Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа
Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.
Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………
2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................
Қорытынды …………………………………...…………………………
Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………
2. Оқушылардың өмірге, қоғамға
көзқарасының қалыптасуының
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні сабақтарындағы дидактикалық ойындар
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып қазақ тілі пәні.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау әдісін қолдану, дидактикалық ойын түрлерін ұсынып, оның нәтижесін көрсету т.б.
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен.
1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу
Оқыту мен тәрбие құралы болып табылатын ойынның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Бұл еңбектерден дидактикалық ойындар бұрын оқыту процесінде белгілі бір жүйесіз пайдаланылғанын байқаймыз.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде дидактикалық ойындардың маңызды роль атқаратынын Я.А.Коменский, Д.Ж.Локк, Ж.Ж.Руссо өз еңбектерінде ерекше атап өтті.
Я.А.Коменский (1592-1670) ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетті: «Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене ой дамуы жақсы жүреді; бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет».
Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтанда оның көзқарастары бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол «ойынды біз баланың рухани және дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда келтіретіндей етіп, жүргізуіміз қажет», - деп атап көрсетті.
Дж.Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж.Ж.Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады.
Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да Дж.Локк та, Ж.Ж.Руссо да ең бірінші орынға баланың ойлануын тәрбиелеуді ойын арқылы жүзеге асыруды қойды.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи [23]. М.Х.Дулати [17]. Ж.Баласағұн [17] тамаша өсиеттер қалдырған.
Ж.Аймауытұлы [17], М.Жұмабаев , Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б. ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоции, ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым-қатынас ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады.
Қазақстан
Республикасының тәуелсіз
Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
Ойындардың маңызы баяғы заманнан бері жойылған жоқ. Ойындар ойлау қабілетін, логиканы т.б. дамытады. Ойындар әсіресе кішкентай балалардың дамуына көп көмек көрсетеді.
Алғашқы ойындар біздің заманымызға дейінгі мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Ол ойындар өте қарапайым болған. Бірақ сол кезеңде Үндістан жерінде өте қызық, әрі күрделі шахмат ойыны пайда болады. Аңыз бойынша бұл ойынды шах бұйрығы бойынша шах сарайының бір ғалымы ойлап тапқан екен. Шахқа ойынның ұнағаны сонша, ол өзінің көмекшілеріне ғалымға өзі қалаған сыйлықты тарту етіңдер деген екен. Ғалым сыйлық ретінде оған шахмат тақтасындағы шаршылар санындай бидай дәнін беруін сұраған. Бірақ бидай саны былай саналуы керек болды: Әрбір келесі шаршыға оның алдындағы шаршының квадраты көбейтілуі қажет еді. Шах болса, бұл бір екі-үш қап бидай болар, неге алтын сұрамаған деп таң қалып кетіп қалады. Ертеңгісін көмекшілерін шақырып, ғалымға бидайын бергендігін сұрайды. Бірақ көмекшілері әлі бидай санын санап бітпегенін айтады. Шах ашуланып, ғалымды өзіне шақыртады. Ғалым шахқа егер ол өзінің бүкіл жеріне бидай егіп тастаса да, тіпті бүкіл жер шарын бидай алқабына айналдырса да керек бидай санын жинай алмайтынын айтады. Шах ғалымның даналығына риза болып, оны дұрыстап марапаттауын бұйырады. Міне, аңыз бойынша шахмат ойынының тарихы осындай.
Қазіргі
кезде, жиырма бірінші ғасырда
көптеген өзінің маңызын
Болашақта менің ойымша барлық ойындарды компьютерге көшіріп, ойындардың тек электронды варианттары қалады. Бірақ шахмат ойының маңызы жоғалмайды және ол болашақта да нағыз дарынды адамдардың ойыны болып қалады.
Қоғамымыздың іргесін, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта дидактикалық, ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар оның негізгі мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз бетінше ізденуге баулу болып табылады.
Оның бүгінгі танда ұрпақ тәрбиесінде негізге алынуы-егеменді еліміздің мүддесі, халқымыздың болашағы.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес бастауыш мектеп білімінің дидактикалық ойын түрлерін жаңа тұрғыда дамыту, жетілдіру - педагогика ғылымының кезекті міндеті болып табылады.
Осыған орай бастауыш білімінің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқы-тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұймыдастырудың негізгі әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек.
Оку-тәрбие процесінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың бойында жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс.
Қазіргі үздіксіз тасқындаған
ақпарат тасқынынан оқушыларды
ұлттық сана сезімде, төл халқының
өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен
әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге
тәрбиелейтін деректерді оқыту
үрдісіне енгізу әрбір қазақ
тілі мұғалімінің міндеті
Сондықтан қазақ тілін
Сабақ барысында әр оқушының ұғымы, сезімі, түсінігі, қабылдауы, қабілеті әр түрлі. Ең бастысы - әр оқушының жеке басын құрметтеу, оның адамдық қасиетіне нұқсан келтірмеу.
Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, дидактикалық ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасы артып, еңбексүйгіштік білімге құштарлық қасиеттері қалыптасады.
Мұғалім окушыларды дидактикалық ойынды ұйымдастырып, үйрету, қалыптастыру үшін, ең алдымен олардың психологиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Балалар психологиясы психикалық дамудың негізгі компоненттерін зерттейді. Психологияда дамудың мынандай ерекшелігі бар:
1. Кіші мектеп жасындағы баланың бойындағы психикалық процестер. Олар мыналар: зейін, қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдер.
Осындай психикалық процестер кіші мектеп жасындағы баланың бойында болуын, өзгеріп жетілуін қарастырады.
Бала мұндай ерекшелік пен іс-әрекетті қимыл жасау процесінде, дидактикалық ойын барысында шешеді.
Сонымен бастауыш сынып оқушыларының психологиялық психикалық дамуды, зандылықтарды, іс-әрекеттің дамуын, жеке басының қалыптасуын зерттейді.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиясын білу, оқыту, тәрбиелеу практикасында жақсы байқауға болады.
Оқушының психикалық даму ерекшелігі-ойлауында, ақыл-ойында, ынтасында, қабылдауында оқу-тәрбие процесі кезінде негізгі ерекшелік болып табылады.
2.Балалар психологиясы бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын зерттейді.
Бастауыш сынып оқушыларын зерттеудің негізгі әдістері мыналар:
1. Бақылау. 2.Эксперимент әдістері
Мұғалім оқушының дидактикалық ойын барысында мінез-құлқын табиғи жағдайда мақсат қоя отырып зерттейді.
Мұғалімнің бақылау процесінде-зерттеуші оқушы мінез-құлқындағы сыртқы белгілерді ғана қадағалайды.
Мысалы: Оқушының іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылын.
Бұл жағдайда мұғалім бақылаудың екі түрін қолданғаны жөн.
1. Жаппай бақылау
2. Ішінара бақылау
Зерттеуші жаппай бақылауда - баланың мінез-құлқының көп жағын қамтып жүреді.
Жаппай бақылау - окушының психикалық даму заңдылығын анықтау үшін фактілер негізінде жүргізіледі.
Жаппай бақылау жүргізіп, оның нәтижесін жазған психологтар көптеп саналады. Мысалы: А.Д.Павлова, Ж.Пиаже, В.Щтерн.
Ішінара бақылаудың жаппай бақылаудан айырмашылығы-оқушының мінез-құлқының бір жағы немесе бір мезгілдегі мінез-құлқы алынады, зерттелінеді.
Мысалы: баланың ойын кезінде, тамақтануы кезінде т.б. Ч.Дарвин, А.Н.Гвоздов сияқты мамандар өз ұлдарына ішнара бақылаулар жүргізіп арнайы қорытынды бойынша бақылаулар жүргізген.
Көп жағдайда балаға эксперименттер мектепте, сабақ үстінде, ойын, дидактикалық ойын барысында өткізіледі.
Бастауыш сынып окушылары өздерін қызықтыратын іс-әрекеттермен айналысады. Іс-әрекеттің түрі оны атқаруға және жетілдіруге қажетті қимылдарды психикалық сапаны игеруге көмектеседі.
Сабакта дидактикалық ойында қолдануда жаңа іс-әрекеттерді игеру оқушының мүмкіндігін арттырады.
Дидактикалық ойын барысында оқушының қажеттіліктері мен құштарлығы қабілеті, зейіні, ой-өрісі кеңейіп, өзінің психикалық дамуына үлес қосып отырады.
Оқушы ойын барысында жаңа іс-әрекеттерді, материалды игеру барысында үлкендердің басшылығымен, көмегімен игереді. Содан кейін өз түсінігі бойынша ары қарай дамытуға, жалғастыруға, ойын ортаға салуға үйренеді.
Бастауыш сынып оқушылары сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта іс-әрекеттің барлығын түгел қамти алмайды.
Сондықтан да оқушының жас ерекшелігіне ескере отырып, қамқорлық жасап дидактикалық ойындарды ретімен қолданудың дұрыс жолдарын қарастыру керек.
Бастауыш сынып окушыларының психикалық дамуы барысында пайда болған және жаңа қасиеттер мен қызығушылыққа итермелейтін іс-әрекеттің жаңа түрлерін игеруге бастайтын қайшылықтар техникалық дамудың күштері болып табылады.
Дидактикалық ойын барысында оқушылардың дербестігін арттыруда олардың оқуға деген табыстары мен кемшіліктерін өздеріне дұрыс бағалауға үйретудің маңызы зор.
Психолог, педагог мамандар өздерінің зерттеу жұмысында мынаны дәлелдеген: бастауыш сынып окушылары сабақ барысында дидактикалық ойынды мұғалімнің жетекшілігімен жүргізгенде ғана жақсы нәтиже бергенін дәлелдеді.
Бастауыш сынып оқушыларына тапсырмалар береді, мұғалім тапсырманың дұрыстығын оқушылардың қаншалықты дұрыс түсініп, меңгергенін анықтайды.
Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу әрекетінің жемісті болуы-оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Педагог-психолог мамандар оку жұмысының негізгі тәсілдерін екі топқа бөлді:
І.Оқушының жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданылатын тәсілдер.
а) жоспарлау
ә) уақытты дұрыс пайдалану
б) оқу мен демалуды дұрыс ұйымдастыру
в) оқушы өз жұмысын бақылау
2. Оқушының оқуына тікелей
байланысты қолданылатын
а) жаңа білімдерді игеру
ә) өздігінен білімді меңгеру
б) ойыңдарды қолдану білу.
Осы тәсілдердің ішіңде бастауыш сыныпта ерекше орын алатыны сабақта, сабақтан тыс уақытта оқу материалымен жан-жақгы жұмыс істей білу және дидактикалық ойындарды пайдалану болып табылады. Ол үшін мұғалім мына тәсілдерді меңгеріп, оны оқушы бойында қалыптастыра білуі қажет.
Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі