеттің шынайы мазмұнын көзден таса етеді. Онда эмоцинальды тиімді түрін қамтып көрсететін оның шынайы сарыны жасалған. Бұл теория ойын үшін анықталған функциональды рақаттану немесе жұмыс істеуден рақаттану факторын тани отырып, ойында организмнің тек функциональды  қызмет атқаруын көреді [37].

Ойынның фрейдистік теориясында өмірде ығыстырылған талаптардың жүзеге асқандығынан көрініс табады, себебі өмірде жүзеге аспағанмен, ойында жиі ойналады және бастан өткізіледі. Ойында өмірден түңілген, өзіне-езі жауап бере алмайтын субъекті сапасының кемдігі көрсетіледі. Ойында өмірдің таңғажайыптары мен сұлулығы  іске асырылып, шығармашыл қоқысқа айналады; дамудың нәтижесі мен факторынан, ол жетіспеушілік пен сапасыздықтың көрінісіне айналады; өмір сүруге икемделуден, керісінше оның қашқынына айналады.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі